лы,
бағдарлама, әдістеме, мәтін, шығармашылық, жекешелен-
діру, құжат сияқты сөздердің орысша сыңарлары
қолданыстан
ығыстырылды. Мұндай жаңа терминдер,
біріншіден, қазақ тілінің құрылымдық нормасына сай
жасалғандықтан, екінші-ден, ресми түрде мақұлданғандықтан
(Терминком бекітіп) тез қабылданып кетті және бұнда
бұқаралық ақпарат құралдары айтарлықтай рөл атқарып
келеді: газет-журнал беттері мен ра-дио, телехабарларда жиі
қолдану жаңа терминдерге көпшіліктің құлақ-көзін үйретіп,
оларды жатсынбайтын дәрежеге көтеріп келеді.
Тіл дамуының осындай оң құбылысын пайдаланып, көп-теген
ғылыми терминдік атауларды, тіпті кейбір термин емес, бірақ
күнделікті өмірде жиі қолданылатын, 70-80 жыл бойы қазақ
тілінде әбден орныққан жай сөздердің де бірқатарын қазақшалау
әрекеті де басталды. Тілдің нормалану процесінде бұл екі
әрекеттің екеуінің де оң да, теріс те сәттері бар. Қазақшаға
алмастырылған сөз атап тұрған терминдік ұғымды дәл, толық
бере алатындай болса, ол – орынды, норма тала-бын ақтайды. Ал
ғылыми-терминдік атаулардың ішінде негізгі интернационалдық
қор деп аталатын, көптеген мәдениетті, өркендеген елдердің
халықтарына ортақ, түптамыры латын, грек тілдері болып
келетін мыңдаған терминді де барынша қазақшалау бағыты
(тенденциясы) бой көрсете бастағанына сын көзімен қарау керек.
Мысалы, кейбір газеттердің бетінде жарияланған мақалаларда,
тіпті редакциялардың өздерінің қолданысында
депутатты
«бек»,
кандидат дегенді «үміткер»,
парламент сөзін
«ұлттық
құрылтай»,
министрді «уәзір»,
министрлікті «уәзірлік»
деп
атауды ұсынғандар бар.
Ғылыми
абстракт ұғымдағы термин емес
бірқатар сөздерді де қазақшаға өзгерту әрекеті бұдан да
күштірек:
редакторды «сарашы»,
Достарыңызбен бөлісу: