ші жұрнағының шет тілдік түбірлерге жалғануы орын алды:
футболшы, гипнозшы, комбайншы, колхозшы, дегенмен адамның
кәсібін, мамандығын, бір нәрсеге икемдігін, қабілетін т.б.
көрсететін -шы, -гер, -кеш жұрнақтары көптеген кірме
сөздердегі -ист, -ор, -щик, -ант (-ент), -ург, -ер т.б. сияқты орыс
тілі қосымшаларын алмастыра алмай келеді. Мысалы,
гастролер, акционер, монтер, гимназист, диктор, диктатор,
конструктор, аспирант, комендант, металлург, анархист, со-
циалист сияқты сөздер қазақ тілі үшін түбір мен жұрнақтан
тұратын морфемалар тіркесі ретінде емес, тұтас тұлға (сөз)
ретінде қабылданды деуге болады.
Аталған мағынаны білдіруде бұл күнде -гер (баспагер,
айтыскер, қаламгер, тәлімгер, танымгер (знаток), мерей-
гер (дипломант), майдангер, иегер) жұрнағы активтенді. Сол
сияқты жаңа сөз жасауда -ым (қойылым, оқылым, сұраным),
-ыс жұрнақтары да жиі кездесе бастады.
Қысқасы, бірқатар сөз тудырушы жұрнақтардың вариант-
тар қатары ұлғая түскені байқалады. Ал, керісінше,
жалғаулық-тардың кітаби тілдік (шағатайлық, арабтық,
парсылық) жары-спа қатарлары тежеліп, қолданыстан, демек,
әдеби нормадан ығыстырылғаны да байқалады.
Морфологиялық нормалардың бүгінгі күй-қалпын анықтау
үшін, сөз жоқ, кешегі қалпымен салыстыра қарастыру керек
болады, біздің жоғарыда көрсеткендеріміз – өзіміздің XV-XIX
ғасырлардағы қазақ әдеби тілін және жеке-дара Абай
шығармаларының тілін зерттеу нәтижесінде көзге шалынған
фактілер. Грамматикалық тұлға-тәсілдердің бүгінгі әдеби
нормасы мектептің грамматикаға арналған оқулықтарында,
қазақ тілінің жоғары оқу орындарына жазылған ғылыми кур-
старында, академиялық грамматикасында баяндалады. Норма-
ны сөз еткенде, осыларда көрсетілген заңдылықтардың бүгінгі
күй-қалыпқа түскенге дейінгі эволюциясын танып-білу керек
болады.
Синтаксис саласына келсек, мұндағы нормалану процесі де
едәуір қарқынмен дамып келіп, бұл күнде көптеген амал-
тәсілдері әбден орнықты деуге болады. Ол тәсілердің басты-бас-
178
тылары: сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі, яғни бағыныңқы
мүшенің басыңқы мүшеден бұрын тұруы, құрмалас сөйлем
түрлерінің реттелуі, көркем әдебиет стилінде диалогтардың
берілу тәртібінің түрленуі, стильдік мақсатпен қолданылатын
қайталама тәсілінің дамуы, парцелляцияның қолданылуы, ата-
улы сөйлемдердің көрінуі т.т. осы сияқты синтаксистік-стиль-дік
амал-тәсілдер бір жүйеге түсіп, әдеби нормаға айналды.
Бұлардың да қазіргі нормативтік түрлері қазақ тілі оқулықтары
мен ғылыми курстарында толық көрсетілген.
Синтаксис саласындағы нормалану процесінде бірнеше
фактордың үлкен рөлі барын айтуға болады, алдымен, мұнда
күнделікті баспасөздің рөлі айрықша, әсіресе ресми стильдердің
синтаксистік нормалары газет-журнал беттерінде қалыптасып,
ғылыми және іс-қағаздары үлгілерінен орын алады. Екін-ші,
әрбір функционалдық стильдің сөйлем құрылымында,
түрлерінде бір- бірінен ажыратылатын тұстары болады. Мыса-
лы, кеңсе-іс қағаздарының, оның ішінде қаулы-қарарларды, сот
ісі баптарының, әр алуан нұсқау, бағдарламалардың сөйлемдері
мейлінше қысқа, түсінігі жеңіл, мазмұны (беретін информаци-
ясы) айқын болып келуі керек. Кейбір іс қағаздарының сөйлем
құрылысы, баяндау стилі тіпті стереотип түрінде келеді.
Ал көркем әдебиеттегі синтаксистік құрылыстар мен
құрылымдар сан түрлі болады, онда жарты беттік, ширек беттік
бір сөйлемнің де, бір-екі сөзден тұратын атаулы сөйлемдер мен
парцелляциялардың да кездесетіндігі белгілі. Тіпті стильдік
мақсатпен синтаксистік құрылымдық нормалардың бүзылуы да
әбден мүмкін. Мысалы, Ғабиден Мұстафиннің романда-рында
«төңкеріліп жүрген», яғни бастауышы баяндауыштан соң
орналасқан сөйлемдер кездеседі, оларды жазушы норма-ны бұзу
мақсатымен емес, белгілі бір стильдік жүк арқалатып қолданған.
Сәбит Мұқановта кездесетін бағыныңқы сөйлемнің басыңқыдан
соң келген құрылымдары да стильдік ерекшелік-тер қатарынан
саналады.
Ал поэзияның синтаксисі – әдеби тілдің қай кезеңінде де
өз алдына автономиялық дүние, онда стандарт кемде-кем, бір
ақынның әр өлеңінің синтаксистік құрылымы әртүрлі болып
берілуі – заңды құбылыс.
179
Синтаксистік нормалар – стилистикамен тығыз байланы-
сып жататын сала. Бұл нормалардың қатаң сақталуы мен одан
уәжді (мотивпен) ауытқуы көбіне-көп стильдік мақсаттарға
орай орын алады. Оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, әрбір
функционалдық стиль үлгілерінің қатаң ұстанатын немесе
түрленіп келетін синтаксистік амал-тәсілдері болады,
норманың да сипатын солар танытады.
Синтаксистік нормаларды ұстану өзге салалардың заңды-
лықтарына қарағанда, әлдеқайда еркіндеу болып келеді.
Синтаксис – автор стилінің көрінісі, айнасы, қолтаңбасы.
Сондықтан синтаксистік нормалардың көп түрлілігі, құбылып
отыратындығы, уәжді ауытқуларға жиірек ұшырауы – тілдік
нормалардың өзіне байланысты емес, шығарма жанры-на,
авторына, автордың көркемдік идеалына қатысты бола-ды.
Зерттеушілердің айтуынша, синтаксис – стиль, ал стиль
дегеніміз – автордың өзі. Демек, синтаксистік нормалардың
жалпы тілдік (ұлттық) сипатын көрсетумен қатар, әр
жазушының, ақынның, әр ғалымның – қысқасы, әр автордың
жазу мәнерін арнайы зерттеп талдау керек болады.
180
|