ру керек. Бұлардың семантикасын жалпы контекстен
шығатын етіп бере ме, өзге синонимдерін қатар келтіріп
ұсына ма, бет соңында сілтемеде түсіндіріп бере ме –
қысқасы, әр алуан жол-ды пайдалану – жазушының өз
шаруасы. Осы жағдайда ғана бейтаныс сипаттама сөздердің
қолданысын уәжді деп тануға болады.
Нормадан жөнімен немесе жөнсіз ауытқу қарапайым сөз-
дердің қолданысында да байқалады. Қарапайым сөздер –
ауыз-екі тілдік категория, олар әдеби тілден тысқары тұратын
дүниеліктер екені мәлім. Қарапайым сөздердің әдетте әдеби
тілдік эквиваленті болады. Жазба стильдердің ішінде қара-
пайым сөздердің молынан пайдаланылатын орны – көркем
әдебиет тілі. Оның ішінде әсіресе драмалық шығармалар мен
көркем прозада қарапайым элементтер кейіпкерлер тілінде де,
автордың өз баяндауында да еркінірек жұмсалады. Кейіпкер-
лер тілінде келуі – сол кейіпкерлердің образын жасау үшін
қажет болса, автор сөзінде келуі белгілі бір стильдік мақсатты
өтеу үшін қажет.
Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің
экспрессиясы күшті болып келеді. Сондықтан олар, ең ал-дымен,
өмірде қолданылатын сәттерінде кейіпкерлер тілінде бұлжытпай
беріледі. Мысалы, С.Жүнісов кейіпкерін: «Әкесінің бар малын
Достарыңызбен бөлісу: