ГРАММАТИКАЛЫҚ НОРМАЛАНУ Қазақ тілінің грамматика саласындағы құрылымдық
заңдылықтары біздің кезеңімізден көп бұрын қалыптасып,
едәуір нормаға түскен болатын. Сөздердің септелу, жіктелу,
тәуелдену парадигмалары әбден қалыптасып, параллель (ва-
риант) қатарларынсыз қолданылып келеді. Етістіктің етіс ка-
тегориясы, сын есімнің шырай түрлері де бір тұлғада көрініс
тапты.
Қазіргі әдеби тілімізге осы нормаларды жік-жікке таратып,
хатқа түсіру (фиксация) үлесі тиді. Қай-қай тілдің де грамма-
тикалық заңдылықтары лексикасына қарағанда, әлдеқайда
тұрақты болатындығын зерттеушілер айтып келеді. Грамма-
тика саласындағы нормалану процесінің айқынырақ көрінетін
тұсы – синтаксистік құрылымында. Бұған, бір жағынан, жазба
тілдің стандарттыққа бейімделе түсуі себеп болса, екіншіден,
функционалдық стильдердің бір-бірінен ара-жігін аша түсіп,
белгілерінің орныға беруі әсер етті.
Дегенмен соңғы XX ғасырдың барысында, әсіресе оның
екінші жартысында қазақ жазба әдеби тілінің морфологиясы
мен синтаксисінде нормаланудың динамикасын көрсететін
фак-тілер жоқ емес. Бұл қозғалыс тілдің өзіндік даму
нәтижесінде болатын эволюциялық та, сыртқы күштердің
әсерімен болатын экстралингвистикалық та сипатта жүрді.
Қазақ тілінің өзінің ішкі даму заңдылығы бойынша, кейбір
морфологиялық көрсеткіштердің тұлғалық жағынан ықшам-
далу процесі бел алғаны байқалады. Ауызекі сөйлеу тілі мен
көркем әдебиет стилінен басқаларында -тын < -тұғын < тұр-