дары, жүрек гормоны т.б.) жеке-жеке атауға (терминге) ие
болғанын көреміз. Бұл екі мысалдың екеуінде де қазақ тілі
оңай «олжалы» болған: төл қазынадан сөз іздемей-ақ не жаңа
тұлға жасамай-ақ, пар, гормон деп орысша атауларды алдық,
ол да – дәлелсіз емес: Қазақстанда егіншілікте орыстар («орыс
тілділер») қазақтан көп болмаса, аз қатысқан жоқ, сол парлар-
ды жасайтын тың игеру сияқты науқандарда негізінен орыс
адамдары мен орыстілді өзгелер қызмет етті, сондықтан пар
сияқты сөздер орыс-қазақ баршасына түсінікті болды да қазақ
тіліне де «зып етіп» ене қойды. Ал гормон – ғылым үшін
қажет атау, бізде ғылыми терминдердің басымы аударылмай,
көбі халықаралық (интернационалдық) қордан алынып
отырғанын мойындаймыз.
Енді осы қатардағы бірер қазақ тілінен келтірілген фак-
тілерге назар аударсақ. Мысалы, өткен XIX ғасыр мен XX
ғасырдың алғашқы онжылдықтарында пайда болып, бірте-бір-
те етек жая бастаған қазақ газеттерінің тілінде мынақып деп
арабша аталған, ал XX ғасырдың 40-80 жылдарында некролог
деп орысша аталған ұғымды соңғы онжылдықтарда азанама
деп жаңа жасанды сөзбен беріп жүрміз. XIX ғасырдан бұрын
ондай «дүниеден қайтқан адамның өмірі мен қызметі туралы
жазылған алғашқы естірту мақала» дегенді қазақ білмеген,
оны білдіретін баспасөзі болмаған, демек, атауы да жоқ
болған. Бұл әрекетті естірту немесе аза тұту деп атай салуға
болмайды: олардың этнографизмдер ретінде тілде өз
орындары бар, ал не-кролог – жай естірту емес, әлеуметтік
сипаты бар әрі жиі болып тұратын әрекет («өмір бар жерде
өлім бар»), сондықтан енді бұл қарекетті жеке-дара атау керек
болды, сөйтіп, азанама не-ологизмі дүниеге келді.
30
Бұл айтқанымыздың барлығы – бүгінгі тіл қолдану тәжіри-
бемізде жаңа атаулардың ондап-жүздеп пайда болып жатуы-ның
себептерін көрсету. Баса айтуға болатын жайт – жаңа лек-
сикалық бірліктердің дені (өзге тілдерден аудармай қабыл-
данатындарын, яғни кірме сөздерді қоспағанда) қазақ тілінің
құрылымдық нормаларына сай жасалатындығы. Ал жоғарыда
көрсетілген, оқырман, көрермен, оралман сияқты сөздер тіл-дің
құрылымдық заңдылығына қайшы жасалғанмен, бүгінгі
лексикалық қазынадан нық орын алып отыр. Мұндай қай-
шылықтар өте сирек кездеседі, көбінесе лексикалық нормати-
втер тіл заңдылықтарымен үндесіп жатады. Сондықтан көпте-
ген зерттеушілер әдеби нормаға белгілі кезенде әлеумет:
баспасөз, көркем әдебиет, радио мен теледидар, шаршы топ
алдындағы ауызша сөйлеу үрдісі – қолданысқа қолайлы,
көпшілікке ортақ деп қабылдаған сөздер мен грамматикалық
тұлға-тәсілдер жатады деген пікірге ден қояды.
Тілдік норманың динамикалық теориясы бойынша, тіл
дамуының бір кезеңінде норма емес элементтер келесі кезеңінде
нормаға айналуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір іс-әрекет атауы-
нан абстракт есім тудыруда бір кезде -у, -ушылық, -ғандық
сияқты жұрнақтар актив норма болса, бұл күнде оның эквива-
ленті ретіндегі -ым/ -ім, -ыс/ -іс қосымшалы сөздердің әдеби
тілдегі қолданысы нормаға айналуда, мысалы, спектакль
қойылымы, сұраным, оқылым (сессияда пәлен қаулы бірінші
оқылымда қабылданды). Алдыңғы жұрнақтардың нормалық
«белсенділігі» әлсірегені байқалады.
Тіл бірліктерін әдеби деп танытатын белгінің басты-сы –
нормалылық («әдеби тілдік идеал») болса, оның негізгі қасиеті –
консерватизм (қасандық, тұрақтылық) деп танитын көзқарастар
да бар (мысалы, А.М.Пешковскийдің пікірлері). «Әдеби-тілдік
идеалға» ден қою, яғни тұрақтылық, консерва-тизм теориясын
жақтаушылар қазақ тілі тәжірибесінде де жоқ емес. «Ата, аға
буын аузында болған» немесе «ежелден келе жатқан»,
«бабаларымыз солай қолданған» сөздер мен тұлға-тәсілдерді
бүгінгі ұлттық әдеби тіліміздің нормасы деп тануды
ұсынатындар аз емес. Мысалы, бабаларымыз қазақ сөздерінде
айтылмайтын ф, х, в, ч, ц сияқты дыбыстарды білмеген,
31
сондықтан бүгінгі қолданысымыздағы кірме сөздерді айтуда
және жазуда осы дыбыстарды қатыстырмай, «бабаларымыздың
тіліне салып, пійзіке, пійнаныс, қылор, қиймыйа, бәгөн, белесе-
Достарыңызбен бөлісу: |