ективтік пікірлердің кейбіреулерін, сөз жоқ, ескеріп отыру
қажет, бірақ тіл тәжірибесіндегі реттеуші әрекеттерді (рег-
ламентацияны) жеке ғалымдардың немесе өзге де белгілі
жазушы, журналистердің беделіне (айтқан пікіріне) қарай
жүргізбей, ғылыми теориялардың негізінде, яғни ол нормалар
қазақ тілінің құрылымдық заңдылықтарына сай келетін-кел-
мейтіндігіне, жүйелік қатарын түзетін-түзбейтіндігіне қарай
дәлелдеп барып реттеп отыру қажет. Демек, алдымызда қазақ
тіл мәдениетінің ғылыми базасын жасау міндеті тұр. Ол үшін,
біздіңше, бірінші кезектегі ізденістеріміз бен ұсыныстарымыз
мынадай мәселелерді нысанаға алуды қажет етеді:
Достарыңызбен бөлісу: