Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет11/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   151
оралу  сияқты)  иесін,  орындаушысын   атайтын  атау   сөз,   тіпті
термин сөз болып тұр. Соңғы  оралман  тұлғасы морфологиялық
норманың   шырқын   мүлдем   бұзып   тұр,   өйткені   адамдардың
қимылына, іс-әрекетіне, кәсібіне т.т. қарап кел-
мен, күлмен, жүрмен, ойнаман, жазман, сызман деп атамай-
мыз ғой. Бұл – нормада жоқ, қазақ тілінің құрылымдық заңды-
лықтары мұндай норманы білмейді, оған жібермейді. Соған
27


қарамастан, шет жұрттардан өз отанына қайтып келіп жатқан-
дарды «оралман» деп атап, оны ресми терминге айналдырып
та алдық. Бұл сөздер тілдік нормаға сай емес, қайшы келетін-
дігіне қарамастан, қазіргі әдеби тілімізге енді, оларды әсіресе
публицистикалық стиль, яғни бұқаралық ақпарат құралдары:
газет,  журнал,   радио,   теледидар,   сондай-ақ   ресми   құжаттар
(кеңсе-іс қағаздар стилі) жиі қолданып, тез тұрақтандырып ке-
леді.
Тілдік   табиғи   нормаға   кереғар   мұндай   қолданыстардың
пайда   болу   себептері   неде?   Тұлға   тілдің   құрылымдық   ішкі
нор-масына   қайшы   келетіндіктен,   оның   пайда   болу   уәжі
лингвис-тикалық сұраныстан шықпаған, ол – жүйелі құбылыс
емес. Де-мек, бұл жерде уәжді, яғни себебін, мотивін тілдің өз
зандары-нан   тыс   «экстралингвистикалық»   деп   аталатын
сұраныстардан іздеу керек.
Бұл күнде  оқырман  деп атап отырған іс-қарекет иесін көпке
дейін  оқушы  деп   келдік.   Соңғы  оқушы  деген   тұлға   мектепте
оқитындарды атайтын терминді де білдіреді, ал ертеректе: өткен
ХІХ ғасырда, тіпті ХХ ғасырдың басында мектеп оқушыларын
бірде  шәкірт,  бірде  оқушы,  бірде   тіпті  бала  (Кел,   балалар,
оқылық – Ыбырай Алтынсарин) деп атағанымыз белгілі. Кейін
келе   қазақ   қауымында   оқу-ағарту   жүйесі   жанданып,   жолға
қойылып,   ондағы   әрбір   зат,   іс-әрекет,  дерексіз   ұғым   атаулары
нақты болуы, бір- бірімен араласып кетпеуі талап етіле баста-ды.
Мысалы,  оқушы  сөзі   «мектепте   оқитын   жас   (адам)»   дегенді
білдіреді десек, енді ол сөзбен жалпы бір нәрсені оқитын адам-
ды да атайтын болсақ,  бір-бірінен мүлде бөлек әрекет иелерін
ажырата   алмай,   шатастыратын   боламыз.   Бұл   ұғымдарды   орыс
тіліндегі   атауларымен   көрсеткенде,   «ученик»   пен   «читатель»
сөздерін табамыз.
Оқушы ~ оқырман қатарының пайда болуына орыс тілі-нің
әсері, яғни аударма ісі, аударма әдебиет себепкер бол-ды деген
пікірлер   де   айтылып   жүрді.   Сырт   қарағанда,   солай
көрінгенмен, тілдегі мұндай жаңалықтардың, оның ішінде то-
сын   қолданыстар   мен   тұлғалардың   сыры   тереңде
жатқандығын, яғни қоғамның әлеуметтік тіршілігінде, заман
ағымында,   сол   ағыммен   ілесіп   отыратын   рухани-мәдени-
заттық сұраныстарда жатқандығын айту керек.
28


XX ғасырдың ІІ жартысында көптеген халықтардың, оның
ішінде   империялық   құрсауда   болып   келген   бұрынғы   КСРО
құрамындағы   үлкенді-кішілі   ұлттар   мен   ұлыстардың   және
солардың  бірі   – қазақ   халқының әлеуметтік,  экономикалық,
саяси,   мәдени,   тіпті   рухани   өмірінде   дүниежүзілік   адамзат
тіршілігінің   жалпы   даму  тенденциясына   біршама   үндесетін
өзгерістер, жаңалықтар пайда болды, ол әлі де жалғасуда. Бұл
жаңалықтардың атаулары тілден орын алғанда, олардың көбі
қазақ   тілінің   құрылымдық   заңдылықтарына   сәйкес   келіп,
норма   ретінде   орнығып  жатқанын   айтуға   болады.   Сонымен
қатар жаңа қолданыстардың да лексикалық нормаға айналуы,
бір жағынан, қоғам өмірінің сыртқы сұраныстарына қатысты
болса,   екінші   жағынан,   сол   сұраныстармен   санасқан   қалың
жұртшылықтың «керегі – осы сөз, осы тұлға аталмақ ұғымды
дұрыс береді» деген сияқты талабы мен талғамы себепкер бо-
лып тұр.
Сондай «заман талабының» бірі – әрбір заттың, ол заттағы
әрбір   бөлшектің   (мысалы,   техника   детальдарының),   әрбір
ұғымның өз алдына дербес, айқын түрде аталуы, өзге ұқсас
дүниелермен шатастырылмауы болса, мұны жүзеге асыратын
–   тіл,   оның   лексика   саласы.   Айталық,   XX   ғасырда   қазақ   да-
ласында   аграрлық   саясат,   соған   қатысты   саланың   бірі   –   егін
шаруашылығы өріс алды, бұл – оны өндіруден бастап, барлық іс-
шаралардың, өнімдердің атаулары нақтылана түсуін талап етті.
Бір-екі мысал: егістік жер деген – жалпы атау, оны пайда-лану
процесіндегі,   мерзіміндегі   түрлері   егіншіліктің   күрделене
түсуіне   орай   жеке-жеке   атауларды   қажет   еткендіктен,   ертере-
ктегі   қазақ   шаруашылығында   болмаған,   айталық,  пар  деген
түрінің атауы пайда болды, ол – «белгілі бір мерзімде дақылдар
егілмейтін, арамшөптерден тазартылып тұратын танап» (Танап
– «егістік жер, егіс даласы, алаң»). Енді осы пар деп аталатын
егістіктің өзіне қатысты пар танабы, пар бөлігі (паровое зве-
но),  парлы   сына   танап,  алғы   парлар  деген   сияқты
«детальдап» көрсететін сөздер егіс даласының бұл түрін тек
пар  деп   атау   қою   аздық   ететінін   байқатады   (фактілер
«Егіншілік жөніндегі орысша-қазақша түсіндірме сөздіктен».
-   Алматы:   Қайнар,   1984   алынды).   Демек,   бұл   жерде   тіл
өмірдің сұранысын өтеп тұр, яғни заман ағысына ілесіп тұр.
29


Тағы   бір   мысал:   сан   ғасыр   мал   шаруашылығын   жақсы
игерген қазақтардың тілі мал мен адамның анатомиясы мен
физиологиясына қатысты атауларға бай екенін білеміз. Бірақ
бұл атаулардың ішінде ғылыми танымдарға қатыстылары жоқ
болып шығуы ғажап емес. Айталық, ішкі секреция бездерінен
шығып, тікелей қанға және лимфаға қосылатын зат «гормон-
дар» дегенді бұрын қазақ атаған емес, ол – медицина ғылымы
үшін қажет термин, енді осы гормонның өзінің (өсу  гормон-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет