Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет9/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

Балақаев М. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. - 1-басылым. - Алматы, 1965
-
2-басылым. - Алматы, 1971;  Балақаев М.  Тіл мәдениеті  және  қазақ  тілін оқыту. -
Алматы, 1989; Сыздықова Р. Қазақ тілі жайыңда анықтағыш. 1-басылым. - Алматы,
1960. - 2-басылым. - Алматы, 1974. - 3-басылым. - Алматы, 1996; Жинақтар: Сөз мәдениеті
және баспасөз. - Алматы, 1972; Өрелі өнер (тіл мәдениеті  туралы). - Алма-ты, 1976; Сөз
өнері  (тіл мәдениеті  туралы). - Алматы, 1978;  Уәлиев Н.  Сөз мәдениеті. - Алматы, 1984;
Уәлиев  Н.  Фразеология  және  тілдік  норма.   - Алматы,  1998;  Ұйықбаев  И.  Қазіргі қазақ
тіліндегі  варианттар   проблемасы.   -  Алматы,   1976;  Уәлиев   Н.,   Алда-шева   А.  Қазақ
орфографиясындағы  қиыңдықтар.   -  Алматы,   1988;  Бизақов   С.  Тілдік  норма   және
варианттылық.   -   Алматы,   1997   сияқты   еңбектерді  және   Қазақ  тілінің  үлкен
орфографиялық  сөздігі. -  1-басылым. -  Алматы, 1963. - 2-басылым. -  Алматы,  1978. - 3-
басылым.   - Алматы,  1988; Мектепке  арналған орфографиялық  сөздік.  - Алма-ты, 1972,
сондай-ақ М.Әуезов, Ғүсірепов, М.Әлімбаев, Т.Әлімқұлов, Д.Досжанов, А.Сейдімбеков,
М.Ысқақбаев сияқты жазушылардың,  Ә.Қарақұлов, М.Қарақұлов,  І.Жарылғапов сияқты
журналистердің және көптеген тіл мамандарының әртүрлі жинақтар мен мерзімді баспасөз
беттерінде сөз  қолдану мәдениетіне,  қ  азақ  жа-зуы емлесіне, терминология мәселелеріне
арналған мақалаларын қараңыз (оларды Ш.Сарыбаев құрастырып жарыққа шығарып келе
жатқан   «Қазақ   тіл   білімі   әдебиетінің  библиографиялық  көрсеткіші»  атты   кітаптардан
табасыз. Олардың 1-томы 1965, 2-
томы 1971, 3-томы 1982, 4-томы 1982, 5-томы 1987, 6-томы 1994 жылдары «Ғылым»
баспасынан жарық көрді).
24


тіл   мәдениетіне   қарата   айтылған   кейбір   ұсыныстар   жеке
адамдардың   «меніңше,   былайшасы   –   дұрыс,   былайшасы   –
бұрыс» деген сияқты ғылыми дәлелсіз, тек жеке бастарының
танымына (дәлірек айтсақ, талғамына) қарай айтылған пікір-
лер түрінде көрініп келеді, яғни бұл жерде дилетанттық сипат
та  жоқ  емес. Дилетанттық тұжырымдар әсіресе тіл маманы
емес, жазушы, журналистердің аузынан (қаламынан) жиірек
шығады. Дилетант деп өзінің мамандығынан, білім-танымы-
нан аулақ тұрған саланың мәселелерімен әуестенушіні атай-
мыз. Дилетант мәселеге арнайы дайындықсыз келіп, үстіртін
пікір айтады. «өлеңге әркімнің де бар таласы» дегендей, тілге
келгенде де, әркімнің өз танымы, өз байламы, өз бағасы бола-
ды. Мәселенің ғылыми негізін қаузап, арнайы зерттелмеген-
діктен,   дилетанттардың   пікірлері   субъективтік   болып
шығады.   Тіл   мәселесіне,   оның   мәдениетіне,   жұмсалу
нормаларының   түзу-терістігіне   қатысты   дилетантизм   мен
субъектизмнің пай-дасы мен зиянын айыру қиынырақ соғады,
кейде пайдасынан зияны көбірек болуы да мүмкін.
Сөйтіп, «тіл мәдениеті» деп нені танимыз?  Мәдениет  деген
сөздің   семантикасында   «дұрыстық»,   «түзулік»,   «тәртіптілік»,
«жүйелілік»,   «реттілік»,   «қисындылық»,   «сәйкестік»   деген
сияқты   мағыналық   реңктер   (семалар)   жататыны   белгілі.   Бірақ
әңгіме   ненің   дұрыстығы,   немен   сәйкестігі,   қандай   реттілік,
қандай тәртіптілік, ненің қисыны деген сияқты сұрақтарға жауап
іздегенде, «тіл мәдениеті» деген құбылыстың заттық, ұғымдық
мәні күрделі екендігі байқалады.
Тіл мәдениеті, ең алдымен, әдеби норма дегенге тіке-лей
қатысты.   Жалпы   тіл   білімінде   (шетелдік   те,   орыстық   та,
қазақтық та) біршама қалыптасқан тұжырымдарға иек артсақ,
тіл   мәдениеті   дегеніміз   –   тілдік   нормаларды,   оның   ішінде
әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады.
Кейбір зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдің
көріктеу   құралдарын,   яғни   стилистикалық   заңдылықтарды
дұрыс   пай-далануды   да   сөз   мәдениетінің   объектісі   деп
таниды
2
. Бұл пікір-ді біз де әбден қостаймыз.
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет