(ақшаға бай, ақылға кенде деген сияқты) бұрын тұратындығы
– норма. Бұл нор-ма ауызекі сөйлеу тілінде немесе белгілі бір
стильдік мақсат көздеген тұстарда жазба тілде бұзылуы әбден
мүмкін. Ал бүгінгі грамматикалық әдеби нормамыздың дені
қазақ тілі-нің құрылымдық ішкі заңдылықтарына сай
орнығып, кодифи-кацияланғанын баса айтуға болады.
Лексика, орфоэпия, орфография салаларына қарағанда, грам-
матикада дұрыс деп (норма деп) танылған тұлға-тәсілдердің
көпшіліктің жаппай қолданысында болуы, яғни нормалылық-тың
екінші шарты әлдеқайда басым. Солқылдақтау салалар
– орфография мен орфоэпия. Әсіресе сөз сазы, яғни сөйлеу ак-
тісінде сөздерді дұрыс дыбыстау (айту) нормалылықтың екінші
белгісіне келгенде әлсіздік танытады. Мұнда жергілікті ерек-
шеліктерге қатысты алалық та (бір жерде, айталық, солтүстікте
сөздерді жуан айту дағдысы болса, екінші өнірлерде,мысалы,
оңтүстікте оны жінішке айтушылық) орын алады (пара – пәре)
немесе ш/ч (шатақ – чатақ), к/ш (әпке – әпше), б/п (бәле –
пәле, балуан – палуан, бұт – пұт) дыбыс алмасулары жергілік-ті
ерекшеліктерде орын алатыны белгілі. Тілдің өзге тарамда-
63
рымен салыстырғанда, сөз сазындағы нормалылық әлдеқайда
ауыр, кеш қалыптасып орнығады. Бұл заңдылық тіл-тілдің
қай-қайсысына да тән.
Бұл күнде орфоэпиялық нормалары кодификацияланып,
ережелері айқын түзіліп, көптеген құралдары (орфоэпиялық
сөздіктер, анықтағыштар, оқулықтар, нұсқаулар, әдістемелік
құралдыр т.т.) жарық көріп жатқан орыс қоғамының өзінде ор-
фоэпия мәселесі тым кешеуілдеп қолға алынғанын ғалымдары
айтады. Атақшы сөздікші Д.Н.Ушаков 1928 жылы: «Мектеп-
терімізде сөзді дұрыс айту (орфоэпия) теориясы деген әлі жоқ,
мұғалімдердің көбі орфоэпия терминін білмейді», – деп
қынжылған болатын. Жалпы орфоэпиялық нормалар ұлттық
әдеби тіл едәуір дамыған кезенде мықтап қолға алынады.
Әсіресе әдеби тілдің әлеуметтік қызмет өрісінің бірі – шар-
шы топ алдында сөйлеу бел алған кезде, оның ішінде теледидар
мен радио, театр мен жалпы сахна өнерінің түрлері қарқынды
жұмыс істей бастаған тұстарда сөйлеу актісінде сөздерді
қиюластырып, үндестіріп, сазды етіп айтылуына үлкен мән
беріледі. Орфоэпиялық нормалардың да дені тілдің дыбыстық
зандарына негізделеді, содан көп шықпауға ұмтылады. Бұл жер-
де нормалылықтың бір шарты – «көпшіліктің солай қолдануы»
дегеннің рөлі айрықша. Дегенмен өзге салаларға қарағанда,
жалпы тілдік нормалардан ауытқушылық орфоэпияда көбірек
кездеседі және оның объективтік те, субъективтік те себеп-тері
бар. Ол ауытқушылықтар туралы және оларды туғызып отырған
факторлар жөнінде сөз сазына арналған тарауда нақты
фактілермен кеңірек айтылады.
Норма деп танудың үшінші шарты – оның әлеуметтік қолдау
табуы, яғни қалың жұртшылықтың белгілі бір сөздің, тіркестің,
грамматикалық тұлғаның, жаңадан жасалған не өзге тілдер-ден
енген сөздердің осы мағынада қолданысы, осы тұлғада айтылуы
дұрыс сөздердің сөйлеу үстінде осылайша дыбыс-талуы жөн деп
мақұлдауы. Әрине, бұл – тілдік норманың «көпшілік дауыспен»
шешілуі емес. Сол тілде сөйлейтін қалың жұртшылықтың
«дұрыс» деген бағасы дүниеге референдум-мен келмейді, бұл
бағаны бергізетін – белгілі бір норманың тіл табиғатына сәйкес
келетіндігі, әрдайым қолданыста
64
болатындығы, яғни нормалылықтың алдыңғы екі шарты
соңғы үшінші шартқа алып келеді, өйткені адамдарда тілдегі
түзулікті, дұрыстықты сезетін қасиет болады, ол дұрыстықты
теория жүзінде талдап-танымай-ақ, «Неліктен осы қолданыс
дұрыс?» дегеннің дәлелін іздеп жатпай-ақ, адамның
интуициясы – «пат-ша көңілі» сезіп отырады. Дегенмен
бірсыпыра заңдылықтарды, әсіресе лексикалық, оның ішінде
терминологиялық, сондай-ақ орфографиялық, орфоэпиялық
нормаларды кодификация арқылы тұрақтандырып,
көпшіліктің қолдауын қамтамасыз етуге тура келеді.
«Көпшіліктің қолдауы» дегеннің өзі біршама шартты: нор-
ма ауысу кезеңінде жаңа тұлға-тәсілдерді, сөздерді, тіркес-
терді көпшілік бірден қабылдай қоймайтыны жиі кездеседі.
Көпшіліктің ішінде жеке қаламгерлер, ғалымдар, оқу-ағарту
ісіндегілердің бірқатар топтары жаңа нормаларды (дәлірек
айтсақ, жаңа сөздер мен тәсілдерді) қабылдамайды, жатырқай
қарайды, тіпті сынап жатады. Мысалы, парсының -и жұрнағы
арқылы сын есім жасау нормасы тілімізде ХХ ғасырдың 50-
60-жылдарынан бастап жанданды деуге болады. әуелде бұл
араб, парсы тілдерінен енген сөздерге жалғанса (тарихи, сая-
си, адами, дүнияуи, мәдени), кейін келе сыни, қоғами дегендей
қазақы сөздерге де жалғана бастады. Мұхтар Әуезов, Ғабит
Мүсірепов сияқты ірі жазушылар көпке дейін бұл норманы
қабылдамай өтті. Публицистикалық стильде қолданылуға
бейім бұл тәсіл-норманы екі жазушының екеуі де өздерінің
очерк, мақалаларында мақұл көрмей, тарихтық, саясаттық,
адамгершілік, адамдық деген варианттарын қолданды. 50-60-
жылдарда пайда болған оқырман, көрермен сөздеріне де біраз
қаламгерлер көпке дейін тосырқай қарады. Әрине, бұл
– жұрнақ арқылы жаңа сөз жасау тәсілін жатсыну емес (ол
– тілдің о бастан «бойына біткен», қалың жұртшылық ешбір
ойланбастан қабылдайтын табиғи нормасы), не жұрнақтың
өзін (шет тілдік -и аффиксін) қабылдамау емес, я болмаса -
р+ман қосынды жұрнақтың беретін мағынасына шек келті-ру
емес, осы тәсілдермен жаңадан жасалған сөздердің тілдің өз
заңдылығына дәл келмеуін сезіну. Жоғарды айттық: келер
шақ есімшеге -ман жұрнағын жалғағанда, әлі орындалмаған,
65
орындалуға тақап қалған іс-әрекет, қимылды білдіретін етістік-ті
жасайды, сондықтан оқырман, көрермен деген сөздерді әлі
оқымаған, көрмеген, оқуға, көруге тақап қалған іс-қимыл етістік
деп қабылдаудан шыға алмағандары байқалады. Белгілі бір тілдік
жаңа норманың көпшілік дұрыс деп танып, жаппай қолданып
кетулеріне ол норманың (сөздің, тәсілдің, айтылу сазының,
жазылуының) ережемен беркітіліп, хатқа тіркелуі бірден-бір рөл
атқарады, әсіресе баспасөз беттерінде, радио мен теледидарда
жиі жұмсалуы тіпті тіл табиғатына қайшы ке-летін
қолданыстарды да көпшілік қауымның қабылдап кетуіне үлкен
әсерін тигізеді. Жоғарыда аталған оқырман, көрермен,
тыңдарман немесе оқулық, әдістемелік, анықтамалық деген
жаңа тұлғаларды қазіргі жас буын тіпті жасанды сөздер деп,
бертінде дүниеге келген туындылар деп сезінбейді.
Көпшіліктің жиі қолданысы арқылы (демек, қабылдауымен)
кейбір бейнорма құбылыстардың дағдыға айналып кететін
фактілері бар. Мысалы, сөздер аралығында, көбінесе тіпті
біріктіріліп жазылған сөздерде қ, к дыбыстарының ұяңдайтын
тұстарын ескермей, қатаң түрде айту дағдыға айналып бара-
ды: шегара, көгөнүс, қыргүйөк, қолғойұлды, күнүгеше, балагез-
де деп айтылуға тиіс сөздерді жазылуынша шекара, көкөніс,
қыркүйек, күнікеше, балакезде деп дыбыстағандарды жиі ес-
тиміз.
Міне, тілдік норма деп тануға қойылатын шарттар (крите-
рийлер), яғни норманың белгілері, межелері туралы бүгінгі
ғылым анықтаған тұжырым-түйіндер және ол шарттардың
тәжірибедегі көрінісі туралы ізденістер – осындай.
66
|