Сирек қолданылатын лексикалық топтың нормалануы
Жоғарыда айтылды, көпшілікқолды күнделікті газет-жур-
налдар мен теледидар, радио сияқты ақпарат көздерінде, яғни
публицистикалық стиль үлгілері тілінде, сондай-ақ көркем
әдебиетте, оның ішінде әсіресе поэзияда оқырман мен
тындаушыға тек мағынасы түсінікті ғана емес, әсерлі, жағымды
сөздерді іздеу – заңды, дұрыс әрекет. Ал әсерлі, әсем сөздер
лекиканың тосын, сирек қолданылатын топтарынан табылады.
136
Осылардың лексикалық мағынасын дұрыс түсінбей, сондықтан
жұмсалатын орындарын тап баспай қолдану нормаға қайшы
келеді. Мысалы, XX ғасырдың 60-70-жылдарында майтал-ман
сөзін жиі қолдану етек алды. Оны мадақтау эпитеті ретінде
адамдардың кез келген тобының атауына тіркестіріп,
майталман тракторшы, майталман сауыншы, майталман
геолог, майталман құрылысшы деген қолданыстардан етек
алып жүре алмай қалдық. Көбінесе осы тіркестерді жұмсаған
журналистер, комментаторлар майталман деген сөздің түпкі
мағынасын анық білмеген.
Майталман сөзі майталман жүйрік, майталман күйші,
майталман шешен деп қалыптасқан тұрақты тірестерде келеді.
Өткен ғасырда жарық көрген Н.И.Ильминскийдің,
Л.З.Будаговтың, В.В.Радловтың қазақ-орыс сөздіктерінде бұл
сөздің тек қана қазақ тілінде қолданылатындығы көрсетілген де
ол «самый красивый (человек, лошадь), прекрасный» деп
аударылған, бірақ қай сөздермен тіркесіп айтылатындығына
мысалдар келтірілмеген. Соның өзі бұл сөздің өте сирек
қолданылатындығын және сөз таңдап тіркесетіндігін байқа-тады.
Сірә, жүйрік, күйші, шешен сөздерімен келетіндігіне қарағанда,
майталман сөзінде «аттың жүрісі» (шабысы), «сөздің, күйдің
төкпелілігі» сияқты қимылдың шапшаңдығына қатысты мағына
бары байқалады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» бұл сөздің
мағынасын
«қажымайтын,талмайтын,
қиыншылықтан
мойымайтын» деп анықтайды. Бұл түсініктің осы кездегі
майталман тракторшы, майталман сауыншы
деген жаңа қате тіркестерден шығарып ұсынылғаны көрініп тұр.
Бұрынғы да, қазіргі де сөздіктер бұл сирек ұшырасатын сөздің
беретін ұғымын тап баспаған, өйткені «самый красивый,
прекрасный» дегенді атайтын тұстың бәрінде, мейлі ол адам,
жылқы болсын-ақ, майталман эпитетін қатыстыруға болмай-ды.
Жүзі сұлу қызды майталман қыз деп, мүсіні әсем құлынды
майталман құлын деп сөз танитын қазақ айтпайды. Бұл – сөз
мағынасын түсінбей қолданып, жай бір-екі рет айтып қоймай, әрі
қарай жаңа тіркестермен жалғастырып, лексикалық норма-дан
ауытқудың классикалық көрінісі. Құдай оңғарғанда, бұл
қолданыс соңғы 15-20 жылда саябырлап, әйтеуір әрі қарай
137
майталман бухгалтер, майталман етікші, майталман са-
тушы деп жалғаспай, тоқтап тынды: оған бір емес, бірнеше
рет жазған біздің сын-ескертпелеріміз әсер етті ме әлде сөз
мағынасын түсініп барып қолданатындар көбейді ме, сөз
мәдениетінің арта түскен жалпы ахуалы себепкер болды ма –
қайткенде де «Құдай сақтады».
Дәл осы қатарға саңлақ сөзінің де 60-70-жылдардағы қол-
данысын қосуға болады. Жылқыға байланысты «сәйгүлік, аса
жүйрік, ұшқыр» ұғымын беретін саңлақ сөзі де – талғампаз
эпитет, ол көбінесе «ұшқыр, аса жүйрік» деген өз мағынасында
поэтикалық стильде қолданылады: «қазақы жылқыдан алу-
ан түрлі саңлақ шыққан»... Ал саңлақ ұшақ, саңлақ мәшине
тіркестерін сөз қадірін білетін ауыз айтпас болар.
Қазақ тілінде негізгі де, ауыспалы да мағынасына орай сөз
тандап тіркесетін эпитет сөздер аз емес: асқар сөзінің түпкі
мағынасында «биіктік» ұғымы болғанмен, асқар үй, асқар адам,
Достарыңызбен бөлісу: |