Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет134/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   269
12.6.  Желдетілетін қамбалар 

 

Бұрынғы кеңес Одағы кезінде сиымдылығы 12,5, 25 жəне 50 т 

желдетілетін  қамбалар  дайындалатын  жəне  олар  тұқым 

тазалағыш-кептіргіш  зауыттарға  орнатылатын.  Қамбалардың: 

дəндер қабатын верикальді түрде жəне радиальді түрде үрлейтін 

2  түрлі  тұрақты  желдеткіш  қондырғылары  болатын.  Оларды 

ашық аспан астына орналастырады да, қамбалардың əрқайсысына 

арнайы  қақпақ  жасайды,  кейде  оларды  жабық  ғимараттарда  да 

орналастырады.  

Орталық  құбырлы  жəне  дəндер  қабаты  радиальді  үрленетін 

қамба  перфорациялы  цилиндр  корпусы  бар (2) перфорациялы 



 

289


 

орталық құбыр (3) жəне орталық құбыр орналасатын поршень (4). 

Дəндерді  үстінен  орталық  құбыр  мен  қамба  корпусының  екі 

арасына  төгеді.  Желдеткіш  арқылы  берілетін  ауа  құбыр  арқылы 

орталық құбырға жеткізіледі. Перфорациялы қабырғалар арқылы 

өткен  ауа  дəндер  қабатын  радиалды  бағытта  тесіп  өтіп 

перфориальді корпус арқылы атмосфераға шығарылады.  

Орталық  құбырдың  үстіңгі  бөлігі 3 поршеньмен  жабылады, 

ал  ол  парусинадан  немесе  созылмалы  жасанды  материалдан 

жасалады.  Желдеткіш  іске  қосылған  кезде  поршень  ісінеді  де, 

құбырдың қабырғасына нығыздалып жабысады. 

Қамбаның бір бөлігін ғана дəндермен толтырғанда поршеньді 

қажетті  деңгейге  дейін  түсіреді  де,  құбырдың  үстіңгі  бөлігіне 

баратын  ауаның  жолын  жабады.  Орталық  құбырдың  үстіңгі 

жағын  конус  тектес  қақпақпен  жабады,  ол  арқылы  төгілген 

дəндер  біркелкі  құйылып,  конус  тектес  үймен  жасайды.  Өзі 

түсіретін қамба металл тіреулер арқылы орнатылады. (5) Төменгі 

жағында  конус  тектес  табанмен  бітеді (6). оның  астында 

транспортер  орналасады (8). Дəндерді  жіберу  бекіткіш  қақпақ 

арқылы реттеледі (7).  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

80-сурет. Дəндер қабатының радиалды жел өткізу жəне 



орталық ауа құбырының желдетілетін сұлбасы 


 

290


 

1-құбыр  өткізгіш, 2- корпус, 3- құбыр, 4- поршень, 5- тіреу  

6- түбі, 7- қақпақ, 8- транспортер силосты элеватордағы дəндерді 

желдету  үшін  арналған  принципиалды  құрылғын  сұлбасы:  

а-Промзернопроект,  ə-МТИПП  жəне  ЦНИИЭП,  б-ВЗИПП  жəне 

Краснодар нан өнімдерін басқару 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет