Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет141/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   269
13.5.  Астықты қабылдау, орналастыру  

жəне сақтаудың технологиялық негіздері 

 

Мемлекетке  өткізетін  астықты  қабылдау  жəне  оны  сақтап 

баптау  астық  қабылдау  кəсіпорындарына  жүктелген.  Бұл  жүйе 

Қазақстан  Республикасындағы  астық  қабылдау  кəсіпорындарын 

біріктіретін  азық-түлік  корпорациясы  деп  аталатын  ұйымға 

бірлестірген.  Осы  жүйеге  астықтан  ұн,  жарма  жəне  құрама  жем 

алатын ірі өңдеу кəсіпорындары да кіреді. 

Əрине,  астық  қабылдау  кəсіпорындарының  міндеті  тек 

астықты  қабылдауды  ұйымдастырумен  ғана  тынбайды.  Олар 

техникалық  жабдықтармен  қамтамасыз  етілген,  астық  қорын 

қысқа  мерзім  ішінде  өңдеп  дəндерді  ұзақ  сақтауға,  одан 

тұтынушылардың  талабына  сай  өнімдер  шығаруға  жарайтын 

күйге келтіреді. 

Астық 


қабылдау 

кəсіпорындарының 

жұмысы 

дəнді 


дақылдарды астық шаруашылығынан жəне басқа астық өндіруші 

мекемелерден қабылдап алғаннан бастап, əртүрлі тұтынушыларға 

өткізіп  жібергенге  дейін  астықтың  əрбір  партиясының  сапасын 

бағалау  мен  сандық-сапалық  өзгерістерін  есептеуге  тығыз 

байланысты.  Мемлекетке  астық  шаруашылығы  сататын  əртүрлі 

дақылдар  дəндері  мен  тұқымын  астық  қабылдау  орындары  егін 

орағы  кезіндегі  мерзімде  шарт  бойынша  жəне  сатып  алу 

жоспарынан  артық  мөлшерде  қабылдауға  мəжбүр.  Соған 

қарамастан  кəсіпорын  дəндер  мен  тұқым  партиясын  тоқтаусыз 



 

307


 

қабылдауға,  оның  сапасы  мен  салмағын  анықтауға,  астық 

тапсырушылармен  мерзімінде  жəне  дұрыс  есеп  айырысуға, 

түскен  дəндер  партияларын  жақсылап  орналастыруға,  оның 

мөлшері мен сапасын сақтау шараларын белгілеуге міндетті. 

Сондықтан  əрбір  астық  қабылдау  кəсіпорнының  жұмысын 

ұйымдастыруда  өндірістік  технологиялық  зертхананың  маңызы 

орасан  зор.  Зертхана  керекті  жабдықтармен  жəне  жоғары 

дəрежелі  инженер,техник  мамандарымен  толық  қамтамасыз 

етілуі керек. 

ӨТЗ-ның  рөлі  оның  өндірістегі  міндеттері  республика 

көлемінде  бекітілген  арнаулы  бірыңғай  ережелермен  шектеледі. 

Аталған  зертханада  дəндер  сапасы  анықталады,  кейін  қалай 

өңделетіні мен қандай мақсатқа пайдаланатыны ескеріле отырып, 

сапасы  бойынша  біркелкі  партиялар  қалыптастырылады, 

автомобиль  транспортының  тоқтап  тұруына  жол  бермес  үшін 

дəндер  тиеп  келген  автомобильдер  қабылдау  орындарына 

бөлінеді,  мемлекеттік  үлгіге,  техникалық  жағдайларға  жəне 

жоғарыдағы  ауылшаруашылық  жəне  дайындау  ұйымдарының 

нұсқауларына  сəйкес  дəндердің  жиналғаннан  кейінгі  өңделу 

технологиясы мен сақталуына бақылау жасалады. 

Астық  қабылдау  кəсіпорнында  осындай  қауырт  жұмысты 

табысты  орындау  үшін  оны  нақты  ұйымдастырумен  қатар 

кəсіпорынның  нақты  мүмкіндіктері  негізінде  жасалған  дəндерді 

қабылдап,  қоймаларға  орналастырудың  жақсы  ойластырылған 

жоспары  да  болуға  тиіс.  Бұл  жоспар  əр  кəсіпорында  дайындау 

жұмысы  басталғанға  дейін  жасалып,  оны  директор  мен  жоғарғы 

ұйым бекітуі керек. 

Астықты  қоймаларға  дұрыс  орналастыру – технологиялық 

сапасы  бойынша  да,  экономикалық  көрсеткіштер  бойынша  да 

дəндерді  жақсы  сақтаудың  ең  маңызды  шарасы.  Жоспардың 

жасалуы  жəне  оның  орындалуы  дəндердің  сақталуына  кеселі 

тиетін  қателіктерді  болдырмауға,  астықты  толассыз  қабылдауға, 

көп  күш  жасамай-ақ  ірі  біркелкі  партиялар  қалыптастыруға, 

қойма  сыйымдылықтарын  пайдалану  коэффициентін  арттыруға, 

дəндердің  сапа  жəне  мөлшері  жағынан  ысырабын  азайтуға 

мүмкіндік  береді.  Осының  бəрі  сақтау  кезіндегі  шығынды 

кемітіп, дəндерді халық шаруашылығында орнымен пайдалануды 

қамтамасыз етеді. 



 

308


 

Жоспар  өткен  жылғы  дəндерді  қабылдау  жəне  орналастыру 

жөніндегі  жұмыстарға  талдау  мəліметтері  бойынша  жасалады. 

Сондай-ақ,  кəсіпорынның  техникалық  базасы,  жоспар  бойынша 

жəне одан да артық сатып алынатын дəндер мөлшері, дəндер мен 

əртүрлі  дақылдар  тұқымының  сапасы,  бұрынғы  жылдардан 

қалған дəндер туралы деректер, өзге кəсіпорындардан əкелінетін 

дəндер  жайындағы  мəліметтер,  оны  кəсіпорыннан  жөнелту 

мерзімі мен мөлшері ескеріледі. 

Астық  қабылдау  кəсіпорынының  дəндер  қабылдау жөніндегі 

жұмысында  оны  сағаттық  график  бойынша  жеткізу  жөніндегі 

озық  тəсілдің  маңызы  ерекше.  Мұның  мəні  шаруашылықта 

бекітілген  əрбір  автомобиль  немесе  машиналар  тобы  дəндерді 

астық қабылдау кəсіпорнына нақты белгіленген уақытта əкеледі. 

Мұндай  жұмысты  ұйымдастыру  үшін  ауыл  шаруашылығы, 

автотранспорт  ұйымдары  жəне  астық  қабылдау  кəсіпорны 

өкілдерінен  диспетчерлік  топ  құрылады.  Жаңа  өнім  дəндерін 

қабылдауды 

осылайша 

ұйымдастыру 

кəсіпорындардағы 

құралдарды  пайдалану  тиімділігін  арттырып,  астық  жеткізу 

шығынын 

азайтады. 

Сонымен, 

дайындау 

жүйесіндегі 

мекемелерде астық қабылдаудың екі түрі:  

1)  астық шаруашылығынан сатып алу;  

2)  басқа дайындау жүйелерінен келіп түсу орын алған. 

Шаруашылықтардан  астық  қабылдаудың  сипаты  маусымды, 

ол  астықты  орудан  басталып,  одан  біраз  уақыт  өткен  соң-ақ 

аяқталады.  Ал  басқа  мекемелерге  қабылдау  жыл  бойына  созыла 

берілуі мүмкін. 

Астықты  тұтынушыларға  жақындату,  қоймаларды  тиімді 

дайындау, керекті технологиялық шараларды жүзеге асыру жəне 

сапасы біркелкі болатын ірі қор жасау, оны қабылдап сақтайтын 

жүйелерде сөзсіз жылжытып тасымалдаумен байланысты. 

Астық  қабылдау  кəсіпорнына  келіп  түсетін  астық  əрбір 

париясының  санын,  салмағын,  сапасын  тексеріп,  анықтап  барып 

қабылдайды. 

Сырттай  қарап  байқау  жəне  сынама  өлшем  алу  арқылы 

түскен  дəндердің  біркелкілігін  жəне  оны  белгілі  бір  партияға 

жатқызу мүмкіндігін анықтайды. 

Мемлекеттік  дайындаудан  өтетін  астық  үшін  ылғалдылығы, 

ластығы, шөп-шалаң жəне түрлі қоспалардың мөлшері, дəндердің 




 

309


 

зиянкестермен  зақымдануы,  балаусалық  белгілері  жəне  кейбір 

дақылдар  үшін  көлемдік  салмағы  бойынша  базистік  жəне 

шектелген  кондициялар  бекітілген.  Бұл  кондициялар  еліміздің 

ауа  райы  əртүрлі  болып  келетін  аймақтары,  региондары  үшін 

ылғалдылық  пен  көлемдік  салмақ  көрсеткіштері  бойынша  түрлі 

мөлшерлі болады. 

Егер  астықтың  сапа  көрсеткіштері  базистік  кондицияға 

сəйкес  болса,  не  шектелген  кондициялардан  төмен  болмаса,  ол 

кедергісіз  қабылдануға  тиісті.  Дегенмен,  бұл  негізгі  ережеден 

ауытқушылық  болуы  да  ықтимал.  Ол  үшін  Министрлер 

Кабинетінің  не  басқа  жоғарғы  ұйымның  арнаулы  шешімі, 

рұқсаты  болады.  Сондай  шешім  қабылдағанда  ғана  астық 

қабылдау  кəсіпорындары  дəндерді  жəне  майлы  дақылдардың 

шектелген  кондициядан  ылғалдылығы  мен  ластығы  бойынша 

ауытқулармен  қабылдайды.  Бірақ,  зиянды  жəне  дəндерден  қиын 

ажыратылып бөлінетін ұсақ қиыршық тастар, татар қарақұмығы, 

қара  сұлы,  мысық  құйрық  жəне  т.б.  арамшөптер  мен  бүлінген 

дəндердер 

сықылды 


қоспалары 

бар 


партиялар 

еш 


қабылданбайды. 

Ал  қанша  дегенмен,  қиын  бөлінетін  жəне  зиянды  шама 

мөлшері  шектелген,  кондицияға  мүлдем  сəйкес  келмейтін 

жағымсыз  иісті,  қара  күйесі  бар  ащы  жусанды  тұқымдарды 

қабылдау үшін жоғарыдан ерекше рұқсат болуы тиіс. 

Базистік  жəне  шектелген  кондицияларда  көрсетілген  сапа 

белгілерінен басқа, қабылдау кəсіпорындары есепке алып, сатып 

алар  бағасына  үстеме  қоятын  күшті  жəне  қатты  бидайдың 

желімшесінің саны мен сапасы сияқты да көрсеткіштері болады. 

Базистік жəне шектелген кондициялар талабына сəйкестілігін 

анықтау 

жəне 


қабылданбақшы 

астық 


үшін 

өткізуші 

шаруашылықпен  дұрыс  есеп  айыру  мақсатымен  əрбір  келіп 

түскен  партиядан  арнаулы  сынама  өлшемдер  алынып,  оларды 

өзара  қосып,  сосын  одан  əрі  зертханада  талдау  жасау  үшін 

орташа  тəулікті  сынама  жасау,  астық  дайындау  кезінде  күшін 

жоймаған  үлгіге  (стандартқа)  сəйкес  қатаң  қадағалануы  керек. 

Сол  үлгіге  сəйкес  орта  тəулікті  сынама  да  жасалады.  Осы 

талдаудың  қорытындысы  бойынша  қабылданған  астық  үшін 

қаржы төленеді. 




 

310


 

Бидайдың  күшті  жəне  қатты  сорттарын  қабылдауда 

шаруашылықтың егістігінде өткізілетін дəндердің сапасын алдын 

ала  бағалап  анықтудың  маңызы  зор.  Мұндай  бағалауды  астық 

шаруашылықтардың  жəне  қабылдау  кəсіпорнының  өкілдері 

бірлесіп жасайды. 

Келіп түскен астықты қабылдау квитанциясы делінетін құжат 

дайындайды. Астық шаруашылықтарынан астық тауар-транспорт 

құжаты,  ал  сортты  дəндер  оның  сорттылығын  куəландыратын, 

дəлелдейтін  қосымша  құжатпен  жіберіледі.  Мұндай  жағдайда 

зертхана  міндетті  түрде  аталған  құжаттардағы  астықтың 

көрсеткіштерін қабылдау кəсіпорнына бұрын келіп түскен дəндер 

сапасын  анықтау  (апробация)  актілеріндегі  көрсеткіштерімен 

салыстырады. 

Астық  қабылдау  кəсіпорындары  дайындау  маусымы  кезінде 

қалтқысыз  тоқтаусыз  жұмыс  жасап,  істі  уақытылы  тындырып 

отырады.  Əсіресе,  автомобиль  транспортының  тоқтаусыз  жұмыс 

істеуін қамтамасыз ету керек. 

Соңғы  жылдары  Солтүстік  Қазақстанның  астық  қабылдау 

мекемелеріндегі дəндерді қабылдау жəне жинаудан кейінгі өңдеу 

технологиясын  жетілдіру  жөнінде  үлкен  жұмыстар  атқарылды. 

Астықты  шаруашылық  қырмандарынан  астық  қабылдау 

орындарына  тəулік  бойы  толассыз  жеткізудің  бірегей  кешенді 

ғылыми  негізделген  жүйесі  жасалған,  сағаттық  график  бойынша 

тасымалдау ұйымдастырылған, күшті жəне қатты бидай сапасын 

алдын  ала  баға  бере  отырып,  оны  арнайы  технологиялық  карта 

бойынша орналастыру ұйымдастырылған. 

Астық 


қабылдау 

кəсіпорнында 

дəндерді 

қабылдау, 

орналастыру  жəне  өңдеудің  технологиялық  картасы  жасалады, 

оған  дəндерді  орналастырудың  бас  жоспары  мен  тəуліктік 

операциялардың  негізгі  көлемі,  сондай-ақ дəндердің  іс-жүзіндегі 

орналастырылуы  мен  күйінің  графикалық  кескіні  енеді.  Мұның 

нəтижесінде  автомобильдердің  артылмай  не  түсірілмей,  еріксіз 

тоқтап  қалуына  жол  берілмейді,  автомобильге  мұқтаждық 20-

25%-ға  кемиді,  кəсіпорындардың  астық  қабылдау  қабілеті 

артады. 


Бір  кəсіпорыннан  екінші  кəсіпорынға  теміржол,  су  не 

автомобиль  транспортымен  тасымалданып  келіп  түскен  астық 

қабылданғанда  оның  түсіру  уақыты  бір  жағынан,  сол  теміржол, 



 

311


 

пароход  шаруашылығы  жəне  автотранспорт  мекемелері,  екінші 

жағынан,  қабылдау  кəсіпорны  араларында  болатын  ерекше 

келісім бойынша анықталады. Транспорттан астықты дер кезінде 

түсірілмегені үшін астық қабылдау кəсіпорыннан айып алынады, 

ал бұған кінəлі қызметкерлер жауапқа тартылады. Теміржол не су 

транспортымен  келіп  түскен  астық  партияларының  сапасы 

жөнінде  куəлік  құжат  болуға  тиіс.  Сортты  дəндер  тұқымының 

куəлігімен  жабдықталады.  Қабылдаған  кезде  барлық  астықтың 

салмағы міндетті түрде өлшеніп, сапасы тексеріледі. Бұл қандай 

да  болмасын  ауытқулар  орын  алатын  болса,  онда  қабылдау 

кəсіпорны  акт  жасап,  транспорт  мекемелеріне  арыз  түсіріп, 

керекті талабын қояды. 

Қоймаға  қабылданған  астықтың  əрбір  партиясын  сақтау 

барысындағы  бақылау  аға  шебер  не  өндірістік  шебер  секілді 

материалды жауапты кісілерге жүктелінеді. 

Астықты  əрі  сапасы,  əрі  саны  жағынан  ойдағыдай  сақтауды 

қамтамасыз  етудегі  ең  маңызды  шаралардың  бірі – əрбір 

мекеменің мүмкіндігіне қарай қоймаларға дұрыс орналастыруы. 

Тек  орналастыру  тəртібін  бұзбай  астықты  тиімді  сақтауға 

болады.  Мұның  барлығы  астықты  сақтаудағы  жалпы  шығынды 

азайтып,  Дəнді  дақылдарды  халық  шаруашылығында  ұтымды 

пайдалануға себін тигізеді. 

Астық қорын қоймаларға мына тəртіппен: 

1.  Астықтың əрбір партиясының сапа көрсеткіштері, осыған 

байланысты 

дəндерді 

əртүрлі 


қажеттілікке 

пайдалану 

мүмкіндіктері; 

2.  Астықтың əрбір партиясының əртүрлі жағдайда сақталуға 

төзімділігі.  Осы  тұрғыдан  астықты  мынадай  белгілермен  санаса 

отырып орналастырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет