Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астық массасының қасиетінің жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет138/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   269
 

13.2.  Астық массасының қасиетінің жалпы сипаттамасы 

 

Астық  қабылдау  кəсіпорындарына  дəндерді,  бұршақты, 

майлы жəне басқа дақылдардың жүзге тарта түрлері келіп түседі. 

Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін əрбір дақылдың 

өзіне  тəн  ерекшеліктері  мен  қасиеттерін  біліп,  түрлік 

белгілерімен  топтастырып  қарастыру  керек.  Мұндай  топтастыру 

астықтың  сақтауға  төзімділігін  арттыру  үшін  қолданылатын 

технологиялық  əдістердің  жалпы  принциптерін  дұрыс  орындап, 

жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Əрине,  сақтау  технологиясын 

дұрыс  қолдануда,  жетілдіруде  астықтың  жалпы  қасиеттерімен 

қатар  əртүрлі  партиялардың  дəндер  түріне  байланысты 

ботаникалық белгілері, егу, өсіру, ору, тасымалдау ерекшеліктері 

де  елеулі  рөл  атқарады.  Мысалы,  сақтаудың  кейбір 

жағдайларында  бидай  мен  қара  бидай  жүгері  мен  тарыға 

қарағанда,  төзімділеу  келеді.  Жаңа  ғана  орылып  жиналған 

астықтың  дəндері  міндетті  түрде  бұрын  жинап  алынған, 

орылғаннан кейінгі пісіп жетілу мерзімін өткен, не болмаса, көп 

уақыт  сақталып  жатқан  дəндерінен  төзімсіздеу  болып,  сапасы 

тезірек төмендеуге бейімдеу тұрады. 



 

297


 

«Астық» деген сөз үлкен мəнді, кең түсінік. Оның құрамында 

негізгісі дəндердің өзі болады да, тағы да əртүрлі қоспалар, шөп-

шалаң,  ауа  жайлаған  қуыстары  болады,  түрлі  микроорганизм 

жəндіктері  мекендейді.  Сондықтан  сақтау  тұрғысынан  алғанда, 

астық  массасы  дейді.  Ал,  сол  астықтың  сапасының  кейбір  сырт 

белгілері  мен  көрсеткіштері  бойынша  астық  партиясы  деп  те 

атайды.  Сондықтан  бұдан  былай  астық,  дəндер  партиясы  деген 

ұғымдарды оқушы жоғарыда айтылғандай түсінуін тілейміз. 

Астық  қабылдау  кəсіпорындарына  дəндерді  дақылды  астық 

белгілі  бір  көрсеткіштермен  іріктеліп,  шоғырландырылып, 

партия-партия болып келіп түсіп отырады. 

Астықтың  негізгі  белгілі  бір  ботаникалық  текті  дəндері 

болып  келеді  де,  əрбір  партия  сол  дəндердің  атымен  аталады, 

мысалы,  бидай,  қара  бидай,  күнбағыс,  тары  жəне  т.б.  Астықтың 

негізгі  бөлігі  болып  келетін  дəндердің  өзі  де  ылғалдылығы, 

тығыздығы,  пісіп  жетілгендігі,  т.б.  сапалық  көрсеткіштері 

бойынша  бірыңғай,  біркелкі  емес,  сан  түрлі  болады.  Мұның 

бірден-бір себебі – дəндердің өсімдіктің бойында өсіп жетілу мен 

қалыптасу ерекшеліктерінде. Мысалы, бидай мен қара бидайдың 

гүлденуі өсімдіктің орта бөлігінде орналасқан масақтан басталса, 

тары мен сұлы сіпсебастың жоғары жағынан, бұршақ дақылдары 

төменнен  гүлдейді.  Ең  жоғары  бағалы,  əрі  сапалы  дəндер 

өсімдіктің  ерте  гүлдеген  бөлігінен  алынады.  Осыған  орай 1000 

дəндердің  салмағы  (массасы)  дейтін  көрсеткіш  сол  дəндердің 

масақтың қай жерінде өсіп-өнгеніне тікелей байланысты болады. 

Мысалы, Краснодарская – 46 жəне Безостая – 1 дейтін бидайдың 

салмағы  масақтың  жоғарғы  бөлігінде  орта  есеппен 30 г,  орта 

шенінде 50 г,  төменінде 47 г,  ал  сол  сияқты  Саратовская – 42 

сортында  осы  көрсеткіштер 34,9; 41,0 жəне 37,4 г  болған. 

Дубовский – 129 атты күріштің 1000 дəндердің өсімдіктің жоғары 

жағындағысының салмағы 39-40 г болса, төмендегісінің салмағы 

одан 9-12 г көп. 

Астықтың  құрамындағы  дəндердің  бірыңғай  не  біркелкі 

болмауы  астықты  орып  жинау  кезінде  болатын  кейбір 

жағдайлардың  əсеріне  де  байланысты.  Астықты  орып  бастыру 

кезінде  дəндерге  механикалық  күш  жұмсалуы  салдарынан 

дəндердің  едəуір  бөлігі  сызаттанып,  жарықшақтанып,  тіпті,  қақ 

бөлініп  кетуі  де  мүмкін.  Əрине,  комбайнның  бастырғыш 



 

298


 

барабандары  не  басқа  машиналардың  кейбір  тиісті  тетіктері  өз 

қызметін бірыңғай дұрыс атқармаса, жарықшақтанған, ұсақталған 

дəндердің  мөлшері  өте  көп  болып  кетуі  мүмкін.  Бұл  құбылыс 

жарма  дақылдары  (күріш,  тары  жəне  т.б.)  дəндердеріне  тəн 

келеді. 


Негізгі  дақылдың  дəндерінен  өзге  астық  жиымы  құрамында 

басқа дəнді дақылдар жəне арамшөп тұқымдарынан, органикалық 

жəне  минералдық  шаң-тозаңнан,  өсімдіктің  майдаланған 

бөлшектерінен  тұратын  қоспалар  да  орын  алады.  Бұл 

қоспалардың мөлшері мен сапалық құрамы астық орып- жинауды 

ұйымдастыру  тəсілдері  мен  агротехникалық  шаралардың 

деңгейіне көп байланысты. 

Қоспалар сөзсіз мемлекетке өткізетін астық қорының бағасын 

төмендетеді;  астықтың  жалпы  көлемі  көбейеді,  осыған 

байланысты  тасымалдау  мен  сақтау  барысындағы  қосымша 

шығынды 

арттырады. 

Жаңа 

орылып 


жиналған 

астық 


жиымындағы  қоспалар  жалпы  астықтың,  дəндердің  сапасының 

бұзылмай сақталу мерзімін кемітеді. 

Астық  құрамындағы  негізгі  дақылдың  өзінің  құрамындағы 

дəндерінде 

де, 

қоспалардың 



барлық 

түрлерінде 

де 

микроорганизмдер  көптеп  мекендейді. 1 г  дəндерде  олардың 



жүздеген,  тіпті,  миллиондаған  саны  табылады.  Сонымен, 

микроорганизмдер  астық  жиымының  құрама  бөлігі  болып 

табылады. Əрине, белгілі бір мезгілде, сақталу барысының түрлі 

жағдайларында  микроорганизмдер  дəндердің  күйі  мен  сапасына 

едəуір əсерін тигізеді. 

Дəндер мен қоспалардың формасы мен өлшемдерінің əртүрлі 

болуы,  олардың  өзара  орналасу  барысында  астық  жиымында 

дəндераралық  бос  қуыстардың  пайда  болуына  əкеліп  соғады. 

Мұны дəндераралық кеңістік, не болмаса қуыстылық деп атайды. 

Дəндераралық  кеңістіктегі  ауа  астық  құрамына  əсерін  тигізіп, 

тіпті, өзіде өзгеріске ұшырап, құрамы, температурасы мен қысым 

мөлшері атмосфералық ауадан басқаша болып кетеді. 

Сондықтан  дəндераралық  кеңістік  ауасын  да  астық 

жиымының  бір  бөлігі  деп  қарайды.  Сонымен,  астық  жиымының 

құрамына :  

1. Негізгі дақылдың, кейде басқа негізгі дақылға бағалылығы 

мен пайдалануы бойынша ұқсас дақылдардың дəндері;  



 

299


 

2. Минералды жəне органикалық текті қоспалар (оның ішінде 

негізгі  дақылға  жатпайтын  басқа  дəнді  дақылдар  мен  жабайы 

өсетін өсімдіктердің тұқымдары бар);  

3. Микроорганизмдер; 

4. Дəндераралық кеңістік ауасы; 

Астықтың  кейбір  партияларында  шыбын-шіркей,  құрт-

құмырсқа  жəне  кенелер  де  кездеседі.  Сондықтан  бұларды  да 

астық жиымының құрама бөлігі деп қарап, уақтылы, дер кезінде 

тиісті  шараларды  қолданып  отырған  жөн.  Астықты  шығынсыз 

сақтау  мүмкіншілігі  оның  табиғаты,  тегі  бойынша  əртүрлі 

заттардан, 

тірі 

организмдерден 



тұратындығына 

тікелей 


байланысты екендігін əр уақытта есте сақтаған дұрыс. 

Қазіргі  кезеңдегі  ғылым  мен  практикалық  тəжірибенің 

арқасында  астық  сақтау  барысындағы  құбылыстар  туралы 

мағлұматтар баршылық. Оларды екі топқа бөліп: физикалық жəне 

физиологиялық құбылыстар ретінде қарауға болды. 

Сақтауға  қабылданған  астықтың,  дəндердің  құрамы  мен 

қасиеттеріне  əсерін  тигізетін  жағдайлар  бар.  Оларға:  дəнді 

дақылдардың сорттық ерекшеліктері, дəндердің пісіп-жетілуі мен 

қалыптасу шарттары, астықты ору тəсілдері, астықты орылғаннан 

кейінгі  сақтау  мен  астық  қабылдау  кəсіпорындарында 

тасымалдау жатады. 

Астық сапасы мен қасиеттері тұқымдық дəндердің сорттылық 

ерекшеліктері  мен  егіндік  сапасына  көп  байланысты.  Дəндерді 

дақылдың  сортына,  түріне  байланысты  астық  жиымының 

қуыстылығы,  сусымалылығы  жəне  т.б.  қасиеттері  өзгеріп 

отырады.  Тіпті,  бір  дақылдың  əртүрлі  сортты  дəндерінің 

физиологиялық  қасиеттерінің  өзгеше  болуының  нəтижесінде 

дəндердің  тыныс  алу  қарқыны  əртүрлі  мөлшерде  болатындығы 

анықталған. 

Тұқымдық  дəндердің  егіндік  қасиеттері  мен  сапалылығы 

оның  бастапқы  сапасына  байланысты.  Сондықтан  егіндік 

стандартты  нормалық  мөлшерінен  ауытқымай  қатал  орындау 

жоғары  түсім  мен  сапалы  астық  алудың  кепілі.  Астықтың  əрбір 

партиясын  халық  шаруашылығында  тиімді  пайдалануды  жүзеге 

асыру үшін де оның сорттық ерекшеліктерін білудің мəні зор. 

Əрбір  сорттың  ауыл  шаруашылығында  есепке  алынатын 

көптеген  қасиеттерінен  басқа  əртүрлі  тұтынушылық  белгілері, 



 

300


 

көрсеткіштері болады. Мысалы: бидай-ұны мен нанының сапасы 

бойынша,  жүгері-технологиялық  қасиеттері  жəне  мал  азығына 

тəн  ерекшеліктерімен,  күнбағыс-майлылығымен,  күріш,  тары, 

арпа,  сұлы  жарма  өнімдері-сапасымен  сипатталады.  Мұның  бəрі 

астықтың 

əртүрлі 

партияларын 

қабылдау 

жəне 


өңдеу 

кəсіпорындарында  сорттық  ерекшеліктеріне  байланысты  бөлек-

бөлек  орналастыруды  керек  етеді.  Дəндердің  сорттық 

ерекшеліктері  астықты  мемлекет  қоймаларына  тапсырып 

өткізетін астық шаруашылықтарымен есеп айыру кезінде де еске 

алынады. 

Дайындау  жүйесі  астық  өндірушілерден  жоғары  тұқымды 

дəндер  (элита)  сатып  алып,  кейін  оны  егістік  материал  ретінде 

белгілі  бір  мөлшерде  ауыл  шаруашылығына  қайтарып  беріп 

отырады. Сондықтан қабылдау, дұрыс сақтау, тиімді өңдеу жəне 

тұқымдық  қорды  шаруашылықтарға  мөлшерлеп  таратып  беріп 

отыру  сияқты  шараларды  жүзеге  асыру  үшін  қабылдау 

қызметкерлерінен  əрбір  сорттың  өзіндік  ерекшеліктерін,  оларды 

сақтау тəртіптерін жетік білуді талап етеді. 

Дəндердің  өсіп  жетілуі  мен  қалыптасу  шарттары  астықтың 

шығымдылығына,  түсіміне,  қоймаларға  сақтау  барысындағы 

оның  сапасы  мен  күйіне  елеулі  əсер  етеді.  Астық  сапасы 

тыңайтқыш  пайдалану  жəне  де  əрбір  жылдың  ауа  райы 

ерекшеліктеріне  байланысты.  Егер  ору  алдында,  не  орақ  кезінде 

жауын-шашын  неғұрлым  көп  болса,  солғұрлым  дəндердің 

ылғалдылығы жоғары болып, сақтауға төзімсіз келеді. 

Ал  өте  құрғақшылық  жылдары  астық  қырманға  құрғақ 

күйінде түседі, дəндер толмай қысыңқы, əлжуаз болып қалады. 

Бұрын  Кеңес  одағы  деп  аталған  ұлан  байтақ  елдің 

солтүстігінде  жəне  солтүстік  шығысында  əрдайым  орын  алып 

отыратын  қатқыл  суықтар  да  дəндердің  дұрыс  қалыптасуына 

кедергі келтіреді. Бұл кездерде астық қабылдау кəсіпорындарына 

суыққа  шалдыққан,  аяз  ұрып  үсіген,  соның  нəтижесінде  сапасы 

төмендеген жəне сақтауға төзімсіз дəндер көп түседі. 

Кейде  егістіктің  өзінде  өсімдіктің  түп  тамырларын  қандала 

секілді  егін  зиянкестері  зақымға  ұшыратуы  ықтимал.  Мұның 

салдарынан  астықтың  шығымдылығы,  түсімі  кеміп,  одан 

пісірілетін  нан  өнімдерінің  сапасы  төмендейді.  Астық 



 

301


 

құрамындағы  қоспалардың,  шөп-шалаңның  деңгейі  де  əртүрлі 

болады. 

Егер астықтың құрамында қоспалар, əсіресе, зиянды қоспалар 

көп  болса,  ондай  партияларды  арнаулы  өңдеуден  өткізіп,  бөлек 

орналастырып,  тіпті,  ерекше  жағдайда  сақтап,  пайдалануды 

көздеу керек. 

Өсімдіктің  егісте  өсіп-жетілуі  мен  дəндердің  қалыптасу 

кезінде  де  бактериоз  жəне  микоз  деп  аталатын  микробтардың 

дəндердің сапасын төмендетуге ықпалы болуы ықтимал. 

Астықтың саны мен сапасы, дəндердің күйі мен жалпы түсімі 

ору  кезіндегі  ауа  райына,  орақ  жұмыстарын  ұйымдастыру  мен 

техникалық  деңгейіне  тікелей  байланысты.  Сондықтан  астық 

қорын ысырапсыз жинап алып, оны мұқият сақтауды қамтамасыз 

етуді көздейтін арнаулы шараларды дер кезінде қабылдап, жүзеге 

асырып  отыру  керек.  Біздің  елімізде  астық  ору  қысқа  мерзімдік 

науқан  ретінде  өткізіледі.  Сол  себепті  де  орақ  барысындағы 

шығындарды  барынша  азайтуды,  қысқартуды,  тіпті,  оған  жол 

бермеуді көздеу керек. 

Егер  ору  техникасы,  оның  тиісті  жабдықтары  сай  болып, 

білікті  маман  жұмыскерлер  жеткілікті  болса,  дəнді  дақылдарды 

орып бастыру, жинап алу 10-12 күнге ғана созылады. 

Дəнді  дақылдарды  комбайнмен  орып  жинайтыны  белгілі. 

Орудың  бір  не  екі  фазалы  деп  аталатын  екі  түрлі  тəсілі 

қолданылады. 

Бір фазалы жинау бірден не комбайндау деп те аталады. Бұл 

тəсіл  бойынша  біркелкі  пісіп  жетілген  дəндерді  дақылды  орады 

да, бірден бастырып отырады. Ал екі фазалы жинау тəсілін жеке 

бөліп  не  ажыратып  жинау  деп  атайды.  Бұл  тəсіл  бойынша 

дəндерді дақылды пісіп жетіле бастауына сай орып, дестелеп, 3-5 

тəулік  кептіргеннен  кейін  бастырып  жинайды.  Өсімдіктің  ору 

биіктігі  орта  шамамен 15-25 см  болғаны  дұрыс.  Ауа  райы 

қолайлы  қалыпта  тұрса,  астық  орылғаннан  кейінгі 3-5 тəулік 

өткен соң, дəндер кебіңкіреп, əрі əжептəуір пісіп жетіліп, қатайып 

қалады.  Орақ  науқанын 6-7 күн  ертерек  бастап,  қысқа  мерзімде 

əрі  сапалы  аяқтауға  болады.  Пісіп  жетілген  астықтың  тікелей 

бірден  комбайндау  кезінде  орын  алатын  дəндердің  қауызынан 

түсіп төгілуі салдарынан болатын шығын азаяды. Сонымен қатар 

орақ науқанының ерте бітуі егістікті аршып тазалауға, топырағын 



 

302


 

қопсытып  келесі  жылға  дайындықты  жеделдетуге  көмегі  тиеді. 

Ең  бастысы,  екі  фазалы  жинау  тəсілі  астықты  орып  жинау 

барысында  едəуір  таза  əрі  құрғатылған  дəндер  алуға 

болатындығы.  Мұндай  партияларды,  əсіресе,  жылы  шуақты  ауа 

райы жəне қажетті агротехника мен таза егістік болған жағдайда 

астықты  қосымша  тазалау  мен  кептірудің  қажеттілігі  болмайды. 

Екі фазалы жинау тəсілі Сібір жағдайында дəндерді ерте түсетін 

үсіктен  сақтайтын  мүмкіндік  тудырады  да,  ал  оңтүстік  өңірде 

уақтылы орып жинап алынған астыққа қандала, таскене түспейді. 

Жоғарыдағы айтылған жағдайларды ескеретін болсақ астықты екі 

фазалы  тəсілмен  жинау  егістіктің  əрбір  атызын  машина  екі  рет 

жүріп  өтетініне  қарамастан  экономикалық  тұрғыдан  тікелей 

комбайндаудан  тиімділеу.  Сонымен  қатар  тікелей  (бірден) 

комбайндау  тəсілі  де  орынды  қолданылып  жүр.  Əсіресе,  кейбір 

дəнді  дақылдар  үшін  осы  тəсіл  тиімді  болатын  кездері  бар. 

Мысалы күріш, тары сияқты жарма дəнді дақылдар үшін. Себебі 

екі фазалы тəсілмен орылғаннан кейінгі 3-5, кейде 7-8 күн өтеді, 

сол  кезде  астық  күн  түскен  жағынан  құрғап,  дəндер 

жарықшақтанып,  сызаттанып,  шытынап  кетеді.  Бұл  келешекте 

осы  дəндерден  өндірілетін  жарманың  шығымын  азайтып, 

сапасын  төмендетеді.  Ал  бір  фазалы  жинау  тəсілі  астық  əбден 

пісіп  жетілген  кезде  қолданылады,  бірден  комбайндалғандықтан 

дəндердің  ылғалдылығы  жоғары  болып  келеді  де,  қырманда, 

қабылдау  кəсіпорындарында  арнаулы  кептіргіш  қондырғылары 

қажет  болады,  ылғалды  дəндерді  дер  кезінде  кептіруді  талап 

етеді.  Астықты  орып  жинау  тəсілін  таңдау  жолында  егістіктің 

күйін,  дəнді  дақылдардың  ерекшеліктерін,  ауа  райының 

жағдайларын  жəне  де  басқа  орақты  ұйымдастыру  жұмыстары 

сияқты факторларды талдаған орынды. 

Орақ науқаны кезіндегі ауа райы астықтың күйіне, сапасына, 

келешектегі  сақтау  барысында  орын  алатын  физиологиялық 

құбылыстарға  əсерін  тигізеді.  Əсіресе,  дəндердің  сол  кездегі 

ылғалдылығының əртүрлі болуы. Егер Солтүстік Кавказ, Қырым 

жəне  басқа  да  оңтүстік  өңірлерде  дəндердің  ылғалдылығы  орта 

есеппен, 14-15% шамасында  болса,  солтүстік  пен  батысқа  қарай 

жылжыған  сайын  бұл  көрсеткіш 16-20%, тіпті,  одан  көбейе 

береді.  Ал  ылғалдылығы 17-18% шамасындағы  дəндерді 1-2 

күннен  артық  ұстауға  болмайтынын  еске  түсірсек,  келешектегі 



 

303


 

қолданылатын  сақтау  технологиясының  қаншалықты  күрделі 

болатынын түсіну қиын емес. 

Астықты  орып  жиналғаннан  кейінгі  мезгілдегі  сақтау 

шарттары  мен  оны  қабылдау  кəсіпорындарына  тасымалдап 

жеткізуді мұқият, қалтқысыз орындау керек. 

Астық қабылдау кəсіпорындарына жиналған дəндер түсімінің 

бірер  бөлігін  əкеліп  өткізеді.  Көпшілігі  қырманда  алдын  ала 

өңдеуден  өтеді  де  астық  шаруашылығы  қоймаларында  уақытша 

сақтала береді. Кейбір партиялар үшін бұл мерзім бірнеше сағат 

пен  тəуліктен  бір  айға,  кейде  одан  көпке  созылады.  Осы  кезде 

дəндерге  əртүрлі  құрт-құмырсқа  жəне  кенелер  зиян  келтіруі 

ықтимал.  Ауа  райы  қолайсыз  болса,  дəндер  дымқылданып,  өніп 

кетеді  де,  неше  түрлі  шыбын-шіркей  тəрізді  жəндіктердің  өсіп 

мекендей бастап, астықтың өздігінен қызуына əкеп соғады. 

Жаңа жиналған астықтың бұзылуының тағы бір себебі өткен 

жылдың  сабан-топан  секілді  қалдықтарынан  тазартылмаған 

қырманға не егістік алаңшаларына қабылданып түскендігінен де 

болуы  мүмкін.  Мұндай  дəндерге  мұқият  қарап,  тиісті  күтім 

жасамаса, ол дымқылданып ылғалдылығы артып өздігінен қызуға 

шалдығады.  Бұл  құбылыс  жаңа  орылған  астықта  өте  тез  өрбіп 

кетеді.  Ал  дəндерді  қызған  күйінде  астық  қабылдау 

кəсіпорындарына  əкеліп  өткізуге  болмайды,  мемлекеттік  түгілі, 

қай тұрғыдан болса, да, мұны заң бұзушылық пен қылмыскерлік 

деп  бағалайды.  Дəндер  сапасының  төмендеуі  мен  шығыны 

астықты  тасымалдау  барысында  да  орын  алып  қалатынын  естен 

шығармау керек. 

Жаңа ғана орып жиналған астықты күту, дəнді дақылдардың 

əрқайсысының  өзіне  тəн  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып, 

тиімді, ауқымды шаралар жүйесін алдын ала дайындап, уақтылы 

жүзеге асырып отыру – ауыл шаруашылығы саласының мемлекет 

пен халық алдындағы жауапты міндеттерінің бірі. 

Астық 

шаруашылықтары 



өздерінің 

қажеттігі 

үшін 

мемлекетке  сатпай,  дайындау  жүйесіне  өткізбей  қалдыратын 



астық  қорының  жылдан-жылға,  қазіргі  кезде  үстем  болып,  кең 

тарап келе жатқан нарық экономикасының да шарттарына тікелей 

байланысты,  көбейе  түсетінін  ескеретін  болсақ,  астықты 

қырманда,  кішігірім  қоймаларда  сақтаудың  маңызы  арта 

бермекші. 



 

304


 

Дəндердің  сақталуға  төзімділігі  деп  аталатын  қасиеті,  күй-

жайы  мен  сапасы  жəне  оны  тиімді  пайдалану  астықтың  орып-

жинап ала салғаннан кейінгі жағдайларға көп байланысты. Астық 

қабылдау  кəсіпорындарына  сапасыз,  стандартқа  сай  емес 

дəндерді  өткізген  шаруашылықтың  кіріс  табысы  азаяды,  себебі 

астықты  тазалау  жəне  кептіру  үшін  жұмсалған  қаржы  солардан 

өтеледі,  астықтың  жалпы  саны,  жиымы  кемітіледі.  Қабылданған 

сапасыз  астықты  жедел  түрде  тазалауды,  кептіруді  жəне  т.б. 

өңдеуді  ұйымдастыруды  қамтамасыз  ету  қажет.  Сапасыз  дəндер 

жиымын  бөлек,  жеке  орналастыру  шараларын  қолданып,  оған 

қосымша  қойма  қарастыруға  тура  келеді.  Егер  бұл  шарттар 

орындалмаса,  не  уақытынан  кеш  қолданылса,  дəндердің  сапасы 

күрт төмендейді. 

Демек  қабылдауға  келіп  түскен  əрбір  партияның,  əрбір 

дəндерді  дақыл  жиымының  сапасын  бұлжытпай  дəл  анықтау, 

əрбір  дəндерді  дақылдың  өзіне  тəн  ерекшеліктері  туралы 

түбегейлі  мəлімет  болу,  өңдеудің  тиімді  тəсілдерін,  жолдарын 

табу  жəне  оларды  дер  кезінде  жүзеге  асыру,  астық  сақтаудың 

тиімді  ереже-тəртіптерін  анықтап  қолдану  астық  қабылдау 

кəсіпорындары  қызметкерлерінің  жауапты  міндеттері  болып 

табылады.  Осы  мəселелерді  дұрыс  шешу  астықты  сақтау 

кезіндегі күтімді ұйымдастыру, қосымша өңдеу, біркелкі тұрақты 

сапалы  партиялар  дайындау,  тұтынушыларға  жөнелту  жəне  т.б. 

сол сияқты керекті шараларды іске асыруды жеңілдетеді. 

Сонымен  астық  массасының  құрамы  тірі  организмдер 

комплексінен  тұрады.  Астық  массасының  жалпы  қасиеттері  екі: 

физикалық жəне физиологиялық топқа бөлінеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет