Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Жаңа орылған астықтың өздігінен қызуы



Pdf көрінісі
бет198/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   269
 

17.3.  Жаңа орылған астықтың өздігінен қызуы  

 

Бұдан  бұрын  жаңа  орылған  дəндер  мен  тұқымға  тəн 

қасиеттер қарастырылған болатын. Астықтың кейбір бөліктерінің 

ылғалдылығы,  пісу  дəрежесі,  қоспалардың  мөлшері  мен  құрамы 

жөнінен  біркелкі  болмауы,  олардың  бастапқы  температурасы 

жаңа  орылған  дəндердің  сақтау  кезіндегі  физиологиялық 

екпінділігіне себеп болды, өздігінен қызу үдерісінің тууына алғы 

шарттар жасайды. Оның үстіне бұл үдеріс өте шапшаң жүреді де, 

бірнеше сағаттың ішінде шегіне жетіп, дəндер толық бұзылады. 

Ылғалдылығы  төмен  немесе  қалыпты  деңгейдегі,  сондай-ақ 

көтеріңкі немесе шектен тыс жоғары жаңа орылған дəндердің де 

қызатын жағдайлары белгілі. 

Жаңа  орылған  дəндердің  қызуына  оның  сақтауға  қояр 

алдындағы  температурасы  мен  тиісті  күтімнің  жоқтығы  себеп 

болуы  мүмкін.  Мысалы,  еліміздің  оңтүстік  аудандарында  жаңа 

орылған  дəндер  астық  қабылдау  кəсіпорындарына 20-30

0

С  жəне 


одан  да  жоғары  температурамен  түседі.  Əлі  де  екпінді  күйдегі 

барлық бөліктері қарқынды тыныс алып, көп мөлшерде жылу мен 

ылғал  бөліп  шығарады.  Бұл  уақытта  астықта  бу  пайда  болып, 

дəндердің  «терлеуіне»  алғы  шарттар  жасалады.  Мысалы,  сақтау 

кезінде  өздігінен  қызу  ылғалдылығы 13-14%-дан  төмен  жаңа 

орылған күріш топтамасында пайда болады. Олардың құрамында 

ылғалдылығы  мен  пісуі  жөнінен  біркелкі  емес,  піспеген  шикі 

дəндер  көп.  Əрине,  температураның  жоғарылығы  мұндай 

дəндерді  сақтауға  төзімсіз  етеді.  Ылғалдылығы  жоғары  жаңа 

орылған дəндер жылу бөлінуінің шамасына қарай жұқа қабат етіп 

салынғанда да қызуға ұшырайды. 

Қызудың  жаңа  орылған  дəндерде  пайда  болатындығына 

себепті  сақтауға  салар  алдында  оның  температурасы  мен 

ылғалдылығын  түсіріп,  күн  сайын  əртүрлі  қабаттарындағы 

температураны қадағалап отыру қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет