Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет195/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   269
Тік (вертикаль) қабатты қызу. Элеваторларда, қоймаларда, 

қамбаларда сақталған астықта тігінен қызған қабат пайда болады. 




 

396


 

Бұған  себеп  қойма  қабырғаларының  біркелкі  қызбауы  немесе 

салқындамауы  жəне  дымқылданбауы.  Осы  қабаттағы  астықтың 

физиологиялық  екпінділігі  үйіндінің  қабырғаға  жақын  тік 

қабатындағы дəндердің температурасының өзгеруіне байланысты 

күшейеді. Тік қабатты қызуға астықтың өздігінен сұрыпталуы да 

себеп,  соның  нəтижесінде  элеватор  қабырғасы  бойына  шөп-

шалаң,  шаң,  көптеген  арамшөптер  тұқымдары  жəне  басқа  да 

физиологиялық екпінділігі жоғары бөліктер шоғырланады. 

Жаппай  қызу.  Бұл  сақталып  жатқан  бүкіл  астықтың 

температурасы  көтерілді  деген  сөз.  Бұған  қызудың  өзге  түрлері 

себеп  жəне  ол  ылғалдылығы  жоғары,  қоспалармен  пісіп 

жетілмеген  дəндер  мен  көп  араласқан  астықты  сақтау  кезінде 

пайда болады. Мұндай астық қоры сақтауға шыдамайды, өйткені 

екпінді физиологиялық үдерістер жүреді де, дəндер қысқа уақыт 

ішінде  қызуға  ұшырайды.  Мұндай  жағдайда  дəндерді  сақтап 

қалудың шұғыл шаралары қарастырылуы тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет