Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет211/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   269
 

19.2.  Астықты құрғақ жағдайда сақтау 

 

Дəндерді  құрғақ  күйде  сақтау  астықтың  көптеген 

бөліктеріндегі  ылғалдың  жеткіліксіздігінен  физиологиялық 

құбылыстардың  төмен,  баяу  деңгейде  жүретіндігіне  негізделген. 

Ылғалдылығы 12-14% (шекті 

деңгейден 1,5-2 төмен) 

зиянкестермен  зақымданбаған  астық  тұқымдастар  дəндері  мен 

бұршақ тұқымдастар тұқымы дұрыс сақталған жағдайда анабиоз 

күйінде жатады. 

Ылғалдылығы  шекті  деңгей  шамасындағы  астықтың 

төзімділігі ондағы физиологиялық үдерістердің іс жүзіндегі мəні 

шамалы,  əлсіз  тыныс  алу  түрінде  ғана  болатындығымен 

түсіндіріледі. Мұндай астықтағы ылғалдылық дəндер заттарымен 

тығыз 


байланысты 

жəне 


оған 

микроорганизмдер 

мен 

зиянкестердің көбінің шамасы жетпейді. 



Астықты құрғақ күйде сақтау – тұқымдық дəндер үшін негізгі 

тəсіл.  Құрғақ  дəндер  қашық  жерлерге  теміржол  жəне  су 

транспортымен тасымалдауға жарамды. Ұзақ мерзім сақтау үшін 

де  сапалы  құрғақ  дəндер  қойылады.  Əйтсе  де,  ылғалдылығы  

12-14%  дəндер  элеваторларға  тек  ауаның  салыстырмалы 

ылғалдылығы төмен немесе орақ кезінде ауа райы құрғақ болып 




 

417


 

тұрған  аудандардан  ғана  түседі,  басқа  аудандарда  орақ 

маусымындағы 

ауа 


райы 

жағдайының 

ерекшеліктеріне 

байланысты  дəндердің  көп  бөлігі  ылғал  жəне  балауса  күйінде 

қабылданады.  Сондықтан,  басты  міндет  ондай  дəндерді  аман 

сақтап, бұзылудан қорғау. Осыған байланысты астықты сақтауға 

салар  алдында  дəндердің  ылғалдылығын  қажетті  деңгейге  дейін 

төмендету  үшін  оны  кептірудің  əртүрлі  тəсілдері  кеңінен 

қолданылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет