Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Құрама жемді сақтауда жүретін үдерістер



Pdf көрінісі
бет208/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   269
 

18.7.  Құрама жемді сақтауда жүретін үдерістер 

 

Барлық қоректену элементтері бойынша теңестірілген толық 



құнды  құрама  жем  өндіру  стандарт  пен  техникалық  шарттың 

талабына  сəйкес  келетін  жоғары  сапалы  шикізаттардың  қорын 

пайдалану  жағдайында  ғана  мүмкін  болады.  Сонымен  қатар 

құрама  жемнің  құрауыштары  химиялық  құрамының  негізгі 

көрсеткіштері  (ылғалдылығы,  протеин,  май,  клетчатка,  күл 

мөлшері)  бойынша  нормативтік-техникалық  құжат  талабына 

сəйкес  келіп,  ондағы  дəрумендер,  алмастырылмайтын  амин 

қышқылдары, майдың сапасы максималды сақталуы қажет. 

Құрауыштарды  құрама  жем  кəсіпорындарына  теміржол 

вагондарымен,  автокөліктермен  үйінді  күйінде  немесе  қаппен 

жеткізеді. 

Шикізаттардың 

түріне, 

пішініне, 

физикалық 

қасиеттеріне, 

химиялық 

құрамына 

байланысты 

оларды 


элеваторда, силосты типті қоймаларда бос не қаппен сақтайды. 

Шикізаттың  əртүрін  оның  сапалық  жағдайына  байланысты 

жеке сақтайды.  

Астықты  элеваторда  жəне  силосты  типті  қоймаларда 

жайғастырып, сақтайды. Силостың биіктігі 30 м жəне одан да көп 

болуы  мүмкін.  Астықты  дұрыс  сақтау  үшін  оның  физикалық 




 

412


 

қасиеттерімен  бірге  астық  массасында  дəндердің  өміршеңдігі, 

арамшөп  тұқымдары,  микроорганизмдер,  кене,  насекомдардың 

өсіп  өнуі  нəтижесінде  жүретін  физиологиялық  үдерістерін  де 

ескеру  қажет.  Бұл  үдерістердің  сипаты  мен  қарқындылығы  оны 

құрайтын  организмдердің  табиғаты  мен  қоршаған  ортаның 

жағдайына  байланысты.  Сондықтан  астықтың  сақталуын  оның 

жиымында  жүретін  жағымсыз  үдерістердің  дамуын  алдын  ала 

болдырмаған жағдайда қамтамасыз етуге болады.  

Дəндер,  əрбір  тірі  организм  сияқты  тыныс  алады,  оның 

сақтауда  мəні  зор.  Тыныс  алу  кезінде  əсіресе,  ақуызға  бай 

дақылдарда  көмірсулар,  шығынданады,  ол  құрғақ  заттардың 

массасының  кемуіне  жəне  жылу  түрінде  энергияның  бөлінуіне 

ықпал етеді. 

Дəндерді  сақтау  кезіндегі  жылудың  көп  мөлшерде  бөлінуі – 

жағымсыз  үдеріс,  бұл  өздігінен  қызуды  тудырып,  оның 

бұзылуына  əкеп  соғады.  Тыныс  алу  үдерісінің  белсенділігі 

дəндердің  ылғалдылығына  байланысты:  дəндердің  ылғалдылығы 

жоғары  болған  сайын  тыныс  алу  қарқынды  жүреді.  Сондықтан 

құрама  жем  кəсіпорындары  дəндерді  ылғалдылығы 15-16% 

аспайтын  ылғалдылық  бойынша  қабылдайды.  Ылғалдылығы 

жоғары дəндерді кептіреді. 

Дəндердің  өздігінен  қызу  үдерісін  болдырмау  үшін  силоста 

сақталып жатқан астықты бақылау үшін арнайы ілгішке электрлі 

термометрлерді  іліп  қояды.  Өздігінен  қызу  байқалса,  астықты 

оны басқа силосқа көшіру арқылы суытады немесе желдетеді. 

Астық  сақтауға  арналған  еденді  қоймаларға  мынандай 

техникалық жəне санитарлық талаптар қойылады: төбе бүтін, есік 

тығыз  жабылатын,  еден  тегіс,  тесігі  жоқ,  қабырғалары  құрғақ, 

тесіксіз, су кірметіндей, терезесі əйнектелген жəне сырт жағынан 

металды тормен қоршалған болуы керек.  

Астықты жақсы сақтау үшін элеватор мен еденді қоймаларды 

мұқият тазалап, қажет болса, зиянкестерден зарарсыздандырады. 

Элеватор  мен  силосты  типті  қоймаларда  дəндермен 

жүргізілетін  барлық  операциялар  механикаландырылған,  бұл  аз 

еңбек шығынында астықтың көп мөлшерін жылжытуға мүмкіндік 

береді.  Бұндай  қоймаларда  дəндердің  шығыны  азаяды,  ол 

кеміргіштерге ысырап болмайды. 




 

413


 

Кебек  пен  ұншық  сусымалылығы  қиын  шикізат  түрлеріне 

жатады,  оларды  еденді  қоймалар  мен  силосты  типті  қоймаларда 

сақтайды. Кебек пен ұншықтың сусымалылығы төмен, сондықтан 

оларды  силоста  биіктігі 24 м  аспайтын  жайғастырады,  ал 

силостан  босатқанда  арнайы  босатқыш  механизмдерді  пайда- 

ланады.  Ылғалдылығы  жоғары  кебек  пен  ұншықты  еденде 

қоймаға жайғастыру мен сақтау ұсынылады. 

Кебек  пен  ұншықтың  ылғал  сіңіргіштігі  жоғары,  сондықтан 

қоршаған  ортаның  салыстырмалы  ылғалдылығы  жоғарылаған 

сайын  олар  ылғалданады,  бұл  микробтар,  кенелердің  дамуына 

ықпал  етіп,  салмағының  кеміп,  бұзылуын  тудырады.  Кебек  пен 

ұншықты  силоста  сақтағанда  əр 5-7 күнде  өнімнің  біраз  бөлігін 

силостан түсіріп, ал екі аптадан кейін басқа силосқа көшіріп тұру 

қажет.  Құрама  жем  кəсіпорындары  ылғалдылығы 15% аспайтын 

кебек  пен  ұншықты  қабылдайды.  Көрсетілген  мөлшерден 

ылғалдылығы  жоғары  кебек  пен  ұншық  жабысып  қалып, 

сусымалылығын жоғалтады жəне тез өздігінен қызуға ұшырайды. 

Мал  текті  шикізаттарды – балық,  еттісүйек,  қан  ұндарын, 

құрғақ  көк  сүтті – маталы  жəне  қағаз  қаптарға  салып,  еденді 

қоймаларда  сақтайды.  Олар  сақтауға  тұрақсыз,  тез  жабысып 

қалады.  Бұл  сусымалылығын  жоғалтуға  əсер  етеді,  əсіресе, 

жоғары ылғалдылықпен түскен өнімдер болса, сондықтан құрама 

жем кəсіпорындары бұл өнімдерді ылғалдылығы 9-12% аспайтын 

мөлшерде қабылдайды. 

Тасымалдау, жайғастыру жəне сақтау жағдайларын жақсарту 

үшін  мал  текті  өнімдерді  түйіршіктейді  жəне  тұрақтандырады. 

Мал  текті  шикізаттарды  таза,  қараңғы  қоймаларда  төменгі 

температурада (4

0

С-қа дейін) сақтайды. 



Май  зауытының  жемдік  өнімдері – күнжара  мен  шроттар 

технологиялық  жабдықтан  шыққанда  температурасы  жоғары 

болады.  Жоғары  температура  мен  төменгі  ылғалдылық  бұл 

өнімдердің  қоршаған  ортадан  ылғалды  қарқынды  сіңіруіне  əсер 

етіп,  температураны  одан  да  жоғарылатады  жəне  бұл  жағдайда 

жылу 


бөлінеді. 

Сондықтан 

күнжара 

мен 


шроттардың 

температурасын 35

0

С-қа  дейін  төмендетеді,  ал  жазда  ол  сыртқы 



ауаның  температурасынан  5

0

С-тан  жоғары  болмауы  керек. 



Жайғастырар алдында күнжара мен шроттардың ылғалдылығы 6-

9% болуы тиіс. 




 

414


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет