Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астықты сақтаудың тəртібін орнату үшін



Pdf көрінісі
бет216/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   269
19.5.  Астықты сақтаудың тəртібін орнату үшін 

қолданылатын технологиялық əдістер  

мен шаралар 

 

Дəндерді химиялық консервілеу 

Астық  сақтау  кезінде  оның  құрамындағы  жекелеген 

бөліктерінің  тіршілігін  əртүрлі  химиялық  заттармен  өңдеу 

арқылы  баяулату  немесе  тоқтату  химиялық  консервілеу  деп 

аталады. 

Дəндерді  химиялық  консервілеудің  мынадай  мүмкіндіктері 

бар:  

1)  ұзақ уақыт сақтағанда дəндерді астық коры зиянкестерінің 



дамуынан қорғау;  

2)  ылғалдылығы  жоғары  дəндердегі  микрофлора  тіршілігін 

жою;  



 

421


 

3)  дəндердің өздігінен қызуын тоқтату. 

Құрғақ дəндерді өңдеу үшін карбофосты пайдалануға болады. 

Микрофлораның  жақсы  ингибиторы – натрийпиросульфиті, 

пропион  қышқылы  жəне  басқа  да  төмен  молекулалы  карбон 

қышқылдары.  Химиялық  консервілеу  көбінесе,  жемдік  астық 

жəне тұқымдық дəндер сақтауда қолданылады. 

Желдетудің түрлері мен əдістері. 

Астықты  желдетуді  қызмет  мүддесіне  қарап  бірнеше  түрге 

бөледі.  Екпінді  (активті)  желдетудің  сақтандыру  (профи- 

лактикалық)  деген  түрін  астық  үйіндісін  салқындату,  мұздатып 

тоңазатуға,  кептіруге,  өзіндік  қызуды  жоюға  қолданып,  ал  себу 

алдында  тұқымдықты  жылытып,  температурасын  көтеруге 

пайдаланады.  Салқындату  кезінде  дəндердің  температурасы 

10

0



С-қа дейін төмендетіледі. Ал астықты тоңазыту үшін желдету 

кезінде  дəндердің  температурасы  0

0

С-тан  төмен  болады.  Бұл 



кезде  барлық  микроорганизмдер  мен  зиянкестердің  тіршілігі, 

өсіп-өніп  көбеюі  мүлдем  тоқтайды.  Сондықтан  тоңазыту  үшін 

желдетуді зарарланған дəндерді өңдеуге қолдану тиімді. 

Желдетуді  көбінесе,  дəндерді  кептіргішті  пайдаланып 

кептірудің  мүмкіншілігі  жоқ  кезде,  не  тіпті,  кейбір  дəнді 

дақылдарды кептіруге болмайтын жағдайда қолданады. 

Жылы  ауаны  ұтымды  пайдаланып,  астық  үйіндісін  кептіру 

үшін желдетуді жаз жəне ерте күз айларында пайдаланады. Кейде 

ауаны  қосымша  қыздырып,  оның  температурасын 35-60

0

С, 



салыстырмалы  ылғалдылығын 55-65%-ға  жеткізеді.  Желдетудің 

тұкымдық  дəндерді  өңдеуде  маңызы  орасан  зор.  Көбінесе, 

мұндай  дəндерді  ұзақ  сақталынуы  үшін  салқындатып,  кейде 

тоңазытып қояды. Кейін қыстан шыққан соң оны себер алдында 

көктемнің  жылы  ауасымен,  не  арнайы  қыздырылған  ауаны 

пайдаланып өңдейді. 

Екпінді 

желдету 


дəндераралық 

кеңістіктің 

ауасын 

алмастыруға,  тазартып,  оны  оттекпен  байытып,  тұқымдық 

дəндердің  тіршілікке  икемділігін,  төзімділігін  арттырады.  Бірақ, 

тұкымдық  дəндерді  салқындату,  əсіресе,  тоңазыту  барысында 

сақтық  керек,  себебі  дəндердің  ылғалдылығы  жоғары  болған 

жағдайда,  суық  ауа  оның  егістік  сапасын  төмендетіп  жіберуі 

мүмкін. Сондықтан салқындату не тоңазытуды жүргізу алдында, 



 

422


 

дəндердердің  толық  пісіп  жетілгендігіне,  ылғалдылығының 

төмен, құрғақ күйінде екендігіне көз жеткізген жөн. 

Желдетуді  газданған,  газбен  арнайы  өңделген  тұқымдықтар 

үшін  көктемнің  жылы  күндерінде  өткізеді.  Мұндай  желдетудің 

ұзақтығы  газдың  дəндераралық  кеңістігінен  толық  ығысып 

шығуына байланысты болады да, оны фумиганттың қалдығының 

мөлшерін бақылау арқылы анықтайды. 

Сонымен  астықты  ауамен  екпінді  желдетіп  өңдеу  астық 

үйіндісін  еш  қозғалысқа  ұшыратпай,  оның  температурасы  мен 

ылғалдылығын  төмендетуді  қамтамасыз  ететін  технологиялық 

үдеріс.  Оның  үдемелілігі,  қарқыны,  пайдасы  дəндердің  күйі  мен 

қасиеттеріне,  оның  ауамен  өзара  қатынасына  байланысты 

болады. 


Астықты 

желдетуді 

ұйымдастыру 

кезінде 


оның 

ылғалдылығын,  тығыздығын,  қуыстылығын,  сусымалылығын 

жəне  өзіндік  сұрыпталуын,  аэродинамикалық  кедергісін,  ылғал 

сіңіргіштігін,  физикалық  қасиеттері  мен  тағы  да  басқа 

технологиялық ерекшеліктерін еске ала отыру керек. 

Желдетуді  бастау  алдында  дəл  сол  кездегі  ауа  райының 

жағдайы мен астықтың нақты күйі сəйкес келіп, сол ауамен өңдеу 

мүмкін жəне тиімді болатындығына көз жеткізу керек. Желдетуді 

егер дəндерді сақындатуға болатын ғана жағдайда қолданады. 

Желдетуді  қолданудың  мүмкін  болатындығын  арнаулы 

номограммалар не кестелер пайдаланып анықтайды. 

Негізі  желдету  мүмкіндігін  əрбір 6 сағат,  ал  егер  ауа  райы 

қолайсыз,  тұрақсыздау  болса,  əрбір 3 сағатта  тексеріп  отырған 

жөн.  Желдетудің  тиімділігі  дəндердің  температурасы  мен 

ылғалдылығының 

төмендеуімен, 

сақтауға 

төзімділігінің 

артуымен,  əртүрлі  микроорганизмдер  мен  зең  саңырауқұлақ- 

тардың  өсіп-өнуіне  жол  бермеуімен  анықталады.  Бұл  тиімділік 

астық  топтамасына,  үйіндісіне  жіберілген  ауаның  көлем 

шамасына,  оның  температурасы  мен  ылғалдылығына,  дəндердің 

күйі  мен  қасиетіне  байланысты.  Осы  аталған  көрсеткіштердің 

жиынтығын желдету тəртібі (режимі) дейді. 



Желдету қондырғылары 

Желдетуді 

іске 

асыру 


үшін 

əртүрлі 


қондырғылар 

қолданылады.  Оларды  тұрақты,  жартылай  тұрақты,  жылжымалы 




 

423


 

деген  топтарға  бөледі.  Дəндерді  салқындату,  мұздату  жəне 

тоңазыту үшін тоңазытқыш қондырғылар қолданады.  

Астық  қабылдау  кəсіпорындарында  желдету  қондыр- 

ғыларының кең тараған тұрақты түрлері: СВУ-1, СВУ-1М, СВУ-

2,  СВУ-63,  СВУ-3  жəне  УСВУ-62,  жылжымалары-ЦНИИПЗП 

(ГИПЗП), ПВУ-1,ТВУ-1 жəне т.б. 

Бұл  қондырғылар  қоймада  орналасқан  астықты  желдетуге 

арналған.  Төменде  кейбір  қондырғылардың  құрылысы  мен 

ерекшеліктеріне тоқталып өтеміз. 

Бұлар  сыйымдылығы 3200 тонналық  астық  қоймаларында 

орнатылады. 

СВУ-1  қондырғысының  құрылысы  мынандай.  Қойманың 

еденінде  қазып  ауа  жүретін  бірнеше  (ауа  жүріп  тарайтын), 

үстінен  ағаштан  жасалған  қалқанмен  (щитпен)  жабылған, 

арықшалар  болады.  Оның  ішінде  ені  жоғары  басында 900 мм, 

төменгі  бөлігінде 400 мм,  тереңдігі  басында 500 мм,  аяғында  

70  мм  болып  келетін  екі-екіден  басты  арықтары  (каналдар)  бар. 

Əрбір  екі  арық  қойманың  қабырғасын  тесіп  қойманың  сыртына 

шығарылып, біріктіріліп желдеткішке қосылады. 

Арықтардың  қабырғаларын  қыштан  соғып,  бетондайды. 

Əрбір  біріктірілген  екі  арық  бір  секция  деп  есептеледі  де,  бір 

қоймада оның он секциясы орнатылады. 

Желдеткіш арқылы басты арықтарға жіберілген ауа жоғарыда 

аталған  арықшалар  жəне  қалқанның  тесікшелері  қоймадағы 

астық  қабатына  таратылады.  Қысқаша  СВУ-1  қондырғысымен 

астық желдету жолы осылай. 

ПВУ-1  деген  қондырғы  астық  үйіндісінде  жиі  кездесетін 

ұялы  қызу  дейтін  құбылыстың  бетін  алу  үшін  одан  сақтандыру 

ретінде,  ал  бұл  құбылыс  орын  ала  қалған  жағдайда  оны  жою 

мақсатымен 

қолданылады. 

Кейінгі 

жылдары 


астықты 

элеваторлардың  қорыптарында  желдету  қондырғылары  да 

қолданылып келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет