Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет215/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   269
 

19.4.  Астықты ауасыз сақтау 

 

Дəндерді  ауасыз  ортада  сақтау  ондағы  барлық  тірі 

организмдердің 

оттегін 


тұтынатынына, 

пайдаланатынына 

негізделген.  Дəндер  арасындағы  ауада  оның  болмауы  дəндердің 

тыныс  алу  қарқынын  төмендетеді.  Мұндай  жағдайда  астықтағы 

микроорганизмдердің  көбі  тіршілігін  тоқтатады.  Жəндіктер  мен 

кенелер дамымайды, дəндер мен арамшөптер тұқымы анаэробты 

тыныс алуға көшеді. 

Ылғалдылығы  төмен  немесе  шекті  мөлшер  шамасындағы 

дəндер ауасыз ортада сақталғанда ұндық, нандық, азықтық жəне 

жемдік  қасиетін  сақтайды.  Анаэробты  сақтау  ылғалдылығы 

шектік  мөлшерден  жоғары  дəндердің  сапасын  нашарлатады 

(жылтырлығынан  айрылады,  қоңырланады,  спирт  иісі  шығады, 




 

420


 

майдың  қышқылдық  саны  артады).  Бірақ  нандық  жəне  жемдік 

қасиеті  сақталады.  Ауасыз  сақтаудан  болатын  бір  жай – 

дəндердің  өнгіштігі  жойылады.  Сондықтан  мұндай  əдіс  себуге 

арналған дəндер үшін ұсынылмайды. 

Ауасыз  сақтау  былайша  жүзеге  асырылады,  өздігінен 

консервілену  (дəндердің  тыныс  алуынан  табиғи  жолмен  көмір 

қышқыл  газының  көбейіп,  оттегінің  азаюы),  дəндер  аралығына 

ауаны  ығыстырып  шығаратын  газ  жіберу,  ауаны  сорып  алу.  Ең 

оңай,  арзан  жəне  кең  тараған  əдіс – дəндердің  өздігінен 

консервіленуі.  Ауасыз  сақтау  үшін  астық  құбырларға 

ылғалдылығы  жоғары  дəндер  үстінен  бос  кеңістік  қалдырылмай 

толтыра  салынады.  Басқаша  болған  жағдайда  көмірқышқыл  газ 

жиналу үдерісі баяулайды жəне дəндер сапасының нашарлауы да 

мүмкін болады. 

Ауасыз  жағдай  жасау  үшін  дəндер  арасына  əртүрлі  газ – 

инертті  көмірқышқыл,  бірқатар  фумигант  жіберу  тəсілі  де  жиі 

қолданылады.  Дəндерді  ауасыз  сақтау  үшін  вакуум  жасау  кең 

тарай  қоймаған,  өйткені  бұл  əдіс  экономикалық  жағынан  тиімді 

болмай  шықты.  Дəндерді  ауасыз  жағдайда  сақтау  үшін 

сыйымдылығы əртүрлі металды құбырлар пайдаланылады. 

Бұл  мақсатқа  қоймалар  мен  темір-бетон  құбырлар 

жарамайды, олардың техникалық деңгейі сай емес. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет