Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет227/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   269
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

439


 

ХХ тарау. Астық қорының зиянкестері  

жəне олармен күресу жолдары 

 

20.1.  Зиянкестердің жалпы сипаттамасы 

 

Астық  қорының  зиянкестері  жер  шарына  кеңінен  тараған 

жəне  ол  тіршілік  қабілетінің  күштілігі,  өнгіштігі  жəне  тез 

дамитындығына  қарай  əртүрлі  өнім  түрлерін  зақымдай  алады. 

Астық  қоры  зиянкестерінің  əлемі  зор  жəне  алуан  түрлі. 

Жəндіктер  тобының  жүздеген  деген  түрі,  өрмекші  тəрізділер 

тобының ондаған түрі, құс жəне сүтқоректілер тобының бірнеше 

түрі бар. 

Астық  қорының  зиянкестері  дəндер  арасында  тіршілік  етуге 

жақсы  бейімделген,  бұл  олар үшін  қолайлы  орта  болуымен  қоса 

қажетті қоректік заттары бар азық көзі де болып табылады. 

Қоймаларда  тіршілік  ететін  жəндіктер  мен  кенелер  қолайлы 

жағдайда  жыл  бойы  көбейіп,  бірнеше  ұрпақ  береді,  соның 

нəтижесінде  олардың  саны  тез  өседі.  Олар  өнім  (дəндер,  ұн, 

жарма, т.б.) ылғалдылығының шамалысына да қарай икемделгіш. 

Мысалы, заузаның кейбір түрлері ылғалдылығы 1% ұнда дамып, 

көбейе алады. 

Астық  қоры  зиянкестері  ішінде  егістікте  де,  қоймаларда  да 

тіршілік  ете  алатын  түрлері  де  (ұн  жегіштер  мен  көбелектердің 

кейбір  түрлері)  кездеседі.  Кейбір  түрлердің  (бұршақ  заузасы) 

дамып-жетілуі  егістікте  басталып,  қоймаларда  аяқталады.  Кей 

жəндіктер дəндерді егістікте зақымдайды да, одан соң қоймаларға 

түседі  (күріш  бізтұмсығы,  дəндер  кеміргіші,  дəндер  күйесі). 

Қойма  бізтұмсығының  тіршілігі  сақталып  жатқан  астық 

өнімдерінің  түріне,  сапасына  да  тығыз  байланысты  болады. 

Қанаттарының екінші сыңары семгендіктен олар ұша алмайды. 

Зиянкестер  астық  өндіруші  мекемелердің  қырманындағы 

қоймалардағы,  дəндер  мен  ұн  кəсіпорындардағы  (сыра 

қайнататын, спирт, концентрат, тағам, нан пісіру өнеркəсібі жəне 

т.б.) сондай-ақ, сауда жəне қоғамдық тамақтандыру саласындағы 

астық  өнімдерін  зақымдайды.  Кейбір  деректерге  қарағанда, 

жəндіктер  тобындағы  зиянкестерден  ғана  дəндер  мен  одан 

дайындалатын өнімдердің əлемдік қорының 5%-ға жуығы шығын 

болады екен. 




 

440


 

Астық  қорында  дами  отырып,  зиянкестер  одан  дайындалған 

өнімдердің біразын құртады, тағамдық, тауарлық жəне тұқымдық 

сапасын  нашарлатады.  Кейбір  кене,  ұн  жегіш,  күйе  жəне 

қанкөбелек  түрлері  дəндер  ұрығымен  қоректенеді,  бұл  дəндер 

өнгіштігінің  төмендеуіне  əкеп  соқтырады.  Зиянкестердің 

дəндерге  жəне  одан  өңделген  өнімдерде  тіршілік  ететіндігінен 

өнімдер 


олардың 

нəжістерімен, 

балапан 

құрттардың 

қабықтарымен, өлген жəндіктермен зақымданбай тұрмайды. 

Зиянкестер  тыныс  алғанда  ылғал  мен  жылу  бөлетіндіктен 

дəндердің  де  ылғалдылығы  мен  температурасы  артады.  Мұның 

өзі  дəндердің  өздігінен  қызуына  əкеп  соқтырады.  Ылғал  жəне 

жылуға  бейімдігіне  байланысты  зиянкестер  дəндер  аралығы 

кеңістікте  астық  үйінділерінде  жылжып  көшіп  жүреді,  тіршілік 

етуіне  қолайлы  жерлерге  жиналады,  сөйтіп  ылғалдылығы 

болмашы ғана дəндердің өзін де қызуға душар етеді. 

Кейбір  зиянкестер  адам  мен  жануарлардың  жұқпалы 

ауруларын, 

қаракүйе 

ұрығын 


(спораларын), 

кейбір 


микроорганизмдерді  таратқыш  болып  табылады.  Олар  астық 

қоймаларын,  құралдар  мен  ыдыстарды  ластайды.  Зиянкестер 

ішінде ең қауіптісі – тышқан тəріздес кеміргіштер, сосын құстар. 

Астықты  ысырап  етпей,  сапалы  сақтау  шараларының  ішінде 

зиянкестермен  күрестің  маңызы  зор.  Бұл  үшін  жыл  сайын 

көптеген  қаржы  жұмсалып,  астықты  сапалы  сақтауға  кепілдік 

беретін  шаралар  кешенін  жетілдіру  жөнінде  жұмыстарға  тиісті 

көңіл  бөлініп  отырады.  Бұл  мəселе  болашақ  маманның  əрдайым 

есінде болуы керек. 

Омыртқасыздар  тобының  ішінде  неғұрлым  көп  тарағаны – 

жəндіктер.  Қазіргі  уақытта  жəндіктердің  миллионға  жуық  түрі 

бар, оның бəрі бір Jnsecta тобына біріктірілген. 

Жəндіктер  тобы  кіші  топшалар  мен  отрядтарға,  ал  мұның 

соңғылары  бір  тұқымдастарға  бөлінеді.  Дəндер  мен  дəндер 

өнімдерінің жəндіктер тобына жататын барлық зиянкестері қатты 

қанаттылар  (немесе  қоңыздар)  жəне  қабыршақ  қанаттылар 

(немесе көбелектер) отрядына жатқызылады. 

Жəндіктер  денесі  үш  бөліктен:  басы,  кеудесі  жəне 

құрсағынан  тұрады  (105-суретте  үлкен  ұн  заузасының  дене 

құрылысы  көрсетілген).  Жəндіктің  əр  түрінің  дене  пішіні  мен 

көлемі  əртүрлі.  Жəндік  денесін  хитин  жəне  басқа  қосылыстар 



 

441


 

қаптап  жатады,  бұл  суды  жұқтырмайды  да  өткізбейді  де,  денені 

құрғап сақтайды. 

Жəндіктер  денесін  түк,  қылтанақ  немесе  тікенек  басып 

жатады;  бұлар  сезу  түйсіктерінің  қызметін  атқарады.  Солардың 

көмегімен  жəндіктер  механикалық  жəне  жылу  əсерлерін  сезеді. 

Оған  қоса  қоңыздар  мен  көбелектер  денесінде  қабыршақтар 

болады. 


Жəндіктердің 

түсі 


сыртқы 

қабықта 


болатын 

пигменттерге,  олардың  микроқұрылымына,  химиялық  құрамына 

жəне  осында  пайда  болатын  жарық  шығару  құбылыстарына 

байланысты. 

Жəндіктер басының пішіні мен үлкендігі де əртүрлі. Біреуінің 

басы  домалақ,  екіншісінікі  жалпақ,  үшінші  біреуінікі  сопақ 

болып  келеді.  Баста  кеміргіш  (қоңыздар)  немесе  сорғыш 

(көбелектер)  жəндіктердің  аузы,  екі  мұртша  жəне  екі  көзі 

орналасқан. 

Мұртшалардың  пішіні  мен  ұзындығы  əртүрлі.  Олар 

қылтанақ,  жіп,  түйреуіш  тəрізді  болып  келеді.  Иіс  сезу  түйсігі 

осыларда орналасқан. 

Жəндіктердің көбінің кеудесі үш шеңберден тұрады: алдыңғы 

(алдыңғы  кеуде),  орта  (ортаңғы  кеуде),  артқы  (артқы  кеуде). 

Олардың  əрқайсысында  қос-қостан  аяқ,  яғни  барлығы  алты  аяқ 

болады.  Əр  аяқ  жамбастан  (сол  арқылы  ол  денемен  жалғасады), 

ұршықтан, саннан, сирақ пен табаннан тұрады. Табанның өзі 1-5 

мүшеден құралады. Көптеген жəндіктердің табанында қос тырнақ 

жабысып соратын жастықша немесе түк болады. 

Жəндіктердің  бірден  немесе  екіден  алдыңғы  жəне  артқы 

қанаттары  бар,  олар  ортаңғы  жəне  артқы  кеудеге  бекіген. 

Алдыңғы немесе үстіңгі қанаттар мүйіз немесе көң тəрізді қатты 

келеді.  

Олар  артқы  қанаттарды  жауып,  денені  механикалық 

зақымнан  қорғайды.  Артқы  қанаттардың  көмегімен  жəндіктер 

ұшады.  Ұшу  қабілетін  жоғалтқан  жəндіктердің  (қойма 

бізтұмсығы)  төменгі  қанаттары  семген,  дамығаны  тек  жоғарғы 

қанттары ғана. 

 



 

1

1-б



 

Кө

немесе



келеді

қозғал


(107, 1

106-сурет. Жəнд

басы; 2-мұртшал

өбелектердің  қа

е түктер басып ж

.  Құрсағы  бір-б

лмалы  жəне  қоз

108-суреттер).

107-су


442

 

діктің дене бөлік



лар; 3-артқы кеу

анаттарын  екі 

жатады, көбіне 

бірімен  жұқа  хи

ғалмайтын  жек

 

урет. Дəндер қо

ктері (үлкен ұн з

уде; 4-көздер 

жағынан  да 

ашық түсті, айқ

итин  жарғақтарм

елеген  сақинала

ңыр көбелегі 

 

заузасы) 



қабыршақтар 

қышты болып 

мен  қосылған 

ардан  тұрады 




 

443


 

 

 



108-сурет. Диірмен көбелегі 

1-қанатын  жайған  көбелек; 2-балапан  құрттары; 3-жұлдыз 

құрт; 4-қуыршақ. 

 

Жəндіктердің  қабығының  астында  бұлшық  ет,  ас  қорыту, 



жүйке,  қан  жүру,  тыныс  алу  жəне  жыныс  жүйелері  орналасқан. 

Бұлшық  ет  жүйесі  біршама  жақсы  дамыған  жəне  ол  көлденең 

талшықтар мен шамалы ғана жалпақ еттерден тұрады. Ас қорыту 

жүйесін ас қорыту каналы мен оның қосымшалары құрайды. Қан 

жүру 

жүйесі 


тұйықталмаған, 

бірақ 


қанды 

жүргізуге 

(гемолимфалар) 

арналған 

түтік 

түріндегі 



жүрек 

бар. 


Жəндіктердің кейбір түрлерінде алдыңғы жағында қолқа болады. 

Жəндіктер  кеңірдек  арқылы  тыныс  алады.  Дененің  іш 

жағында  стигма  немесе  тыныс  алғыш  деп  аталатын  тыныс 

саңылауларымен  жалғасқан  күрделі  трахея  жəне  трахеол  жүйесі 

өтеді. Ересек жəндіктің кеудесінде 1-2 қос жəне құрсағында сегіз 

қосқа  дейін  тыныс  алғыш  болады.  Көптеген  жəндіктерде  тыныс 

алғыштың ауыз тесігін түк немесе жұқа елек тəрізді жалпақ тілік 

(пластина)  жауып  тұрады,  бұл  тыныс  жүйесін  майда  тозаңмен 

тығындалып қалудан жəне оған ылғал өтуден қорғайды. 

Жəндіктердің  тыныс  алуы  даму  кезеңіне  байланысты. 

Дегенмен  де,  олар  тіршілігі  үшін  қолайлы  температура  туған 

жағдайдың  бəрінде  де  жақсы  тыныс  алады.  Қоршаған  орта 

температурасының  қолайлы  деңгейден  төмендеген  немесе 



 

444


 

жоғарылаған уақытында газ алмасу баяулап, біртіндеп тоқтайды, 

жылу немесе суық ұрудан жəндік жансызданып, қатып қалады. 

Астық  қоры  зиянкестері  қатарына  жататын  жəндіктер  дара 

жынысты,  түрге  айналу  (өсу)  мерзімі  (циклы)  толық  болып 

келеді.  Ұрғашылары  ұрықтанғаннан  кейін  жұмыртқа  салады. 

Одан  балапан  құрт  шығады  жəне  олар  өздерінің  ата-енелеріне 

ұқсамайды.  Балапан  құрт  шағында  жəндіктер  үлкен  зиян 

келтіреді.  Олар  обыр  келеді,  өсіп-жетілу  кезеңінде  өнімнің 

айтарлықтай  бөлігін  құртады.  Қоңыздар,  дер  көбелектердің 

кейбір  түрлері  қоректенбейді,  олар  балапан  құрттар  мен 

жұлдызқұрттар жинаған қоры есебінен күн көреді. 

Өсіп-жетілу  үдерісінде  балапан  құрттар  бірнеше  рет  қабық 

тастайды.  Мұның  саны  жəндік  түріне  байланысты.  Белгілі  бір 

шамаға  жеткен  соң  оның  қоректенуі  тоқтайды  да,  тыныш  күйге 

түседі,  яғни  қуыршаққа  айналады.  Қоңыз  қуыршақтары  ашық, 

көбелек 

қуыршақтары 

жабық 

күйде 


болады. 

Ашық 


қуыршақтардың  дене  мүшелерін  (мұртша,  аяқ,  қанат,  т.б.)  ине 

ұшуымен  қозғап  көруге  болады,  ал  жабық  қуыршақ  денесі 

қаптаулыға  жатады.  Қуыршақ  кезінде  жəндіктердің  зат  алмасуы 

баяулайды. Бұл кезеңдері тыныс алуы да шамалы, ол тек ересек 

жəндікке  айналғанда  ғана  күшейеді.  Сөйтіп  жəндіктер: 

жұмыртқа,  балапан  құрт  (жұлдызқұрт),  қуыршақ,  ересек  жəндік 

сияқты өсіп-жетілу кезеңдерінен өтеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет