Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет229/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   269
Қамба  бізтұмсығы  (Sitophilus grandrius L.)  əлемнің  барлық 

түпкіріне  тараған.  Ол  бидай,  қара  бидай,  арпа,  күрішті 

зақымдайды,  сұлыны,  жүгеріні,  ақталған  тары  мен  қарақұмықты 

зақымдауы  сирегірек.  Тары  дəндерінде,  майлы  жəне  бұршақ 

тұқымдас дақылдар тұқымында дами алмайды. 

Бізтұмсық денесі жылтыр, пішіні ұзынша жəне жіңішке, түсі 

қоңыр, қара қоңыр немесе қара болып келеді. Жас қоңыздардың 

түсі ақшыл қоңыр.

 

Тұмсығын  қосқандағы  денесінің  ұзындығы 3-4 мм 



аралығында  жəне  ол  бізтұмсық  өсіп-жетілетін  дəндер  көлеміне 

байланысты.  Басы  созылып  келіп  алдыңғы  кеудемен  жалғасқан 

мұртшалары  имек,  ол  түтікбастың  түбіне  орналасқан,  одан 

төменіректе  көзі  бар,  үстіңгі  қанаттарында  ұзынша  сайлары, 

нүкте  секілді  шұңқырлары  болады.  Бізтұмсық  ұша  алмайды, 

өйткені, астыңғы қанаттары жетілмеген. 

Бізтұмсық ұрғашысы, 50-ден 300-ге дейін жұмыртқа салады. 

Қоңыздың  жұмыртқадан  ересек  тартқанға  дейін  даму  кезеңі 

қоршаған  орта  жағдайына  байланысты.  Температура 24-25

0

С 



жəне  дəндер  ылғалдығы 15%-дан  жоғары  болған  жағдайда  бір 

ұрпақтың  дамып-жетілуі  үшін 36 күн  қажет.  Температура 12

0

С 

болған  кезде  жетілу  мерзімі 209 күнге  дейін  созылады. 



Температура 15-13

0

С  жəне  одан  төмен  немесе 35



0

С  жəне  одан 

жоғары  болса,  одан  қоңыздар  жұмыртқа  салуын  тоқтатады. 

Ылғалдылығы 11%-дан  төмен  дəндерде  қойма  бізтұмсығы 

жетілмейді.  Еліміздің  оңтүстік  өңірлерінде  қойма  бізтұмсығы 

жылына 2-3 ұрпақ,  ал  орталық  аудандарда  бір  немесе  екі  ұрпақ 

береді.  Солтүстік  өңірлерде  бізтұмсық  тіршілік  етпейді,  ал 

дəндермен бірге барып түскендерінің өзі өліп қалады. 

Бізтұмсық  қоңыздары  жарықты,  өтпе  желді  көтермейді,  күн 

сəулесінен тез өледі. Олар сабан, скипидар, нафталин, сарымсақ, 

қарақурай  жəне  зығыр  тұқымының  иісінен  қашады.  Астықты 

тасымалдау  немесе  оны  араластыру  кезінде  бізтұмсық  аяқтары 




 

446


 

мен  мұртшаларын  бауырына  тығып,  бүрісіп  қалады.  Ал,  өлген 

қоңыздың  аяғы  мен  мұртшалары  керісінше  жазылып  қалады. 

Олардың 


өлі-тірі 

екендігін 

осыған 

қарап 


ажыратады. 

Бізтұмсықтардың  жиырылып,  бүрісіп  қалу  қабілеті  оларды 

механикалық зақым салдарынан өліп қалудан сақтайды. 

Оңтүстік аудандардағы зақымданған дəндері бар қоймаларда 

ұсақ  жəндіктер  (шаншарлар) – бізтұмсық  паразиттерін 

кездестіруге  болады.  Шаншардан  ұрғашысы  мұртшаларының 

көмегімен бізтұмсық балапан құрты немесе қуыршағы бар дəндер 

іздеп  тауып,  оған  жұмыртқа  салады.  Жұмыртқадан  шыққан 

шаншар  балапан  құрттары  бізтұмсық  балапан  құртын  немесе 

қуыршағын  сорып,  оған  зиян  келтіреді.  Зақымданған  дəндерде 

паразиттің  дамуы  бізтұмсықтарды  жоя  алмайды.  Шаншарлар 

олардың санын шамалы ғана шектейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет