Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет256/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   269
Құстар  (Aves).  Дəндерді  көп  жейді  жəне  оны  нəжістерімен 

ластайды.  Бір  торғайдың  өзі  күніне 5-12 г  дəндер  пайдаланады. 

Құстар  кенелер  мен  микроорганизмдер  тасымалдайды.  Астықты 

құстан  құрғаудың  маңызды  шарасы – олардың  қоймаға  енуіне 

жол  бермеудің  алдын  алу  жəне  ене  қалған  жағдайда  зиянкестер 

ретінде құртуды ұйымдастыру. 



 

20.2.  Қоршаған ортаның жағдайы  

зиянкестердің өмір тіршілігіне əсер беруі 

 

Астық жəндіктері мен кенелері тіршілігіне байланысты толық 



жатқан  территория  жəне  практикалық  мəселелерді  шешу  үшін 

(жəндіктер мен кенелерге қарсы тиімді күрес тəсілдерін іздестіру, 

олар  келтіретін  зиян  мөлшерін  азайту,  т.б.),  олардың  тіршілік 

жағдайымен байланысты туралы деректер қажет. 

Қоршаған  орта  жəндіктер  мен  кенелер  үшін  бірден-бір 

тіршілік  жағдайы  болып  табылады.  Ол  тіршілікке  қажеттінің 

бəрін:  жылу,  су,  ауа,  жарық,  қорек  т.б.  береді.  Осылардың 

қаншалықты  екеніне  қарай  организм  дамып-жетіледі,  көбейеді, 

тіршілік етіп, қозғалып қимылдайды. 

Экологиялық факторлар ішінде маңыздысы – қоректің болуы, 

оның  химиялық  құрамы  мен  судың  мөлшері,  қоймадағы  ауа 

ылғалдығы мен температурасы мен ондағы ауа құрамы. 

Жоғарыда 

кетірілген 

жекелеген 

зиянкес 


түрлерінің 

сипаттамасы  оның  əрқайсысы  үшін  тұрақты  орта  қажеттігін 

көрсетеді.  Олардың  бірі  жылу  жəне  ылғал  сүйгіш,  екіншілері 

суыққа  төзімді,  біреулері  күндіз  қимылдаса,  басқалары  түнде 

əрекет  етеді;  біреуі  дəндерді  тəуір  көрсе,  өзгелері  ұн  мен 

жарманы жаратады, ал үшіншілері көптеген тағамдық өнімдерде 

дамып-жетіле алады. 

Жəндіктер мен кенелердің əртүрлі орта жағдайының өзгеруін 

əртүрлі  көреді.  Жəндіктер  мен  кенелердің  əр  фактордың 

ауытқуына төзімділік шегі экологиялық икемділік, бейімділік деп 

аталады. 



 

465


 

Қимылдағыштығы  мен  сезу  түйсіктерінің  дамығандығының 

арқасында  жəндіктер  мен  кенелер  жанталасып  қолайлы  жағдай 

іздейді, қолайсыз ортадан қашады. Тірі организмнің орта əсеріне 

реакциясы  таксис  деп  аталады  (жылу  таксис,  жарық,  сəуле 

таксис, т.б.). 

Таксистердің бейімделгіштік сипаты бар жəне олар жағымды 

немесе жағымсыз болып келеді. Мысалы, жəндіктер жылу көзіне 

ол  организм  үшін  қолайлы  болғанша  ғана  үйірімді  (жағымды 

жылу таксис); егер температура қолайлы шектен ауытқыса, онда 

жəндіктер  мұндай  жылу  көзін  тастап  кетеді  (жағымсыз  жылу 

таксис).  Таксистердің  жəндіктер  мен  кенелер  тіршілігі  үшін 

маңызы  зор;  сондықтан,  дəндерді  сақтау  кезінде  мұны  ескерген 

жөн. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет