Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет257/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   269
Қоректің болуы. Жəндіктер мен кенелер дайын органикалық 

заттармен  қоректенеді.  Олигофагтар  бір  тұқымдастардың  ғана 

өсімдік  өнімдерін  қорек  етеді.  Мысалы,  қамба  бізтұмсығы, 

дəндер  күйесі  астық  тұқымдастарды,  бұршаққоңыз  бірқатар 

бұршақтұқымдас  дақылдар  тұқымын  жаратады.  Көп  қоректілер 

(полифагтар) əртүрлі өнімдермен қоректене береді. Жəндіктердің 

бұл  тобына  қулықшыл-ұры  кеміргіш,  зауза,  қанкөбелек  жатады, 

бұлар тек дəндер өнімдері ғана емес, кепкен көкөніс, жемістерді 

де зақымдайды. Астық құрамында жарылып, ұсталған дəндердің, 

əртүрлі  органикалық  қоспалардың,  көптеген  зиянкестер  үшін 

маңызы  орасан.  Өйткені  олардың  кейбіреулері  тұтас  дəндерді 

қорек ете алмайды (кене, ұн жегіш, зауза, т.б.). 

Жəндіктердің  ең  қомағайы  балапан  құрт  пен  жұлдызқұрт. 

Кейбір  түрлердің  ересектері  өз  беттерімен  қоректенбейді, 

балапан  құрт  жинаған  қор  есебінен  тіршілік  етеді.  Əйтсе  де, 

астық қорының көптеген зиянкестері қоректі қажет етеді, өйткені 

соның есебінен олар организмдегі су қорын толтырады. 

Жəндіктер мен кенелердің коректену ерекшелігіне қарай дене 

пішіні,  оның  ауаны,  қозғалу  қабілеті,  мінез-құлқы  қалыптасады. 

Олар зақымды көптеген тəсілдермен келтіреді, əрқайсысының өз 

əдісі  бар.  Кеміргіш  жəндіктер  дəндерді  түгелімен  жейді,  дəндер 

ішін үңгиді (кеміргіштер), ұрығын ойып жейді (көбелектер). 

Қорекпен бірге алынатын судың маңызы зор. Қоректің ылғал 

тапшылығы  жəндіктердің  жыныс  клеткалары  санының  азаюына, 




 

466


 

өсімталдығының  кемуіне,  кей  жағдайларда  тіпті,  ұрпақ  бере 

алмаушылыққа əкеп соқтырады. 

Көптеген  зиянкестер  ұзақ  мерзім  бойы  қорексіз  де  күн  көре 

алады.  Мұның  ұзақтығы  зиянкестердің  түріне  жəне  қоршаған 

орта  жағдайына  байланысты.  Егер  ауа  құрғақ  болса,  олар  тез 

өнеді, өйткені ауадағы ылғалдың тапшылығы жəне организмдегі 

зат  алмасу  кезінде  заттар  қорын  ысырап  етіп,  организмнің 

құрғауына  əкеп  соғады.  Жəндіктер  мен  кенелердің  тіршілігі  ауа 

ылғалдығы  жоғары  жəне  температурасы  қолайлы  деңгейден 

төмен  болған  жағдайда  ұзара  түседі.  Мысалы,  температура  

20-25


0

С, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 80-90% болған кезде 

қамба  бізтұмсығы  қорексіз 35 күн,  күріш  бізтұмсығы 19 күн 

тіршілік  етеді.  Ал  температура 10-13

0

С  жəне  ауа  ылғалдығы 



сондай  күйде  қалса,  олар  тиісінше, 48 жəне 34 күнге  дейін 

тіршілік  құрады.  Нақты  бір  жағдайда  зиянкестер  ұзақ  мерзім 

бойы  қорексіз  күн  көре  береді;  сондықтан,  бұрын  зақымданған 

дəндер  сақталып,  кейін  бос  тұрған  қоймалар  өздігінен 

зарарсызданбайды. Оларды дезинсекциялау қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет