Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астық қорларын зиянкестерден қорғау шаралары



Pdf көрінісі
бет260/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   269
 

20.3.  Астық қорларын зиянкестерден қорғау шаралары 

 

Шаралардың 

маңызы 

мен 

жалпы 

сипаттамасы. 

Зиянкестердің  биологиясы  мен  оларға  қоршаған  жағдайдың 

ықпалы  ескеріле  отырып  жасалған  күрес  шараларының  кешені 

оларды  жою  ғана  емес,  астық  қорының  зақымдануының  алдын 

алуға  бағытталған  жұмыстарды  да  сəтті  жүргізуге  мүмкіндік 

береді. 


Астық қорының зиянкестеріне қарсы барлық күрес шаралары 

екі  топқа  бөлінеді:  алдын  алу  (профилактика)  жəне  жою. 

Зиянкестерге қарсы күресте алдын алу шараларының үлкен мəні 

бар; өйткені, оларды қолдану дəндер жəне оны өңдеуден алынған 

өнімдердің  зақымдануын  болдырмайды,  сапасының  нашарлап, 

салмағының  жоғалуына  жол  бермейді.  Жою  шаралары 

зақымданған  объектілерде  қолданылады  жəне  əртүрлі  тəсілдер, 

құралдар арқылы жəндіктер мен кенелерді құртуға бағытталған. 



Зақымданудың басты себептері. Астық қоры зиянкестерінің 

кей  түрлері  табиғатта  тіршілік  етеді,  яғни  ағаш  қабығының 

астында, 

ағаш 


құрылыстардың 

саңылауларында, 

қоқыс 

үйінділерінде  жəне  басқа  да  орындарда  кездеседі,  солардан 



қоймаларға  ауысады.  Астық  кенесінің  көптеген  түрлері 


 

471


 

кеміргіштер  індерінде,  құс  ұяларында  тіршілік  етеді  де,  солар 

арқылы  астық  қорына  барып  түседі.  Тəжірибе  зарарсыз- 

дандырылмаған қырмандар, дəндер тазалау машиналары, қаптар, 

автомобильдердің  астыққа  зиянкестердің  араласуына  себепші 

болатынын көрсетеді. 

Астық  қабылдау  жəне  басқа  да  кəсіпорындарда  дəндердің 

зақымдануына 

себеп – астық 

өндіріп, 

өткізушілердің 

қырмандарынан  сондай  күйге  ұшыраған  дəндердің  келіп  түсуі. 

Осындай  дəндер  партиясын  кəсіпорын  ішінде  ауыстыру 

зиянкестердің  басқа  объектілреге  де  қоныстануына  себепші 

болады. 

Зиянкестердің  таралу  жолдарының  көптігі  кəсіпорынның 

барлық объектілерін ұдайы тексеріп отыру жəне зақымдану көзін 

дер  кезінде  анықтап,  зиянкестерге  қарсы  шараларды  мезгілінде 

белгілеуге  міндеттейді.  Астық  қабылдау  кəсіпорындарында, 

элеваторларды,  ұн,  жарма  жəне  құрама  жем  зауыттарында  мына 

объектілер тексерілуге тиіс:  

1)  дəндер, одан алынатын өнімдер, құрама жем, қалдықтар;  

2)  өндірістік  объектілер  (қойма,  элеватор,  ұн  тарту 

зауыттары) жəне ондағы құрал-жабдықтар;  

3)  кəсіпорын территориясы;  

4)  транспорт  құралдары  (автомобильдер,  вагондар,  кемелер, 

мотовоздар т.б.);  

5)  ыдыстар (қап, брезент, т.б.);  

6)  механикаландырылған  желілер,  транспортерлер,  дəндер 

тазалау  машиналары,  астық  кептіргіштері  мен  зертхана  құрал-

саймандары. 

Зақымдануды  анықтау  жəне  аталған  объектілерді  зарарсыз- 

дандыру  жұмыстарының  бəрі  дəндер,  ұн,  жарма  зиянкестеріне 

қарсы күрес жөніндегі нұсқауға сəйкес жүргізіледі. 



Зиянкестермен күреске бағытталған шаралар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет