Актиномицеттер
Актиномицеттер – сəулелі микроорганизмдер, дəндер
құрамына орақ кезінде топырақ түйірлерімен бірге түседі. Əйтсе
де, олар жаңа жиналған дəндерде онша көп болмайды. Қолайлы
жағдай туған кезде өсіп-өніп, дəндердің қызуына себепкер
болады.
Дəндердің фитопатогенді микроорганизмдері. Микроорга-
низмдердің бұл тобына бактериялар, саңырауқұлақтар жəне
вирустар жатады. Олар өсімдіктерде əртүрлі аурулар:
бактериоздар (қоздырғыштары-бактериялар), микоздар (қоздыр-
ғыштары – саңырауқұлақтар) тудырады.
Дəнді дақылдарға ауру қоздырғыштар жəндіктер, жел,
жаңбыр тамшылары арқылы ауру өсімдіктерден түседі. Түскен
бойда өсіп-өніп, мицелий мен споралар түзе бастайды. Дəндерге
бұл микроорганизмдер жарық, тесіктер арқылы немесе өздері
бөліп шығаратын ферменттер күшімен өсімдік қабығын зақымдау
арқылы өтеді.
Фитопотогенді микроорганизмдермен зақымданған өсімдік-
тер солып қалады жəне дəндердің мөлшері аз, сапасы төмен
болады.
Патогенді микроорганизмдердің астықтың сақталуына əсер
етпейтіні белгілі. Əйтсе де, дəндерде байқалған фитогенді
микроорганизмдермен зақымдану белгісі оның сапасын анықтау
жəне кейін азық-түлікке, мал азығына, тұқымға пайдалану
кезінде ескеріледі.
Бактериоздар. Бұл бактериялар дəндердің беткі ұлпаларын
зақымдап, қабықтарына күйген секілді, ал жапырақтарына теңбіл
дақ түсіреді, ал егерде сөл жүретін тамырларын зақымдаса, онда
өсімдік солып, қурап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |