Зең саңырауқұлақтары
Зең саңырауқұлақтары – астық құрамында мəні жағынан
екінші орында тұратын микроорганизмдер тобына жатады.
Жалпы микроорганизмдер мөлшеріндегі олардың үлесі 1-2%.
Қатты қоректік ортада саңырауқұлақтар мақта тəрізді немесе
үлпілдек колониялар түзеді.
Зең саңырауқұлақтары қоршаған орта жағдайына онша қөп
талап қоймайды, соған орай ылғалдылық пен температураның
жоғарғы жəне төменгі шегі аралығында өсіп-өнуіне қабілетті.
Қолайлы жағдай туған кезде зең саңырауқұлақтарының
споралары өніп, мицелий жəне өнім беретін орган пайда болады
(99-сурет).
Зең саңырауқұлақтары дəндердегі органикалық заттар
есебінен өсіп-өнетіндіктен, дəндердің салмағы кеміп, сапасы
төмендейді немесе бүтіндей бұзылады; дəндердің түсі өзгеріп,
жағымсыз дəм мен иіс пайда болады.
Зеңдердің жалпы құрамына жалпы саңырауқұлақтың 60-тан
астам түрі енеді. Дəндердің сақталуы мен сапасына əсер ететін
377
«сақтау зеңдері» деген атқа ие болған Aspergilus жəне
Penicillium (туыстастар) тобына жататын саңырауқұлақтар.
Астықта өсіп-өніп, олар эпифитті флораны, соның ішінде
эпифитті бактериялар мен егістік зеңдерді ығыстырып шығарады.
Астық
қорында
кездесетін
мицелийлерінің
құрылысы
100-101-суреттерде көрсетілген.
99-сурет. Зең саңырауқұлағы спорасының гифтерге
(жас талшықтарға) айналуы (өсіп-өнуі).
а – жетілген (толған) спора; б, в – өсіп-өніп бара жатқан
споралар; г – жас талшықтардағы (гифтердегі) қалқалардың
құрылуы (пайда болуы); д, е – гифтердің одан əрі дамуы жəне
мицелийдің түзілуі.
100-сурет 101-сурет
а – Aspergilus glaucus а – Penicillium glaucum
б – Aspergilus flaurus б – Mucor mucedo
378
Достарыңызбен бөлісу: |