379
бидай, қара бидай, арпа, сұлы жапырақтарын ауруға
шалдықтырады.
Микоздар
Микоздар – кең тараған микроорганизмдер. Астық
тұқымдастарға тəн қаракүйе, қастауыш, фузариоз болып
табылады. Өсімдік ауруларының қоздырғыштары - əртүрлі
саңырауқұлақтар. Паразиттер өсімдіктің ішіне өтіп, соның
салдарынан өнім түгелімен немесе ішінара ысырап болады.
Микроорганизммен зақымданған дəндердің улануы да
мүмкін. Сондықтан да оның астықтағы мөлшеріне мемлекеттік
стандарт тарапынан шек қойылады. Сонымен бірге дəндер
сапасын белгіленген кондицияға жеткізу мақсатында жинап
алғаннан кейін, өңдеу тəсілдері де осы миколониялық ауру
зардаптарына байланысты болуы керек. Дəндерді дұрыс сақтау
мақсатында астықта фитопатогенді микроорганизмдердің бар-
жоғын білу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: