Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Кітапты оқу бойынша нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет107/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134
Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
сіздің еКінші ӘреКетіңіз
Кітапты оқу барысында «Іс-әрекетттер нұсқаулығын» 
пайдаланыңыз, себебі кез келген саяхатта, әсіресе білім 
алу еліне саяхат жасағанда жолсерік қажет. Ол сізді 
тексерілген жол бойынша жүргізіп, жолдан шығып кету­
ге жол бермей, қойылған мақсатқа алып барары сөзсіз.
Кітаппен танысудың негізгі ережелерінің бірі – өзі ңіз 
қызықты және назар аударуға лайықты деп тапқан сөйлем-
дерді, фразаларды және тіпті бүкіл абзацты белгі леп 
алыңыз. Қайта оралғыңыз келетін бетке арнайы бет бел-
гілерді пайдаланыңыз. Оларды алдын ала дайындап қойы-
ңыз. Оқу барысында туындаған ойларды бекіту үшін беттің 
бос орындары мен шеттерін пайдаланыңыз. Егер олар 
жетпесе, қосымша беттерді жабыстыруыңызға болады.
Егер ақпаратты қабылдауға бет бұрып қойсаңыз, 
оқуды ары қарай жалғастыруыңызға болады. Бірақ тарау­
ды тезірек бітіруге тырыспаңыз, қажетсіз асығыстықпен 
емес, дайындалған дәптерге туындаған ойларыңыз бен 
идеяларыңызды жаза отырып, зейін салып оқыңыз. 
Себебі кітапта баяндалған қағидаларды қаншалықты 
жақсы түсінсеңіз, сіздің болашағыңыз соған соншалықты 
байланысты болады.
сіздің Үшінші ӘреКетіңіз
«Алғысөз» және «Кіріспе» бөлімдерін астын сызып 
және белгі қоя отырып мұқият оқып шығыңыз. Сосын 
оқылған мазмұнды ойдан өткізіңіз. Осы кітапта не ту­
ралы айтылғандығын түсіндіңіз бе? Бұл кітапта сіздің 
қаржылық жағынан тәуелсіз адам болуға көмектесетін 
білімдер қамтылған. Өз арманыңызға жету жолында тек 
үш қадамды ғана жасаңыз – шешім қабылдаңыз, қажетті 
білімді алыңыз және оларды өз мақсаттарыңызға жету 
үшін пайдалана біліңіз. Осындай қадамдарды жасауға 
сізге осы кітап көмектеседі.


192
Мен және Ақша
Кітаптан сіз байлықтың бес негізгі ережесін таба­
сыз, олар кешенді түрде әрекет етеді және бір-бірімен 
өзара байланысты. Оларды мұқият оқып, ең бастысын 
дәптеріңізге жазып алыңыз және өз іс-әрекетіңізде со­
ларды басшылыққа алыңыз. Білім алуға жүмсалған ин­
вестиция ең пайдалысы екендігін естен шығармауыңыз 
қажет, себебі оларды алуға кеткен шығыннан он, мың 
есе көбірек табыс табуға мүмкіндік береді.
«Неден бастау керек?» және «Қабілеттіліктерді 
жетілдіру» тарауларын оқу кезінде және оларға белгілер 
қоя отырып, жай ғана бізбен сөйлесіп отырғандай 
елестетіп, оқылған мазмұнға қатысты өз ойыңызды 
білдіріп, өз ойларыңызбен бөлісіңіз.
Сонымен бірге асты сызылған тарау тақырыптары 
жайлы да ұмытпаңыз. Оларды оқи отырып, нақты қандай 
нәрсе сіздің назарыңызды аударғандығын анықтауға 
тырысыңыз. Барлық қосымша әсерлерді жазып алыңыз, 
тіпті олар бастапқыда алынған әсерлерге сәйкес кел­
месе де жазып отырыңыз, өйткені бұлай болуы әбден 
мүмкін. Қайта белгілеу үшін арнайы белгілерді (мысалы, 
жұлдызша) қолданыңыз, бірақ осымен ғана шектелмей, 
барлық ұнаған ойлар мен ережелерді жаңа белгілермен 
белгілеп отырыңыз.
Сонымен қатар, осыған дейін асты сызылған афо­
ризмдерге де назар аударыңыз. Қайта оқу кезінде, 
оларға деген көзқарасыңызды, ойыңызды өзгертуіңіз 
мүмкін. Оны жасауға қорықпаңыз. Сіздің ойыңыз сіздің 
түсінігіңіз бен сезімдеріңізді көрсетеді.
Сіз армандарыңыз тек жүйелі және алдын ала 
ойластырылған әрекеттер арқылы іске асырылатындығын 
түсіндіңіз. Сонымен бірге, кез келген әрекет алдында 
ойлар болады, олар тұқымдарға ұқсайды, олардан сіздің 
жетістіктеріңіздің ағашы өсіп шығады. Табыс жайлы 
ойлардың табысқа жеткізетіндігін растайтын көптеген 
мысалдарды білетін шығарсыз, алайда егер кімде-кім 
өз күшіне сенімсіздікпен қарап, сәтсіздік жайлы ойласа, 


193


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет