Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Кітапты оқу бойынша нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет108/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   134
Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
ол сәтсіздікке ұшырайды. Сондықтан, беталысыңыздан 
қайтпай, әрдайым тек жеңіс пен оң нәтижелер туралы 
ғана ойлауға тырысыңыз.
«Блокнотыңызға жазып алуға арналған» де­
ген белгіге дейән оқып шыққаннан кейін, оқылған 
материалдағы сіздің назарыңызды аудартқызған негізгі 
идеялар мен ережелерді дәптеріңізге өз сөзіңізбен баян­
дай отырып, жазып алыңыз. Оларды өз ойларыңызбен 
және әсерлеріңізбен толықтыруыңызға болады. Анық, 
әрі түсінікті етіп жазуға тырысыңыз. Осы жазбаларға 
«Менің ойларым» деп тақырып беруге болады.
Өз ойыңыздың кітаптағы пікірге сәйкес келуіне 
тырыспаңыз, себебі әр оқырманда жеке тәжірибесі 
мен алған біліміне негізделген өзінің қайталанбас ой-
пікірі болады. Мәселен, бір оқырман өз қызының күйеу 
жігіттеріне арнап байқау ұйымдастырған байбатша ту­
ралы әңгімеге қатысты былай жазған: «Осы бассейн­
ге түспес едім». Ал екінші оқырман қарама-қайшы ой 
білдірген: «Мені сол бассейнге кім итеріп жіберер екен? 
Менде қабілеттіліктер бар, бірақ оларды қолдануға 
сенімсіздік кедергі келтіреді. Ал қажеттілік барлық 
қабілеттіліктерімді көрсетуге мүмкіндік береді». Осы 
оқырмандардың айқандарына деген көзқарас әртүрлі.
Өз ойларыңызды жазып болғаннан кейін, автордың 
сізге таңдаған «Блокнотыңызға жазып алуға арналған» 
жазбаларын қарап, өзіңіздің жазып алғандарыңызбен 
салыстырыңыз. Осы бөлімге жазылғандар шын мәнісінде 
ең бастылары ма екендігін ойланып көріңіз. Ойлардың 
қарама-қайшылықтарынһ мен айырмашылықтарын 
тапсаңыз, себептерін түсінуге тырысыңыз. Аяқтай оты­
рып, кітап қағидалары мен өзі өміріңізді, тәжірибеңізді 
салыстырып, әр пункт бойынша өзіңізге сұрақ қойып 
көріңіз. Мысалы, «Менің өмірімде мені ынталандырып, 
соған қарай ұмтылуға мәжбүрлеген нағыз мақсатым бол­
ды ма?» немесе «Мен ақшаға қалай қараймын, мүмкін 
өте жеңіл оймен қарайтын шығармын?»


194
Мен және Ақша
еКі МАңызды сАБАқ
Кітаппен танысуды жалғастыра отырып, «Екі 
маңызды сабақ» атты тарауды басынан соңына дейін 
оқып шығыңыз. Бұрынғыша, сіздің ойыңызша ең 
маңызды болып саналатындарды белгілеп, беттің 
шетіне жазбаларыңызды жасаңыз. Аталмыш тарау бес 
зерделі сұрақтан тұрады. Шынайылық танытып, ақылға 
салынған жауаптар беруге тырысыңыз, өйткені олар тек 
сізге керек, бізге емес. Осындай «диалогтың» көмегімен 
өзіңіздің қазіргі жағдайыңыздың себептерін түсініп, бет 
бұратын бағытыңызды анықтай аласыз.
«Блокнотыңызға жазып алуға арналған» бөліміне жет­
кенде, бөлімдегілерді беттің шеттеріне жазылған жазба­
лар мен асты сызылған сөйлемдермен салыстырыңыз. Өз 
ойларыңызды дәптеріңіздегі «Менің ойларым» бөліміне 
жазып алуды ұмытпаңыз. 
Шын мәнінде, біздің әрқайсысымыз өзіміз ойла-
ғаннан да көбірек жеңістерге жеттік. Тек бізде өзіміз 
жеткен нәтижелерді талдауға уақыт табыла бермейді. 
Алдыңызға қойылған мақсаттарға жету үшін өзіңіздің 
оң қасиеттеріңізді пайдаланған шығарсыз. Өз жетіс-
тіктеріңізде қандай мінез ерекшеліктері анықтаушы 
болды? «Осы өмірде қол жеткізген барлық нәрселер – 
кедергілергмен табанды күресе білу нәтижесі» деген ав­
тор дәйексөзіне назар аударыңыз. 
Өз жетістіктеріңізді есіңізге алып, оларға қандай 
қасиеттеріңіздің арқасында жеткеніңізді және қандай 
қиындықтарды жеңіге тура келгендігін анықтауға 
тырысыңыз. Осы афоризмді қағазға үлкен әріптермен жа­
зып, ол қажетті мәнерге бет бұруыңызға көмектесуі үшін, 
үйіңізге немесе жұмысыңызға іліп қоюыңызға болады. 
Кітапты оқу кезінде өзіңізге сұрақ қойып көріңіз. 
Мысалы, мен ақша үшін жұмыс істемей, ақша мен үшін 
жұмыс істейтіндей өз бизнесімді ашуға менде мүмкіндік 
болды ма? Өз арманымды іске асыру үшін шынайы 


195


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет