Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Кітапты оқу бойынша нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет115/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134
Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
апаратын және үлкен мақсаттарға жеткізетін кілт бо­
лып табылады. Тақырыпты түсінудің ең дұрыс жолы 
ретінде күн сайын сіздің шотыңызға 86400 секунд 
салып тұратын банкты елестету мысалы келтірілді. 
Оларды маңызды істерге де, түкке тұрмайтын заттарға 
да жарата аласыз. Пайдаланылмаған уақыт шоттан 
алынады, шотта қалдықтар қалмайды. Осыны ой 
елегінен өткізіңіз.
Осы банкты елестетіп, соңғы үш күнде қанша уақыт 
бар екендігін және сол уақытты неге жұмсағаныңызды ой­
ланып көріңіз. Оларды минут бойынша жазып шығыңыз 
және әр күн сайын сіздің шотыңыздан алынатын, 
пайдаланылмаған қалдықты анықтаңыз. Шыққан дерек­
терге талдау жасап, баға жетпес уақытты қаншалықты 
тиімді жарататыныңызды анықтаңыз. Осы есептеулер 
сізге әр күнді дұрыс жоспарлауға көмектеседі.
Келесі тараудың негізгі дәйексөзі: біздің ойымыз мен 
идеяларымыздың барлығы – оқылған кітаптар нәтижесі. 
Бұл дегеніміз, егер адам кітап оқуды қойса, ол дамуын, 
ойлануын және идеялар жасап шығаруын тоқтатады. 
Санап көріңізші, соңғы айда көп шығарма оқыдыңыз 
ба? Өзіңізге мақсат қойыңыз – аптасына кем дегенде бір 
кітап оқу. Өз мақсатыңызға жету үшін ең қажетті болып 
табылатындар тізімін жасаңыз.
Сонымен қатар, келесі ойға да назар аударыңыз – оң 
тәжірибені қолдану үшін, өмірде жеңімпаз болғандар мен 
өмірде ұтылғандарды бақылаңыз, зейінді және байқампаз 
болыңыз. Бүкіл достарыңызды, таныстарыңызды есіңізге 
түсіріп, өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Сіздің ортаңызда 
қандай адамдар көбірек?»
Дәптерге жазып алуға болатын тағы бір ереже: 
Ешқашан өзіңіз үшін ақша мен уақытты аямаңыз. 
Өзіңізді қаншалықты жоғары бағаласаңыз, соншалықты 
жоғары нәтижеге жетесіз. Осыған байланысты өз 
ойыңызды білдіруге тырысыңыз.
Осы ойлардың барлығы сіздің назарыңызға лайық, 


208
Мен және Ақша
бірақ бұл басқалары екінші дәрежелі дегенді білдірмейді. 
Сіз үшін қызықты болған барлық мазмұнның астын 
сызып, қорытынды жасап, өз ойларыңызды жазуды 
жалғастырыңыз.
Осыдан бөлек, адамдардың екі тізімін құру қажет 
болады, біріншісі – сіз көп араласатын адамдар, ал 
екіншісі – қаржылық жағдай мен мансап бойынша 
сіздің арманыңызға жеткен адамдар. Олардың ішінде 
екі тізімге де кіретіндер көп пе? Осы туралы ойланып, 
өз қорытындыларыңызды дәптерге жазыңыз. Осы 
тақырыптармен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін, 
келесі тақырыпты оқуға кірісіңіз.
қорқыныштың жеті тҮрі
Бұл бөлімді оқығаннан кейін жасалатын негізгі қоры-
тынды – қорқыныш өзіміздің жоспарларымызды жүзеге 
асыруға кедергі келтіреді, алайда оларды жеңіп шығуға 
болады. Қорқынышқа көп мән бермеңіз, оның орнына өз 
арманыңыз туралы ойлаңыз.
Кейбір қорқыныштардың қарапайым себептері болуы 
мүмкін. Егер сынды ұнатпасаңыз, бұл да қорқыныштың 
бір түрі, мұндай қорқыныштың түпкі көзі не екендігі ту­
ралы ойланып көріңіз. Мүмкін бала кезіңізде ата-анаңыз 
сізге жиі сыни ескертулер жасап, осы негізде олқылық 
сезімі туындады ма? Өзіңізді шыңдау арқасында 
эмоциялық күйіңізді басқаруға болады. Қорқыныш – 
дене мүшесі емес, ол денеңізге тән емес. Қорқыныш – 
тек ақыл-ойыңыздың күйі. Білім, тәжірибе мен дағдыны 
дамытқан сайын ақыл-ойыңыздың күйін өзгертуге болады.
төрт БіреГей КітАп
Бұдан әрі төрт бірегей кітап туралы бөлімге көшеміз. 
Біздің ойымызша, төрт дәптер алып, әрқайсысына 
төрт кітаптың («Табыстар кітабы», «Даналық кітабы», 


209


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет