«Желілік маркетинг жағдайларында бизнесті құрудың нәтижелі әдістері». Бұл кітап түрлі желілік компаниялармен 10 жылдан астам
уақыт бойы жұмыс жасау нәтижесінде жарық көрді. Түрлі компаниялармен
бизнес оқытушысы ретінде жұмыс жасай отырып, мен олардың
әрқайсысында белгілі бір ерекшеліктер бар екендігін байқадым. Біреулері
мықты топ құрды, тағы біреулерінде сенімді маркетинг негіз болды, ал
тағы біреулері мықты оқыту жүйелерін ойлап шығарды. Компаниялардың
барлығында өзінің мықты және осал жақтары болды.
Бұл кітапта түрлі компанияларда байқалған ең мықты жақтар біріктірлген.
Желілік маркетингпен айналысатын адам үшін бұл кітап көшбасшылыққа
жол ашады.
«Қарыздардан құтылып, оларға қайта оралмау жолы». Кітап тәжірибе
негізінде қарыз алмай, бизнесті құру бойынша білім береді. Оның ішінде
табыс мөлшеріңізге байланыссыз, қарыздардан құтылудың әдістер жүйесі
көрсетілген. Табыстан сәтсіздікке дейін бір қадам, байлықтан кедейлікке
дейінгі аралық дәл осы. Барлық тәжірибелік кеңестер автордың қарыз алып,
бес жыл бойы басынан кешірген өмірінен алынған. Кітап қарыздардан
жылдам арылу мүмкіндігін беретін барлық рухани қағидаттарды үйретеді.
Оның негізін несиені алу, оны рәсімдеуге болатын жағдайлар мен басқару
жолдары сипатталған жүйе құрайды.
6.
Менің данышпан балам – Бүгінгі таңда балаларды қаржы сауаттылығы мен
өзіндік дамудың негіздеріне үйретудің маңызы мен қажеттілігі өте зор. Қазіргі
қоғам адамға одан сайын өзінеөзі сенімді, тәуелсіз және еңбекқор болуды та
лап етеді. Біздің балаларымыз – өміріміздің мәні, біздің болашағымыз. Аздаған
уақыт өте келе бүгінгі балалар жолымызды қуады. Сондықтан әрқайсысымыздың
міндетіміз – олардағы жасампаздық ойөрісін, еңбекқорлығын, өнегелігін, өз
бетімен білім алу дағдыларын, өз күшіне сенімділігін дамыту. Тек бұл жолмен
адамзат баласы ойлап табатын және жетілдіретін үлкен мүмкіндіктерді табы
стай алатын данышпандарды тәрбиелей аламыз. Қаржы сауаттылығы, жеке
басын дамыту, отбасылық қарымқатынастар, көшбасшылық, уақытты дұрыс
пайдалана білу, алға мақсаттарды қоя білу, келіссөздерді жүргізе білуді үйрету
балаларымызды шыңдай түседі, Отан алдындағы борыш түсінігін бойына
сіңіреді. Бұл кітапта берілген формулалар балаңыздың алдында 22 жасына
дейін қаржы тәуелсіздігіне қол жеткізу мүмкіндігін ашады.