101
Стимул муравья – потребности семьи Сіздің блокнотыңызға
Сізге алтын жұмыртқа туатын өз тауығыңызды жасау керек. Алтын жұмыртқа дегеніміз – салған салымыңз негізінде алып от- ыратын пайызыңыз немесе кірісіңіз. Өз отбасыңыздың қаржылық қорғанысын ұйымдастыру үшін бір жыл ішінде жақсы өмір сүре алатындай соманы жинақтау қажет. Мысалы, 500 доллар. Оны он екіге көбейту арқылы алты мың доллар аласыз. Осы соманы жинақтамайынша, көңіл көтеру және керексіз шығындар туралы ұмытыңыз. Сіз ең қажетті деген заттарды ғана ала аласыз. Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сізге біртіндеп 75000 доллар жинау ке- рек. Егер сіз осы соманы кез келген банкке 8% жылдық мөлшерлемемен салсаңыз, жыл сайын 6000 доллар алып отырасыз. Оны 12 ге бөліңіз, айына 500 доллардан шығады. Қаржылық еркіндік үшін 1,5 миллион доллар жинау керек. Бұл соманы банкке 8% жылдық мөлшерлемемен салу арқылы жылына 120000 доллар кіріс табасыз. Оны 12 айға бөліңіз, ай сайын 10000 доллар пайда шығады, бұл сізге болашағыңыз үшін қорықпауға мүмкіндік береді. Сіз ақша үшін емес, ақша сізге жұмыс істейтін болады. Құдай шығармашылық, мақсатты, жетістікті адамдарды жақсы көреді. Солар үшін ол ерекше жағдайлар жасайды. Және де солғын, бастамасы жоқ, өзіне сенбейтін әрқашан жылап отыратын адамдарды жақсы көрмейді.