Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Стимул муравья – потребности семьи



Pdf көрінісі
бет53/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Стимул муравья – потребности семьи
гүлдер, жануарлар, тіпті ағып жатқан су да 
қозғалыссыз суға айналады. Сол сияқты сіз 
бірдеңені қолыңызға алып, қимылдай бастасаңыз, 
құдай да сізге көмектеседі. 
Егер сіздің қызметіңіз тіпті, бір адамның 
жетістікке жетуіне көмектесіп, оның өмір сүру 
деңгейін көтерсе, тағдырдың өзі сізге жәрдемші 
болады. Бай адамдардан, ненің арқасында сондай 
дәрежеге жеткендерін, қалай қол жеткізгендерін 
сұраңыз. Олардың көпшілігі: «Мен шынымды 
айтсам, өзім де жауабын білмеймін, жұмыс істеуді 
бастадым, қалғаны өзінен өзі болды», – деп жау­
ап береді. 
XX ғасырдың 70-жылдары бес студенттің 
құрған жаңа компаниясы пайда болды. Олар жи­
налып, фирма құру туралы келісті, алайда, не­
ден бастайтындарын білген жоқ. Екі жыл уақыт 
идея құраумен өтті. Олардың біреуі сәйкес 
логотипі бар футболка ойлап табады және осы 
компаниядағылардың барлығы оны кие ба­
стайды. Міне, қаншама жылдан бері әлемдегі 
қаншама адам «ал да жаса (just do it)» деген жа­
зуы бар футболкаларls киіп жүр. Бұл компания 
барлығыңызға мәлім, спорттық киімдер шығаратын 
«NIKE» компаниясы. Бес жеті жыл ішінде олар 
біраз атақты фирмалардан озып кетті. Олардың 
жетістігінің құпиясы оңай: жай ойлағаннан 
бірден іске асырды. Спорттық киім шығаратын 
ірі әрі жетістікті компаниялардың біріне айналды. 
Сондықтан, күмәндарыңызды артқа тастап, істей 
бастаңыз, жетістік сізге өзі келеді. 
Жасым келмейді, бастапқы капитал жоқ, бизнес 
үшін заңдар дұрыс емес немесе отбасылық жағдай 
кедергі келтіреді деген сылтауларды айтпаңыз. 


96
Мен және Ақша
Өзіңіздің қимылсыздығыңызға жауап іздемеңіз. 
Себебі, ақталатын сөздері табу оңай, сіздің өміріңіз 
одан өзгермейді. Шешім қабылдап арманыңызға 
қарай беттегеніңіз дұрыс емес пе. Өзіңізді соған 
сендіруге тырысыңыз. Және қимылдай бастаңыз. 
Менің семинарларымнан кейін, адамдар өз та­
быстарын келесі екі айда барлық ережелер мен 
қағидаларды орындай отырып, 20-50 арттырғандары 
туралы мысалдар келтіреді. Сондықтан кітапта 
жазылғанның барлығына ақпарат жиынтығы 
ретінде қарамай, өз мақсатыңызға жетуге, жалған 
жолдарға соқтықпауға көмектесетін карта секілді 
өмірлік тәжірибе ретінде қабылдаңыз.
Егер сіз қаржылық қауіпсіздікке қол жеткізсеңіз, 
негізгі соманың пайызына өмір сүре аласыз. Алайда, 
бұл сіздің енді жұмыс істеуіңіз қажет емес дегенді 
білдірмейді. Көтерілуге болатын келесі баспалдақ 
әлі алда. 
ИнВестИЦИЯлАу жолы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет