Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Муравьи всегда помогают друг другу



Pdf көрінісі
бет68/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   134
Муравьи всегда помогают друг другу
– Сосын есіңде ме, саған сары шашты әйел 
қатты ұнайтын? Сен оны теңгерімсіз деп есептедің, 
алайда ондай әйел саған тұрмысқа шықпайды деп 
ойладың. Қабыл алмауынан қорқып, оған ештеңе 
ұсынбадың. 
Ер адам тағы да басын изеді және бұл жолы 
көзінен жас шықты.
– Иә, досым, ол сенің әйелің болар еді, сендердің 
әдемі әрі дені сау балаларың болатын еді, сенің 
ұрпағың жалғасар еді...
Біздің барлығымызға әр күн сайын мүмкіндіктер 
беріледі, алайда өзіміздің қорқынышымыз бен 
батылсыздығымыздан біз оларды жүзеге асыра ал-
маймыз. 
3. ДАРыН МЕН ҚАБІЛЕТ
Алдымен бір оқиғаны айтып берейін. Дүниеде 
бір жақсы дауысқа ие жігіт өмір сүреді. Жігіт ән 
салғанда, көрермендер алдына шыққанды қатты 
ұнатады. Ол күндердің күнінде әлемдік жұлдыздар 
ән салатын Миландағы «Ла Скала» опера театрын­
да ән салуды армандайды. Бірақ, ол музықалық 
білім алғаннан кейін өмір сүру үшін елді аралап ән 
салуға мәжбүр болады. 
Бір күні, қалалардың бірінде, қойылым ара­
сында, оған бұрынғы танысы келіп, мұнда нестеп 
жүргендігін сұрайды? Жас жігіт отбасын асырау 
үшін ән айтып жүргендігін айтады. «Мен оны ай­
тап тұрғаным жоқ, сен мұнда не істеп жүрсің?», 
деп сұрағын қайта қойды. «Айтып тұрмын ғой, от­
басымды асырау үшін жұмыс істеп жүрмін», – деп 
таңырқап жауап берді жігіт. Сонда досы былай 
деді: «Жоқ, мен оны айтып тұрғаным жоқ. Саған 
армандарыңды жүзеге асыру үшін тағдырдың бер­
ген мүмкіндіктерімен не істедің?»


124
Мен және Ақша
Әрбір адамның бір дарыны болады. Бұл дарын 
сіздерге адамдарға қуаныш сыйлау үшін беріледі. 
Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы, сіз 
жетістікке жетесіз, мойындауға жетесіз және әрине 
ауқаттылыққа жетесіз. 
Әлгі жігіт досымен сөйлескеннен кейін, ұзақ 
уақыт өзіне келе алмай, ішімдік ішіп алады. Ал 
келесі жолы сахнаға шыққанда, барлығын ұмытып, 
беріліп, ән салады. Ол бар құштарлығымен ән ай­
тады. Аяқтаған кезінде зал оған тұрып қошемет 
көрсетеді. Театрдың директеоры оның керемет дау­
сын бағалап, оған тұрақты жұмыс ұсынады. Бірақ 
ол, өз арманына жетемін деп бас тартады. Бұл Эн­
рико Каррузо болатын. 
Әрбір адамға берілетін өз мүмкіндігіңіз жайлы 
ұмытпаңыз. 
Сонымен қатар, есіңізге сақтауға тырысыңыз: 
ақша, өз дарынын жүзеге асыратын адамдарға 
қызмет етеді. Тіршілік ету үшін өз дарыныңызды 
шашпаңыз. Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы, 
сіз өз арманыңызды жүзеге асырып, қаржылық 
тәуелсіз бола түсесіз. Тағдырдың берген кішкентай 
мүмкіндігін де қалт жібермеңіз. Тек сонда ғана сіз 
бақытты боласыз. 
Ғалымдар «Бақыт деген не?» деген тақырыпта 
зерттеу жүргізеді. Бақыт тек саған ғана тиесілі зат 
емес екен деген қорытындыға келеді. Сен басқа 
адамға қуаныш, шабыт, үміт, мейірім бергенде 
бақытты боласың. Ал бұдан бақытың азаймайды
тек көбейе түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет