40
Мен және Ақша
Олар былай деді:
– Егер сіз тек Байлықты немесе тек Жетістікті
шақырсаңыз, басқалары сыртта қалар еді. Ал сіз Ма-
хаббаты шақырдыңыз, ол қайда барса да, біз соның
соңынан ереміз.
4. Рух
Рух үш қуаттың (энергия) үйлесімі нәтижесінде
пайда болады. Кей адамдар:
мен рухани жағынан
дамып, жетіліп жатырмын дейді. Маған ақшаның
не керегі бар, материалды жағдай мені қызықтыр-
майды. Мен оның барлығынан жоғарымын. Бірақ
үйді қалай іргетассыз салуға болады? Іргетас қажет.
Мұнда да дәл сондай жағдай, дене бітімің сау бол
маса рухани да дами алмайсың.
Сіздің
денеңіз физикалық объект, оның өзінің
қажеттіліктері бар. Сіздің рухани жағдайыңыз,
көбінесе, сіздің физикалық жағдайыңызға бай
ланысты. «Дені саудың, жаны сау»
деген халық
даналығы бекер айтылмаған.
Рух күштілігі, сіз барлығын ойланып, шешім
қабылдаған кезде білінеді.
Сіз кедергілерге қара-
мастан, жеңісті көксейсіз. Сіздің болашағыңыз ру
хани күштілігіңізге тәуелді болып табылады.