Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


ИНВЕСТИЦИЯЛАУДыҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет57/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

ИНВЕСТИЦИЯЛАУДыҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ал енді, қалай дұрыс инвестициялау керек 
екендігі туралы айтайық. Біз сыртқы ақпараттың 
құрбаны болып табыламыз. Кей жағдайларда ол 
шындыққа жанасады, кейде олай емес. Мыса­
лы, жердің дөңгелек екендігін қайдан білесіз? 
Сіз оның дәл сондай екендігін көрмедіңіз ғой, 
сізге біреулер солай деп айтты. Темекі тартудың 
зиян екендігі сізге мәлім. Бұл ақпарат темекі 
тарту немесе тартпауға ықпал етеді. Ақпарат 
шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Сіз 
орындықта отырғанда, ол төрт аяғы болғаны үшін 
мықты. Үй төрт қабырға негізінде тұрғызылады. 
Бұл тіреуші нүктелердің оңтайлы саны. Егер 
орындықтың бір аяғын алып тастаса, ол тұруы 
мүмкін, бірақ мықты болмайды. Сондықтан 
ақшаны да төрт бағытта инвестициялау қажет. 
Егер сіз, тауда болсаңыз, өзеннің кішкентай 
бұлақтарды қалай жинайтынын көрген боларсыз? 
Дәл осы белгісіз, кішкентай бұлақтар негізінде 
кішкентай көрінбейтін өзеннен үлкен сарқыраған 
тау өзеніне айналады. Осы қағида қаржы сала­
сында да жұмыс істейді. Пайданың бір ғана көзін 
иелене отырып, сіз ешқашан бай бола алмайсыз. 
Сондықтан тек бір жалақыға ғана жұмыс істемеңіз. 
Ақша бұлақтар жасаңыз, олар бір қаржылық ағынға 
қосылып, сізді ауқатты бай адамға айналдырады. 
Тіпті жоғары білім туралы диплом сіздің бай 
болуыңыздың кепілі емес. Жалақыға қарайтын 
бір жұмыс сізді байытпайды. Кеңестік дәуірде 
барлығы бір жалақыға өмір сүрген. Және сол 
ақша өміріңізге жететін, тіпті артылып, жинақтық 
кассада жинақтауға да жететін. Ол кезде байлық 
жөнінде ешкім ойламайтын. Нарықтық эконо­


103
Стимул муравья – потребности семьи
мика жағдайында ауқаттылық пен дәулеттілік 
түсініктерінің жаңа деңгейін байқауымыз қажет. 
Өзімізді құлдыраудан, дефолттардан, дағдарыстық 
жағдайдан сақтау үшін кірістің көптеген көздерінен 
тұратын ақша ағымын құруымыз керек. Өзен туралы 
мысал, сіздің кішкентай қаржылық бұлақтарыңыз 
жиналып, сіздің ауқаттылығыңыздың үлкен өзеніне 
айналатындығын көрсетеді. Ол үшін, сіз ақшаны 
саналы түрде басқаруды үйренуіңіз керек.
Су туралы мысалдың үйретеніні көп. Судың 
қасиеттері ерекше. Оның түсі, тұрақты формасы 
жоқ, күйін өзгертеді (сұйық, газ тәрізді, қатты), 
кез келген заттың формасына келеді, көп заттар­
ды ерітеді. Жұмсақ бола тұра, су дамбыларды, 
көпірлерді, үйлерді бұзады, тіпті тасты да үгітіп 
жібереді, демек үлкен күшке ие. Өзен, оның 
жағасында өсетін өсімдіктер мен жануарларға өмір 
береді. Сол сияқты байлық та түрлі көздерден өзіне 
нәр алып, айналасына гүлдену мен жақсылық сый­
лау керек.
М.С. Норбеков: «Қолыңыздан саусақтарын 
жұдырық қылып біріктірмеңіз, барынша ашып 
ұстаңыз, себебі алақаныңа сыйғаны сенікі болады. 
Сонымен бірге, сенің саусақтарың ашық болуы ке­
рек, себебі, саған берілгеннің бөлігі ата-анаңа, тағы 
бір бөлігі жақындарыңа, тағы бір бөлігі мұқтаж 
жандарға ағылып түсуі тиіс. Қалған бөлігін шайқап, 
алақаныңды үрлеп көру керек. Қалғаны сенікі бо­
лады. Және осы сені бай қылады, себебі, өзен өз 
жолындағы барлық заттарға өмір сыйлайды». 
Ақша, онымен жұмыс істей алатын адамның 
қолында 
болады. 
Әрқашан 
әріптесіңіздің, 
инвестордың қызығушылығын ескеруіңіз ке­
рек. Оның қызығушылығын білсеңіз, сіз ол үшін 


104
Мен және Ақша
қызықтыратын ұсыныс жасай аласыз. Әрқашан, 
алдымен инвесторлардың жоспарын, ниеттерін, 
мәселелерін біліп алыңыз. Сіздің ұсыныстарыңыз 
олардың мәселелерінің шешімі болуы тиіс, сонда 
олар міндетті түрде келісім береді. 
Кіріс Көздерін КөБейту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет