Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Егер сіздің жүрегіңіз бен санаңыз бір бағытта



Pdf көрінісі
бет55/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Егер сіздің жүрегіңіз бен санаңыз бір бағытта 
жүрсе, егер сіз өзіңіз, сізді жақсы көретін 
жақындарыңыз үшін күресуге дайын болсаңыз, 
бұны шындыққа айналдыру оңай. Бұл жағдай 
орын алғанда, сіз өзіңізді сенімді сезінесіз және 
жаныңыз рахаттанады.
Мынадай күлдіргі әңгіме бар. Бір жүргізуші бай 
жолаушыны үйіне жеткізеді. Жеткен кезде, әлгі адам 
жүргізушіден қанша ақша беруім керек деп сұрайды. 
Жүргізуші «Жүз доллар» деп жауап береді. Жолау­
шы таңданып, «Сондай қымбат па?» деп сұрайды. 
Сонда жүргізуші кеше оның ұлын алып келгендігін 
және ол екі жүз доллар бергендігін айтады. Оған 
жолаушы былай дейді: «Иә, мен түсінемін, бірақ 
оның әкесі миллионер, ал мен жетіммін». Бай адам­
дар ақшаның не екенін, оның қалай табылатынын 
және оны қалай жұмсау қажеттігін біледі. 
Ғалымдар зерттеу жүргізген. Төрт маймылды 
алып, торға отырғызып, жоғары жақтарына ба­
нан іліп қояды. Маймылдардың қарындары ашып, 
бананды алу үшін жоғары секіргенде, олардың 
үстінен суық су қйып отырды. Біраз уақыттан 
соң, олардың бананды қайтадан алғылары келіп, 


99
Стимул муравья – потребности семьи
секіреді, оларды тағы да сумен шаяды. Осылай 
бірнеше рет қайталанады. Кейіннен маймылдар 
бананға тек қарап отырады, секіріп алуға қорқатын 
жағдай туындайды. Кейіннен торға жаңа май­
мылды отырғызады, ол ештеңені білмей, бананды 
алуға тырысқысы келеді, ал басқа маймылдар оған 
кедергі жасап, тіпті ұрып тастайды. Біраз уақыттан 
кейін торға тағы бір маймылды қосады. Ол да ба­
нады алғысы келеді, бірақ оны да тоқтатып, ұрып 
тастайды. Торға түскен барлық маймылдарға осы­
лай жасайды. Бұл жағдай маймылдар саны он екіге 
жеткенше жалғаса берді. 
Содан соң ғалымдар, өз тәжірибесі негізінде 
су жайлы білетін алғашқы төрт маймылды және 
солар тәрбиелеген кейінгі төрт маймылды тордан 
шығарып тастайды. Тек соңынан салынған май­
мылдарды ғана қалдырады. Және осыдан кейін 
торға жаңа маймылдарды қоса бастайды, олар 
маймылдардың өздерін басқаша ұстайтынына 
сенеді. Алайда, бастапқы сценарий қайталана 
береді. Бұрыннан отырғызылған маймылдар «жаңа 
маймылдарды» бананды алуға тырысқандары 
үшін ұра береді, енді оны суға шайылып көрмеген 
маймылдар да қайталайды. Оларда банандарды 
тиісуге болмайды деген қатаң ой қалыптасады. 
Олар тиымның себебін білмесе де, банан алу үшін 
ұмтылғандарды жазалай берді. 
Осындай стереотиптер адамдар өмірінде де 
кездеседі. Сіз бірдеңеге қол жеткізгіңіз келсе, сізге 
міндетті түрде кедергі жасайтындар табылады
себебі, бұл – жасалуы тиіс нәрсе. Сізді қоршаған 
адамдардың естіген жағымсыз ақпараты, неме­
се біреудің жағымсыз тәжірибесі оған себеп бо­
луы мүмкін. Адамдар жағымсыз көп заттар айта­


100
Мен және Ақша
ды, райыңыздан қайтарғысы келеді, оның мүмкін 
еместігіне сендіруге тырысады. Өзіңізді қолға 
алыңыз, өзіңізге сеніңіз және ешкімнің сөзіне 
ермеңіз. 
ИнВестИЦИЯлАу жолы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет