Муравьи всегда идут к своей цели
сақталады. Ал екінші қабатта сирек қолданатын
ақпарат сақталады.
Мысалы, сіз бір апта бұрын достарыңызбен
теңзде демалдыңыз. Онда сізбен бірге, кейін есіңізге
алмаған жігіт демалды. Ал қажет кезінде, есіңізге
түсіргіңіз келген сәтте оның атын досыңыздан
сұрай бастайсыз. Тіпті оның келбетін қиындықпен
есіңізге түсіресіз.
Содан соң келесідей жағдай болады. Біраз
уақыттан соң, егер сіз ол ақпаратты қолданбасаңыз,
ол үшінші қабатқа өтеді. Бұл ұзақмерзімді есте
сақтау. Бұл қабаттағы ақпаратты сіз өте сирек
қолданасыз. Онда ол жылдар бойы сақталады.
Мысалы, сіз бірдеңе істегіңіз келіп, өзіңізге,
мен мұны әйтеуір бір күні жасаймын дейсіз. Уақыт
өте келе бұл ақпарат түсіп, келесі қабатқа өтеді.
Және сіз ол туралы мүлдем ойламайсыз. Бірақ біреу
сіздің ойыңызды жүзеге асырғандығын естісеңіз
міндетті түрде мен де соны істегім келіп еді ғой деп
есіңізге түсіресіз.
Немесе сіз бір анекдот естіп, оны ешкімге
айтпадыңыз және біртіндеп ұмытып қалдыңыз.
Екі үш жыл өтті. Және кенеттен достарыңыздың
үйінде біреу сол анекдотты айта бастайды. Сіз де
реу есіңізге түсіресіз.
Содан соң ақпарат келесі деңгейге өтеді, және
енді сіздің істегіңіз келген зат, сіздің түсіңізге кіреді,
себебі, шынай өмірде сіз оны жасамадыңыз.
Мұндай жағдай орын алмауы үшін әрбір 72 сағат
сайын өз жоспарларыңызды, идеяларыңызды есі-
ңізге алып, ойлағаныңызды жүзеге асыра бастаңыз,
ең құрығанды алғашқы қадамын бастаңыз. Бұл
қағида сізбен өмір бойы бірге болуы тиіс, сонда сіздің
армандарыңыз орындала бастайды. Себебі, ақпарат
156
Мен және Ақша
сіздің миыңыздың бірінші қабатында болады. бұл
орайда сізге жетінші сезіміңіз – дұрыс жағдайларды
қалыптастыру және алтыншы сезіміңіз – мұны
істеуге сізге көмектесетін адамдарды тарту және
интуитивті таңдау. Сіздің есте сақтау қабілетіңіздің
алғашқы қабаты, тіпті адам миының өзі радиостан
ция секілдіойлау толқындарын қабылдап, таратады.
Мысалы, сізде осындай жағдайлар болған болар,
сіз бір досыңыз туралы ойлайсыз және сол досыңыз
сіздің ойыңызды оқығандай сізге телефон соғады.
Сондықтан ойлаған затыңызды қиындықтарға
қарамастан жүзеге асыруға тырысыңыз. Осыған кез
келген жағдайдың табысы тәуелді. Өз ойыңызды
кездескен кедергілерге бола тоқтатпаңыз. Тағы да
қайталаймын: оңай қол жеткізілген зат, қымбат
бағаланбайды. Нақты нәтижені жоспарлаңыз да
өз мақсатңызға беттеңіз. Себебі, өз мақсатына
көптеген мәселелерге қарамастан өз арманына
ұмтылып, соған жұмыс істеген адам ғана жетеді.
Сіздерге «есте сақтау» деп аталатын дискті
міндетті түрде алу қажет. Сіз өз есте сақтау
қабілетіңіздің барлық қабаттарын дұрыс қолдануды,
қажеттіні есте сақтауды және қажет уақытта
ақпаратты шығара білуді үйренесіз. Себебі, кез
келген уақытта қажет болып қалатын заттардың
ешқайсысын ұмытып қалмау және есте сақтау
қабілетіңізді дұрыс ұйымдастыра білу өте маңызды
қабілет.
Тренингтерімде, мен кейде, 4 сыныпта естіген
мысалдарды, немесе ұстазымның 10 жыл бұрын
айтқандарын мысал ретінде келтіремін. Бұл мен
де есте сақтаудың осы механизмі жұмыс істегінің
арқасында. Сондықтан, мен үйде дайындалмаймын,
мен сахнаға шығып, айта беремін.
157
Достарыңызбен бөлісу: |