Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Муравьи всегда идут к своей цели



Pdf көрінісі
бет92/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   134
Муравьи всегда идут к своей цели
өз кезегінде сізге қосымша уақытты сыйлайды. 
Өз уақытыңызды үнемді түрде пайдалана білуге 
үйреніңіз. Өз уақытын шебер басқара білу және 
үлестіре білу – бұл табысқа апарар кілт және 
жоғары мақсаттарға жеткізетін жалғыз жол. Уақыт 
– кері қайтарылмас жалғыз категория.
УАҚыТ ЖАЙЛы
Әр таң сайын сіздің шотыңызға 86400 доллар 
сомасын салып тұратын банк бар деп елестетіңізші 
және ол әр кеш сайын күні бойы сіз қолданбаған 
қалдықтың барлығын шотыңыздан алып отырады 
делік.Сіз не істер едіңіз? Әрине, шотыңыздан күнде 
бір тыйынын да қалдырмай алып отырар едіңіз.
Біздің әрқайсысымызда осындай банк бар. Осы 
банк әр таң сайын біздің шотымызға 86400 секунд 
салып отырады. Әр түн сайын осы банк біздің 
шотымыздан кез келген жақсы іске жұмсалмаған 
уақытты ысырапқа жатқызады. Бұл банк қор 
жинауға және қалдықтарды сақтауға мүмкіндік 
бермейді. Бізге әр күн сайын жаңа шот ашып, әр 
түн сайын бір күндік сальдоны жойып отырады. 
Егер күні бойы депозитті пайдаланбасақ – бұл біздің 
шығынымыз. Ешнарсені қайтаруға, өзгертуге бол-
майды, қалдықтарды ертеңге қалдыруға да бол-
майды.
Біз тек бүгінгі күн депозитімен өмір сүре ала-
мыз. Оның көп бөлігін денсаулыққа, бақытқа және 
табысқа жаратқан жөн. Уақыт өтіп жатыр. 
Сондықтан оны күні бойы барынша пайдалануға 
тырысыңыз. Уақыт құндылығын шын мәнісінде 
сезінуге болады.
Кез келген студент сессия тапсырғанда, бір 
оқу жылының қанша тұратындығын айта алады.


166
Мен және Ақша
Кез келген ана өзі дүниеге әкелген сәби өмірінің 
бірінші айы қанша тұратындығын айта алады.
Апаттық жағдайды басынан өткізген кез келген 
адам бір секунд уақыттың қанша тұратындығын 
айта алады.
Кез келген ғашық адам өзінің сүйіктісімен 
кездесу алдындағы күткен бір сағаттың қанша 
тұратындығын айта алады.
Кез келген жеңімпаз оның беделін көтерген 
бір секундтың жүзден бір бөлігінің қанша 
тұратындығын айта алады. Уақыт ешкімді 
күтпейді. Сондықтан уақытты, оның әр кезеңін, 
әсіресе қасыңда өте жақын және қымбат адам 
болған кезді бағалай білу дұрыс болар еді. Уақыт 
– орны толмас жалғыз құндылық, ешқандай зат 
осылай оңай берілмейді және осылай қымбат бол-
майды. Уақыт ешкімді күтпейді. Кешегі күн – бұл 
тарих, ертеңгі күн – жұмбақ, дәл қазіргі шақ деп 
аталатын бүгінгі күн – сыйлық.


167


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет