Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге -ма, -ме, -ба, -бе,
-па, -пе жұрнақтарын жалғатып, туынды сөз істету.
Сал, қаз, бат, жап, сүз, таста, ас, күре, қақ, қада, кір, төк,
сүрт, таңда, қара, жек, қыдыр, сыз, ұр, соқ, тый, ой, қуыр, ор
жап, ұста, тұттық, ора, сына, айнал, боя, бас, тура, жар, үш,
жала, құй, қына, жақ, қыр, үз, шеш, құс, құла, жыр, жүз, кеш,
көтер, тай, оз, жаныш, жай, соз, шаш, қайна, ау, қой, сық, ки,
тоқы, шұқы, қыс, тара, көш.
АТАУЫШ СӨЗДЕР
І. ЗАТ ЕСІМ
Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Мәселен: жер,
тay, тac, су, ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қар,
жаңбыр, жел, су, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын,
шіркей, құрт, құмырсқа, қала, үй, төсек, орын, аяқ, табақ,
киім, қазан, ошақ, арба, шана, ер, тоқым, қамыт, доға, арқан,
жіп, тамақ, сусын, қалам, сия, астық, жеміс, бақан, сойыл,
құрық, таяқ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы,
ақша, кез, қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ.
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз.
Зат туралы кім? не? деп сұраймыз. Кім? деп сұраймыз адам
туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы.
Мысалы: 1) «Ат ерінді келер, ер мұрынды келер». «Кім
мұрында келер?» – «ер». «Не ерінді келер?» – «ат».
2. «Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман». «Не жа-
ман»? – «шаншу». «Не жаман? – «қаңқу».
3. Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады, қатты-
қатты сөйлесең, кәфір діннен шығады». «Не іннен шығады?» –
«жылан». «Кім діннен шығады?» – «кәфір».
4. «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне». «Не тойған
жеріне?» – «ит». «Кім туған жеріне? – «ер».
49
5. «Ас – адамның арқауы». «Адамның арқауы не?» – «ас».
«Ас кімнің арқауы?» – «адамның».
6. «Ананың көңілі балада, баланың көңлі далада». «Кім-
нің көңілі балада?» – «ананың». Кімнің көңлі далада?» –
«баланың». Ананың көңілі кімде? – «балада». «Баланың көңілі
неде?» – «далада».
Осындай кім? не? деп сұрауларға жауап болып айтылатын
һәм нәрселердің атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім
сөздерді айырту.
Аш кісі ұрысқақ, арық қой тырысқак. Таспен ұрғанды аспен
ұр. Еменнің иілгені – сынғаны, ердің ұялғаны – өлгені. Бұтаға
қорғалаған торғай да қала- ды. Сиыр судан жериді, су сиыр-
дан жериді. Аюдан қорыққан тоғайға бармас. Мұртына қарай
іскегі, сабасына қарай піспегі. Май сасыса тұз себер, тұз са-
сыса не себер? Жел болмай, шөп қозғалмас. Жаз шанаңды сай-
ла, қыс арбанды сайла. Пышақ берсең қынымен бер, қынын
берсең шынымен бер. Күн ортақ, ай жақсы ортақ. Қазыға той-
са, қарта әлем сасиды. Оқ жетпес жерде қылыш суырма. Үйді
қозғасаң көшірерсің, отты қозғасаң өшірерсің. Шоттың басын
бассаң, сабы өзіңе тиер. Айран сұрай келіп аяғынды жасырма.
Құр қасық ауыз жыртар. Тоқпағы зор бол са, киіз қазық жерге
кірер. Қалауын тапса қар жанар. Ет етке, сорпа бетке.
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім сөздердің
астын сызып көрсетіңдер.
Бағың артқан шағында жапалақ салсаң, қаз ілер, бағың
тайған шағында сұңқар салсаң, аз ілер. Мал басқа бітер, қына
тасқа бітер. Нар жолында жүк қалмас. Таяқ тайға жеткізер,
тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер. Ата даңқымен қыз
өтеді, мата даңқымен бөз өтеді. Ағасы бардың жағасы бар, інісі
бардың тынысы бар. Кісі болған кісіні кісесінен танимын, кісі
болмас кісіні мүшесінен танимын. Бұлт ала, жер шола. Ай мен
күндей һәркімге бірдей. Би баласы биге ұқсар: биік-биік тауға
ұқсар; хан баласы ханға ұқсар: қанатын жайған қазға ұқсар;
бай баласы байға ұқсар: байланбаған тайға ұқсар. Қайырымсыз
болса, ханнан без, өткелсіз болса судан без; асусыз болса таудан
без, пайдасыз болса байдан без, панасыз болса сайдан без. Асық
50
ойнаған азар, доп ойнаған тозар, қой бағып, қойыртпақ ішкен
озар. Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым, қарағайдың
түбінен қайырып алған қобызым.
ІІ. СЫН ЕСІМ
Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Мәсе лен:
жақсы, жаман, биік, зор, аласа, ұзын, қысқа, те рец, тайыз,
қатты, жұмсақ, қою, сұйық, бай, жарлы, жақын, алыс, аш,
тоқ арзан, қымбат, қалың, жұқа, зерек, кешше, өткір, топас,
семіз, арық, қараңғы, жарық, тұнық, лай, кәрі, жас, қиын,
оңай, ауыр, жеңіл, сау, ауру, ақылды, ақымақ, есті, есалаң, ескі,
жаңа, ұсақ, ірі, таза, тентек, жуас, сараң, жомарт, мырза,
жылы, суық, тар, кең, бұзыр, тегіс.
Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер
деп аталады.
Сын есімнің сұрауы: қандай? Мәселен: жаман төре жан
алар. Арық атқа қамшы жүк. Қандай атқа қамшы жүк? – Арық
атқа қамшы жүк. «Жаман», «арық» деген сөздер «қандай?» деп
сұрағанға жауап һәм өздері нәрсенің сынын көрсетеді. Осын-
дай «қандай?» деп сұрағанға жауап болатын сөздердің бәрі де
сын есім болады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді айырту: қайсысы зат
есім, қайсысы сын есім?
Жақсы кісі, жаман мал, биік тау, аласа ағаш, ұзын арқан,
қыска жіп, терең теңіз, тайыз көл, қатты құрт, жұмсак нан, қою
ауыл, өткір пышақ, топас кісі, семіз қой, арық ат, қараңғы қора,
жарық түн, тұнык су, лай қақ, кәрі түйе, жас айғыр, қиын күй,
оңай өлең, ауыр жүк, жеңіл сандық, сау жылқы, ауру сиыр,
ақылды бала, ақымақ жігіт, ескі етік, жаңа шапан, ұсақ құм, ірі
тары, таза жұрт, лас қора, сақ ит, салақ қатын, сұм бала, аңқау
қойшы, жуан қарағай, жіңішке тал, жылы жаз, суық қыс, тар
шалбар, кең жаға, бұдыр жер, тегіс дала.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сын есім сөздердің
астын сызып көрсетіңдер.
Аш бала тоқ баладай ойнамайды. Қатты жерге қақ тұрар,
қайратты ерге мал тұрар. Жаман сайға су түссе, өткел бермес
51
кешуге. Бай кісі балпаң келер, жарлы кісі қалтаң келер. Жақсы
кеңес жарты ырыс. Ұзын көсеу қол күйдірмес. Тура биде туған
жоқ. Ауру күлкі сүймес. Жүйрік итті түлкі сүймес. Қысқа жіп
күрмеуге келмес. Құтты қонақ келсе, қой егіз табар. Өткір
пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас. Арық малды асырасаң
аузы-мұрның май етер. Қараңғы үйде қабан күркүрейді. Кәрі
түйе ойнақтаса, жұт болады. Арық атқа ауыр қамшы да жүк.
Жыртық үйге тамшы ой нар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Құрғақ
қасық ауыз жыртар. Қуыс үйден құр шықпа. Аз асқа жасауыл
болма. Көп асқа бөкеуіл болма! Жақын жолдың алысы жаман.
Тез қасында қисық ағаш жатпас.
ІІІ. САН ЕСІМ
Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір,екі, үш,
төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш,
он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиыр-
ма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір
жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті
жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз, мың, миллион.
Нәрсенің санын сұрағанда неше? деп яки қанша? деп сұ-
раймыз.
Неше? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге, мәселен:
неше кісі келеді?» – үш кісі келеді.
Қанша? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге емес, ша-
масын ғана білуге, мәселен: «қанша күн жүресің?» – «үш-төрт
күн жүремін».
Тойда неше кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі болды?
деп сұрайды, үйткені тойдағы кісілердің анық санын білуге
емес, шамасын ғана білуге сұралады. Жауап беруші тойдағы
кісілердің анық санын айта алмай, шамасын ғана айтады,
мәселен, «екі жүз кісі болды» демейді, «екі жүздей кісі бол-
ды» дейді.
Жоғарғы келтірілген мысалды: «Неше кісі?» дегенге «үш
кісі» деген сөз жауап; қанша кісі дегенде «екі жүздей кісі» деген
сөз жауап; басқаша айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша»
дегенге «екі жүздей» деген сөздер жауап болып тұр. Міне, осы
52
сияқты неше? қанша? деп сұрауға жауап болатын һәм нәрсе-
нің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз.
Неше? деген сұрау нешеу? деп де айтылады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі сан есім
сөздерді айырту.
Бір кісі, екі бит, үш жұмыртқа, төрт түйе, бес ат, алты бала,
жеті қарға, сегіз бөрене, тоғыз үй, он ба лық, он бес сиыр, жи-
ырма сом, жиырма төрт тиын, отыз тай, отыз алты асық, қырық
жұлдыз, қырық үш күн, елу тоғыз жас, алпыс ара, алпыс екі
құрт, жетпіс қой, жетпіс бір лақ, сексен кез, сексен жеті құлаш,
тоқсан тоғай, тоқсан тоғыз торғай, жүз топай, мың пұт.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сан есімнің ас тын сы-
зып көрсетіңдер.
Мың қойшыға бір басшы. Екі рудан би болса, ел байсал тап-
пас, екі кісі қағысса, бір кісіге орын болар. Ер қаруы – бес қару.
Бір кісі мың кісіге олжа салады. Бір күн дәм тартқанға қырық
күн сәлем. Үйіңде екі қатын болса ойран болар, екі сиыр бол-
са айран болар. Елу жылда ел жаңа. Жетесіз жаман жас бала
тоқсандағы шалмен тең. Тоғышардың баласы жиырма бесте
жаспын дер, ораздының баласы он бесінде баспын дер. Жеті
атасын білмеген – жетімдіктің салдары, әзіл сөзді ауырлау –
шетіндіктің салдары. Өтірік – екеу, шын – төртеу. Жігіт кісіге
жетпіс өнер де аз. Бір тәуекел бұзады мың қайғының қаласын,
бір жақсы сөз бітірер мың көңілдің жарасын. Бас екеу болмай,
мал екеу болмас. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Төртеу түгел болса, төбедегіні алар, алтау ала болса, ауыздағы
кетер. Сексен інген боталап, сегіз келін қомдасын.
ІV. ЕСІМДІК
Кейбір сөздерді зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің ор-
нына жүргендіктен есімдік дейміз. Мәселен, «Нұрман отыр»
дегеннің орнына «ол отыр» деп айтамыз. «Мұғалім» дегеннің
орнына «мен» деймін, «шәкірт» дегеннің орнына «сен»
деймін. Мұндай сөздер көбіне өзге есімдердің орнына жүретін
болғандықтан есімдік деп аталады.
53
Мәселен, есімдік сөздер: Мен, сен, ол, біз, сіз, олар, кім, не,
қайсы, қандай, өзім, өзің, өзі, бүл, ол, мынау, анау, бірі, бәрі,
менікі, сенікі, оныкі, өзімдікі, өзінікі, өзімдікі, басқанікі.
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі есімдік сөздерді
айырту.
Әрі жат, бері жат демек – төсек тарлығы, сенікі, менікі демек
– көңіл тарлығы. Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі
дегенде анау-мынау ісім бар. Құлан өз қағынан жерімес. Сиыр
өз тілінен қыршаңқы бола ды. Не ексең, соны орарсың. Кім
мықты, кім нашары мәлім болар, түскенде той томаға белін
буып. Үйдің жылы-суығы қыс келгенде білінер, кімнің алыс-
жуығы іс келгенде білінер. Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі
сұңқар емес. Сіз деген – әдет, біз деген – көмек. Бүгін айдың
нешесі? Қара қайсы? Хан қайсы? Елді ойлаған жан қайсы?
Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырлайсың. Оны тастап
мұны алдың, мұннан тағы құр қалдың. Өзі қандай болса сөзі
сондай. Сен сұңқарсың, мен қумын. Саған дұшпан маған жау.
Жылқыда тұлпар сен едің, жігітте сұңқар мен едім. Сен астым-
да сау тұрсаң қыдыра жалды қыл күйрық сенен озбас деп едім.
Аяғы екеу бір басты менен озбас деп едім. Бұл сөздің бәрі де
рас, емес жалған.
V. ЕТІСТІК
Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін атайды. Мәселен: арт,
тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сөк, сүз, таста,
шық, жық, ас, ал, төз, көр, қақ, қада, кір, төк, өксі, таңда,
сескен, ұлы, өлше, кеп, біл, сыз, бер, бас, ұста, ұр, ти, ой, күт,
тұр, ор, шақ, жап, жек, бар, кет, тара, қара, жап, жала,
құй, жап, қой, той, сой жой, жуу, бу, қу, жи, тый, қи, ки, ій.
Мұндай сөздер етістік сөз деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы: не етпек? не істемек? не қылмақ?
не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы: не ет пек?
Мысалы: 1) «Қар жауады, кетеді» «Қар не етеді? – «жауады»,
«Қар не етеді?» – «кетеді». «Қой маңырайды, түйе боздайды,
«Қой не істейді?» – «маңырайды». «Түйе не істейді?» – «боз-
дайды». «Күн күркірейді», «Күн не қылады?» – «күркірейді».
«От сөнді, ел жаты». «От не қылды?» – сөнді». «Ел не
54
қылды?» – «жатты». «Жас өсер, жарлы байыр», «Жас не
қылар?» – «өсер», «жарлы не қылар» – «байыр». «Жауады»,
«кетеді», «маңырайды», «боздайды», «күркірейді», «жатты»,
«сөнді», «өсер», «байыр» деген сөздер не етеді? не істейді,
не қылады? деп сұрағанға жауап һәм өздері істеген істі атай-
тын сөздер. Сондай не етпек? не істемек? не қылмақ? деген
сұрауларға жауап болатын сөздердің бәрі де етістік болады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі сөздерді
айырту. Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?
Кісі сөйлейді. Бала ойнайды. Түйе боздайды, ит үреді, қой
маңырайды, қозы жамырайды. Мен жүремін. Сен жүгіресің.
Ол жазып отыр. Бұл оқып отыр, Бірман күліп тұр, Нұрман
жылап тұр. Жел соғып тұр. Боран бұрқырап тұр. Көкті бұлт
торлады. Күн шықты, тұман сейілді, жұрт оянды, төсектен
тұрды. Мал өрді, өріске кетті. Нұрман киінді, жуынды, шай
ішті, кітаптарын алды, оқуға кетті. Жаз болды. Қар еріді. Сулар
ақты. Өзендер тасыды. Ел қыстаудан шықты. Жер көгерді. Мал
тойынды. Малшы мал бағады. Жыршы өлең ай тады. Домбыра-
шы күй тартады. Егінші егін егеді. Хатшы қағаз жазады.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің астын
сызып көрсетіңдер.
Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға қарайды.
Күн жазға айналды, ет азға айналды. Сай сайға құяды, бай байға
құяды. Оңқа ойын бұзар, тентек жиын бұзар. Көп азға қылған
зорлығын айтады, аз көптен көрген қорлығын айтады. Жыртық
тесікке күледі. Тез қасында қисық ағаш жатпайды. Шаруа жаз
жазылады, қыс қысылады. Ұялмаған өлеңші болар. Ерінбеген
етікші болар. Бақ-бақ еткен текені қыс түскенде көреміз,
батырсынған жігітті іс түскенде көреміз. Жер таусыз болмай-
ды, ел даусыз болмайды. Үйді қозғаған көшірер, отты қозғаған
өшірер. Құр қасық ауыз жыртар. Сиыр судан жериді, су сиыр-
дан жериді. Есек түйе болмайды, сиыр бие болмайды. Жақсы
айғырдың үйірін ат жақтайды. Аталы сөзді арсыз қайырар.
Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді. Бірлік болмай, тірлік
болмас. Жауға жаныңды бер, сырыңды берме. Қылыш жарасы
бітер, тіл жарасы бітпес. Ел ұрысыз болмас, тау бөрісіз болмас.
Ордалы құлан ақсағын білдірмес. Жалт-жүлт етеді, жалмай
жұтады. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр.
55
ШЫЛАУ СӨЗДЕР
І. ҮСТЕУ
Кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толықтыру үшін
үстеу болады. Мәселен, «әрең келдім» дегенде «әрең» демесе
де келгендігі көрініп тұр, бірақ «әреңді» қосқанда келгендіктің
үстіне қалай келгендік көрініп тұр. «Әбден бітірді» деген-
де «әбден» демей де бітіргендік көрініп тұр, бірақ қалай
бітіргендігі көрінбейді. «Бітірдінің» үстіне «әбден» деген сөз
жамалса, қалай бітіргендігі көрінеді. «Дөп тиді» дегенде «дөп»
деп айтпасақ та көрінеді, бірақ қалай тигендігі көрінбейді.
«Ол әрі кетті», «Мен бері келдім» дегенде «әрі», «бері» деген
сөздерді айтпасақ та оның кеткендігі, менің келгендігім көрініп
тұр, бірақ оның қайда кеткендігі, менің қайда келгендігім «әрі»,
«бері» деген сөздерді айтпасақ көрінбейді.
Сондай-ақ, «Бұрын адам аз, жер кең болған, енді адам
көп, жер тар болды». «Бұрын» деген сөзді айтпасақ та адам
аз болғаны, жер кең болғаны көрінігі тұр, бірақ адам қашан
аз болғаны, жер қашан кең болғаны көрінбейді. «Бұрын» де-
ген сөзді қосып айтсақ, қашан болғандығы да көрініп, сөздің
мағынасы түгелденеді. «Енді» деген сөзді айтпай «адам көп,
жер тар болды» десек те адам аз, жер тар болғандығы көрінеді,
бірақ қашан солай болғандығы көрінбейді. «Енді» деген сөзді
қосып айтсақ, адам қашан аз болғандығы, жер қашан тар
болғандығы анық көрініп, сөздің мағынасы түгелденеді. Осын-
дай сөз үстіне қосылып, сөздің мағынасын толықтыратын
сөздерді үстеу сөз дейміз.
Көбінесе үстеу сөз орнына басқа сөздер яки басқа сөзден ту-
ынды үстеу сөздер жүреді. Нағыз таза үстеу сөздер қазақ тілінде
аз. Үстеу сөз де, туынды үстеу сөз де, үстеу сөз орнындағы
басқа сөз де – бәрі сұраудан білінеді. Қалай? қашан? қайда? де-
ген сөздерге жауап болып айтылатын сөздердің бәрі де я үстеу
сөз, я соның орнындағы төлеу сөз.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, үстеу сөздердің астын
сызып көрсетіндер.
56
Кеше ыстық болды. Бүгін жаңбыр болып тұр. Былтыр қар
ерте кетті, биыл кеш кетті. Мана басым ауырып еді, осы кезде
ауырғаны қойды. Дүркін-дүркін ит үріп жатты.
Соңыра барып келермін. Баяғыда бір бай болған екен. Ат
артынан аулақ жүр. Нұрман кітапты жылдам оқып шықты,
Бірман шабан оқиды. Екі кісі ауыл сыртында оңаша сөйлесіп
отыр екен. Ана кісі арман бара жатыр. Мына кісі бермен келе
жатыр. Анда-санда айтақтаған дауыс естіледі. Екеуміз жүзбе-
жүз сөйлестік. Осы сөзімді әдейі ауызба-ауыз өзіне айт. Құс
кеш келді. Екеуі далаға бірге шықты. Ауылға жаяу келіп,
жаяу жүрді. Бірге келіп, босқа кетті. «Бүгін ойнайын, ертең
оқырмын» деп жалқау бала айтады, «бүгін оқиын, ертең ойнар-
мын» деп іскер бала ай тады .
ІІ. ДЕМЕУ
Демеу дегеніміз – екі сөздің арасын яки екі сөйлемнің ара-
сын жалғастыруға демеу болатын сөздер. Мәселен. « Мен де,
сен де сонда болдың». « Ол оқыды да, жазды да».
«Да», «де» деген сөздер екі сөздің арасындағы жүйені
келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
« Я ол тұрар, я мен тұрармын». « Бұл жұмыс я бітер, я
бітпес яки осы күйінде қалар».
«Я», «яки» деген сөздер басқа сөздің арасындағы жүйелерін
келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
«Мен саған ұрыстым ба?» «Әйтпесе сөктім бе?» «Немесе
соқтым ба?» «Балаң қазақша оқи ма, орысша оқи ма, әлде тіпті
босқа жүр ме?».
«Ба», «бең, «ма», «ме», «әлде», «әйтпесе», «немесе» деген
сөздер басқа сөздердің арасындағы жүйесін келтіріп, жал-
ғастыру үшін тұр.
Демеу сөздер қазақ тілінде аз. Оның көбі басқа сөзден шық-
қан туынды демеулер; мәселен: үйткені, сүйткені, үйтседе,
бүйтседе, сүйтседе, әйтседе, әйтпесе, үйтпесе, бүйтпесе, не-
месе – бәрі туынды демеу лер.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі де меу
сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
57
Ол соған әлде күйеу, әлде құда, сүймейді қой атаулы мені
жүдә. Я бөлең я жиенің, я нағашың – әйтеуір саған ұқсас еді ол
да. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да жұмыссыз тек тұрған жоқ
һеш бір жан да. Мен бүгін сабаққа бара алғаным жоқ, үйткені
басым ауырғаннан. Басың ауырған шығар, сүйтсе де сабақтан
қалғаның жарамаған екен. Әлде мен сылап-сипап бақпадым
ба? Болмаса, жемнен қысып сақтадым ба? Әйтпесе әбзелдерің
сәнді емес пе? Жібектен тізгінінді тақпадым ба? Малдырып
үзеңгіңді сары алтынға, тағаңды шын күмістен қақпадым ба?
Оқымадың, қой бақтың, сүйткенде сен не таптың?! Қалаға
балаңды жібер не месе өзің барып кел. Үйтсе де, бүйтсе де һеш
нәрсе өнетін емес. Береді деп ойлаймын, сүйтсе де сұрап көр.
Бір мәнісі бар шығар, әйтпесе неге жазбасын. Ол саған ұрсар,
әйтсе де бару, керек. Ол сенің арызынды бермес, үйткені жаз-
байтын адам.
ІІІ. ЖАЛҒАУЛЫҚ
Кей сөздер жалғау орнына жүреді һәм жалғаулар сияқты
басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына
шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық
сөздер қазақ тілінде тіпті аз. Мәсе лен: менен, үшін, арқылы,
тақырыпты, туралы.
«Менен» алдындағы дыбыстың түріне қарай «бенен» болып
та айтылады, қысқа түрінде «мен», «бен» болып айтылады.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, жалғаулық сөз-
дердің астын сызып көрсетіндер.
Күштіменен күреспе, байменен тіреспе. Отпен ойнама,
күйерсің, баламен ойнама, шаршарсың. Бұлардың дауы жер
тақырыпты. Олардың дауы жесір тақырыпты. Хабарды теле-
граф арқылы алдым, хатты почта арқылы алдым. Мен жаз-
баймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Сөзімді көкірегі, тілі орамды жастарға жаздым үлгі бермек
үшін. Ат туралы сөзді қысқарталық. Қолымен істегенді мой-
ынмен көтереді. Таспен ұрғанды аспен ұр.
58
ІV. ОДАҒАЙ СӨЗ
Кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады.
Мәселен: апырым-ай, шошып кеттім ғой. Ай-қай, қай! Жаным
жаңа райыс тапты ғой. Ай-қай! Менің өз үйім, кең сарайым боз
үйім! Әлди-әлди! Ақ бөпем. Пай-пай! Қалай аяндайды? Ау-қау!
деп дауыстап еді сиыр мөңіреді. Тарс-тұрс еткен мылтықтың
дауысы естіледі. Сорап! Сорап! деген дауыс құлағыма келді.
Апырым-ай! ай-қай-қай! ай-қай! әлди-әлди! пай-пай! ау-қау!
тарс-тұрс! сорап! сорап! Осылай айтылатын сөздерді одағай
сөздер дейміз.
Одағай сөз қазақ тілінде көп. Қуаныш, реніш, күйініш,
уайым, қайғы жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рахат
тапқанда, тән рахат тапқанда шығатын дыбыстар, дауыстар,
айтылатын сөздер, жанды һәм жансыз заттардың дыбысын,
дауысын еліктеп, айтатын сөздер, хайуандарға айтатын сөздер,
дауыстар, шақырулар бәрі одағай сөз табына кіреді.
Мәселен: әһ! ах! ой-бай-ай! жаным-ай! құдайым-ай!
апырым-ай! ау! отағасы-ау! апырым-ау! ал! ай-қай-қай!
е-е-е! Ой, Тәңірім-ай! Ойбай-ай! күс-күс! құр-құр! хош! қош,
қош!, қош! құру! Шөре-шөре! ау-қау! сорап! шаум-шаум! кә!
кә! шоқ-шоқ! әукім-әукім! өк! міш-міш! айт-айт! тарс-тұрс,
дүңк-дүңк, сықыр-сықыр, тырс-тырс, сылдыр-сылдыр, күлдір-
күлдір, тық-тық, күмп-күмп, сарт-сұрт, қаңқ-қаңқ, пыс-пыс.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп ішіндегі одағай
сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Алақай! Әкем кітап әкеп берді. Ойбай! Көзі аларып кетті.
Бұ қорлықка қалай шыдармын, ойбай! Уһ! жаңа адам болдым
ғой. Жарықтық-ау! Не істе дейсің? Ой Тәңірі-ай! Жоқ сөзді
айтқаны несі. Апырым-ау! мына бала таласады. Ойбай-ау!
Құдай-ау! мынасы кім еді? Е-е-е! манағы көрген адамым сол
екен ғой. Қой! жай отыршы. Күс-күс! жануар. «Әукім-әукім»
деп еді, сиыр тыпырлағанын қойды. «Сорап-сорап» деген да-
уысты естіп түйелер құдыққа келді. Арбаға сиыр сүйкеліп жа-
тыр «Өк!» деші. Түйе тұрып кетер, «шоқ-шоқ!» деп тұрғайсың.
Қамыс ішінен «тарс-тұрс» еткен мылтық дауысы шықты.
«Күмп-күмп» пісіп сабадан қымыз құйды.
Күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген бар ма екен? Ал, келдік
жаман жерге енді сақтан. Ай-қай! менің өз үйім.
|