Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөлу, әр буындағы
қаріптің санын буын үстіне сипырмен қою керек.
Жарлы болсаң арлы болма, бар болсаң таспа, жоқ болсаң
саспа. Барымен базар, жоқты қайдан қазар. Пайдасыз болса,
байдан без, панасыз болса, сайдан без. Бар мақтанса табылар,
жоқ мақтанса шабылар. Талтандасаң талтаңда, ақшаң болса
қалтаңда. Күлме досыңа, келер басыңа. Досқа күлкі, дұшпанға
таба болма. Ақшаны жолдан тапсаң да санап ал. Аңдамай
сөйлеген ауырмай өледі. Ақыл жас ұланнан, жүйрікі тай
қүнаннан. Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес.
Көше білмес жамандар көшсе көлікі өлтірер, сөйлей білмес
жамандар сорды өзіне келтірер.
72
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫСТАР, ОЛАРДЫҢ
ТАҢБАЛАРЫ
Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Олардың таңбалары мынау:
ا (a), ب (б), پ (п), ت (т), ج (ж), د (д), ر (р), ز (з), س (с), ش (ш),
غ (ғ), ق (қ), ك (к), ءك (ң), ل (л), م (м) ن (н), و (о), ؤ (ү), و (у), ه (е),
ي (и), ى (ы).
Бұлардан басқа бір көмекші белгі дәйекші (ء) бар.
Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай
таңбалары да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді
12
.
Дауысты таңбалар: ا (a),و (о), ؤ (ү), ى (ы), ه (е).
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі да-
уысты таңбалардың астын сызып көрсетіндер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқыр көргенінен
жазбас. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе.
Бір аштың бір тоқтығы бар. Не ексең соны орарсын. Таспен
ұрғанды аспен ұр. Құлақ естігенді көз көрер. Ағаш көркі
жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің жерін жерлесең, соның
жырын жырларсың. Берген жомарт емес, алған жомарт. Ат
ерінді келер ер мұрынды келер. Өгізді өрге салма, қанатың та-
лар жаманға жүзің салма, сағың сынар. Адасқанның артында-
ғысы білер; жеңілгеннің жанындағысы білер.
Дауыссыз таңбалар: ب (б) پ (п) ت (т), ج (ж) د (д), ر (р), ز (з),
س (С), ش (ш), غ (ғ), ق (қ), ك (к), َـك (г), ڭ (ң), ل (л), ن (н), و (у), ي (й).
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі да-
уыссыз таңбалардың астын сызып көрсетіндер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқырдың қолына
түспе, саңыраудың астына түспе. Бір аштың бір тоқтығы бар.
Не ексең, соны орарсың. Тас пен ұрғанды аспен ұр. Құлақ
естігенді көз көрер, ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек.
Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Берген
жомарт емес, алған жомарт. Ат ерінді келер, ер мұрынды ке-
лер. Өгізді өрге салма, қанатың талар; жаманға жүзің салма,
сағың сынар. Адасқанның артындағысы білер; жаңылғанның
жанындағысы білер.
12
Дыбыстар қандай түрге бөлініп, қалай аталса, олардың таңбалары
да солай бөлініп, солай аталады.
73
Дауыссыз дыбыстар түрлі қасиеттеріне қарай өзара бірнеше
түрге бөлінеді.
1. Жарты дауысты дыбыстар: р, л, у, и.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауы-
сты дыбыстардың таңбаларын айырту.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауы-
сты «у» жана «и», «р», «л»-ларды айырту.
Бай байға құяр, сай сайға құяр. Өзі тойса да, көзі тоймайды.
Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек. Ауру қалса да, әдет
қалмайды. Денсаулық зор байлық.
Айналдырған ауру алмай қоймас. Сарт байыса там салар,
қазақ байыса, қатын алар. Тойға барсаң тойып бар, жұмысыңды
қойып бар. Ат аяғын тай басар. Аюдан қорыққан тоғайға бар-
мас. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Тай тулап
үйірінен шықпас. Ішің удай ашиды, еш амал жоқ етуге.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауысты
дыбыстардың таңбаларының астын сызып көрсетіңдер.
Той – тондынікі, ас – аттынікі. Бәрің бірдей тойшы болсаң,
құу боласын, бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боласың. Ақсақ
қой түстен кейін маңырайды. Ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не
себер? Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді. Бір байдың жұртына
екі тышқан таласыпты. Ат аунаған жерде түк қалады. Атты
қамшымен айдама, жеммен айда. Қойшы көп болса, қой арам
өлер. Отпен ойнасаң, күйерсің; баламен ойнасаң шаршарсың.
Соңғы түйенің жүгі ауыр. Тай тулап үйірден шықпас.
Шірікке шыбын айналар. Жыртық үйге тамшы үйір; арық атқа
қамшы үйір. Байтал шауып, бәйге алмас. Екі кеменің құйрығын
ұста, жетсін бұйрығың.
2. Қатаң дыбыстар: б, п, т, с, ш, қ, к.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң дыбыс-
тардың таңбаларын айырту.
Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе. Берсең
аларсың, ексең орарсың. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер.
Базарға бар да бағың сына. Ұлың өссе ұлықтымен ауыл бол,
қызың өссе, қылықтымен ауыл бол. Ата көрген оқ жонар, ана
көрген тон пішер. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Бүркіт
74
қартайса, тышқан аулар. Ит жеңгенін талайды. Қуда сүт жоқ,
жылқыда өт жоқ.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң дыбыстардың
таңбаларының астын сызып көрсетіңдер.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Жақсы келсе құт, жаман кел-
се жұт. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Жемісті ағаштың басы
төмен. Көп тілегі көл. Ел құлағы елу. Жеті рет піш, бір рет кес.
Көз қорқақ, қол батыр. Жер анасы, мал баласы. Күлме досыңа,
келер басыңа. Тамыр тартқан тарықпас. Сақтықта қорлық жоқ.
Шөп біткен жерге бітер. Аспанға қарай оқ атпа, өзіңнің түсер
басыңа. Аш тамағым, тыныш құлағым. Тез қасында қисық
ағаш жатпас. Шам жарығы түбіне түспес. Қойшы көп болса,
қой арам өлер. Ит семірсе иесін қабар. Ат аунаған жерде түк
қалады. Аман бол са бұл басым, тағы шығар бұл шашым.
3. Ұяң дыбыстар: м, н, ң.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң дыбыс-
тардың таңбаларын айырту.
Талтандасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда. Берс ең
аларсың ексең орарсың. Базарға бар да бағың сына. Ата көрген
оқ жонар, ана көрген тон пішер. Оқу – білім азығы, білім –
ырыс қазығы. Асың барда ел таны, атың барда жер таны.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң дыбыстардың
таңбаларының астын сызып көрсетіндер.
Жақсыдан жаман туады, жүйріктен шабан туады. Тон
жағасыз болмайды, ел ағасыз болмайды. Батыр ортақ, бай
ортақ, төресі әділ би ортақ. Ханның ба сын хан жұтар, қардың
басын қар жұтар. Сенікі, менікі деген – көңіл тарлығы, әрі жат,
бері жат деген – төсек тарлығы. Тау мен тасты су бұзар, кісі
арасын сөз бұзар. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер. Кімнің
жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Берген жомарт
емес, алған жомарт.
4. Ымыралы дыбыстар: ж, з.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі ымы ралы
дыбыстардың таңбаларын айыру.
Сан тимеске сан тиді, табақ-табақ нан тиді. Саңырауға
сәлем берсең, атаңның басы дейді. Жорға мінген жолдасынан
75
айырылады. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Көп
жасаған құрдасынан ай ырылады. Жығылған күреске тоймас.
Саяқ жүрсең таяқ жерсің. Тыңдамасқа сөйлеген есіл сөзім,
жыламасқа жылаған екі көзім. Ауызы күйген үрлеп ішер.
Жеген білмес, тураған білер. Бұйдалаған тайлақтай, жетеле-
ген мойнақтай. Шын жомарт жоқтығын елемес, шын жүйрік
тоқтығын елемес. Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?
5. Ымырасыз дыбыстар: д, ғ, г.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі ымырасыз
дыбыстардың таңбаларын айырту.
Екпей егін бітпес. Тез қасында қисық ағаш жатпас. Жыртық
тесікке күледі. Ұялмаған өлеңші болар, ерінбеген етікші бо-
лар. Ұйқы төсек талғамайды. Күркіреген күннің жауыны аз.
Жығылған сүрінгенге күледі. Жер жұтуға тоймайды, от отынға
тоймайды; көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды. Көңіл
ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Жау жағадан алғанда, ит
етектен алады. Көрген жерде бой сыйлы, көрмеген жерде тон
сыйлы. Ел қыдырған сыншы болар, тоғай қыдырған үйші бо-
лар. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың. Ер туған жеріне,
ит тойған жеріне. Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса.
Жоғарыда орын барда төмен отырма. Ac – адамның арқауы.
Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла.
76
СӨЗ ТҰЛҒАЛАРЫ
1. Түбір сөз
4. Қосалқы сөз
2. Туынды соз
5. Қосымшалар
3. Қос сөз
Түбір сөз дегеніміз – бастапқы мағынасындағы, бастапқы
тұлғасындағы сөз. Мәселен: бас, тас, шаш, қол.
Туынды сөз дегеніміз – бастапқы тұлғасы да, бастапқы
мағынасы да өзгерген сөз. Мәселен, бастық, тастақ, шашақ,
қолтық.
Қос сөз дегеніміз – қосарынан айтылатын бір өңкей есімді
сөздер. Қос сөз екі түрлі болады, біреуі нәрсенің көбін қамти
атайды. Екіншілері нәрселерді айыра атайды. Алдыңғысы –
жалпылағыш қос сөз деп, соңғысы – жалқылағыш қос сөз деп
айтылады.
Жалпылағыш қос сөздер: аяқ-табақ, төсек-орын, ер-тұрман,
киім-кешек, жүн-жұрқа, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, бұта-
бұтанақ, жер-су, түйе-мүйе, бұзау-мұзау, қой-қозы, тағысын
тағылар.
Жалқылағыш қос сөздер: жел-бау, төсек-ағаш, жүк-аяқ
піспек-сап, шеге-балға, қауға-шелек, асыл-бек, ес-құл, төре-тай,
ер-батыр, есен-аман, өмір-қожа, шекті-бай, тағысын тағылар.
Қосалқы сөз дегеніміз – өз алдына мағынасы кем, басқа
сөздің маңайында тұрғанда ғана мағына шығатын сөз. Мәселен:
да, ғой, ғана (мал да, жан да, солай ғой, осы ғана).
Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жалғанатын бу-
ындар. Бұларда өз алдына мағына жоқ, басқа сөзге жалғанбай
бөлек айтылмайды да, сондықтан бұлар қосымшалар деп
аталады. Қосымшалар екі түрлі: Біреулері жалғанған сөздің
тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді. Екіншілері
жалғанған сөзінің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді.
Сондықтан бастапқысы қосымшалар, тысқарғы жалғаулар
не тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалар ішкергі
жалғаулар не тікелей жұрнақ деп аталады.
Түсінікті болу үшін мысал келтірейік: Алайық, «жылқы»
деген сөзді, «-шы», «-ның» деген қосымшаларды. Жылқы де-
77
ген сөзге «-шы» қосымшасы да, «-ның» қосымшаны да қосып
байқайық: қайсысы жұрнақ бо лып шығар екен. Жылқы –
жылқышы, жылқы жылқының. «Жылқышы» дегенде сөздің
бастапқы мағынасы да, тұлғасы да өзгерді. «Жылқышы» деген
сөз енді мал табының есімін көрсетпейді, адам табының есімін
көрсетеді. «Жылқының» дегенде сөздің тұлғасы өзгерілді,
мағынасы өзгерген жоқ: «жылқының» деген сөз бәрібір мал
табының есімін көрсетіп тұр. Айтылғаннан енді мәлім бол-
ды: «-шы» қосымша жұрнақ екендігі, «-ның» қосымша жалғау
екендігі.
Ескерту. Жалғау аз, жұрнақ көп. Жалғау түбір сөзде де,
туынды сөзде де болады. Жұрнақ*
13
түбір сөзде жоқ, туынды
сөзде ғана болады.
СӨЗ ЖАЗУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Әр сөз түбір сөз болсын, туынды сөз болсын,
жұрнақтарымен, жалғауларымен бірге тұтас жазылады, үзілетін
қаріптер келген жерде үзіледі; ол үзілу сөздің тұтастығын
бұзбайды (үзілетін қаріптер: а, д, р, з, о, ұ, у, е).
2. Жалпылағыш қос сөздердің арасы дәйім сызықшамен (–)
айырылып жазылады (аяқ-табақ, киім-кешек. Қой-қозы, түйе-
мүйе, сауыт-сайман, ер-тұрман).
3. Жалпылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айыры-
лып та, айырылмай да жазылады.
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болса, мәселен, екеуі бірдей жуан
я жіңішке айтылатын болса, онда екеуі айырылмай, тұтас жа-
зылады (басқұр, қолқап, Балжан, желкесер, Алтынбай, Атан-
бай, Тасболат, Баймырза).
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болмаса, мәселен, бірі жуан, бірі
жіңішке сөз болып келсе, онда аралары сызықшамен айыры-
лып жазылады (жел-бау, төсек-ағаш жүк-аяқ, Тілеу-бай, Ес-
құл, Төре-тай, Жан-темір, Мұрат-бек, Мал-келді, Меңді-қара,
Жіті-қара).
*
(Ескерту: Баспадан кеткен қате болар, өйткені жұрнақ туралы анықтама осы
тақырыптың 7-нші тармақшасында анық айтылады (Құраст.)
78
Ескерту. Сөздің тұлғасы мен тұрпаты бір емес. Тұлғасы
бірдей сөздердің тұрпаттары басқа болуы мүмкін. Мәселен:
«Тұрғанбай» – «Тұрғамбай» деген сөздердің тұлғалары бірдей,
тұрпаттары бірдей емес. Мұндай орын да айтылу дұрыс-
бұрысына қаралады. Дұрысы «Тұрғамбай емес, «Тұрғанбай»,
сондықтан жазғанда «Тұрғанбай» деп дұрыс тұрпатымен жа-
замыз. Сондай-ақ, қос сөздерде, қосарлап айтқан сөздерде дау-
ыс жеделдігі мен дауыс тұтасынан болатын тұрпат өзгерісіне
қарамай, жеделдік; тұтастық жоқ жеке күйіндегі тұрпатымен
жазамыз. Мәселен: «жүк-аяқ» деген сөзді «жүк-аяқ» деп, «Қара-
гөз» дегенді «Қара-көз» деп, «Сылаңғыз» дегенді «Сылаңқыз»
деп жазамыз.
4. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы сөзден
сызықшасыз бөлек жазылады, ондай демеулер түбір сөз бен
жалғаудың арасында айтылатын болғанда түбір сөзге сы-
зықшамен жалғанып, жалғаумен бірге жа зылады. Мысалы:
«жақсы ма?», «жақсы-ақ ба?, «жақсымысың?», «жақсы-ақ-
бысың?».
5. Үндестік заңына келмейтін «гер», «дікі», «паз» сықылды
жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады. Ондай жұрнақпен
жазылған сөздің түбірінде дәйекші болса, оның дәйекшісі
жұрнақ қосылғанда да қалмай жазылады (мысал: ىكىدزوت
(түздікі), راوزوس (сөзуар), زاپمىلىب (білімпаз).
6. Қосалқы «ма», «ба»-лардан «еді», «екен» деген сөздер
бөлек жазылады. Айтар ма еді, келер ме еді, бар мас ба
еді. Айтқан ба екен? Көрген бе екен? Білді ме екен? тағысы
тағылар.
7. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады, жұрнақ
ішіндегі дыбыстар естілу қалыбынша жазылады.
8. Жалғаулар түбір сөзге де, туынды сөзге де қосылып жа-
зылады. Жалғауда «т» мен «д» дыбыстары естілген қалпынша
жазылады. Жұрнақтар мен жалғаулар сөздің аяқ дыбысының
түріне қарай, тұрпатын өзгертіп жалғасады.
79
ЖҰРНАҚТАР
1. «-лық» жұрнақ. Бұл жұрнақ сөздің аяғы дауысты ды-
быс немесе жарты дауысты дыбыс болса, осы «-лық» күйінде
жалғасады. Мәселен: бала-балалық, жабы-жабылық, жау-
жаулық, бай-балық.
Ескерту. «-лық» жұрнақ турасындағы бұл заңға аяғына
жарты дауысты «л» келетін сөздер көнбейді. Оның көнбейтін
себебі, қазақ тілі «л» дыбысы қабат келуін сүймейді. Сондықтан
екі «л» қабат келген жерде, біреуін басқа дыбысқа айналды-
рып айтады. Мәселен, «Алла» деген сөздегі қабат келген екі
«л»-дың біреуін «д»-ға айналдырып, «алда» қылып айтады.
Сондай-ақ «-лық» жұрнақтағы «л» да екі «л»-дың біреуі болып
келетін жерде «д»-ға айналып кетеді. Мәселен: сал-сал-лық
боларға тиіс еді, олай айтылмай, сал-салдық бо лып айтылатын
себебі, қазақ тілінің екі «л» қабат келуін сүймегендігінен.
Сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лық» жұрнақ өзгеріліп
«-дық» болып жалғанады. Мәселен: хан-хандық, аң-аңдық,
сұм-сұмдық.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, жұрнақ «-лық» өзгеріліп,
«-дық» болып жалғасады. Мәселен: құм- құмдық, хан-хандық,
аң-аңдық.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лық» жұрнақ «-тық»
болып жалғасады. Мәселен: қап-қаптық; жұрт-жұрттық, аш-
аштық, қас-қастық, жас-жастық, сақ-сақтық.
Жіңішке сөздерде «-лық» орнына «-лік», «-дық» ор нына
«-дік», «-тық» орнына «-тік» болып жалғасады, мәселен:
ине-инелік, жеті-жетілік, ер-ерлік, ел-елдік, тең-теңдік, ерке-
еркелік, кедей-кедейлік, жетім-жетімдік, көп-көптік.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерге «-лық» жұрнағын
жалғатып, туынды сөз еткізу.
Бас, қас, мұрын, ауыз, ерін, тіл, қабырға, арқа, тері, өкпе,
бел, тамыр, сан, тізе, балтыр, өкше, ұлтан, ата, ел, күйеу, бажа,
құда, жігіт, қарт, ене, ат, жорға, айғыр, бұқа, қошқар, маймыл,
ай, күн, жарық, қар, күз, түс, түн, күміс, түс, ала, саз, батыр, қу,
жақын, зор, игі, жаман, тірі, нашар, қатты семіз, жауыз, ырас,
ірі, қисық, сулық, көркем, әдемі, жуас, ұяң, әңгі, монтаны,
80
қиын, паң, аңқау, нас, салақ, шапшаң, бос, дұрыс, тура, соқыр,
сараң, қара, тоқ, мас, сұм.
2. «-шы» жұрнақ. Бұл жұрнақ жуан, жіңішке сөздерге бірдей
жалғанып, бірдей жазылады. Бірақ жуан сөзде жуан айтыла-
ды, жіңішке сөзде жіңішке айтылады. Мәселен: мал-малшы,
ел-елші, жылқы-жылқышы, түйе-түйеші, ылау-ылаушы, егін-
егінші.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-шы» жұрнағын қос-
тырып, туынды сөз еткізу.
Аң, өлең, нан, із, пеш, аяқ, қазан, темір, көмір, қырман, орақ,
ат, бие, сиыр, балық, ойын, жыр, домбыра, қобыз, сырнай, арба,
қарауыл, отын, балшық, алтын, күміс, сыр, балта, бата, ара,
етік, тігін, ой, той, өсек, өтірік, қала, базар, бас.
3. «-шыл» жұрнақ. Бұл жұрнақ та жуан, жіңішке сөздерге
бірдей жалғанып, бірдей жазылады. Жуан сөздерде жуан,
жіңішке сөздерде жіңішке болып айты лады. Мәселен: қазақ-
қазақшыл, жетек-жетекшіл, қара-қарашыл, күн-күншіл, қайғы-
қайғышыл.
Сынау. Төмендегі сөздерге «-шыл» жұрнағын қостырып,
туынды сөз істету.
Тер, кір, жер, қайын, тел, кел, есеп, ауыл, су, қымыз, жұрт,
соқа, аяң, өсек, уайым, тәуекел, ырым, амал, қызыл, өзім, өзге,
ойын, шын, басқа, ертек, бүгін, еркін, төр, көп, тәсіл, әдіс.
4. «-лас» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты яки
жарты дауысты дыбыс болса, осы «-лас» күйінде жалғасады.
Мәселен: қора-қоралас, ау-аулас, ай-айлас, ақы-ақылас, сыр-
сырлас, қол-қолдас (қол-лас болмайды).
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лас» орнына «-дас»
болып жалғасады. Мәселен: мұң-мұңдас, қан-қандас, ым-
ымдас.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лас» орнына
«-тас» болып жалғасады. Мәселен: от-оттас, тап-таптас, ошақ-
ошақтас, қос-қостас, бұрыш-бұрыштас.
Түбір сөздің аяғы жіңішке болса, «-лас» орнына «-пес»
«-дас» орнына «-дес», «-тас» орнына «-тес» болып жалғасады.
Мәселен: Төбе-төбелес, көл-көлдес, жер-жерлес, тілек-тілек-
тес, шек-шектес, шөп-шөптес.
81
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-лас», «-лес», «-дас»,
«-дес», «-тас», «-тес» жұрнақтарын жалғатып, туынды сөз
еткізу.
Бас, бауыр, бу, тізе, өкше, ата, қайын, құда, тоғай, сабақ,
табақ, су, екі, түс, заман, қарын, тұқым, қара, ілік, одақ, ақыл,
пайда, жарна, енші, ен, таңба, ірге, сыбай, үн, жайлау, суат,
көңіл, бата, аяқ, отан, ру, ұя, орыс, құрық, тек, дәм, олжа, амал,
тілеу, от, шабын, қоныс, сыбаға, кіндік.
5. «-лы» жұрнақ. Түбір сөздің аяғы дауысты я жар ты дауы-
сты дыбыс болса, осы «-лы» күйінде жалғасады. Мәселен: ба-
ла-балалы, тау-тауды, тай-тайлы, қар-қарлы, мал-малды (мал-
лы болмайды).
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лы» орнына «-ды» бо-
лып жалғасады: мәселен: мұң-мұңды, сан-санды, шам-шамды.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса «-лы» орнына «-ты»
болып жалғасады. Мәселен: сап-сапты, ат-атты, тас-тасты,
құлақ-құлақты, бұрыш-бұрышты.
Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақтар да жіңішке болып
жалғасады; мәселен: шеге-шегелі, түйе-түйелі, тіреу-тіреулі,
кегей-кегейлі, үрей-үрейлі, тек-текті, жел-желді, жер-жерлі,
күш-күшті, іс-істі.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-лы» жұрнағын қостырып,
туынды сөз еткізу.
Кісі, адам, дене, бас, шаш, сақал, самай, иек, мұрт, маңдай,
кеуде, жүрек, бүйір, қарын, тамыр, тізе, табан, тобық, ата, ана,
аға, іні, күйеу, жаға, етек, түн, мақта, ет, қымыз, айран, су, шоп,
тары, сұлы, жуа, ағаш, мойыл, үй, тұмар, жылқы, жорға, бұталы,
шағала, аң, аю, қасқыр, балық, ақша, май, сүмбе, құндақ, ал-
тын, күрең, ақыл, ес, үміт, сана, саңылау, қайғы, ашу, құла,
6. «-лау» жұрнақ. Түбір сөздің аяғы дауысты яки жарты да-
уысты дыбыс болса, осы «лау» күйінде жалғасады. Мәселен:
бала-балалау, қара-қаралау, тау-таулау, сұлу-сұлулау, тар-
тарлау, жар-жарлау, шал-шалдау.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лау» орнына «-дау»
болып жалғасады, паң-паңдау, шың-шыңдау, құм-құмдау.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лау» орны на «-тау»
болып жалғасады. Мәселен: ақ-ақтау, жас-жастау, аш-аштау.
82
Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақ та жіңішкереді «-лау» ор-
нына «-леу», «-дау» орнына «-деу», «-тау» ор нына «-теу» бо-
лып жалғасады. Мәселен: көне-көнелеу, ірі-ірілеу, кір-кірлеу,
семіз-семіздеу, кең-кеңдеу, кем-кемдеу, төмен-төмендеу, көк-
көктеу, сирек-сиректеу.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-лау» жұрнағын қос-
тырып, туынды сөз еткізу.
Жаман, меңіреу, батыр, ер, қорқақ, сұр, сары, кедей, жақын,
жуық, үлкен, зор, өткір, биік, ескі, қызық, сасық, бүкір, қалың,
жұқа, ыссы, суық, керең, терең, жылтыр, тегіс, жақсы, қымбат,
алыс, ұзын, жұқа, шолақ, көркем, жуас, ұяң, жеңіл, өгей, лас,
лай, жас, ұсақ, аласа, салақ, нас, сақау.
7. «-сыз» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөзге әман осы күйінде
қосылады; жуан сөзге қосылса, жуан болып ай тылады. Жіңішке
сөзге қосылса, жіңішке болып айты лады. Мәселен: Құлақ-
құлақсыз, иек-иексіз.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «сыз» жұрнағын қостырып
туынды соз еткізу.
Бас, аяқ, қол, жол, бүл, жем, жең, тең, тек, ем, жел, көл, бет,
еп, ат, қой, түйе, мал, ет, сүт, сорпа, тән, жан, ел, күн, бала,
жала, қала, құла, албар, ау, бау, жота, бұта, күй, үй, ми, ой, от,
құт, бақ, жақ, оқ, серік, ар, жар, түр, түк, тол, түп, жіп, мұң, сал,
тон, дақ, дәт, дәм, дәме.
8. «-ғы» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, осы «ғы»
күйінде жалғасады. Мәселен: бұрын-бұрынғы, ар-арғы, соң-
соңғы.
Түбір сөз жіңішке болса, «-ғы» жұрнақ «-гі» болып
жалғасады. Мәселен: кеше-кешегі, бүгін-бүгінгі, кейін- кейінгі,
төмен-төменгі.
Қатаң дыбыстардан соң, жуан сөздерде «-қы» бо лып,
жіңішке сөздерде «-кі» болып өзгереді. Мәселен: арт-артқы,
сырт-сыртқы, түп-түпкі, шет-шеткі.
9. «-еке» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөзге жалғаспай
сызықпен қосылып жазылғаны қолайлы, «-еке», «әке» деген
сөзден азып болған жұрнақ: би-еке, төре-еке, батыр-еке, әке-
еке, аға-еке, шеше-еке.
83
10. «-ыншы» жұрнақ. Бұ жұрнақ жуан сөзге жалғасса, жуан
болып айтылады, жіңішке сөзге жалғасса жіңішке болып ай-
тылады. Мәселен: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші,
алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, жиырман-
шы, отызыншы, қырқыншы, елуінші, алпысыншы, жетпісінші,
сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші, мыңыншы.
Сынау. Төмендегі «-ыншы» жұрнағын қостырып, ту ынды
сөз еткізу.
Он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он
сегіз, он тоғыз, жиырма тоғыз, отыз сегіз, қырық жеті, елу
алты, алпыс бес, жетпіс төрт, сексен үш, тоқсан екі, бір жүз
он, жүз мың, жүз он, жүз жиырма.
11. «-у» жұрнақ. Бұ жұрнақ түбір сөздің аяғы дауыс ты ды-
быс болса, осы күйінде бір «-у» болып жалғасады. Мәселен:
қара-қарау, аса-асау, өте-өтеу.
Түбір сөздің аяғы дауыссыз дыбыс болса, ыу (ﯟ) болып
жалғасады. Мәселен, бар-барыу, кет-кетіу, бу-буыу.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір создерге «-у» жұрнағын
жалғатып туынды сөз еткізу.
Op, саба, қорық, күре, адас, сөз, аш, еле, тоз, ауна, қайыт,
оқы, тоқы, сүрт, ұлы, өлше, қүр, сөйле, сыз, шірі, қалғы, сау, ти,
істе, тіле, жұу, бұу, тұу.
12. «-ғыш» жұрнақ. Бұ жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты
яки жарты дауысты дыбыс яки ұяң дыбыс болса, осы «-ғыш»
күйінде жалғасады. Мәселен: сана-санағыш, оқы-оқығыш, сау-
сауғыш, бу-буғыш, тай-тайғыш, жан-жанғыш.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-ғыш» орнына
«-қыш» болып жалғасады. Мәселен: айт-айтқыш, тапқыш, бақ-
баққыш, бас-басқыш, аш-ашқыш.
Түбір сөз жіңішке болса, «-ғыш» орнына «-гіш» болып
«-қыш» орнына «-кіш» болып жалғасады. Мәселен: сөйле-
сөйлегіш, ек-еккіш, бер-бергіш, шерт-шерткіш.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ғыш» жұрнағын
жалғатып, туынды сөз еткізу.
Ал, көр, күрес, сақта, мақта, таста, баста, төз, кез, қақ, жақ,
кір, сүрт, сас, асық, таңда, өлше, нан, кеп, теп, қара, кейі, оқы,
қый, мүжі, бар, қу, жу, бу, ой, қой, той, сой, же, де, тіле, кес, тес,
84
ес, шаш, қаш, шеш, таң, жан, сал, бол, сол, құл, қал, қаз, жар,
көм, ем, ен, ер, жый, тій, қый, құй, ій, тый, тұт, жұрт, қыз, аз,
жыр.
13) «-ғын» жұрнақ. Бұл жұрнақ та «-ғыш» сияқты түбір
сөздің аяғына жана түбіріне қарай «-қын», «-кін», «-гін» болып
жалғасады. Мәселен: қу-қуғын, аз-азғын, қаш-қашқын, тас-
тасқын, кеш-көшкін, жүр-жүргін.
Сынау. Төмендегі сөздерге «-ғын» жұрнағын жалғатып ту-
ынды сөз еткізу.
Ас, кек, төк, түр, тарт, жүт, үр, сау, жет, күт, ор, жақ, жек, тер,
жаб, қат, таб, тол, қыр, үз, бақ, бұл, соқ, сат, тай, оз, өт, сол, ту,
жырық, кес, сөз, шаш, айт, ат, ау, қой, қос, күл, тық, түс, ек, ер,
ақ, бат, сүрт.
14) «-ық» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса осы
«-ық» күйінде жалғанады. Жіңішке болса, «-ық» орнына «-ік»
болып жалғанады: аш-ашық, тес-тесік.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ық» жұрнағын қосты-
рып, туынды сөз еткізу.
Ал, сал, ас, ал, тоз, бұз, көр, күр, кір, біл, сез, сыз, шірі, бұл,
бер, сау, түс, жет, ой, тіле, сасы, өкіс, қада, қыс, жап, боя, біт,
қаз, тау, жар, үш, сүй, сын, қат, кез, тес, қол, ора, қақыр, кекір,
оз, жұл, қан, бұз, бұйыр, ес, жап, жаб, біл, жүз, еле, түкір, төле,
үз, сол, жырт, жайық, кес, отыр, ау, аң, жара, жина, су, түр, құс.
15. «-ақ» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса
осы «-ақ» күйінде, жіңішке болса, «-ақ» орнына «-ек» бо-
лып жалғанады. Мәселен: тұр-тұрақ, кес-кесек.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ақ» жұрнағын жалғатып,
туынды сөз еткізу.
Жат, қос, қор, сез, жол, бұл, жет, көм, тап, ор, аш, от, құм,
шаш, айт, ат, аң, шеш, күн, жүр, құш, құн, ол, жат, қаб, жіб, көп,
түп.
16) «-ыс» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан бол-
са, жуан айтылады, жіңішке болса, жіңішке айтылады.
Мәселен: бар-барыс.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ыс» жұрнағын жалғатып
туынды сөз еткізу.
85
Ал бер, жүр, тұр, айт, қон, тарт, ту, ат, шап, сау, бұр, біл, соқ,
қақ, таны, жұқ, той, жіт, шал, кір, шық, ор тап, жұт, бол, үр,
тый, жек тұр, жақ, ұқ, жу, бақ, жұл, тала, жон.
17) «-м» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса жуан
айтылады, жіңішке болса, жіңішке айтылады. Мәселен: атта-
аттам, тісте-тістем.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-м» жұрнағын жалғатып,
туынды сөз еткізу.
Ат, сал, жар, кел, кет, ас, қос, қарт, сұқ, соқ, кес, арт, күт, же,
жыр, тіл, қала, байла, ора, іш, шайна, тұт, жұт, жай, сық, қыс,
төз, қайт, қада, елше, ал, үз, жала, тат, ақ, тоң, сау, түс.
18) «-ынды» жұрнақ. Бұл жұрнақ та жуан сөзге жал-
ғанса, жуан болып, жіңішке сөзге жалғанса жіңішке
болып айтылады. Мәселен: қос-қосынды, кес-кесінді.
Сынау. Төмендегі сөздерге «-ынды» жұрнағын жалғатып,
туынды сөз істету.
Қу, бу, ту, жу, бас, ас, тас, ақ, жақ, үр, ек, өк, жүгір, сат, қайт,
сүрт, жыр, жұл, үз, мүжі, жұт, сөйле, қыр, ой, қуыр, ор, шақыр,
қаз, боя, тап, жат, түкір, жапыр, семір, түрт, шеш, байла, тала.
19) «-ма» жұрнақ. Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты
я жарты дауысты дыбыс болса, осы «-ма» күйінде жалғасады.
Мәселен: сана-санама, таста-тастама, ту-тума, сау-саума, жай-
жайма, қыр-қырма, сал-салма.
Түбір сөздің аяғы басқа дыбыстар болса «-ма» орнына
«-ба», «-па» болып жалғасады. Мәселен: жаз-жаз-ба, оң-оңба,
жон-жонба, шам-шамба, бас-баспа, ат-атпа, ақ-ақпа, жап-жаппа,
аш-ашпа. Түбір сөздер жіңішке болса, «-ма» орнына «-ме»,
«-ба» орнына «-бе», «-па» орнына «-пе» болып жалғасады.
Мәселен: кер-керме, іл-ілме, ій-ійме, кез-кезбе, көм-көмбе, кес-
кеспе, ек-екпе.
Сынау. Төмендегі түбір сөздерге «-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе»
жұрнақтарын жалғатып, туынды сөз істету.
Сал, қаз, бат, жат, сөз, таста, ас, күзе, қақ, қада, кір, тек, сүрт,
таңда, қара, жек, қыдыр, сыз, ұр, соқ, ти, ой, қуыр, ор, жап,
ұста, тұтық, ора, сына, айнал, боя, бас, тура, жар, ұш, жала,
құла, жыр, жүз, кеш, көтер, тай, оз, жаныш, жай, мұз, шаш,
қайна, ау, қой, сық, кіи, тоқы, қыс, тара, көш.
86
АТАУЫШ СӨЗДЕР
І. ЗАТ ЕСІМ
Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Мәселен: жер,
тау, тас, су, ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қарт,
жаңбыр, жел, бу, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын,
шіркей, құрт, құмырсқа, қала, үй, төсек, орын, аяқ, табақ, киім,
қазан, ошақ, арба, шана, ер, тоқым, қамыт, доға, арқан, жіп,
тамақ, су, мыс, қалам, сия, астық, жеміс, бақан, сойыл, құрық,
таяқ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, киіз,
қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ.
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз.
Зат есім туралы «кім?», «не?» деп сұраймыз. «Кім?» деп адам
туралы сұраймыз. «Не?» деп басқа заттар туралы сұраймыз.
Мысалы: 1. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер; «кім?»
мұрынды келер?» – «ер», «не» ерінді келер?» – «ат».
2. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман; «не жаман?» –
«шаншу», «не жаман?» – «қаңқу».
3. «Жылы-жылы сөйлесең жылан іннен шығады, қатты-
қатты сөйлесең, қарт та діннен шығады. «Не: іннен шығады?»
– «жылан». «Кім діннен шығады?» – «қарт».
4. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. «Не тойған жеріне?» –
«ит». «Кім туған жеріне?» – «ер».
5. «Ас – адамның арқауы». «Адамның арқауы не?» – «ас».
«Ас кімнің арқауы?» – «адамның».
6. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада». «Кімнің
көңілі балада? – «ананың». «Кімнің көңілі далада? – «баланың».
«Ананың көңілі кімде?» – «ба лада». «Баланың көңілі неде?» –
«далада».
Осындай кім? не? деген сұрауларға жауап болып айтылатын
жаңа нәрселердің атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім
сөздерді айырту.
Аш кісі ұрысқақ, арық қой тырысқақ. Таспен ұрғанды аспен
ұр! Еменнің иілгені – сынғаны, ердің ұялғаны – өлгені. Бұта
қорғалаған торғай да қалады.
87
Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді. Аюдан қорыққан
тоғайға бармас. Мұртына қарай іскегі, сабасына қарай піспегі.
Май сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер? Жел болмай, шөп
қозғалмас. Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла. Пышақ
берсең қынымен, қынын берсең шынымен. Күн ортақ, ай ортақ,
жақсы ортақ. Қазыға тойса, қарта әлем сасиды. Оқ жетпес жер-
ден қылыш суырма. Үйді қозғасаң көшірерсің, отты қозғасаң
өшірерсің. Шоттың басын бассаң, сабы өзіңе тиер. Айран сұрай
келіп, аяғыңды жасырма. Құр қасық ауыз жыртады. Тоқпағы
зор болса, киіз қазық жерге кіреді. Қалауын тапса, қар жанар.
Ет етке, сорпа бетке.
Сынау. Төменгі сөйлемдердің ішіндегі зат есім сөздердің
астын сызып көрсетіндер.
Бағың артқан шағыңда жапалақ салсаң қаз ілер, бағың
қайтқан шағында лашын салсаң аз ілер. Мал басқа бітер, қына
тасқа бітер. Нар жолында жүк қалмас. Таяқ тайға жеткізер, тай
құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер.
Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді. Ағасы
бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар. Кісі болған кісіні
кісесінен танимын, кісі болмас кісіні мүшесінен танимын. Бұлт
ала, жер шола. Ай мен күндей, әркімге бірдей. Би ба ласы биге
ұқсар, биік-биік тауға ұқсар; хан баласы ханға ұқсар, қанатын
жайған қазға ұқсар; бай баласы байға ұқсар, байланбаған тайға
ұқсар. Қайырымсыз болса ханнан без, өткелсіз болса судан
без, асусыз болса таудан без; Пайдасыз болса байдан без, пана-
сыз болса, сайдан без. Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар;
бәрінен де қой бағып, қойыртпақ ішкен озар.
Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым, қарағайдың
түбінен қайырып алған қобызым.
88
ІІ. СЫН ЕСІМ
Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Мәселен:
Жақсы, жаман, биік, зор, аласа, ұзын, қысқа, терең, тайыз,
қатты, жұмсақ, бай, жарлы, қатты, жұмсақ, қою, сұйық, бай,
жар, жақын, алыс, аш, тоқ, арзан, қымбат, калың, қыран, зе-
рек, кешше, өткір, топас, семіз, арық, жарық, тұнық, ылай, кәрі,
жас, қиын, оңай, ауыр, жеңіл, сау, ауру, ақылды, ақымақ, есті,
есалаң, ескі, жаңа, ұсақ, ірі, таза, ылас, сақ, салақ, сұм, аңқау,
қу, меңіреу, жуан, жіңішке, ауыр, тегіс, жуас, сараң, жомарт,
мырза, жылы, суық, тар, кең, бұдыр, тегіс.
Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есім деп
аталады. Сын есімнің сұрауы – қандай? Мәсе лен: жаман төре
жан алар. Қандай төре жан алар? – Жаман төре жан алар. Арық
атқа қамшы жүк. Қандай атқа қамшы жүк? – Арық атқа қамшы
жүк. «Жаман», «арық» деген сөздер «қандай?» деп сұрағанға
жауап береді жаңа өздері нәрсенің сынын көрсетеді. Осындай
«қандай?» деп сұрағанға жауап болатын сөздердің бәрі де сын
есім болады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді айырту, қайсысы зат
есім, қайсысы сын есім?
Жақсы кісі, жаман мал, биік тау, аласа ағаш, ұзын арқан,
қысқа жіп, терең теңіз, тайыз көл, қатты құрт, жұмсақ нан, қою
қатық, сұйық сүт, бай қазақ, жарлы мұжық, жақын үй, алыс
ауыл, өткір пышақ, топас кісі, семіз қой, арық ат, қараңғы қора,
жарық түн, тұнық су, ылай қақ, кәрі түйе, жас айғыр, қиын күй,
оңай өлең, ауыр жүк, жеңіл сандық, сау жылқы, ауру сиыр,
ақылды бала, ақымақ жігіт, ескі етік, жаңа шапан, ұсақ құм, ірі
тары, таза жұрт, ылас қора, сақ ит, салақ қатын, сұм бала, аңқау
қойшы, жуан қарағай, жіңішке тал, жылы жаз, суық қыс, тар
шалбар, кең жаға, бұдыр жер, тегіс дала.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сын есім сөздердің
астын сызып көрсетіңдер.
Аш бала тоқ баладай ойнамайды. Қатты жерге қақ тұрар,
қайратты ерге мал тұрар. Жаман сайға су түссе, өткел бермес
кешуге. Бай кісі балпаң келер, жарлы кісі қалтаң келер. Жақсы
кеңес жарты ырыс. Ұзын көсеу қол күйдірмес. Тура биде туған
89
жоқ. Ауру күлкі сүймес, жүйрік итті түлкі сүймес. Қысқа жіп
күрмеуге келмес. Құтты қонақ келсе, қой егіз табар. Өткір
пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас. Арық малды асырасаң
аузы-мұрның май етер.
Қараңғы үйде қабан күркірейді. Кәрі түйе ойнақтаса жұт
болады. Арық атқа ауыр қамшы да жүк. Жыртық үйге тамшы
ойнар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Құрғақ қасық ауыз жыртар.
Қуыс үйден құр шықпа, дайын асқа жасауыл болма, көп асқа
бөкеуіл болма. Жақсы жолдың алысы жаман. Тез қасында
қисық ағаш жатпас.
ІІІ. САН ЕСІМ
Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір, екі, үш,
төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш, он
төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиырма, отыз,
қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір жүз, екі жүз,
үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз
жүз, мың, он мың, жүз мың, миллион.
Нәрсенің санын сұрағанда неше? немесе қанша? деп
сұраймыз.
Нәрсенің дәл санын білуге сұрағанда неше? деп сұраймыз.
Мәселен: «Неше кісі келеді?» – «үш кісі келеді». Нәрсенің дәл
санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұрағанда қанша? деп
сұраймыз. Мәселен: «Қанша күн жүресің?» – «үш-төрт күн
жүремін».
Тойда неше (неше) кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі
болды? деп сұрайды. Мәселен: «Екі жүз кісі болды» демейді,
«екі жүздей кісі болды» дейді.
Жоғарғы келтірген мысалда: «Неше кісі?» дегенге «үш кісі»
деген сөз жауап; «қанша кісі?» дегенге «екі жүздей кісі» де-
ген жауап. Басқаша айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша?»
дегенге «екі жүздей» деген сөздер жауап болып тұр. Міне,
осы сияқты неше? қанша? деп сұрауға жауап болатын жаңа
нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз.
Ескерту. Неше? деген сұрау, нешеу? деп те айтылады.
90
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі сан есім
сөздерді айырту.
Бір кісі, екі бет, үш омыртқа, төрт түйе, бес ат, алты бала,
жеті қарға, сегіз бөдене, тоғыз үй, он балық, отыз сиыр, жиыр-
ма сом, жиырма төрт тиын, үш отыз алты асық, қырық жұлдыз,
қырық-елу жыл, елу тоғыз жас, алпыс ара, алпыс екі құрт,
жетпіс қой, жетпіс бір ұлақ, сексен жеті құлаш, тоқсан тоғай,
тоқсан тоғыз торғай, жүз то пай.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сан есімнің ас тын сы-
зып көрсетіңдер.
Мың қосшыға бір басшы. Екі рудан би болса, ел байсал тап-
пас. Екі кісі қағысса, бір кісіге орын болар. Ер қаруы – бес қару.
Бір кісі мың кісіге олжа салады. Бір күн дәм татқанға қырық
күн сәлем. Үйіңде екі қатын болса ойран болар, екі сиыр бол-
са айран бо лар. Елу жылда ел жаңа. Жетесі жаман жас бала,
тоқсандағы шалмен тең. Тоғышардың баласы, жиырма бесте
жаспын дер; Ораздының баласы он бесінде баспын дер. Жеті
атасын білмеген – жетімдіктің салдары. Өтірік екеу, шын
төртеу. Жігіт кісіге жетпіс өнер де аз. Сексен інген боталап,
сегіз келін қомдасын. Бір тәуекел бұзады мың қайғының
қаласын, бір жақсы сөз бітірер мың көңілдің жарасын. Бас екеу
болмай мал екеу болмайды. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып
секіреді.
Төртеу түгел болса, төбедегіні алар, алтау ала болса ауыз-
дағы кетер.
91
ІV. ЕСІМДІК
Кейбір сөздерді зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің ор-
нына жүргендіктен есімдік дейміз, мәселен: «Нұрман отыр»
дегеннің орнына «ол отыр» деп айтамыз. «Мұғалім» дегеннің
орнына «мен» деймін; «шәкірт» дегеннің орнына «сен»
деймін. Мұндай сөздер көбіне өзге есімдер орнына жүретін
болғандықтан есімдік деп аталады.
Мәселен, есімдік сөздер: мен, сен, ол, біз, сіз, олар, кім, не,
қайсы, қандай, өзім, өзің, өзі, бұл, ол, мынау, анау, бірі, бәрі,
менікі, сенікі, онікі, өзімдікі, өзінікі, өзіңдікі, басқанікі.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі есімдік сөздерді ай-
ырту.
Әрі жат, бері жат демек – төсек тарлығы; сенікі, менікі демек
– көңіл тарлығы. Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар, өзгенікі
дегенде, анау-мынау ісім бар. Құлан өз қағынан жерімес. Сиыр
өз тілінен қыршаңқы болады. Не ексең, соны орарсың. Кім
мықты, кім нашары мәлім болар, түскенде той-томаға белін
буып. Үйдің жылы-суығы қыс келгенде білінер, кімнің алыс-
жуығы іс келгенде білінер. Аттың бәрі тұлпар емес, құстың
бәрі сұңқар емес. Сіз деген әдеп, біз деген көмек. Бүгін айдың
нешесі? Қара қайсы? Хан қайсы? Елді ойлаған жан қайсы?
Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Оны тастап
мұны алдың, бұдан тағы құр қалдың, өзі қандай болса, сөзі
сондай. Сен сұңқарсың, мен қумын. Саған дұшпан, маған жау.
Жылқыда тұлпар сен едің, жігітте сұңқар мен едім. Сен астым-
да сау тұрсаң, қыдыра жалды қыл құйрық сенен озбас деп едім.
Бұл сөздің бәрі де ырас, емес жалған.
92
V. ЕТІСТІК
Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін атайды. Мәселен: арт, тарт,
ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сөк, сүз, таста, шық,
жық, ас, ал, төз, күз, қақ, қада, кір, төк, өксі, таңда, сеске, ұлы,
өлше, кет, біл, сыз, бер, бас, ұста, ұр, ти, ой, күт, тіле, түр, ор,
сақ, жақ, жек, бар, жаз, кет, қара, тара, жала, құй, тап, қой, той,
сой, жой, жу, бу, қу, жый, тый, қый, ій, ки, мұндай сөздер етістік
сөздер деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы не етпек?, не істемек?, не
қылмақ?, не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы не ет пек?
Мысал: Қар жауады, кетеді. «Қар не етеді?» – «жа уады?»,
«қар не етеді?» – «кетеді». Қой маңырайды, түйе боздайды. «Қой
не істейді» – «маңырайды», «түйе не істейді?» – «боздайды».
Күн күркірейді. «Күн не қылады?» – «күркірейді». От сөнді,
ел жатты. «От не қылды?» – «сөнді». «Ел не қылды?» – «жат-
ты». Жас өсер, жарлы байыр. «Жас не қылар?» – «өсер». «Жар-
лы не қылар?» – «байыр». «Жауады», «кетеді», «маңырайды»,
«боздайды», «күркірейді», «жатты», «сөнді», «өсер», «байыр»
деген сөздер не етеді? не істейді? не қылады? деп сұрағанға
жаңа өздері істеген істерді атайтын сөздер. Сондай не етпек?
не істемек? не қылмақ? деген сұрауларға жауап болатын сөздер
– бәрі де етістік болады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі сөздерді
айырту. Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?
Кісі сөйлейді, түйе боздайды, ит үреді, қой маңырайды,
қозы жамырайды, бала ойнайды, мен жүремін, сен жүресің,
ол жүреді, бұл оқып отыр. Бірман күліп тұр, Нұрлан жылап
тұр, жел соғып тұр, бу бұрқырап тұр. Көкті бұлт торлады, күн
шықты, тұман серпілді, жұрт оянды, төсектен тұрды, мал өрді,
өріске кетті. Нұрман киінді, жуынды, шай ішті, кітаптарын
алды, Жаз болды, қар еріді, сулар ақты, өзендер тасыды.
Ел қыстаудан шықты. Жер көгерді, мал тойынды. Малшы
мал бағады. Жыршы өлең айтады. Домбырашы күй тартады.
Хатшы қағаз жазады.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің астын
сызып көрсетіңдер.
93
Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға қарайды.
Күн жазға айналды. Сай сайға құяды. Оңқа ойынбұзар, тен-
тек жиын бұзар. Көп азға зорлығын айтады, аз көптен көрген
қорлығын айтады. Жыртық тесікке күледі. Тез қасында қисық
ағаш жатпайды. Шаруа жаз жазылады, қыс қысылады. Ұялмаған
өлеңші болар, ерінбеген етікші болар. Бақ-бақ еткен текені қыс
түскенде көрерміз, батырсынған жігітті ісі түскенде көрерміз.
Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Үйді қозғаған
көшірер, отты қозғаған өшірер. Құр қасық ауыз жыртар. Сиыр
судан жериді, су сиырдан жериді. Есек түйе болмайды, сиыр
бие болмайды. Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды. Аталы
сөзді арсыз қайырар. Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді.
Бірлік болмай тірлік болмас. Жауға жаныңды бер, сырыңды
берме. Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес. Ел ұрыссыз
болмас, тау бөрісіз болмас, ордалы құлан ақсағын білдірмес.
Жалт-жұт етеді, жалмап жұтады. Қара сиырым қарап тұр,
қызыл сиырым жалап тұр.
94
ШЫЛАУ СӨЗДЕР
І. ҮСТЕУ
Кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толтыру үшін үстеу
болады. Мәселен: «әрең келдім» дегенде, «әрең» демесем де,
келгенім көрініп тұр, бірақ «әрең»-ді қосқанда келгендік үстіне
қалай келгендік көрініп тұр. «Әбден бітірді» дегенде «әбден»
демей де, бітіргендік көрініп тұр; бірақ қалай бітіргендік
көрінбейді, «Бітірді»-нің үстіне «әбден» деген сөз жамалса,
қалай бітіргендігі де көрінеді, «дөп тиді» дегенде тигендігі «дөп»
деп айтпасақ та, көрінеді, бірақ қалай тигендігі көрінбейді,
«дөп» деген сөзді қосып айтсақ, қалай тигендігі де көрінеді.
«Ол әрі кетті», «мен бері келдім» дегенде «әрі», «бері» деген
сөздерді айтпасақ та оның кеткендігі, менің келгендігім көрініп
тұр. Бірақ оның қайда кеткендігі, менің қайда келгендігім
«әрі», «бері» деген сөзді айтпасақ, көрінбейді. Сондай-ақ
«Бұрын адам аз, жер кең болған, енді адам көп, жер тар бол-
ды». «Бұрын» деген сөзді айтпасақ та адам аз болғаны, жер кең
болғаны көрініп тұр, бірақ адам қашан аз болғаны, жер қашан
кең болғаны көрінбейді. «Бұрын» деген сөзді қосып айтсақ,
қашан аз болғандығы көрініп, сөздің мағынасы түгелденеді.
«Енді» де ген сөзді айтпай «адам көп, жер тар болды» десек
де, адам аз, жер тар болғандығы көрінеді. Бірақ қашан солай
болғандығы керінбейді. «Енді» деген сөзді қосып айтсақ, адам
қашан аз болғандығы, жер қашан тар болғандығы анық көрініп,
сөздің мағынасы түгелденеді.
Осындай сөз үстіне қосылып, сөздің мағынасын толық-
тыратын сөздерді үстеу дейміз.
Көбінесе үстеу сөз орнына басқа сөздер, не басқа сөзден ту-
ынды үстеу сөздер жүреді. Нағыз таза үстеу сөздер қазақ тілінде
аз. Үстеу сөз де, туынды үстеу сөз де, үстеу сөз орнындағы
басқа сөз де – бәрі сұраудан білінеді. Қалай?, қашан?, қайда?
деген сөздерге жауап болып айтылатын сөздердің бәрі де я
үстеу сөз, я соның орнындағы төлеу сөз.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, үстеу сөздердің астын
сызып көрсетіңдер.
95
Кеше ыстық болды, бүгін жаңбыр болып тұр. Былтыр қар
ерте кетті, биыл кеш кетті. Мана басым ауырып еді, осы кезде
ауырғанын қойды. Дүркін-дүркін ит үріп жатты.
Соңыра барып келермін. Баяғыда бір бай болған екен. Ат
артынан аулақ жүр. Нұрман кітапты жылдам оқып шықты,
Бірман шабан оқиды.
Екі кісі ауыл сыртында оңаша сөйлесіп отыр екен. Ана кісі
арман бара жатыр, мына кісі бермен келе жатыр. Анда-санда
айтақтаған дауыс естіледі. Екеуміз жүзбе-жүз сөйлестік. Осы
сөзімді әдейі ауызыма-ауыз өзіне айт. Құс кеш келді. Екеуі
далаға бірге шықты. Ауылға таяу келіп, жаяу жүрді. Бірге
келіп, басқа кетті. «Бүгін ойнайын, ертең окырмын» деп жалқау
бала ай тады, «бүгін оқиын, ертең ойнармын» деп іскер бала ай-
тады.
ІІ. ДЕМЕУ
Демеу дегеніміз екі сөздің яки сөйлемнің арасын
жалғастыруға демеу болатын сөздер. Мәселен: «Мен де, сен де
сонда болдық», «ол оқиды да, жазады да».
«Да», «де» деген сөздер екі арасындағы жүйесін келтіріп,
жалғастыруға демеу болып тұр.
«Не ол тұрар, не мен тұрармын». «Бұл жұмыс не бітер, не
бітпес немесе осы күйінде қалар».
«Не», «немесе» деген сөздер басқа сөздердің арасындағы
жүйелерін келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр. «Мен
саған ұрыстым ба? Әйтпесе сөктім бе? неме се соқтым ба?».
Балаң қазақша оқи ма? Орысша оқи ма? Әлде, тіпті босқа
жүр ме? «ба», «бе», «ма», «ме», «әлде», «әйтпесе», «немесе»
деген сөздер басқа сөздердін арасындағы жүйесін келтіріп,
жалғастыру үшін тұр.
Демеу сөздер қазақ тілінде аз. Оның да көбі басқа сөзден
шыққан туынды демеулер; мәселен: үйткені, сүйткені, үйтсе
де, бүйтсе де, сүйтсе де, әйтсе де, әйтпесе, бүйтпесе, немесе –
бәрі туынды демеулер.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі де меу
сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
96
Ол саған әлде күйеу, әлде құда, (сүймейді қой атаулы мені
жүдә). Я бөлең, я жиенің, я нағашың, әйтеуір саған ұқсас еді о
да. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, жұмыссыз тек тұрған
жоқ ешбір жан да. Мен бүгін сабаққа бара алғаным жоқ, үйткені
басым ауырған еді. Басың ауырған шығар, сүйтсе де сабақтан
қалғаның жарамаған екен. Әлде мен сылап-сипап бақпадым
ба? Болмаса жемнен қысып сақтадым ба? Әйтпесе әбзелдерің
сәнді емес пе? Жібектен тізгініңді тақпадым ба? Оқымадың,
қой бақтың, сүйткенде сен не таптың? Қалаға балаңды жібер
немесе өзің барып кел. Үйтсе де, бүйтсе де еш нәрсе өнетін
емес. Береді деп ойлаймын, сүйтсе де сұрап көр! Бір мәнісі бар
шығар, әйтпесе неге жазбасын. Ол саған ұрысар, әйтсе де әзір
бару керек. Ол сенің арызыңды жазып бермес, үйткені арыз
жазбайтын адам.
ІІІ. ЖАЛҒАУЛЫҚ
Кей сөздер жалғау орнына жүреді жана жалғаулар сияқты
басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына
шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз.
Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз, мәселен: мен, үшін,
арқылы, тақырыпты, туралы.
«менен» алдындағы дыбыстың түріне қарай «бенен» болып
айтылады, қысқа түрінде «мен», «бен» болып айтылады.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, жалғаулық сөздердің
астын сызып көрсетіңдер.
Күштімен күреспе, байменен тіреспе. Отпен ойнама
күйерсің, баламен ойнама, шаршарсың. Бұлардың дауы жер
тақырыбы, олардың дауы – жесір тақырыбы. Хабарды телеграм
арқылы алдым, хатты пошта арқылы алдым. Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін. Жоқ-барды ертегіні термек үшін. Ат тура-
лы сөзді қысқарталық. Қолмен істегенді мойынмен көтереді.
Таспен ұрғанды аспен ұр.
97
ІV. ОДАҒАЙ СӨЗ
Кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады.
Мәселен: Апырымай! Шошып кеттім ғой. Ай-қай, қай. Жаным
жаңа райыс тапты ғой. Ай-қай, менің өз үйім, кең сарайым, боз
үйім! Әлди-әлди, ақ бөпем! Пай-пай, қалай аяңдайды! «Ау-қау»
деп дауыстап еді, сиыр мөңіреді. Тарс-тұрс еткен мылтықтың
дауысы естіледі. «Сорап-сорап!» деген дауыс құлағыма келді.
Апырым-ай! ай-қай! әлди-әлди! пай-пай! ау-қау! тарс-
тұрс, сорап-сорап. Осылай айтылатын сөздерді одағай сөздер
дейміз.
Одағай сөз қазақ тілінде көп, қуаныш, реніш, күйініш,
қайғы, жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рақат тапқанда,
шығатын дыбыстар, дауыстар, айтыла тын сөздер, хайуандарға
айтатын сөздер, дауыстар, шақырулар бәрі одағай сөз табына
кіреді.
Мәселен: У! А! ойбай-ай! Жаным-ай! Құдайым-ай! Апырым-
ай! Ау-отағасы-ау! Апырым-ау! Ал! Ай-қай, қай! Е-е-е! Ой
тәңір-ай! Күс-күс! Құр-құр! Қош-қош! Құру! Шөре-шөре! Ау-
қау! Сорап-сорап! Шәум-шәум! Ка-ка! Шөк-шөк! Әукім-әукім!
Өк! Мыш-мыш! Айт-айт! Тарс-тарс. Дүңк-дүңк. Сықыр-сықыр.
Тырс-тырс. Сылдыр-сылдыр. Күлдір-күлдір. Тық-тық. Күмп-
күмп. Сарт-сұрт. Қырық-қарық. Шың-шың. ІІІыр-шыр. Қаңқ-
қаңқ. Пыс-пыс.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі одағай
сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Алақай, әкем кітап әкеп берді. Ойбай! Көзі аларып кетгі.
Бұ қорлыққа қалай шыдармын, ойбай! У! Жаңа адам болдым
ғой. Жарықтық-ау! Не істе дейсің. Ой Тәңірі-ай! Жоқ сөзді
айтқан несі! Апырым-ау! мына бала таласады ойбай-ау! Мы-
насы кім еді? Ие, ие, манағы көрген адамым сол екен ғой. Қой!
Жай отыршы. Күс-күс, жануар! «Әукім-әукім» деп еді, сиыр
тыпырлағанын қойды. «Сорап-сорап» деген дауысты естіп
түйелер құдыққа келеді. Арбаға сиыр сүйкеніп жатыр, «өк!»
деші. Түйе тұрып кетер, «шоқ-шоқ» деп тұрғайсың. Қамыс
ішінен тарс-тұрс өткен мылтық дауысы шықты. Күмп-күмп
пісіп-пісіп, сабадан қымыз құйды. Күлдір-күлдір кісінетіп,
күрең мінген бар ма екен? Ал келдік, жаман жерге, енді сақтан!
Ай-қай, менің өз үйім!
98
ҚОРЫТУ
Сүйтіп, сөз тұлғасына қарай беске бөлінеді:
1)Түбір сөз
4) Қосалқы сөз
2) Туынды сөз (туғын сөз
5) Қосымшалар
3) Қос сөз
Сөздер мағынасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді:
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Сан есім
есімдеуіш атау сөздер
4. Есімдік
5. Етістік
6. Үстеу (үстеуіш)
7. Демеу (демеуіш)
шылау сөздер
8. Жалғау (жалғауыш)
9. Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)
99
ТАСЫМАЛ
Жазып келе жатқанда жол аяғында орын аз қалып, сөз сый-
майтын болса, ол сөзге тасымал керек яғни сөзді екі бөліп; бір
бөлігін сол жолда қалдырып, екінші бөлігін келесі жолға асыру
керек. Тасымал үшін әуелі сөзді буынға бөлу, сыймаған буын-
дарын келесі жолға асыру. Бұл туралы ереже мынадай:
1. Тасымалдағанда әр буын бөлінбей, не тұтас қалады, не
тұтас асырылады, мәселен: жол аяғында «шақырғанға» деген
сөз тұтас сыймады; не істеу керек? Сөзді дұрыстап буынға бөлу
керек. «Ша-қыр-ған-ға», «ша» буынды қалдырып, басқаларын
келесі жолға асыруға болады. Не «шақыр» деген буындарын
қалдырып, «ғанға»-ны асыруға болады немесе «шақырған» де-
генге дейін қалдырып «ға»-ны асыру керек.
«Шақ» деп бөліп, қалғанын асырсақ, «шақырға» деп бөліп
«ынға»-ны асырсақ, дұрыс болмайды. Неге десең ереже бой-
ынша буын бөлінбеске тиіс, мұнда буындар бөлініп тұр, «шақ»
деп бөлгенде «қыр...» буыны екі бөлініп тұр, «шақырға» деп
бөлгенде «ған» буыны екі бөлініп тұр.
2. Жалғыз қаріп буын бола тұрса да, қалынбайды да, асы-
рылмайды да. Мәселен: «ағалар» дегенде бас буын жалғыз «а»,
бұл «а» өз алдына буын бола тұрса да, қалынбайды. Мәселен,
«а»-ны ғана қалдырып, басқа буындарын келесі жолға асыр-
маймыз. Сөйтіп, жолға сыймайтын сөзді тасымалдау үшін не
істеу керек?
Әуелі, сөзді буынға дұрыс бөлу. Екінші бір буынды бөлмей,
тұтас күйінде асыру. Үшінші, жалғыз қаріпті буын бола тұрса
да қалдырмай келесі жолға асыру.
Сынау. Әртүрлі сөздерді алып тасымалдату.
100
101
А. БАЙТҰPCЫНҰЛЫ
ТІЛ – ҚҰРАЛ
(Қазақ тілінің сарфы)
2-нші жылдық
Орынбор – 1915
102
СӨЙЛЕУ БӨЛІМДЕРІ
І. ЗАТ ЕСІМ
Зат есім – нәрселердің атын көрсететін сөздер. Нәрсе
деп не түрлі де болса бар заттарды айтамыз. Зат тегіңде екі
түрлі. Біреулері – көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға
иіс келетін, тілге татылатын, денеге сезілетін деректі заттар.
Екіншілері – көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға
иіс келмейтін, тілге татылмайтын денеге сезілмейтін, адам
ақылмен ғана білетін дерексіз заттар.
Сол деректі һәм дерексіз заттардың атын көрсететін сөздерді
зат есім дейміз.
Деректі заттардың есімін көрсететін сөздер, мысалы: жер,
су, ай, күн, дыбыс, ән, күй, иіс-қоңыс, дәм, ащылық, тұщылық,
жылулық, суықтық, уа ғайрилары
14
.
Дерексіз заттардың есімін көрсететін сөздер. Мәселен: бақ,
бәле, жан, өлім, ой, мінез, ұят, реніш, қуаныш, уа ғайрилары.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі деректі,
дерексіз заттардың есімін айырту.
Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Өлген ары-
станнан тірі тышқан артық. Ат аунаған жерге түк қалады. Иті
құтырса, иесін қабар. Қойшы көп болса, қой арам өлер. Көлде
жүрген қоңыр қаз көл қадірін білер ме? Шөлде жүрген дуадақ
шөл қадірін білер ме? Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес.
Шортанның өзі өлсе де, тісі өлмес. Көрмес түйені кермес. Бит-
ке пышақ суырма! Екі сұңқар таласса, бір қарғаға жем түсер.
Бүркіт қартайса, тышқан аулар. Құста сүт жоқ, жылқыда өт
жоқ. Ойлай берсең ой да көп, сана да көп, ойнай берсең, ой да
жоқ, сана да жоқ. Есің барда етегіңді жап. Ашу дұшпан, ақыл
дос, ақылыңа ақыл қос. Сабыр түбі сары алтын. Сарғайған же-
тер мұратқа, асыққан қалар ұятқа.
Зат есім екі түрлі болады: біреулері – нәрсенің дербес өз ба-
сына ғана қойылған: Жалқы есім. Екіншілері – нәрсенің біріне
емес, барлық табына қойылған: Жалпы есім.
14
Уа ғайри – арабша тағы басқалары деген мағынаны білдіреді.
103
Жалқы есімдер: Ахмет, Атымтай, Атығай, Қызылжар,
Семей, Қырым, Қытай.
Жалпы есімдер: Кісі, еркек, қала, дала, ел, жұрт, ұлт, өлке,
патшалық.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі жалқы
һәм жалпы есімдерді айырту.
Сайымның ұлы Қараман! Қазанға кетіп барамын. Қобы-
ланды батыр дем алып, алдыңғы жаққа қарады: көз ұшында
бір адам шауып өтіп барады. Боқанға келді «Ар ма?» – деп,
«Алдыңда кісің бар ма?» – деп. А, Жанақ, тимей отыр
қытығыма! Найманның кім жетеді ұшығына? Жиылып тамам
арғын тең келе ме? Бір үйлі Тоқабайдай пұшығыма? Байлыққа
кім тұрғанда Досан тұрған, қасында Байжан, Сыман қоса
тұрған. Қорадан он төрт мың қой бірден өрген, Аламан шеннен
шыққан. Асан тұрған, шапса қылыш өтпейтін Мұсам тұрған.
Маған неге сөйлейді осы антұрған? Еділ қатса, кім өтпес; Едіге
өлсе кім кетпес. Атаң жаман кісі еді: ат бергеннің құлы еді;
шешен жаман кісі еді: Мәскеуден келген күң еді. Ыстамбұл
патша болсаң да Құдыс, Шамға, Бұхармен, Хүкім етсең де
Хиндүстанға. Ағылшын, Қытай, Йапон, Румды алып, дін түзеп,
әмір етсең де бұл жаһанға. Тұтсаң да жеті ықылымның бәрін
тегіс, кірерсің ақыр бір күн көрістанға. Есепсіз бай болсаң да
Қарымбайдай; сахи
15
боп мал шашсаң да Атымтайдай, патша-
дай Әмір Темірден түзетіп болсаң да әйдік батыр Арыстандай,
болсаң да Жиреншедей тілге шешен, Ақырда жатар орның тар
лақат жай.
Зат есімде екі айырыс бар: 1) Жекелік; 2) Көптік.
Жекелік айырыс – нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі,
мәселен: ата, дене, омырау, белбеу, ой, сырнай, керней, ашу,
шыны, қаз, құнан, аяқ, шелек.
Көптік айырыс – нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі,
мәселен: аталар, денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар, сыр-
найлар, кернейлер, ашулар, шынылар, қаздар, құнандар,
аяқтар, шелектер.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді жекелік айырыстан
көптік айырысқа көшірту.
15
сахи – арабша мүлік иесі, қожа.
104
Кісі, адам, жан, бас, шаш, маңдай, мый, желке, бет, жүз,
көз, кірпік, қас, мұрын, танау, ауыз, ерін, тіл, тіс, мұрт, таңдай,
тамақ, өңеш, жақ, құлақ, самай иек, сақал, кеуде, қабырға, арқа,
тері, өкпе, бел, иін, аяқ, тізе, шөп, арпа, бидай, тары, сұлы,
жүгері, жуа, шие, қайың, жөке, ожау, аяқ, табақ, қар, жаңбыр,
саз, балшық, бие, құлын, айғыр, қошқар, бұзау, қаз, үйрек,
торғай, үкі, ителгі.
Зат есімде екі қалып бар: 1) Жай қалып; 2) Тәуелді қалып.
Жай қалып нәрсенің битарап күйіндегі есімнің түрі,
мәселен, жекеше: ата, дене, омырау, белбеу, ой, үй, сырнай,
керней, ашу, шыны, қаз, құнан, аяқ, шелек.
Көпше: аталар, денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар,
үйлер, сырнайлар, кернейлер, ашулар, шынылар, қаздар,
құнандар, аяқтар, шелектер.
Тәуелді қалып – бір нәрсені екінші нәрсе меншіктеуін
көрсеткендегі сөздің түрі.
Тәуелдік екі түрлі: 1) Оңаша тәуелдік; 2) Ортақ тәуелдік.
Оңаша тәуелдік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін
көрсетеді. Ортақ тәуелдік бір нәрсені басқа нәрселер ортақ
меншіктеуін көрсетеді.
Тәуелді қалыпта үш жақ бар: І-нші жақ (мендік), ІІ-інші
жақ (сендік), ІІІ-нші жақ (бөгделік).
Тәуелді қалыпта екі рет (түрі) бар: 1. Анайылық рет;
2. Сыпайылық рет.
105
ТӘУЕЛДІ ҚАЛЫП
ОҢАША ТӘУЕЛДІК
Жекеше: І-нші жақ (мендік): атам, денем, омырауым,
белбеуім, ойым, үйім, сырнайым, кернейім, ашуым, шыным,
қазым, құнаным, аяғым, шелегім.
ІІ-нші жақ (сендік): атаң, денең, омырауың, белбеуің, ойың,
үйің, сырнайың, кернейің, ашуың, шының, қазың, құнаның,
аяғың, шелегің.
ІІІ-інші жақ (бөгделік): атасы, денесі, омырауы, белбеуі,
ойы, үйі, сырнайы, кернейі, ашуы, шынысы, қазы, құнаны,
аяғы, шелегі.
Көпше: І-нші жақ (мендік): аталарым, денелерім, омы-
рауларым, белбеулерім, ойларым, үйлерім, сырнайларым,
кернейлерім, ашуларым, шыныларым, қаздарым, құнандарым,
аяқтарым, шелектерім.
ІІ-нші жақ (сендік): аталарың, денелерің, омырауларың, бел-
беулерің, ойларың, үйлерің, сырнайларың, кернейлерің, ашу-
ларың, шыныларың, қаздарың, құнандарың, аяқтарың, шелек-
терің.
ІІІ-інші жақ (бөгделік): аталары, денелері, омыраулары,
белбеулері, ойлары, үйлері, сырнайлары, кернейлері, ашулары,
шынылары, қаздары, құнандары, аяқтары, шелектері.
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша басқа зат есім сөздерді
алып, оңаша тәуелдік түріне түсірту.
ІІ. ОРТАҚ ТӘУЕЛДІК
Жекеше: І-інші жақ (біздік): атамыз, денеміз, омырауы-
мыз, белбеуіміз, ойымыз, үйіміз, сырнайымыз, кернейіміз, ашу-
ымыз, шынымыз, қазымыз, құнанымыз, аяғымыз, шелегіміз.
ІІ-нші жақ (сіздік): атаңыз, денеңіз, омырауыңыз,
белбеуіңіз, ойыңыз, үйіңіз, сырнайыңыз, кернейіңіз, ашуыңыз,
шыныңыз, қазыңыз, құнаныңыз, аяғыңыз, шелегіңіз.
106
ІІІ-інші жақ (бөгделік): атасы, денесі, омырауы, белбеуі,
ойы, үйі, сырнайы, кернейі, ашуы, шынысы, қазы, құнаны,
аяғы, шелегі.
Көпше: І-інші жақ (біздік): аталарымыз, денелеріміз, омы-
рауларымыз, белбеулеріміз, ойларымыз, үйлеріміз, сырнайлары-
мыз, кернейлеріміз, ашуларымыз, шыныларымыз, қаздарымыз,
құнандарымыз, аяқтарымыз, шелектеріміз.
ІІ-інші жақ (сіздік): аталарыңыз, денелеріңіз, омырау-
ларыңыз, белбеулеріңіз, ойларыңыз, үйлеріңіз, сырнайларыңыз,
кернейлеріңіз, ашуларыңыз, шыныларыңыз, қаздарыңыз,
құнандарыңыз, аяқтарыңыз, шелектеріңіз.
ІІІ-інші жақ (бөгделік): аталары, денелері, омыраулары,
белбеулері, ойлары, сырнайлары, кернейлері, ашулары, шыны-
лары, қаздары, құнандары, аяқтары, шелектері.
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша басқа зат есім сөздерді
алып, ортақ тәуелдік түріне түсірту.
Ескерту. Анайылық ретпен сөйлегенде, оңаша тәуелдік түр-
мен айтылады, сыпайылық ретпен сөйлегенде, ортақ тәуелдік
түрмен айтылады, мәселен:
Анайылық рет.
Жекеше: І-інші жақ – атам, апам, балам, атым, асым, ба-
сым.
ІІ-нші жақ – атаң, апаң, балаң, атың, асың, басың.
ІІІ-інші жақ – атасы, анасы, баласы, аты, асы, басы.
Көпше: І-інші жақ – аталарым, аналарым, балаларым,
аттарым, астарым, бастарым.
ІІ-інші жақ – аталарың, аналарың, балаларың, аттарың,
астарың, бастарың.
ІІІ-інші жақ – аталары, аналары, балалары, аттары, ба-
стары
Сыпайылық рет.
Жекеше: І-інші жақ – атамыз, анамыз, баламыз, асымыз,
басымыз.
ІІ-нші жақ – атаңыз, анаңыз, балаңыз, атыңыз, асыңыз,
басыңыз.
ІІІ-інші жақ – анайылық ретше.
107
Көпше: І-ші жақ – аталарымыз, аналарымыз, балалары-
мыз, аттарымыз, астарымыз, бастарымыз.
ІІ-нші жақ – аталарыңыз, аналарыңыз, балаларыңыз,
аттарыңыз, астарыңыз, бастарыңыз.
ІІІ-інші жақ – анайылық ретше.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді осы үлгі бойынша
әуелі анайы ретке, сонан соң сыпайы ретке аударту (жекеше,
көпше, үш жақтық түрлерімен).
Арба, көрпе, тау, егеу, тай, көмей, сый, ши, от, бет, саз, әз,
таң, көң, нар, айыр.
Сұраулар.
Зат туралы қазақ тілінде екі сұрау бар: кісі туралы «кім?»
деп сұраймыз, басқа заттар туралы «не?» деп сұраймыз.
Жалғay һәм жалғаулықтар.
Жалғау екі түрлі: 1) Септік жалғау; 2) Көптік жалғау.
Септік жалғаулар сөздердің үйлесуіне сеп болады. Көптік
жалғаулар нәрсенің жеке емес, көп күйдегі есімін көрсетеді.
Септік жалғау бесеу: 1. Ілік жалғау «-дың»; 2. Барыс жалғау
«-ға»; 3. Табыс жалғау «-ды»; 4. Жатыс жалғау «-да»; 5. Шығыс
жалғау «-дан».
Көптік жалғау біреу-ақ: «-лар», «-лар» жалғау жіңішке сөзде
«-лер» болады.
Сөздің аяқ дыбысы дауыссыз яки жарты дауысты бол-
са, «-лар» жалғау «-дар» болып, «-лер» жалғау «-дер» болып
өзгереді.
Жалғаулықтар: менен, үшін, арқылы, туралы, тақырыпты
уа ғайри сондай жалғау мағынасында жүретін сөздер.
Алдындағы сөздің аяқ дыбысының әуеніне қарап, жалғаулық
«бенен» болып та айтылады. Қысқа түрлері «мен», «бен».
Септік жалғаулықтар да сөздің аяқ дыбысына қарай түрліше
жалғанады. Мысал үшін түрлі-түрлі сөздер алып, жалғап
қарайық.
108
Жай қалып.
Достарыңызбен бөлісу: |