Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор


А.А. Молдажанова, А.К. Аманова, Г.Б. Ниязова



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40

А.А. Молдажанова, А.К. Аманова, Г.Б. Ниязова 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 
Қазақстан, Астана қаласы 
 
ҚҰНДЫЛЫҚТАР- МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ БІР БӨЛШЕГІ РЕТІНДЕГІ 
 
Заманауи жағдайларда құзіреттілікті амалды енгізу жоғары білім беруді дамытудың кешенді 
бағдарламасын  танытады.  Жоғары  мектептерде  кәсіби  даярлық  жүргізу  барысында  кәсіби 
құзіреттілік  қалыптасады.  Кәсіби  құзіреттілік  кәсіби  іс-әрекеттердің  нақты  жағдайларында  білім, 
білік, дағды, тәжірибені жүзеге асыруға даярлығы мен қабілеті ретінде белгіленеді.  
Профессионалдарды  қалыптастыру  процесі  –  бұл  көпдеңгейлі  күрделі  процесс. 
Профессионалдың  қалыптасуы  әр  алуан  ұғымдармен  нақтыланады.  «Профессионализация»  «кәсіби 
әлеуметтендіру» ұғымының синонимі болып табыла отырып, кәсіби қалыптасу барысында әлеуметтік 
реттегіш рөлін атап көрсетеді. «Кәсіби дамыту» мен «Кәсіби оқыту» ұғымы кәсібилендіру барысында 
индивидпен орын алатын өзгерістер сипаты үшін қолданылады: бірінші ұғым кәсіби қабілеттері мен 
мотивтерін,  ал  екіншісі  –  кәсіби  тәжірибені  сипаттайды.  «Кәсіби  тұлғаның  жолы»  ұғымы  кәсіби 
қалыптасу  процесінің  тұлғалық  мәнін,  олардың  адаммен  басқарушылығын  және  нақты  өмірдің 
мәнмәтініндегі  іске  қосылымдылығын  атап  өтеді.  Интергралдық  түсінік  ретінде  атаулы  процестің 
барлық аспектілері  ескеріледі,  біз  «кәсіби қалыптасу»  түсінігіне бағдар  жасайтын боламыз. [1,  127-
б.]. 
Психологиядағы  тұлғаның  кәсіби  қалыптасуы  «мамандық  таңдау,  кәсіби  білім  беру  және 
даярлық,  кәсіби  іс-әрекеттерді  өнімді  орындау  барысындағы  тұлғаны  дамыту  процесі»  ретінде 
түсіндіріледі [2, 342-б.]. 
Маман-психологтың  кәсіби  тұлға  болып  қалыптасуының  ерекшеліктерін  анықтайтын 
көптеген  маңызды  сипаттамалар  толығымен  және  жеке  алғандағы  кәсіби  ұстанымы  кәсіби 
психологиялық білім алу процессінде қалыптасып төселеді. Бұны А.И. Донцовтың,                     Г.Ю. 
Любимованың, О.Н. Родинаның зерттеулерінің нәтижелері айқынды дәлелдейді. 
Психологиялық  кәсіби  білім  беру  мазмұнына  тоқталайық.  Кез-келген  мамандық  бойынша 
кәсіби  даярлық  мазмұны  Мемлекеттік  білім  беру  стандартымен  белгіленеді.  Осындай  құжаттың 
болуы  кәсіби  білім  беру  процесін  стандарттауға  мүмкіндік  береді,  білім  беру  жүйесінің  әр  алуан 
кезеңдеріндегі  сабақтастықты  қамтамасыз  етеді  және  кәсіби  даярлық  сапасының  артуына  ықпал 
жасайды.  
Қазақстандағы  кәсіби  білім  беру  оқу  орнына  психологтарды  дайындау  бағдарламасы 
бойынша студенттерді оқытуды жүргізу құқығын беретін Білім беру министрлігінің лицензиясы бар 
жоғары  оқу  орындарында  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік  органдар  мен  білім  беру  ұйымдары 
психологтарды  кәсіби  даярлау  мен  қайта  даярлаудағы  жоғары  деңгейін  қалыптастырудың  сәйкес 
өлшемдері  мен  талаптарын  жасайды.  Мемлекеттік  аккредиттеу  жоғары  оқу  орнына  мемлекеттік 
үлгідегі диплом беру құқығын береді.  
Университетте немесе институтта білім алу процесінде болашақ психолог–маман теориялық 
білім,  практикалық  машықтар  мен  дағдылар  игереді,  оның  кәсіби  бағдарлылығы,  психолог 
мамандығының  қолданылу  саласы  туралы  түсінігі  қалыптасады.  Жоғары  білім  алу  кезеңінде  білім 
игеруден басқа студенттердің тұлғалық өсуі жалғасатын болады.  
Психология  саласындағы  кәсіби  даярлықтың  көптеген  мәселелерінің  арасында  көп 
жағдайларда  мамандықтың  бұдан  әрі  өміршеңдігі  мен  бәсекеге  қабілеттілігін  анықтайтын  өзара  екі 
аспектіні  ерекшелеуге  болады.  Бірінші  аспекті  көп  жағдайларда  психологиялық  тәртіпті  игерудің 
сәттілігі мен тиімділігін және маманның ғылыми психологиялық позициясының адекватты заманауи 

145 
 
талаптарын  қалыптастырумен  байланысты.  Бұл  жағдайда  өзін  психология  ілімін  меңгеруге  арнаған 
ғана  емес,  сонымен  қатар  «адам-адам»  саласында  жұмысқа  жарамды  тұлғаларды  алдын  ала  таңдау 
мәселелері туындайды.  
Екінші  аспекті  дәл  психологтың  адамгершілік  және  рухани  кескіндегі  тұлғасын 
қалыптастыруға  қатысты.  Басым  этикалық  нормалар  мен  қағидаттарды  қабылдау  мен  терең  түсіну 
дәрежесі қалыптасады. Бұл психологиялық әсер объектісінің бірегейлілігі мен адамның ішкі әлеміне 
терең  енуге  мүмкіндік  беретін  технологиялық  тәсіл  ерекшелігімен  байланысты.  Психолог  адамның 
тұтас  жан  дүние ұйымдастырылуымен,  психологиясының  тұтас  көріністерімен  өзгелерге қарағанда, 
барынша  тығыз  ұштастырылады.  Адам  көмегіне  жүгінген  жан  дүниеге  ырықты  немесе  ырықсыз 
жақын келу барынша сақ болуы тиіс және біреге өмірлік жолын дербес жасаудағы өзін табуына залал 
келтіріп алмауы тиіс. Кәсіби қызмет барысында байқалатын өзге адамның құндылығына бағытталу, 
кәсіби міндеттілік сезіміне алаңдау және өзінің кәсіби әрекеттеріне негізделген өзінің мүмкіндіктерін 
және жеке мәселелерін айналасындағы адамдарға өзіндік психологиялық әсер ету шаралары ретінде 
психологтың өзін өзі ұғынуын шиеленістіреді [4, 56-б.]. 
У.С.  Родыгина  I-IV  курс  аралығындағы  студент-психологтардың  кәсіби  сәйкестілігінің 
параметрлерін  дамытуды  сипаттап  көрсетеді.  I-IV  курс  аралығындағы  сынаққа  түскендер  дерегі 
салыстырмалы  игілігі  мен  тұрақтылықты  көрсетеді.  Бірінші  курс  студентінің  басқаларынан 
психологтың  кәсіби  сәйкестілігіболмауымен  танылады.  Бәрінен  бұрын  психологтың  болашақ 
кәсібімен сәйкестілігі жеткілікті түрде формалды: «Егер мен психология факультетінде білім алатын 
болсам,  онда  міндетті  түрде  психолог  болып  шығамын».  Екінші  курс  көтеріңкі  рефлексиялы 
деңгейімен  сипатталады.  Мүмкін  бұл  мамандық  таңдаумен  және  осы  мәселе  төңірегінде  ойлану 
қажеттілігімен  шартталады.  Үшінші  курс  кәсіби  оқытуға  басқаларынан  көтеріңкі  мотивациясымен 
ерекшеленеді.  Төртінші  курс  барлық  зерттеу  үстіндегі  параметрлер  бойынша  орташа 
көрсеткіштерімен сипатталады. Алдыңғы позицияларынан біреуіне бірінші «материалды қамтамасыз 
етілген өмір» құндылық-мақсаты шығады.  
Сонымен,  кәсіби  жоғары  білім  алу  процесінде  студент-психологтың  тұлғалық-кәсіби 
қалыптасуымен  аса  маңызды  трансформация  орын  алады.  Құндылықты  өзіндік  кәсіби  белгілеуімен 
қатар үшінші курстың аралығында алатын кәсіби білім мазмұнынан көтеріңкі сыншылдығы сияқты 
(оның  жеткіліктілігі,  фундаментальділігі,  жүйелендірілгендігі,  заманауилығы),  студенттердің  өзінің 
кәсіби  жоспарын  артық  бағалауында  да  айқын  дағдарыс  орын  алады.  Оқытудың  әр  түрлі 
кезеңдеріндегі  кәсіби  позиция  динамикасын  зерттеу  кәсіби  позиция  құрылымдық-динамикалы 
тұлғалық өзгермелі болып табылатындығы туралы ережеге негізделді және дамиды, кәсіби қалыптасу 
процесінде өзгерістерге төзеді. 
Осы  жағдайды  тексеру  үшін  Семей  қаласының  Шәкірім  атындағы  мемлекеттік 
университетінде  зерттеулер жүргіздік.  Зерттеу  әдістері.  1)  Өзіндік  қатынас  сауалнамасы             (В.В. 
Столин, С.Р. Пантелеев). 2) Шварц әдістемесі «тұлғы құндылығын зерттеу», құндылықтың он типінің 
(билік,  жетістік,  гедонизм,  ынталандыру,  дербестік,  әмбебаптық,  мейірімділік,  дәстүр, 
конформдылық, қауіпсіздік)мәндік өлшемдеріне арналған шкаланы танытады.  
Сендіру  деңгейіндегі  бірінші  курстықтар  үшін  келдесі  құндылықтар  аса  маңызды  болып 
табылады:  мейірімділік,  қауіпсіздік,  дербестік.  Тұлғаға  аса  көбірек  ықпал  ететін  құндылықтар 
құрылымында  басым  орынды  жақын  адамдармен  күнделікті  өзара  қарым-қатынастағыигілікке 
тоғыстырылған ақ ниеттілік, адалдық ерекше орынға ие.  
Сонымен  қатар  шығармашылықта  және  зерттеу  белсенділігінде,  автономдылығында, 
тәуелсіздігінде,  ал  келесі  жағынан  өзі  үшін  де,  басқа  үшін  де  қауіпсіздіктегі  ойлау  мен  әрекет 
әдістерін  таңдау  дербестігі  маңызды.  Осы  құндылықтар  өмірдің  өтпелі  кезеңімен,  мектептегі  оқу 
аяқталуымен,  жоғары  оқу  орнындағы  оқу  әрекетінің  басталуымен  байланысты  маңызды  болып 
табылуы мүмкін. Маңызы жағынан төмендегілер қатарына мыналар кірді: құрмет, мәдениетте орын 
алған салттар мен идеяларға құрмет көрсету,оларды қабылдау және сақтау.  
Осылайша,  бірінші  оқу  жылындағы  студент-психологтар  нормативті  идеалдар  деңгейінде 
«мейірімділік»  құндылығын  басшылыққа  алады.  Аз  дәрежеде  «дәстүр»  құндылығы,  ал  шынайы 
әлеуметтік  мінезде  «билік»  құндылығы  басшылық  етеді.  Жалпы  алғанда,  студенттердің  бірінші 
кезекте шарттастырылған өзіндік қызығушылықтағы позитивті өзара қарым-қатынастары бар. Өзінің 
өмірінен  орын  алған  оқиға  үшін  жауапкершілігін  сыртқы  факторларға  таңуға  бейім,  алайда 
тұлғааралық қарым-қатынас үшін өзінің жауапкершілігін жолға қояды. 
Кәсіби  позицияның  мазмұнды  негізде  екінші  жыл  білім  алып  жатқан  студент-психологтар 
құндылықтар  арасынан  «мейірімділікті»  басшылыққа  алады.  Бұдан  өзге  бірінші  кезекте  «жетістік» 
және «дербестік» құндылығы орын алады. Осылайша, жеке жетістік, әлеуметтік құзіреттілік көрінісі, 

146 
 
әлеуметтік мойындау, сонымен қатар ойлау мен әрекет әдістерін таңдау дербестігі уақыт өткен сайын 
маңызы  арта  түседі.  Әлеуметтік  мәртебе,  бедел,  басымдылық  жетістігін  өзіне  енгізетін  «билік» 
құндылығы ең аздау мәнге ие болып табылады.  
Үшінші  жыл  білім  алу  үстіндегі  студенттер  құндылығының  құрылымында  «мейірімділік» 
құндылығы  өз  басымдылығын  жалғастыра  береді,  «жетістік»  құндылығы  мәнді  болып  тұр, 
«дербестік»  және  «қауіпсіздік»  құндылықтары  көкейкесті  болып  қала  береді.  Бұл  жерде  «дәстүр» 
құндылығы екінші курс студенттеріне қарағанда, мәні арта түседі, алайда бұрынғыша құндылықтар 
бағдарының иреархиясында соңғы орынды иеленген.  
Құндылық  басымдылықтарының  құрылымындағы  елеулі  өзгерістер  төртінші  жыл  білім 
алушы студенттерден көрінеді. Бұл кезде «жетістік» құндылығының маңызы артады. Жеке жетістікке 
ұмтылу  және  әлеуметтік  мақұлдауға  ұмтылыс  бірінші  орынға  қойылады.  «дербестік»,  «өзін-өзі 
басқару», «өзін-өзі бақылау» сияқты құндылықтар Мәнді қалпында қала береді. Осы құндылықтарды 
бағалауда сынаққа түскендер жеткілікті түрде пікірлес болып келеді. 
Студенттер  үшін  жақындарының  игілігі  өзінің  құндылығын  сақтап  қала  береді.  «Гедонизм» 
құндылығы  елеусіз  позицияда  екендігін  атап  өту  қызықты,  алайда  ұсынылған  іріктеуде  мәндердің 
елеулі алшақтығы бар.  
Шынайы әлеуметтік мінез-құлықта студент-психологтар үшін бірнеше басқа да құндылықты 
бағдарлар басым болып табылады 
Бірінші жылы білім алуға келген студенттерде «мейірімділік», «дербестік» құндылықтарымен 
қатар  «әмбебаптық»  құндылығы  көрініс  алады.  Осы  құндылықтың  мотивациялық  негізі  түсінік, 
шыдамдылық,  барлық  адамдардың  игілігін  қорғау  болып  табылады.  Бұл  бастапқы  топты  кеңейту 
кезінде  өзінің  ортасынан  тыс  қандай  да  бір  адамдармен  байланысқа  түсуде  қажет.  Көрсетілген 
құндылықтардың ең бірінші жоспарына шығу жаңа шағын әлеуметтік топқа бірінші курстықтардың 
кіруімен,  оқу  іс-әрекетінің  жаңа  талаптарына  бейімделуімен,  жаңа  позицияны  құрылымдауымен 
байланысты  болуы  мүмкін.  Өте  аз  дәрежеде  «үкімет»,  «жетістік»,  тұтас  әлеуметтік  жүйе  аясында 
басым позицияны сақтау құндылықтары көрініс алады.  
Екінші  жылыбілім  алған  студенттер  «мейірімділік»  құндылығына  ие  болуды  көрсетеді. 
Елеусіз қалғаны «дәстүр» құндылығы екен.  
Үшінші  жыл  білім  алып  жатқан  студенттердің  құндылықтар  құрылымында  «мейірімділік» 
құндылығы  басымдылық  танытады,  «жетістік»  маңызды  болып  қалыптасады,  «дербестік»  және 
«қауіпсіздік» көкейкесті болып қала береді. Бұл жерде екінші жыл білім алу үстіндегі студенттерге 
қарағанда «дәстүр» құндылығы маңыздылау екендігін атап өткен жөн, алайда құндылықты бағдарлар 
иерархиясында соңғы орынға ие. 
Студенттер  сонымен  қатар  сонңы  білім  алған  жылдарында  «мейірімділік»  құндылығын 
басшылыққа алады. «Гедонизм», «әмбебаптық», «дербестік» сияқты құндылықтар маңызды рөлге ие 
бола бастайды. Ләззат мен сезімдік рахат құндылықты бағдарқұрылымында алғашқы позициялардың 
біріне  шығады.  Жақын  адамдардың  игілігімен  қатар  нақты  әлеуметтік  мәнез-құлықта  түсіну, 
шыдамдылық,  барлық  адамдар  мен  табиғат  игілігін  қорғау  құндылығы  құнды  болып  қалыптасады. 
Кіші  дәрежедегі  көкейкесті  «дәстүрлер»,  «билік»  құндылықтары  сақтайды.  Жеке  басымдылықтар 
деңгейінде сынақталатындар арасында мына басымдылықтарды бағалауда пікірлес болып табылады: 
дербестік,  мейірімділік,  қарқындату  құндылықтарыбасымдыллық  танытады.  Жаңашылдық,  терең 
алаңдаушылығына ұмтылыс байқалады.  
Сонымен,  әр  алуан  білім  алу  кезеңдеріндегі  студент-психологтардың  кәсіби  позициясының 
мазмұндық  негізінде  айырмашылықтар  байқалады.  Бірінші  курстан  төртінші  курсқа  өткен  кезде, 
студент-психологтарда кәсіби позицияның мазмұндық негізінде өзгерістер орын алады. 
Сендіру  деңгейіндегі  құндылықты  бағдар  құрылымындағы  өзгеріске  назар  аудару  керек. 
«Мейірімділік»  сияқты  құндылық  білім  алудың  барлық  кезеңдерінде  басым  құндылықтар  санатына 
кіреді,  алайда  төменгі  курстан  жоғарыға  жылжу  барысында  мәні  төмендей  түседі,  ережеге  сай, 
бірінші  курс  студенттері  мұнда  басымдылық  танытады.  Жоғары  білім  алған  кездегі  барлық 
кезеңдерде  студенттің  тұлғалылығына  аса  көп  ықпал  ететін  құндылықтар  қатарынан  «дербестік» 
құндылығын  атап  өтуімізге  болады.  Бұл  құндылық  студенттердің  бірінші  курстан  соңғы  курсқа 
дейінгі  аралығындағы  есею  кездерінде  маңызы  арта  түседі.  Студент-психологтардың 
құндылықтарының  құрылымындағы  маңыздылары  арасынан  «жетістік»  құндылығын  қадағалаймыз: 
жеке  жетістігіне  қол  жеткізуі,  әлеуметтік  қолдау.  «Жетістік»  құндылығы  рөлінің  өсу  тенденциясы 
студенттердің  жоғары  курстарға  өту  жолдарында  жарқын  көрініс  алады.«Әмбебаптық»  құндылығы 
екінші курс студенттерінде өзінің маңызын біршама жоғалтып алғанымен, IV курс студенттері үшін 
орны  ерекше.  «Қауіпсіздік»,  «конформдылық»,  «дәстүр»,  «ынталандыру»  сияқты  құндылықтар 

147 
 
бірінші  курстар  үшін  аса  жоғары  орында.  Ал  «гедонизм»  құндылығы  екінші  және  үшінші  курс 
студенттері үшін маңызды қалпынан таймайды. 
Студент-психологтардың  құндылық  бағдарындағы  жеке  басымдылық  деңгейінде  өзгерістегі 
келесі тенденцияларды ерекшелеп аламыз.  
Барлық  курстардағы  шынайы  әлеуметтік  мінез-құлықтағы  студенттер  үшін  жақын 
адамдармен  қарым-қатынас  кезінде  орындалатын  «тілектестік»,  ойлау  және  мінез  дербестігі  болып 
табылады. 
Студент-психологтар  мәдениетте  орын  алған  салт  пен  дәстүрді  аса  төменгі  деңгейде 
сақтайды.  Бұл  факті  жеке  әлеуметтік  зерттеуді  талап  ететін  де  болар.  «Мейірімділік»  құндылығы 
үшінші  курс  студенттерінде  барынша  жоғары  мәніне  қол  жеткізе  отырып,  жоғары  курстарға 
келгенде,маңызының  төмендеу  тенденциясы  байқалады.  «Түсіністік»,  «шыдамдылық»,  «игілік» 
құндылықтары  ауқымды  әлеуметтік  жоспарда  үшінші  курста  кейбір  басымдылықтарымен  байқала 
отырып,  бірінші  курстағылардағы  ең  жоғарғы  айқындылығымен,  ал  соңғы  курсқа  келгенде, 
төмендеуге жол салуымен ерекшеленеді. «Дербестік» құндылығы үшінші курс студенті үшін маңызы 
бұрынғыға қарағанда төмендей береді. Мұнда рахаттылық, сезімдік ләззат және билік құндылықтары 
білім алудың басқа кезеңдерімен салыстырғанда, басым дәрежеде айқын көрініс табады.  
Қорытындылай  келе,  студенттердегі  құндылық  бағдарының  құрылымы  үнемі  қозғалыс 
үстінде  екендігіне  және  педагогтік  ықпалы  арқылы  өзгеруінің  мүмкіндігіне  назар  аударған  жөн. 
Осыған  байланысты  білім  беру  саласындағы  мамандарға  қажетті  құндылықты  бағдарды 
құрылымдауды  қамтамасыз  ететін  жоғары  оқу  орындарының  педагогтік  ұжымының  жүйелі  де, 
келісімді жұмыстары өте қажет.  
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Толеубекова,  Р.К.  Профессионально-личностное  развитие  студентов  педагогов-психологов  в 
процессе  обучения  в  вузе  /  Р.К.  Толеубекова,  Г.С.  Турсунгожинова,  А.К.Аманова  //  Сборник 
статей Международной научно-практической конференции. – Уфа, 2015. – С. 127–130. 
2.
 
Климов,  Е.А.  Психология  профессионального  самоопределения  /  Е.А.  Климов.  –Ростов  н/Д.: 
Ремикс, 1996. – 512 с. 
3.
 
Лукина,  В.С.  Исследование  мотивации  профессионального  развития  /  В.С.  Лукина  //  Вопросы 
психологии. – 2004. – № 5. – С. 25–32. 
4.
 
Зеер, Э.Ф. Психология профессионального образования / Э.Ф. Зеер. – М.: Изд-во МПСИ, 2005. – 
216 с. 
5.
 
Архангельский, С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы / С.И. 
Архангельский. – М.: Высшая школа, 1978. – 328 с. 
6.
 
Брушлинский, А.В. Проблемы психологии субъекта/ А.В. Брушлинский. – М., 1994. –  109 с. 
7.
 
Бодров, В.А. Психология профессиональной пригодности/ В.А. Бодров. – М.: ПЕРСЭ, 2001. – 511 
с. 
 
 
ӘӨЖ: 167.15 
Л.Ж. Муканбаева, А.М. Адамбаева 
«№47 жалпы орта білім беретін мектеп» 
Қазақстан, Семей қаласы  
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ  
АҚПАРАТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Қазіргі  психологтар  мен  педагогтардың  жинақтаған  тәжірибелері  негізінен  оқытуды  тиімді 
ұйымдастыру  арқылы  оқушылардың  зейінін  қабылдауын,  қызығушылығын  арттыруға  болады. 
Сонымен бірге олардың оқу қызметі, ой еңбегі де дамиды. Оқыту үрдісінде оқушылар тек білім алып 
қана қоймайды, олардың дағдысы, іскерлігі қалыптасады, дүниетанымы кеңейеді. Оқыту барысында 
балалардың жеке және жас ерекшеліктері, қабілеті ескеріледі, бұл балалардың дамуына әсер етеді. Әр 
жастағы  оқушының  даму  ерекшеліктеріне  сай  келетін  оқыту  мен  тәрбиенің  тиімді  жолдарын  таба 
білу, оқу материалдарын дамудың құралы ету - мұғалімнің ең басты міндеті. Ол үшін баланың таным 
үрдісін, қабілетін, дұрыс бағалауды, оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуіне 
көмек  көрсетуде,  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыруда  оқушының  белсенділігін  қолдап  отыру 
қажет  [1].  Кейінгі  жылдары  жиі  пайдаланылып  келе  жатқан  жаңа  ұғымдардың  бірі-  инновация. 

148 
 
Инновацияны  жете  түсініп,  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  мектеп  өміріне  кеңінен  еңгізу  жас 
ұрпақтың санала да сапалы білім алуының бірден – бір шарты болып табылады. 
«Инновация»  -бұл  нақты  қойылған  мақсатқа  жетуде  ойға  алынған  жаңа  нәтиже.  Оқу 
мақсатының  жүйесінде  берілген  мақсаттың  негізгі  категорияларын  пайдалана  отырып,  мұғалім  өз 
еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже- жаңалыққа 
бет бұрудың кілті [2]. 
Инновациялық  үрдістің  негізі  –  жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану,  жүзеге  асырудың 
тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір 
мұғалім  үшін  табылған  жаңа  әдіс,  жаңалық,  басқа  мұғалім  үшін  өтілген  материал  тәрізді. 
Инновацияны  «жаңашыл»,  «жаңа  әдіс»,  «өзгеріс»,  «әдістеме»,  «жаңашылдық»,  ал  инновациялық 
үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай 
туғызады.  Білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  сауатты  меңгермейінше,  жан-
жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, 
адамгершілік,рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 
тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі.  Инновациялық 
педагогикалық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады [3]. Қазіргі 
заман  талабы  -  әрбір  оқушыға  саналы  да  терең  білімнің  берілуін  талап  етеді.  Оқытудың  екі  түрлі 
мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі – өмірді оқыту, 
өмірге  үйрету.  Тәрбиелеу  мен  оқыту  –  егіз  ұғым.  Оқыта  отырып  тәрбиелейміз,  тәрбиелей  отырып 
оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Оқыту – тәрбиенің 
инттелектуалды  түрі.  Оқытудың  инновациялық  технология  бойынша  әдістемелік  жүйесі,  осы 
мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, 
белгілі  деңгейде  белсенділігін  көздейді.  Осы  екі  үрдістің  өзара  сапалы  нәтижесінде  оқушының  өз 
ісіне  сенімділігін,  жауапкершілік  сезімін,  шығармашылық  қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатын 
жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады [4]. 
Жаңа  технологияның  мақсаты:балаға ізгілік  тұрғысынан  қарау,  оқыту  мен  тәрбиенің бірлігі, 
баланаң  танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту,  баланың  өз  бетімен  әрекеттену  әдістерін 
меңгерту,  өзін-бағыттау,  баланың  танымдылық  және  шығармашылық  икемділігін  дамыту  болып 
табылады. 
Оқыту  технологияларының  қайсысын  болмасын  пайдалану  жеңіл  іс  емес,  ол  оқытушыдан 
білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол 
дайындықты  қажет  етеді.Жас  жеткіншектерге  бүгінгі  күн  талабына  сай  білім  мен  тәрбие  беру  ісі 
педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден 
гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» - деген Ы. Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі 
уақытта  да  маңызды  болып  отырғаны  да  осының  айғағы.  Білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан 
түбегейлі  өзгерістер  оқыту  үрдісін  озық  технологиялармен  қамтып  жетілдіруді  талап  етеді.Осы 
тұрғыда  оқытудың  жаңа  технологияларын  жете  меңгеріп,  оны  оқушылардың  психологиялық  жас 
ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. 
Ғалымдардың  пікірінше,  бастауыш  мектептің  алдындағы  шешімін  күтіп  тұрған  басты 
мәселелер:  оқушыны  оқу  әрекетіне  қалыптастыру,  олардың  оқуға  ынтасын  ояту,  қызығушылын, 
белсенділігін  арттыру  жалпы  жеке  тұлғаның  дамуына  бағыт-бағдар  беру.  Егер  әр  ұстаз  бала 
бойындағы  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  қалыптасуына  көңіл  бөле  отырып,  оның  рухани-
адамгершілігін  дамыта  оқытуды  басты  назарда  ұстаса,  бүгінгі  қоғамда  қажеттілігін 
қанағаттандыратын  ауқымды  шаралар  жүзеге  асырылады.  Нәтижесінде  жан-жақты  жетілген, 
қоршаған  ортаның  қадір-қасиетін  бағалай  алатын  парасатты,  көрген  –  білгенді  бағамдай  алатын 
зерделі,  зерек  тұлға  қалыптасады.  Мұғалім  белгілі  бір  әдіс-тәсілдерді,  жаттығу  түрін  қолдану 
нәтижесінде  қандай  қабілеттерінің  дамитынын  немесе  оқу  барысында  қандай  дағдыға  үйрету 
керектігін,  алдына  мақсат  қоюда  неге  сүйенуі  керектігін  және  оларды  психологиялық 
ерекшеліктеріне негіздеу керек екенін танып біледі [5]. Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі 
сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр 
технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке 
технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдық. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру 
мұғалімнің 
оқушының 
өзін-өзі 
дамытуына 
қолайлы 
жағдай 
жасай 
отырып, 
оның 
шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай 
жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының 
берген  жауабын  түзету,  берілген  тапсырманы  орындау  жолдарын  көрсету,  оқушыға  өз  ойын  рет-
ретімен  толық  жеткізуді  үйрету  болып  табылады.  Балаға  өз  ойын  қысылмастан  айтуға  мүмкіндік 

149 
 
беру,  оған  пікір  еркіндігін  сездіру  оқушының  сол  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырады. 
Сонымен  қатар  сабақ  барысында  техникалық  жабдықтарға,  көрнекіліктерге  жүгіну  оқытушыға 
уақытты  үнемдеуге,  аз  уақыттың  ішінде  бірнеше  оқушының  білімін  бағалауға,  бағдарламадағы 
материалды  қай  дәрежеде  меңгергенін  айқындауға  мүмкіндік  береді,  бұл  оқушының  білім  деңгейін 
қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау  – 
оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі [6]. 
Ақпараттық инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. 
Білім  беру  үрдісінде  жаңа  технологияларды  қолдану.  Білім  саласындағы  міндеттерді  жүзеге 
асыру  үшін,  мектеп  ұжымында  әр  мұғалім  күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен 
өзгерістерді  сабақтарында  енгізіп  отырады.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық 
технологияларын  меңгермейінше  жан-жақты сауатты  маман  болу  мүмкін емес.  Жаңа  технологияны 
меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік  және  көптеген  адами  қабілеттің 
қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді.  Өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына 
көмектеседі.  Оқыту  мен  тәрбиелеуге  тың  әдіс-тәсілдер  енгізілді.  Нәтижесінде  тұтас  педагогикалық 
үрдістер  өзгертіліп,  білім  берудің  тиімді  деп  танылған  жаңа  технологиялары  дүниеге  келеді.  Кез-
келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік 
білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді 
талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға 
даяр,  өз  әрекетіне  өзгеріс  енгізе  алатын  педагогтар  ғана  бүгінгі  қоғамның  мүддесі  мен  әр  баланың 
үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны 
тек  қана  педагог  қалыптастыра  алады.  Бастауыш  сынып  мұғалімі  үшін  оқушы  жазылмаған  тақта 
секілді  таза,  пәк.  Бастауыш  сыныпта  оқытудың  негізгі  міндеті-баланың  жеке  басының  жан-жақты 
қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік 
қалыптастыру.  Білім  берудің  түрлі  тәсілдері  әртүрлі  білім  жетілдіру  курстарында  оқытылып 
отырады.  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептерінің  педагогтарын  Кембридж 
университетінің  білім  берудегі  тәсілдерін  үш  деңгейлі  курс  арқылы  жалпай  оқыту  қолға  алынған. 
Осы  оқу  жылының  сәуір  айында  үш  айлық  үшінші  деңгейдегі  оқыту  басталып  маусым  айында 
аяқталған  болатын.  Курс  екі  тілде  оқытылып  әр  облыстарда  және  Астана  қаласы  бойынша  арнайы 
дайындалған тренерлер дәрістер жүргізді. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі 
жағдайларда  жұмыс  істейтіндігін  ескерсек,  тиімділік  деген  сөзге  аса  мән  беріп  сол  курста  негізге 
алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын. 
1. Білім беру менбілім алудағы жаңа тәсілдер. Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды 
емес,  ол  оқушылардың  оқуға  қабілетін  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  педагогикалық  тетіктердің 
біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей 
отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану. 
2.  Сыни  тұрғыдан  ойлауға  оқыту.  Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  -  ой  қозғай  отырып, 
оқушының  өз  ойымен  өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін  талдап,  салыстырып,  реттеп, 
сұрыптап,  жүйелеп,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,  тұжырым  жасауға  бағыттау.  Өз  бетімен  және 
бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 
3.  Оқыту  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау.  Бағалау  –  одан  арғы  білім  туралы  шешімді 
қабылдау  мақсатымен  оқытудың  нәтижелерін  жүйелі  түрде  жиынтықтауға  бағытталған  қызметті 
белгілеу  үшін  қолданылатын  термин.  Мұғалімдер  мен  оқушылар  өздерінің  қандай  мақсатқа 
жететіндерінің  өлшемдерін  түсіну.  Осыған  байланысты  бағдарлама  критерийлі  бағалау  тәсілдерін 
қарастырады. 
4.  Оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  АКТ  пайдалану.  Оқытуда 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  қоғамдағы  өзгерісті  танып  білуге  және 
оларды  тез  қабылдауда  мол  мүмкіндік  береді.  Жоспарланған  сабақты  тиімді  өткізуге  көмектеседі, 
оқушының  ой  өрісінің  дамуына,  зерттеулік  жұмыстар  жүргізуіне  ықпал  етеді.  Бағдарлама  соңында 
мұғалімдер  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  сенімді  және  сыни  тұрғыдан 
пайдаланушыларға айналады. 
5.  Талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту.  Талантты  және  дарынды  оқушыларға  білім 
беруді  дамытудың  инклюзивті  тәсілі  негізінде  осындай  балаларды  анықтау  туралы  ой-пікірлер  мен 
зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да 
тани біледі. 
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу белгілі бір шақтық кезеңге 
тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп 
атайды.  Сондықтан  педагогика  және  психология  балалардың  жас  ерекшеліктеріндегі  ширақтықты, 

150 
 
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар 
жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін 
жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет. 
7.  Білім  беруді  басқару  және  көшбасшылық.  Аталған  модуль  білім  берудің  кез  келген 
жүйесіндегі  тұрақты  даму  мен  өзгерістердің  сырттан  енгізілуі  мүмкін  емес,  олар  нақты 
сыныптардағы  мұғалімдердің  тәжірибесі  мен  түсініктеріндегі  өзгерістерден  бастау  алу  керек  деген 
тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық 
көшбасшылыққа  негізделеді.  Олай  болса,  бағдарламаның  негізгі  идеясы  сыни  тұрғыдан  бағалау, 
өзгерту  және  тәжірибе  мен  білім  саясатын  қайта  бағалау  мұғалімдер  бастамасымен  барлық 
деңгейлерде  өзгерістердің  іске  асырылатыны  негізделеді.  Мектеп  жұмысының  бағдарламасына 
балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. 
Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек 
[5].  Құзыретті  мұғалімнің  міндеті  оқушының  жеке  тұлғалық  ерекшелігіне мән  беру.  Құзырлы білім 
беруде  ұстанатын  факторы  оқушының  өздігінен  білімнің  мәнін  меңгеруі  және  бағалай  білуі. 
Бағдарлама  нәтижесінде  -  тәуелсіз,  ғылымға  қызығушылығы  оянған,  білім  алуға  бейім,  сенімді, 
жауапты,  сын  тұрғысынан  ойлай  алатын,  өзгелермен  еркін  тіл  табысатын,  сандық  технологияларда 
құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Занков Л., Эльконин Д., Давыдов В., Репкин В., Левин В. Дамыта отырып оқыту әдістемесі 
2.
 
Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. –
2003. - №2. - 11-16 б. 
3.
 
Қуанбаева  Б.  Оқытудың  педагогикалық  жүйесін  технологиялық  негізде  жетілдірудің 
дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 б. 
4.
 
Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. – М., 1998. 
5.
 
Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. - 1999. - №4. - 5-12 б. 
 
 
ӘӨЖ: 60:001.92 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет