Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор



Pdf көрінісі
бет25/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40

М.К. Ногайбаева  
Государственный университет имени Шакарима города Семей  
Казахстан, г.Семей 
 
ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ – НОВЫЙ ПУТЬ В ОБУЧЕНИИ 
 
В  нашей  стране  накоплен  небольшой  опыт  технологий  инклюзии.  Поэтому  успешно 
«включить» их в социум детей с особыми потребностями, подарить обществу полноправного члена и 
призвано инклюзивное образование (от англ. Inclusion – включение). Ведь основа идеи «включения» - 
это обучение детей с особыми потребностями не в отдельных специализированных учреждениях, а в 
обычных, там где учатся все ученики [1].  
Обычное  образование  нацелено  на  обычных  детей,  включает  в  себя  обычных  педагогов  и 
обычные  школы.  Специальное  образование  включает  работу  с  особыми  детьми,  под  них 
подстраиваются  и  школа,  и  педагоги.  Интегрированное  образование  с  помощью  реабилитации  и 
адаптации  подстраивает  специального  ребенка  к  обычному  образованию.  И  наконец,  инклюзивное 
образование, воспринимая ребенка таким, какой он есть, подстраивает под него систему образования 
[2].  
Дети  с  ограниченными  возможностями  в  определенном  смысле  находятся  в  несколько 
«оторванном»  или  отчужденном  от  основного  коллектива  мире.  Многие  дети  с  отклонениями  в 
развитии, несмотря на усилия, принимаемые семьей, специалистами, обществом с целью их обучения 
и воспитания, став взрослыми, все-таки оказываются неподготовленными к включению в социально- 
экономическую жизнь [3].  
Наряду  с  привычными  понятиями  «инвалид»,  «ребенок-инвалид»,  в  правовой  материи 
используются такие термины, как «дети с отклонениями в развитии», «дети, имеющие недостатки в 
психическом  и  (или)  физическом  развитии»,  «дети  с  ограниченными  возможностями  здоровья», 
«лица с ограниченными возможностями». 

163 
 
Инклюзия  означает  раскрытие  каждого  ученика  с  помощью  образовательной  программы, 
которая достаточно  сложна,  но  соответствует  его способностям.  Инклюзия  учитывает  потребности, 
так же как и специальные условия, и поддержку, необходимые ученику и учителям для достижения 
успеха. В инклюзивной школе каждого принимают и считают важным членом коллектива, это дает 
особому  ребенку  уверенность  в  себе  и  воспитывает  в  детях  без  инвалидности  отзывчивость  и 
понимание.  Ученика  со  специальными  потребностями  поддерживают  сверстники  и  другие  члены 
школьного сообщества для удовлетворения его специальных образовательных потребностей. 
По  данным  Министерства  Здравоохранения  РК,  в  г.  Алматы,  в  последнее  время  отмечается 
рост числа детей с врожденными порока развития. Считается, что 10% врожденных пороков развития 
обусловлены действием вредных факторов окружающей среды, 10% - хромосомными изменениями, а 
остальные 80% обычно носят смешанный характер [4]. 
Инвалидность  у  детей  означает  существенное  ограничение  жизнедеятельности,  она 
способствует  социальной  дезадаптации,  которая  обусловлена  нарушениями  в  развитии, 
затруднениями в самообслуживании, общении, обучении, овладении в будущем профессиональными 
навыками.  Освоение  детьми-инвалидами  социального  опыта,  включение  их  в  существующую 
систему общественных отношений требует от общества определенных дополнительных мер, средств 
и  усилий  (медицинская,  коррекционно-педагогическая  и  социально-реабилитационная  поддержка, 
специальные  и  инклюзивные  организации,  специальные  и  адаптированные  образовательные 
программы и др.). Но разработка этих мер должна основываться на знании закономерностей, задач, 
сущности процесса социальной реабилитации. 
Инвалидность детей значительно ограничивает их жизнедеятельность, приводит к социальной 
дезадаптации  вследствие  нарушения  их  развития  и  роста,  потери  контроля  за  своим  поведением,  а 
также  способностей  к  самообслуживанию,  передвижению,  ориентации,  обучению,  общению, 
трудовой деятельности в будущем. Инвалидность, ограниченные возможности человека не относятся 
к  разряду  чисто  медицинских  явлений.  Гораздо большее  значение  для  понимания  этой  проблемы  и 
преодоления  ее  последствий  имеют  социально-медицинские,  социальные,  экономические, 
психологические и другие факторы. Именно поэтому технологии помощи инвалидам-взрослым или 
детям-основываются на социально-экологической модели социальной работы. Согласно этой модели 
люди  с  ограниченными  возможностями  испытывают  функциональные  затруднения  не  только 
вследствие  заболевания,  отклонений  или  недостатков  развития,  но  и  неприспособленности 
физического  и  социального  окружения  к  их  специальным  потребностям,  предрассудков  общества, 
предосудительного отношения к инвалидам. 
В  Республике  Казахстан  в  Законе  «О  социальной  защитеинвалидов»  ограничение 
жизнедеятельности  рассматривается,  в  свою  очередь,  как  полная  или  частичная  утрата  лицом 
способности  или  возможности  осуществлять  самообслуживание,  самостоятельно  передвигаться, 
ориентироваться,  общаться,  контролировать  свое  поведение,  обучаться  и  заниматься  трудовой 
деятельностью. 
Лица  с  ограниченными  возможностями  имеют  функциональные  затруднения  в  результате 
заболевания,  отклонений  или  недостатков  развития,  состояния  здоровья,  внешности,  вследствие 
неприспособленности  внешней  среды  к  их  особым  нуждам,  из-за  предрассудков  общества  в 
отношении к инвалидам. 
Современные  взгляды  на  ограничение  возможностей  у  людей  основываются  на  его 
понимании  не  как  патологического  состояния,  но  как  процесса,  при  котором  нарушения 
телосложения, функцийорганизма или условий окружающей среды снижают активность  человека и 
затрудняют  его  социальную  деятельность.  Механизм  возникновения  таких  ограниченных 
возможностей можно последить по следующей схеме: 

 
Структурные  нарушения,  видимые  или  распознаваемые  медицинской  диагностической  
аппаратурой. 

 
Утрата или несовершенство навыков, необходимых, для некоторых видов деятельности. 

 
Социальная дезадаптация. Неуспешная или замедленная социализация 
Понимание  данного  механизма  приобретает  особую  важность,  поскольку  сущность  и 
содержание психолого-педагогической  и реабилитационной работы в значительной мере зависят от 
того,  как  понимают  инвалидность  или  «ограничение  возможности»  ведущие  субъекты  этого 
процесса,  из  каких  идейно-методических  оснований  исходят.  Сегодня  становится  необходимым 
определение тех, барьеров, которые изолируют людей с проблемами здоровья и в психофизическом 
развитии и не позволяют им стать полноправными членами своих сообществ. 

164 
 
 
Список литературы: 
1.
 
Айлазова  Н.Ж.  Инклюзивное  образование  детей  с  кохлеарными  имплантами//Начальная  школа 
Казахстана. - 2013. - №12. - С. 5-7. 
2.
 
Артюшенко,  Н.П.  Организация  процесса  включения  детей  с  ограниченными  возможностями 
здоровья в образовательные учреждения// Школьный логопед. -2011. -№1. - С. 5-24.  
3.
 
Семаго Н. Ещё раз об инклюзии// Школьный психолог. - 2010. - 16-31 августа (№16). - С.38. 
4.
 
Сулейменова,  Р.А.  Инклюзивное  образование  в  РК:  анализ  ситуации  и  практические  шаги 
[текст]/Р.А. Сулейменова // Открытая школа. - 2014. - №4 (135).- С. 11-14 
 
 
ӘӨЖ: 37(100) 
А.А. Өміртай 
Медеу орта мектебі 
Қазақстан, Абай ауданы, Медеу ауылы 
 
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ–ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Инновациялар  мен  оқу-білімді 
жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем 
жаһандану  кезеңін  -  адамзаттың  біртұтас  ақпарат  және  коммуникациялар  кеңістігінде  жан-жақты 
бірігу,  бүкіл  планетаның  біртұтас  экономикалық  рынокқа  айналуы  дәуірін  бастан  кешіруде»  деп 
көрсеткен болатын. 
Қазіргі  кездегі  компьютерлік  технологияның  білім  беру  жүйесін  дамыту  ісіне  берері  ұшан-
теңіз. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға 
бағытталған  түрлерін  жүзеге  асыра  алатын  мүмкіндіктері  бар.  Мұғалім  сабақта  әрбір  балаға 
дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жүмыс 
істеу мүмкіндігін бере алады. Ақпараттық технологияларды бірге отырып немесе алыстан оқыту үшін 
де  және  кала  мектептерімен  қатар  ауыл  мектептерінде  де  пайдалануға  болады.  Олар білім  берудегі 
әлемдік  талаптарды  жүзеге  асыра  отырып,  балаларға  біртіндеп  дүниежүзілік  бірыңғай  акпараттық 
кеңістікке кіру мүмкіндігін береді. 
Білім  беруді  ақпараттандырудың  қазіргі  жағдайы  туралы  шетелдік  Р.Вильям,  К.Маклин, 
Г.М.Клейман,  Ж.П.Арно,  М.Рокли,  Б.Сендов,  Т.Хифайед,  ресейлік  Б.С.Гершунский,  Е.И.Машбиц, 
В.М.Монахов,  И.В.Роберт,  В.В.Рубцов,    И.Е.Вострокнутов,  И.И.Трубина,  И.Г.Белавина, 
В.А.Захарова, П.В.Беспалов, М.М. Букеев, Н.А. Власенко, В.В. Колос, С.П. Кудрявцева және отандық 
ғалымдардың  Г.Қ.Нұрғалиева,  Б.Б.Баймұханов,  Е.Ы.Бидайбеков,  С.С.Үсеновтың    ғылыми  еңбектері 
мен әдебиеттерінде қарастырылған. 
Компьютерлік  технологияларды  қолдану  өздігінен  сабаққа  дайындалу  деңгейін  арттырады; 
оқу процесін жүргізуді қьізықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды 
қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады; осыларға қоса, мемлекет мектептерге қойып отырған 
әлеуметтік  тапсырыс  деңгейіне  де  сәйкес  келеді.  Компьютер  мүмкіндіктері  мен  мүғалім  білімін 
біріктіре  алатын  мультимедиялык  жүйелерді  пайдалану  арқылы  электрондық  оқулыктар  жасауға 
болатын  болды,  олар  сабақты  бұрынғыдан  гөрі  көрнекі,  кызғылықты  түрде  өткізіп,  оқушыларға 
жаңаша мәлімет беруге жағдай туғызды. 
Мұғалім  компьютер  желісі  арқылы  әрбір  оқушымен  тығыз  байланыста  болғандықтан,  ол 
оқытуға  тиянақты  түрде  көңіл  бөліп,  әрбір  баланың  жеке  деңгейін  анықтап,  оларға  жеке  шаралар 
колдануына да мүмкіндік болады. 
Мультимедиялық  технологиялар  мүғалімдерге  калыпты  оқыту  жүйесінің  бұрынғы 
тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудін интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу 
материалдарынын басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдін жаксы жақтарын кеңінен 
пайдаланады. 
Жаңа  мультимедиялық  технологияларға  байланысты  компьютерлік  программаларды  да 
көрнекі  материал  ретінде  колданып,  тесттер  және  бакылау  жұмыстарын  өткізіп,  шығармашылықты 
дамытатын есептер шығарып, қашыктан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы калыптағы тәсілмен 
қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар аткарады.  
Қазіргі  кезде  жаңа  информациялық  технологиялар  енгізу  окушылардың  мүмкіндіктері  мен 
талаптарын  компьютер  арқылы  жүзеге  асыруды  жылдамдатып  болашаққа  қарай  екпінді  қадам 

165 
 
жасатып  отыр.  Ол  үшін бүгінгі күні  сабақ  берудің  жаңа  тәсілдерін жасау  бағытында жақсы жұмыс 
істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді 
де тез игеруге жағдай жасап отыр. 
Қазір мектептердің көпшілігінде мектепте оқыту жүйесінің жаңа талаптарына сай барлық пән 
мүғалімдері  компьютерлік  сауаттылық  дайындық  курсынан  өткен.  Мектепте  информатика, 
мультимедиа  және  толық  жабдықталған  мультимедиалық  физика  кабинеттері  бар.  Мультимедиа 
кабинетінде интербелсенді тақта орнатылған. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта видео, аудио, 
қондырғылары  мен  теледидарды,  компьютерді,  интербелсенді  тақтаны  қолдану  айтарлықтай 
нәтижелер  беруде.  Кез-келген  сабақта  электрондық  оқулықты  пайдалану  оқушылардың  танымдық 
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен 
еңбек етуіне жағдай жасайды.  
Қазіргі  өмір  талабына  сай  компьютерлік  сауаттылықты  жылдам  дамыта  отырып, 
педагогикалық психологиялық, әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз 
білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу 
қажеттілігі туындады.  
Білім  беру  саласында  электрондық  байланыс  жүйелерінде  ақпарат  алмасу  интернет, 
электрондық пошта, теле-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылады.  
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен Педагогтың тәжірибесі 
мен  білімін  компьютер  мүмкіндіктерімен  біріктіру  -  білім  берудің  казіргі  кездегі  жаңа  деңгейіне 
көтерілудің басты мақсаты болуы тиіс. 
Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, кызықты 
танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында жастар білім алып, оны іс жүзінде 
қолданады.  
Бүгінгі  күні  оқушылардың  компьютерге  және  Интернетке  деген  қызығушылығын  тек 
информатика  сабағымен  ғана  шектемей,  оған  жан-жақты  қолдау  көрсетуіміз  кажет.  Интернет-
технологияларды  екпінді  түрде  пайдалану  жалпы  оқу  процесі  сапасын  арттыруға  көмектеседі  және 
барлық мұғалімдерді ақпараттандыру процесіне араластыруға да әсерін тигізіп отыр. 
Жалпы  орта  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  дегеніміз  -  бүл  компьютерлерді  колдану 
аркылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалануға бағытталған процесс. 
Мұндағы  басты  жаңалық  -  компьютер  тек  оқушы  қолындағы  кұрал  ғана  емес,  ол  оған  қоса 
төмендегідей маңызды педагогикалык мәселелерді де шеше алады: 
-
 
білім мазмұнының мектептік компонентін жасау, 
-
 
мектептің оқу жоспарын тиімді етіп жасау, 
-
 
оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру, 
-
 
сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау. 
-
 
педагогикалық болжам жасау, сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау. 
Қазіргі  кездегі  қоғам  индустриалдық  кезеңнен  кейінгі  дамудың  ақпараттық  кезеңіне  аяқ 
басты.  Оның  басты  сипаттарына  -  ақпараттық  технологияларды  кеңінен  пайдалану  адамдардың 
көптеген  қызмет  түрлерін  компьютерлендіру,  коммуникациялардың  бірыңғай  халықаралық 
жүйелерін жасау істері жатады. «Компыотерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық тәрізді 
міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс. 
Біз  келешекте  қуатты  мемлекет,  зиялы  қауым  құрамыз  десек,  жастарды  инабаттылыққа, 
мәдениеттілікке тәрбиелеуді қазірден бастап дүрыс қолға алуымыз керек. Әл-Фарабидің: «Адамға ең 
бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте 
оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі»-деген  сөзі  сабақты  ұйымдастырудағы  басты  мақсат-  оқушының 
жан дүниесін түсіну екендігін меңзейді. 
Мектептердің  алдындағы  басты  мәселелері  -оқушыларды  дамыта  оқыту,  яғни  оқушыны  оқу 
әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. 
Бүгінгі  мектеп  табалдырығын  аттаған  әрбір  бүлдіршін  -  ол  ертеңгі  қоғам  иесі.  Сондықтан 
оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру керек.  Бүгінгі 
оқытудың  басты  талабы  –  сабақ  сапасын  арттыру.  Сол  арқылы  оқушы  шығармашылыған  дамыту. 
Ақпараттық оқыту технологияларын оқу процесінде пайдаланып, тиімді қолдана білудің аса маңызды 
екендігіне көз жеткіздік.  
Оқу  үрдісінде  интернетті  қолдану  тек  оқушы  шығармашылығына  ғана  ықпал  етпейтіндігін, 
оның  түйсік,  қабылдау,  логикалық  ойлау,  қиял  сияқты  психикалық  процестерін  дамытатындығы 
дәлелденген. Әсіресе ақпараттық оқыту технологиясын оқу үрдісінде пайдалануда жетістікке жетуге 
болады.  

166 
 
Мектепте  Интернет-ресурстарды  пайдалану  арқылы  мектепте  Интернет-ресурстарды 
пайдаланудың  тенденциялары  анықталып,  мұғалімдердің  Интернетті  кәсібиіс-әрекеттерінде 
пайдалана білудің қажет екені дәлелденді. 
Интернетті  оқу  үрдісінде  пайдалану  білім  беруде,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізгенде, 
әлеуметтік-педагогикалық  көкейкесті  мәселе  болып  табылады  және  педагогика  ғылымы  мен 
тәжірибесінің дамуына жағдай жасайды. 
Мектепте  Интернетті  оқу  үрдісінде  тиімді  пайдалану  мынадай  мәселелер  қанағаттанарлық 
шешімін тапқанда ғана қамтамасыз етілетіндігі анықталды: 
-
 
мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру; 
-
 
Интернетті оқу үрдісінде пайдалану туралы нұсқаулар жиынтығын құрастыру; 
-
 
озат тәжірибелерді талдау және тарату. 
2. 
Мектеп  субьектілерінің  Интернет-ресурстарды  пайдалануға  даярлығы  Интернетті 
пайдалану  жөніндегі  біліктіліктің  психологиялық  және  мазмұндық  сипаттамаларының  бірлігін 
құрайды. 
Оқытуда жаңа оқыту технологияларын тиімді қолдану баланың жеке басының дамуына, өзін-
өзі жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған.  
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Энциклопедия информациологии. /Под ред. Прохорева А.М. – М., 2000.  
2.
 
Педагогические  технологии  информатизации  образования.  /Под  ред.  Беркимбаевой  Ш.К.  –  А., 
2002. 
3.
 
Ахметкәрімов Қ. Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі туралы ой //Қазақстан мектебі. - №9.- 
2003.- 45 б. 
4.
 
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989. 
5.
 
Беркінбаева Ш. Болашақ- мектептен басталады// Қазақстан мектебі. №2. – 2001. – 45 б. 
6.
 
Бабанский Ю.К. Оптимизация учебного процесса. - М., 1982. 
 
 
ӘӨЖ: 371.3(574)  
Ә.М. Өмірзақова, Л.Т. Омарова 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қазақстан, Қызылорда қ. 
 
ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ХХІ ҒАСЫРДЫҢ  
БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Жоба  –  қойылған  мақсатқа жетудің арнайы  мақсат  пен  уақыттың  өзара  байланысындағы іс-
әрекеттердің  жиынтығы.  Оқытудың  жобалау  технологиясы  дегеніміз  -  ол  студенттердің  қоғамның 
дамуына теориялық және практикалық маңыздылығы бар мәселелерді оқу, көру, қою, шеше білу.  
Жобада жұмысты ұйымдастыру барысында негізгі екі міндетті шешу керек:  
-
 
Жоба тобын ұйымдастыру;  
-
 
Топтың нәтижелі жұмысын ұйымдастыру.  
Жоба  тобы  –  жобаларды  басқару  ұғымдарының  маңыздысы,  сондықтан  да  жоба  тобы  жоба 
мақсаттарына  жетуді  қамтамасыз  етеді.  Бұл  топ  жобаны  іске  асыру  барысында  жасақталады  және 
жоба біткен соң таратылады. 
Жобалау  технологиясын  игеру  үшін,  ең  алдымен  жобаның  3  басты  ерекшеліктерін  түсіну 
керек:  
-
 
айқын анықталған мақсат; 
-
 
бірегей жоба қызметін орындаушылар; 
-
 
кешенді іс-әрекеттер, технологиялық операциялардың кешенді жиынтығы ретінде. 
Жобаны  дайындамас  бұрын,  оның  анық  қойылған  мақсаттарын,  мақсаттары  нақты  және 
сандық өлшемдері болуын білуі керек.   
Жоба түрлерінің айырмашылықтары: 
Пәндік аймақта - 
-
 
ғылыми; 
-
 
экoнoмикалық; 
-
 
тeхникалық; 
-
 
әлеуметтік; 

167 
 
-
 
басқарушылық (әкімшілік); 
-
 
әскери; 
-
 
экoлoгиялық. 
Мазмұн ерекшелігіне байланысты оқу жобасының бірнеше түрлері бар: 
1. Тәжірибеге бағдарланған жоба; 
2.  Зерттеушілік жобасы; 
3.  Ақпараттық жоба; 
4.  Шығармашылық  жоба; 
Жобаны орындамас бұрын оның бірнеше қадамдарын білу қажет: 
Бірінші қадамда көптеген міндеттер, оның ішінде негізгілері шешіледі:  
-
 
жоба идеяларын қалыптастыру, жобаға алдын ала сұранысты зерттеу, мақсаттарды айқын 
тұжырымдау, жобаның міндеттері мен бағалауының қоғам қызығушылығына сәйкестігі;  
-
 
жобаның  деректерін  талдау,  жинау  және  осы  негізде  жобаның  негіздемесімен 
(apгумeнтaциясымен) оңтайлы нұсқасын анықтап шешу; 
-
 
жобаны  дайындау  –  жобаны  іске  асыруда  оңтайлы  әдістерді  таңдау  (ең  қажетті 
мерзімдерді  нұсқау,  жобаның  орындалуындағы  қадамдардың  реттілігі  т.б.).  Жобаның  екінші 
кезеңінің басталуы нақты іске асыру мен пайдалануға берген кезде басталады. Бұл қадам тексеру мен 
жобаның  дамуын  бақылаумен    жүреді.Үшінші  қадамда  жоба  қоғам  дамуында  іске  асқан  жағдайда 
бағаланады,  онда  жоба  мақсаттарына  жетті  ме,  жетпеді  ме  анықталады,  сондай-ақ  игерген 
тәжірибедегі алынған сабақ келесі жобаны жасауда пайдаланылады 
Топқа бөлініп, топтық тапсырманы орындау  
Әр жобаның жоба тақырыбын, бағытын, мәселесін, түрін  негіздеу 
Әр жоба іс-әрекетінің мақсаты  мен міндеттерін анықтау  
Әр жобаның зерттеу нысанын, зерттеу пәнін, болжамын айқындау  
Аймақтық және салалық ерекшеліктер бойынша  -  
- қалалық, аудандық 
- аудан аралық 
- салалық 
- салааралық 
Масштаб бойынша - 
- халықаралық (үкіметаралық) 
- ұлттық (мемлекеттік) 
Орындау мерзімі бойынша – 
- Қысқа мерзімді – бір ғана сабақты талап етеді; 
- Орта мерзімді – бірнеше сабақты талап етеді; 
- Ұзақ мерзімді – бірнеше апта немесе жылды талап етеді (аудиториялық және аудиториядан 
тыс сабақтарды есептеу болжануда).   
Қатысу дәрежесі бойынша- 
- ұжымдық, топтық  (бірнеше қатысушы) 
- жеке (бір қатысушы)     
Жобалап оқыту технологиясының мақсаты қандай?  
Оқыту  үрдісінде  «репродукция»  деңгейінен  «білік»  пен  «шығармашылық»  деңгейіне  өту, 
құзыретті маман қалыптастыру.  
Жобаның өмірлік циклін құрайтын арнайы қадамдар:  
-
 
идеялардың тууы және тұжырымдамасы; 
-
 
мәселелердің aнaлизы (мақсаттары, талаптары, міндеттері);  
-
 
тұжырымдамаларды дайындау (aльтepнaтивті тұжырымдаманы таңдау); 
-
 
дeтaльды дайындық (ерекшеліктері, сызбалары, дeтaльды жоспарлар); 
-
 
жобаны орындау (жұмыс құжаттары, сынау, қабылдау); 
-
 
пайдалану (ендіру, тeхникалық қызмет көрсету, экcплуaтaция); 
-
 
ликвидaция (бөлшектеу, кәдеге жарату, сату, дамыту мен т.б. тапсырмалар). 
Жобаларды пайдалану әдістерінің  талаптары 
Оқу  жобасы  теориялық,  нәтижеге  жоспарланған  танымдық  маңызы  бар,  тәжірибелік, 
әлеуметтік нақты маңызды мәселелерді шешуге бағытталған болу қажет.  
Жоба  тапсырмасын  орындау  барысында  әрқашан  сол  жобаны  моделеуден  бастау  керек, 
сондай-ақ  мәселені  шешу  бойынша  іс-әрекет  жоспарынан,  белгілі  бір  жағдайда  мақсатқа  жету 
міндеттері оны іске асыру тәсілдерін анықтау ретінде жүзеге асады.  

168 
 
Жобаны  модельдеудің  негізі  қадамдық  нәтижелерін  анықтау  арқылы  жобаның  мазмұнды 
бөлігін  құрылымдау  болып  табылады.  Онда  әр  қадамның  орындалу  мерзімі  мен  әр  қадамды 
орындаушы  жауаптыларды  реттеу  болып  табылады.Оқу  жобасын  іске  асырудың  міндетті  шарты 
кешенді білімді талап ететін студенттің өзіндік зерттеу жұмысы болып табылады.  
Жоба  бойынша  нәтижелі  жұмыс  студенттің  не  жоба  тобының  жасаған  жұмысы,    өнімі  не 
нақты нәтижесі болу керек. 
Жобаны орындау сол жобаны қорғаумен, нәтижені презентациялаумен аяқталады. 
Оқытудың жоба технологиясының соңғы кезеңі рефлексия болып табылады. 
Педагогикалық пәндердің ішінде  этнопедагогика пәнінде жобалау технологиясын пайдалану 
тәжірибемнен  «Халықтық  педагогика  негізінде  студенттерді  отбасылық  өмірге  дайындау» 
тақырыбында жоба үлгісін ұсынбақпын.  
Жобаның түрі: тәжірибеге бағытталған 
Міндеттері: 
1. Жобаны орындаудың талаптарын зерттеу 
2. Отбасы мәселелерінің зерттелуін ғылыми - теориялық негіздеу 
3. Студенттердің отбасылық өмірге дайындығын анықтайтын әдістемелік кешен жасау;  
4.  Студенттерді  отбасылық  өмірге  дайындау  бойынша  жүргізілген  жұмыстарды 
қорытындылау, ұсыныстар жасау 
Жобаның SMART мақсаты 
S----студенттерді  отбасылық  өмірге  халықтық  педагогиканың  құндылықтары    негізінде  
дайындау  
M----студенттерді  отбасылық  өмірге  ұлттық  тәрбие  әдістерін  іріктеп,  тиімділігіне  қарай   
пайдалану  
A----Заманауи  талаптарды  ескере  отырып,  ұлттық  құндылықтар  негізінде  ақылдың  алты 
қалпағы, ми картасы, блум таксономиясы әдістері арқылы отбасылық өмірге дайындау жүзеге асады  
R----студенттердің 
отбасылық 
өмірге 
дайындығын 
анықтайтын 
әдістемелік                  
нұсқаулық дайындау  
T---7  апта  
Жоба: Үйлену оңай, үй болу қиын  
Жобаның түрі: тәжірибеге бағытталған  
Өнім: әдістемелік нұсқаулық дайындау  
Қолданбалы  әдістер:  Пікірлер  мен  тұжырымдарды  талдау,  сауалнама  әзірлеу,  отбасылық 
шиеленістің алдын алу шарттарын анықтау, халықтық педагогикадағы отбасылық  өмірге дайындау 
әдістерін іріктеу, тәрбие әдістері: үлгі тұту, талап, сенім, салт-дәстүрдің отбасылық өмірді нығайтуға 
негізделген  әдістерге  сипаттама.  Семинар,  интервью,  пікірталас,  дөңгелек  үстел,  кесте,  дискуссия, 
ғаламтор көзі, әдебиет  
Тапсырыс  беруші,  инвестор:  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университеті 
«Қыз Жібек» қыздар орталығы  
Нысан:  Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  педагогика  және 
психология мамандығының 3-4 курс студенттері  
Пән: Этнопедагогика  
Гипотеза: егер, халықтық педагогика негізінде отбасы тәрбиесі теориялық тұрғыда негізделіп, 
оның  нарық  жағдайындағы  рөлі  анықталса,  отбасы  тәрбиесінің  тәжірибесі  мен  ұлттық  ерекшелігі 
ескеріліп, теориялық және ғылыми негізделген әдістемелермен қамтамасыз етіле отырып, отбасылық 
дайындық жүргізілсе, онда студенттердің отбасылық өмірге дайындығы ұлттық сипатта жүргізілген 
болып  саналады,  өйткені  олардың  қоғам  және  отбасы  алдындағы    жауапкершілігі  одан  да  жоғары 
арта түседі. 
Оқытудың нәтижесі – құзыреттіліктер   
Қарым-қатынас аралық  
Жобаны  қорғау  мен  өзара  нәтижелі  қарым-қатынас,  болашақ  отбасылық  қарым-қатынастың 
ұлттық сипатта болуын  қамтамасыз етеді  
Пәндік Қазақ халқындағы отбасылық тәрбиенің ролін түсінеді  
Заманауи  отбасы  үлгілеріне  халық  педагогикасының  құндылықтарын  игереді  мәдени 
отбасылық құндылықты бағалайды, заманауи отбасындағы қажеттіліктерді түсінеді. Қазақ халқының 
отбасы мүшелерінің орнын түсінеді  
 
 
 

169 
 
Жауапкершілік жоба тапсырмаларын іске асырудың күнтізбелік жоспары 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет