2-БӨЛІМ
_____________________________________
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СТИЛЬДЕР.
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІ
«Функционалдық стиль»,
оның анықтамасы мен термині жайында
Зерттелетін тақырып қазіргі қазақ тіліндегі функционалдық
стильдер, оның ішінде көркем әдебиет стилінің қалыптасуы,
дамуы және бүгінгі хал-жайы (нормалары) жайында болған-
дықтан, алдымен, осы категорияның мән- мазмұнына, яғни
беретін ұғымы мен қазақша аталуына тоқталу қажет. Әңгімені
терминнен басталық.
Бұл жерде «функционалдық» деген кірме сөздің қаншалықты
ұтымды екендігі ойландырады. Әрине, әдеттегідей, сөздің
орысша нұсқасын алып, қазақша жұрнақ жалғап, анықтауыш
етіп жұмсап жүргеніміз – «ауырдың үстімен, жеңілдің асты-
мен» кеткеніміз. Тығырықтан шығудың бұл оңай жолына
жүгіре бермей, күрделі терминнің аталған компоненттерінің
қазақша әрі түсініктілеу, әрі мағынасын толық ашатын балама-
сын іздестіру керек болар.
Функционалдық стильдер сырына көбірек үңілген, жеке
пікірсайыстар өткізіп, талқыға салған, бірнеше арнайы моно-
графиялар мен мақалалар жариялаған орыс тілі маманда-
ры «функциональная стилистика» деген салада жұмсалатын
функция сөзі тілдік құралдардың қарым-қатынас процесінің
әртүрлі салаларында «жұмсалу мақсаты, атқаратын рөлі, сол
салада қолдануға арналуы» деген ұғымды білдіреді дейді
29
.
Демек, бұл терминде «функция сөзі «рөл, мақсат, арнау» де-
ген мағыналарды аңғартатын болса, орыс тіліндегі «функци-
ональный стиль» дегенді қазақша «мақсаттық стиль» немесе
«арнаулы стиль» деп атағанымыз дұрыс болар ма еді? Я болма-
са функционалдық стиль туралы әңгіме тілдің қолданыстағы
29
Кожина М. Н. К основаниям функциональной стилистики. - Пермь, 1968.
217
(в речи) күй- қалпына қатысты болғандықтан
30
, «қолданыс
стильдері» деп аталғаны жөн болар ма еді? Тіл қолданысқа
түскенде, әлеуметтік қызмет атқарады, яғни адамдардың
бір-бірімен қарым-қатынасына, олардың әртүрлі әлеуметтік
ортасының тіл жұмсау мақсатына сай қызмет етеді
31
, демек,
талдап отырған терминді «әлеуметтік қызмет стилі» неме-
се тіпті ықшамдап «қызметтік стиль» дегеніміз икемге келер
ме еді? «Арнайы стиль» деген де осы терминнің табиғатын
танытуға жақындар ма еді?
«Қызметтік стиль» дегеніміз – «функциональный» сөзінің
дәлме-дәл аудармасы болмақ, ол жоғарыда айтылды, бұл
жердегі «функция» сөзінің мағынасы «қызмет» дегеннен
гөрі, «мақсат, арнау» ұғымдарына саятынын ескерсек, сірә,
«мақсаттық стиль» деген вариант ұтымды болар деп ойлай-
мыз. Сондықтан біз осы жұмыста әрі қарай кей-кейде соңғы
тандаған терминімізді жұмсауға ден қойдық. Сірә, жоғарыда
атаған варианттардың біреуі немесе бұлардан қолайлырақ,
бірақ қайткенде де терминдік дефиницияға (термин ұғымының
түсіндірмесіне) дәл түсетін баламасы табылып, қолдана
бастасақ, «функциональный стиль» дегенді қазақша атап кетер
едік (ал «стиль» деген сөзді бұл жерде қазақшалаудың қажеті
жоқ, басқа тұста, мысалы, «жеке жазушының шеберлік стилі»
деген ұғымда қолданылғанда «стиль» сөзін қазақша атау керек
екенін және оны қазақша беруге болатынын кейінірек айта-
мыз).
Енді мақсаттық стильдер дегеніміз не? Оны кім қалай
түсініп келді, қалай түсініп жүрміз деген мәселеге шолу ретінде
тоқталуға тура келеді. Әңгіме қазақ тілінің стильдері жайында
болғандықтан, қазақ лингвистерінің танымынан басталық.
Қазақ әдеби тілінің мақсаттық стильдері жөнінде 1960-1970
жылдарда монографиялар (оқу құралдары) мен мақалалар
жазған мамандар – М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов,
Б. Манасбаевтар, ең алдымен, бұл категорияға орыс тіл
білімінде бірқыдыру орныққан танымға сүйеніп анықтама
30
Шмелев Д.Н. Русский язык в его функциональных разновидностях. - М,
1977. - С 5; Кожина М.Н. О специфике художественной и научной речи в аспекте
функциональной стилистики. - Пермь, 1966. - С. 13.
31
Лингвистический этимологический словарь. - М, 1990. - С. 567.
218
береді: «Стиль – ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік един-
ицаларды сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнері-
нің көрінісі... Стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір саласында
қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүй-
есі». Бұл, әрине, тың немесе сәл өзгеше анықтама емес, функ-
ционалдық стиль жөніндегі орыс зерттеушілері ұсынған
танымның сөзбе-сөз аудармасы.
Стиль түрлеріне ажыратуда да қазақ мамандары осы жол-
мен кеткен: функционалдық стильдердің қалыптасуы мен даму
зандылықтарын зерттеудің негізгі көзі тілдің қолданысы (рече-
вые контексты) болып табылады, бұл қолданыстар белгілі бір
жанрға тән болып келеді деген
32
сияқты немесе «жанрға қатысты
бөлінген стильдер айқынырақ танылады»
33
дегендей орыс тілі
зерттеушілерінің тұжырымдарын басшылыққа алып, қазақ
тілінің де мақсаттық стильдерін жанрлық негізде тармақтайды:
публицистикалық әдебиет жанры публицистикалық стильді,
көркем әдебиет үлгілері көркем әдебиет стилін, сол сияқты рес-
ми іс қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық
әдебиет стилі деп ажыратады
34
.
Қазақ стилистика мәселелерін зерттеушілер тіл білімінің
бұл саласына қатысты өз ойларын айтып, тың теориялық
ізденістерге бармайды. Тіпті «функциональный» деген сөзді
не орысша қолдана салудан сақтанып, не қазақша баламасын
іздестіру әрекетін жасамай, терминнің бұл компонентін мүлде
атамауды жөн көргендік те бар. Мыса лы, «Қазақ тілінің сти-
листикасы» атты еңбектерінде (1-басылымы 1966, 2-басылы-
мы 1974 жылдары жарық көрді) авторлар «функциональный»
деген анықтауышты кемде-кем жұмсап, жай ғана «әдеби тілдің
стильдері» дей салады. Ал, шындығында, «стиль» сөзінің
алдында анықтауышы тұрмаса, оны бірнеше ұғымда түсінуге
тура келеді. Өйткені орыс ғалымдары дұрыс көрсеткендей,
«стиль» термині әдебиеттану ғылымында да қолданылады,
тіпті жеке ақын-жазушылардың көркемдік шеберлігін, шығар-
машылық бейнесін («образ автора» дегенді) тануда да стиль
32
Винокур Т.Г. Об изучении функциональных стилей русского языка советской эпохи
//Развитие функциональных стилей современного русского языка. - М., 1968. - С. 4.
33
Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. - М., 1955. - С. 20.
34
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. - Алматы, 1987. - 33-бет.
219
сөзі қолданыла береді. Сондықтан тілге қатыстыра жұмсалатын
«стиль» терминіне келгенде, алдына «функционалды» не ме-
се «мақсатты», «қолданыстық», «әлеуметтік» деген тәрізді
анықтама компонент қою керек. Осы себептен «функцио-
нальный» сөзін айтпай тастап кетіп, әрі аудармашылық, әрі
теориялық тығырықтан оңай құтыла алмаймыз.
Тілдің қатынас құралы ретінде неге, кімге арналып жұмса-
латындығы туралы әңгіме тілдің өзін зерттеуден әлдеқайда
кейін басталғаны аян. Әсіресе қазақ тіл білімінде бұны тіл-
танымның («речеведение» дегеннің) екінші кезектегі саласы
десек те болар. Тіл білімінің стилистика саласы орыс ғылымын-
да үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастап жанданды,
50-жылдардың ішінде «Вопросы языкозна ния» журналының
беттерінде (1954, №1-6, 1955, №1)
сти листика, стиль пробле-
маларына арналған пікірсайыс (дис куссия) жүргізілді. Пробле-
ма түбегейлі шешілмегенімен, көптеген объект қырларының
табиғаты анықталып, сыры ашылды. Айтылған пікірлерді акад.
В.В. Виноградов тұжырымдап, өз көзқарасын білдірді.
Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің әлеуметтік қызметі-
не мақсаттық стильдердің қатысты екендігін жоққа шығармай-
ды. Сондықтан акад. В.В.Виноградов тілдің әлеуметтік қыз-
метінің түрлерін қарым-қатынас (общение), хабарлау (сообще-
ние) және әсер ету (воз действие) деп бөледі де соларға сәйкес:
біріншісінде тілдің қүнделікті сөйлесу стилі (обиходно-быто-
вой стиль), екіншісінде (хабарлау қызметінде) іс қағаздары,
ресми құжаттар және ғылыми стильдері, үшінші қызметінде
көркем әдебиет пен публицистика стильдері қолданылады
деп таниды
35
. Әрине, тілдің бұл қызмет түрлерінің бір-бірімен
тығыз байланысып жататындығы, тіпті араласып та кететін-
дігі баса айтылады. Демек, оларды танытатын мақсаттық не-
месе әлеуметтік қызмет стильдері бір-бірінен соншама оқшау-
ланып тұрмайтындығы, кейде әрқайсысына тән стильдік
белгілерді ажыратудың қиынға соғатындығы қоса көрсетіледі.
Тілдің әлеуметтік қызметіне қарай стильдік бөлінісіне кел-
генде, тіл элементтерінің: сөздердің, грамматикалық амал-
дардың, көріктеу құралдарының әртүрлі қарым-қатынас са-
ласында, яғни коммуникативтік ортада жұмсалу тәсілдері,
35
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. - М., 1963. - С. 6.
220
қолданылу жиілігі, тіркесу қабілеттері сияқты сыртқы фак-
торлар ескеріледі. Сірә, бұл факторлар стильдік белгілерді
анықтауда айтарлықтай рөл атқаратын болу керек. Оны біз
мақсаттық стильдердің бір-бірінен айырым, белгілерін атаған
тұста көрсететін боламыз.
Ғылымның әр саласында «стиль» терминінің беретін мағы-
насы бірдей еместігін осы тақырыпты сөз еткендер әрдайым
көрсетіп келеді. Сондықтан термин дегеніміз – «бір ғана мағы-
наны беретін, мейлінше ықшам, барынша дәл болуы ке-
рек» деген анықтама – тек талап қана, ал, шындығында, тер-
миндер қолданыста «жұмсауға оңтайлы», «атқа жеңіл телпек-
байлардың» қатарынан шығады, яғни көбінесе термин деп
жүрген сөзіміз қолданыста, яғни әр салада әртүрлі ұғымда
жұмсалатын көп мағыналы сөз болып шығатыны байқалады.
Мысалы, О.А.Ахманованың «Словарь лингвистических тер-
минов» (М., 1966) деген сөздігінде стиль деген терминнің
45 ұғымды, тіл деген терминнің 108 ұғымды білдіретіндігі
көрсетілген. Әсіресе әдебиет пен өнер және тіл білімі саласы-
на келгенде, бұл сөздің семан тикалық мәні өзгеше екендігі да-
усыз.
«Стиль» термині жалпы жазба дүниелердің жанрына байла-
нысты да (мысалы, кеңсе қағаздары стилі, ресми-іс қағаздары
стилі, телеграф стилі), белгілі бір қоғамдық іс-қарекеттер ситу-
ациясына байланысты да (салтанатты стиль), тілдің жұмсалу
түріне қарай да (ауызша немесе ауызекі сөйлеу стилі, жаз-
ба стиль) қолданылады. Көркем әдебиет жанрына қарай
функционалдық стильді атағанда, «стиль» терминін жұмсап,
жеке суреткердің шығармашылық, шеберлік стилін сөз еткен-
де, басқа сөзді алу қажеттігі байқалады. В.Белинский соңғы
жағдайда «слог писателя» дегенді ұсынады. Біз де бұдан көп
бұрын жазылған бір еңбегімізде осы талапты мақұлдап, қазақ
тілінде «жазушының (ақынның) мәнері» деген терминді алған
жөн деген едік. Әлі де осы пікірді қалаймыз.
Тілге келгенде «стиль» терминінің мағынасын акад.
В.В.Виноградов былайша анықтайды (дәл беру үшін тексті
түпнұсқаша келтірелік): «Стиль языка – это семанти чески зам-
кнутая, экспрессивно ограниченная и целесообразно организо-
ванная система средста выражения, со ответствующая тому или
221
иному жанру литературы или письменности (напр, стиль офи-
циально-деловой, стиль канцелярский, стиль телеграфный),
той или иной соци альной ситуации (стиль торжественный,
стиль подчерк нуто вежливый и т.п.), тому или иному характе-
ру язы ковых отношений между разными членами или слоями
общества»
36
.
Бұл ауырлау тілмен ұсынылған, бірден түсінуге қиындау
соғатын тұжырымды өз сөзімізбен тарқатсақ, тілдің функц-
ионалдық стилі дегеніміз – әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі
бір саласына (мысалы, ресми стиль, кеңсе стилі), әдебиеттің
белгілі бір жанрына (көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль,
публицистикалық стиль), қоғам тіршілігіндегі белгілі бір
ситуацияға (салтанатты стиль, сыпайы стиль) сәйкестендіріліп
қалыптасқан тұлға-тәсілдер жүйесі, семантикасы мен экспрес-
сиясы жағынан біршама тұйықталған, яғни әр стильге қарай
іріктелген тілдік құралдар тобы (жиыны) болып шығады.
Демек, тілдік стиль, дәлірек айтсақ, тілге қатысты қолда-
нылатын «стиль» термині бір емес, бірнеше ұғымға қатысты
болып келеді. Ең алдымен, мақсаттық стиль дегеніміз – тек
қана тілдік категория (құбылыс) болып танылады. Екіншіден,
ол тілдің әлеуметтік өміріндегі қарым-қатынастың бар сала-
сында қолданылатын коммуникативтік қызметіне байланы-
сты болады (ал тілдің коммуникативтік салалары бірнешеу
екендігін, мысалы, В.А.Аврорин 12 түрін атайды). Сөйтіп,
стиль дегеніміз тілдің өзіне емес, қолданысына (речьке)
қатысты болғандықтан, ол әлеуметтік сұраныстың мақсатына,
оның ішінде әдебиеттің жанрлық түрлеріне қарай ажыратылуы
ғана емес, жұмсалу түріне (ауызша немесе жазбаша), жұмсалу
сипатына (салтанатты, жай), айтылу бояуына (әзіл-сықақпен,
қатаң сынмен деген сияқты) т.т. қарай бөлінуі де ескеріледі.
Сондықтан «әдеби тілдің функционалдық (мақсаттық)
стильдері» дегенді стильдің жоғарыда көрсетілген өзге түр-
лерінен бөлек қарастыру керек. Мысалы, публицистикалық
стиль мен телеграф стилі немесе салтанатты стиль дегендер
бір қатарда тұра алмайды: алдыңғысы функционалдық стиль
ретінде зерттелсе, соңғылары тіл қолданысының өзге ситу-
36
Виноградов В.В. О задачах истории русского литературного языка XVII-XIX вв.
// Известия АН СССР. - 1946. - Вып. 3. - С. 225.
222
ацияларына байланысты құбылыс ретінде қаралуы керек.
Публицистикалық стиль тіл білімінің объектісі болса, салта-
натты стиль, мәдениетті стиль сияқтыларды ғылымның басқа
салалары көбірек сөз етуі мүмкін.
Функционалдық стильдердің жіктелуіне келгенде де әр
зерттеуші жіктеу принциптеріне орай әртүрлі бөледі. Ал жік-
теу принциптері белгілі бір өлшемдерге (критерийлерге)
негізделуге тиіс болса, ол өлшемдердің өзі даулы, яғни мақ-
саттық стильдерді тарамдау үшін олардың қандай белгілерін
өлшем ету керек деген мәселе түбегейлі, біржақты болып
шешілген емес.
Өлшемнің ең бастысы – тілдік элементтің, яғни жеке сөз-
дердің, грамматикалық тұлғалардың, синтаксистік құрылым-
дардың мақсаттық бір стильге жататын туындының мазмұны-
на (тақырыбына) тән, мазмұнды баяндауға дәл келетін қасиеті,
сипаты болуы керек. Айталық, «тер мин» деп аталатын сөз-
дер ғылыми стильдегі үлгілердің мазмұнын ашуға қажет
құралдар болып саналады немесе етістіктің ауыспалы шақ
деп аталатын -а+ды қосымшалы тұлғасы мезгілге бейтарап,
яғни әрдайым бола беретін іс- әрекетті, қимыл-қозғалысты
білдіретіндіктен, бұл да ғылыми стиль мен кеңсе-іс қағаздары
стильдеріне тән белгі болып келеді. Әр стильде осындай тіл
элементтерінің «мазмұндық, мағыналық» икемділігінен басқа
да функционалдық белгілері болуы мүмкін, ол белгілердің де
өлшемі бо луы – заңды. Бірақ осы өлшемдерді нақпа-нақтап
талдап көрсетуде де бірізділік жоқ. Оның үстіне әрбір ұлттың
әдеби тілінің мақсаттық стиль өлшемдерінің өзге тілдердегімен
әрдайым бірдей түсіп отыруы және шарт емес.
Сонымен қатар зерттеушілер қай тілде болмасын әр мақ-
саттық стильдің өзіне тән тілдік элементтердің (құралдардың)
көрінісі бірінде көп, бірінде аз дегендей бірдей еместігін атай-
ды. Мақсаттық стильдердің біреулері барлық құралдарды
тегіс пайдаланса, енді біреулері тандап, талғап, яғни көбінесе
тек өзіне тән элементтерді жұмсайды, соның нәтижесінде
ондай стильдік үлгілер тілі «тұйықтала» түседі. Мысалы,
ресми-іс қағаздары стилі стандарт формулаларымен, штам-
птарымен ерекшеленсе, ғылыми стиль арнайы терминологи-
ясымен ерекшеленеді. Ал публицистикалық стиль бұлардан
223
гөрі еркіндеу келеді, оның «өз лексикасы мен фразеологи-
ясы» тұрақсыздау болады. Көркем әдебиет стиліне келетін
болсақ, мұның өлшемдерін ашып айту қиын. Оның ерекшелігі,
кейбір зерттеушілер айтқандай, поэтикалық элементтердің
бар болуында емес (көркем шығарманың барлығында бірдей
поэтизмдердің қайткенде де орын алуы – шарт та емес, мүмкін
де емес), бірақ тілдік құралдардың әдеби-көркемдік жағынан
көрінуі – көркем әдебиет стиліне әлдеқайда тән болып келеді.
Сөйтіп, біршама анықталған өлшемдерге қарап, тілдік
стильдерді әуелі жұмсалу түріне қарай ауызша және жазба-
ша стиль деп бөлушілік бар. Оның үстіне ауыз ша стиль мен
ауызекі сөйлеу стиліншатастырмау керек екендігі де айты-
лады. Біздіңше де, бұл таным дұрыс болар, өйткені ауызша
функционалдық стиль – әдеби тілдің құзырындағы құбылыс,
яғни ол – әдеби тілдің ауызша жұмсалу түрі, айталық, көпшілік
алдында ауызша ұсынылатын сөздер – орысша «публичная
речь» дегенге жататындар: бұрынғы қазақ шешендерінің (би-
лердің) сөздері, қазіргі лекторлардың, жиын-жиналыстарда
сөйлеушілердің, ауызша баяндама, хабарлама жасаушылар-
дың, мұғалімдер мен оқушы немесе студенттердің сабақ ба-
рысында айтылатын сөздері. Ал ауызекі сөйлеу тілі (орысша
«разговорная речь») – күнделікті қарым-қатынас барысында
ауызша қолданылатын тіл үлгісі, бұл – әдеби тілдің қарама-
қарсысында танылатын құбылыс, оның өз заңдылықтары бар.
Дегенмен мақсаттық стильдер көбіне-көп әдеби тілдің жаз-
ба түріне қатыстырыла сөз болады. Чех ғалымы Б.Гавранектің
айтуынша, стиль проблемасы әдеби тіл және оның нормала-
ры туралы ұғымдармен байланысты болып келеді. Осының
өзінде классификация біркелкі емес. Мы салы, Л.В.Щерба жаз-
ба тілдің әуелі екі түрге бөлініп жүргендігін айтады: көркем
әдебиет тілі және іс қағаздарының тілі. Іс қағаздарына ға-
лым кеңсе тілін, заң-закондар тілін, ғылым тілін, хат-
хабарлар тілін (эпистолярлық үлгілер тілін) жатқызады.
«Бұлайша болу тіл мамандарынан басқалардың танымы», –
дейді. Гвоздев: «Функционалдық стильдерді әдебиеттің (жаз-
ба дүниенің) жанрына қарай бөлгенде, олар бір-бірінен айқын-
ырақ ажыратылады», – дей келіп, ол да жал пы мақсаттық стиль-
дерді кітаби немесе көпшілікке арналған(публичный) тіл
224
стилі және тұрмыстық ауызекі сөйлеу стилі деп бөледі. Көп-
шілікқолды немесе кітаби («кітаби» бұл жерде «жазба» деген-
нің синонимі деп танылатын сияқты) стильге 1) іс қағаздары,
2) көркем әдебиет, 3) публицистикалық шығармалар, 4) ғылы-
ми еңбектер тілін жатқызады.
Орыс тіл білімінде, теориялық негіздер жағынан оның ізімен
келе жатқан қазақ тіл білімінде мақсаттық стильдерді жіктеу-
дің біршама орныққан, яғни оқулықтарда ұсынылған дәстүрлі
үлгісі бар. Олар: публицистикалық, ресми-іс қағаздары, ғылы-
ми және көркем әдебиет стильдері. Бұл – «Прага мектебі»
ғалымдары мен Ш. Баллиден келе жатқан классификация, оны
кезінде Л.В.Щерба мен акад. В.В.Ви ноградов бастаған бірқатар
орыс тіл мамандарының қостағанын білеміз. Демек, біздер,
қазақ тіл білімпаздары, жаңалық ашып отырған жоқпыз.
Кейбір зерттеушілер бұл жіктеудің ішіне көркем әдебиет
стилін қоспайды. Мысалы, «Развитие функциональ ных сти-
лей современного русского языка» (М., 1968) де ген жинақта
көркем әдебиет тілі функционалдық стиль үлгісі қатарында сөз
етілмейді. В.Д. Левин, В.П. Мурат сияқты зерттеушілер көркем
әдебиетті мақсаттық стиль үлгісі деп санамайды. Ал көптеген
зерттеушілер (В.В.Ви ноградов, Р.А.Будагов, Л.В.Щерба,
А.И.Ефимов, Р.И.Гальперин, А.Н.Гвоздев, В.Г.Адмони, Е.М.Гал-
кина-Федорук, М.Н.Кожина т.б.) көркем әдебиет үлгілерін өз
алдына функционалдық стильге жатқызады. Бұлардың ішінде
акад. В.В.Виноградовтың классификациясы көңіл аударарлық.
Ғалым тілдің қызмет ету сипатын қарым-қатынас қызметі, ха-
барлау қызметі, әсер ету қызметі деп үшке бөлетінін жоғарыда
айттық. Осыған қарай зерттеуші тілдің енді қолданыстағы
мақсатты бөлінісін күнделікті (тұрмыстағы )сөйлеу стилі (ол
қарым-қатынас жасау қызметін өтейді), іс қағаздары, ресми
құжаттар және ғы лыми еңбектер стилі (ол хабарлау қызметін
атқарады ),публицистикалық және көркем беллитристика
лық стиль (ол әсер ету қызметін өтейді) деп қарастырады
37
.
Сайып келгенде, мұнда да көркем әдебиет стилі, публицистика-
лық және ғылыми стильдер, ресми-іс қағаздары стильдері,
ауызша сөйлеу стилі деген дәстүрлі классификация келіп
шығады.
37
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. - М., 1963. - С. 6.
225
Функционалдық стиль дегеніміз – тілдің қолданысына,
дәлірек айтсақ, тілдің қандай мақсатта, кімге арнап жұмсала-
тындығына қатысты құбылыс болғандықтан, оның қызметтік
сипатын ескерудің мәні зор деп табамыз. Ол қызметтердің
түрлерін зерттеушілер былайша көрсетеді: мысалы, А.А.Леон-
тьев «1) қарым-қатынастық қасиеті (коммуникативтік қызметі),
2) ойлау құралы ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың әлеуметтік
тарихи тәжірибесін меңгеру құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлт-
тық мәдени саладағы қызметі, 5) таным құралы ретіндегі
қызметі» деп бөледі; В.А.Аврорин тіл «1) коммуникативтік
(қатынас құралы ретінде), 2) экспрессивтік (ойды білдіру
құралы ретінде), 3) конструктивтік (ойды қалыптастыру
ретінде), 4) аккумулятивтік (тәжірибе мен білім жинау) қызмет-
терін атқарады», – деп санайды.
Сірә, қайталап айтсақ, функционалдық стильдерді жіктеуге
келгенде, тілдің әлеуметтік қызмет түрлерін (си патын) ескерудің
мәні бар болса керек. Әрине, ол қызметтерді қалайша атасақ
та (Леонтьевше қарапайым түсіндірме мәнермен немесе Авро-
ринше ғылыми терминдермен), санын азайтып не көбейтсек
те, негізгі-негізгі түрлерін анық білеміз және ол қызметтері
бір нәрсені өзгелерге (не кейінгілерге) хабарлау, өзгелермен
қарым-қатынас жасау және оқырман мен тыңдаушыға әсер
ету мақсаттарын көздейтіңдігі тілдің қолданыстағы жіктелуін
ажыратуға әбден көмектеседі. Мүмкін, сондықтан да қазіргі
көптеген әдеби тілдердің мақсаттық стильдер жүйесі бір-біріне
ұқсас түсіп жатқанының бір себебі – осында болар. Дегенмен
әрбір ұлттық әдеби тілдің даму барысында оның қоғам өмірінде
қолданылу ерекшеліктеріне, яғни экстралингвистикалық
факторларға қарай өзгешеліктері болуы да мүмкін.
Тегі, функционалдық стильдердің пайда болып қалып-
тасуында және әрі қарай баяу не интенсивті дамуында тіл қоз-
ғалысының өз заңдылықтарынан тыс тұратын жағдайлар –
ғылымда «экстралингвистикалық фактор» дегендер басты
рөл атқарады, анықтаңқырап айтсақ, тілдің әлеуметтік қызмет
өрісі функционалдық стильдердің қалыптасуына не өшуіне
тікелей ықпалын тигізеді. Мыса лы, белгілі бір тілде ғылым-
ның көптеген салалары дамымаған болса, ол тілдің ғылыми
стилінің болуы мүмкін емес. Айталық, орыс тіл маманда-
226
ры XVIII ғасырдың ортасына дейінгі орыс тілінің ғылыми
стилін сөз етуге болмайды дегенді айтады
38
. Қазақ тілінің де
публицистикалық, жартылай ғылыми стильдерінің алғашқы
үлгілері жайында XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап ауыз-
ға алуға тура келеді. Ресми құжаттар мен кеңсе-іс қағаздары
стилі қазақ қауымында XVII-XIX ғасырларда едәуір қолданыл-
ғанын білеміз. Бұған 1940 жылы проф. М.П.Вяткин жариялаған
«Материалы из истории Казахской ССР» (Т. IV, М.- Л., 1940)
деген кітаптағы қазақ хандарының, сұлтандарының, билерінің,
тархандарының, старшындарының өзге әкімшіліктермен, орыс
империясы кеңсесінен, көрші хандықтармен жазысқан қағаз-
дары толық дәлел бола алады. Ол қағаздар түпнұсқада «ғарыз-
нама» (прошение), «хат» (письмо), «мағлұмнама» (уведомле-
ние), «ағламнама» (до несение), «ғарыз хал» (прощение) деп ата-
лып, бәрі де ресми-іс қағаздары ретінде танылады. Бірақ XVIII-
XIX ғасырлардағы бұл жазбалар қазақтың таза ұлттық тілінде
емес, түркі халықтарының мәдени-әлеуметтік өмірінде, соның
ішінде қазақ қоғамында да ертеден келе жатқан «ортаазиялық
түркі жазба (шағатай) тілі» дәстүрін сақтаған үлгілер болды.
Дегенмен бұл жазбаларда қазақ тілінің де элементтері орын
алғандықтан және жазушылар, дәлірек айтсақ, жаздырушылар
қазақтар болғандықтан, бұлардың қазақтың ескі жазба тілінің
кеңсе-іс қағаздары стилін танытатын үлгілер деп атауға бола-
ды. Бұл стиль де жан-жақты талданып, зерттелген емес, тек
алғашқы ізденістер ғана бар
39
.
Таза ғылыми стильді, ұлттық әдеби тілдің ресми-іс қағаз-
дары стилін үстіміздегі ғасырдан бастап сөз етеміз. Ал бұлар-
дың орнына бұрын, тіпті ертеректен бастап қазақ әдеби тілі-
нің ауызша шешендік стилі, ауызша шежіре стилі деген
қосалқы тарамдары болды дей аламыз. Шешендік сөздер мен
ата тегін тарату үлгілерін функционалдық стиль дәрежесінде
танып, талдау жұмыстары әлі жүргізілген емес. Ал бұндай
ізденістер өте қажет, өйткені мақсаттық стильдер – бір-
біріне қатты әсер ететін, бір-біріне ауыс-түйіс жасап жататын
38
Кожина М.Н. О понятии стиля и месте языка художественной литературы среди
функциональных стилей. - Пермь, 1962. - С. 18.
39
Әбілқасымов Б.XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. - Алматы, 1982;
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1993; Исаев С. Қазақ әдеби тілінің
тарихы. - Алматы, 1996.
227
құбылыстар. Белгілі бір стиль із-түзсіз жоғалып кетпейді не-
месе ғайыптан пайда болмайды. Қазіргі функционалдық стиль
үлгілерінің тілінен бұрынғы стильдік белгілердің ізін таба ала-
мыз.
Сонымен, бұл айтылғандардан байқалатыны – орыс ша
терминді пайдаланып, «функционалдық стиль» деп атап жүрге-
німізді қазақшалай қалсақ, «мақсаттық стиль» не месе «қол-
даныс стилі» деген терминдер дәлірек келер еді, өйткені бұл
– тілдің әлеуметтік қолданысына қарай сөз болатын құбылыс,
ал әлеуметтік қолданыстың мақсаттары біреу емес, бірнеше
болатындықтан, сол мақсатты атай, яғни сол мақсаттарды
көздейтін әдебиет түрлерін: көркем әдеби, публицистика,
ғылыми, іс қағаздары, хат-хабарлар деген сияқты санамалаған
принципті біз де қостаймыз.
Қолданыс (немесе мақсаттық, функционалдық) стильдері
әдеби тілге, қазіргі кезде ұлттық әдеби тілге қатысты сөз
болмаққа керек. Оның үстіне бұл стильдердің жіктелуі, аталуы
экстралингвистикалық (тілдің өзіне қатыссыз) факторларға
тікелей байланысты болғандықтан, та рихи өзгермелі бо-
лып отырады. Біз стильдік жіктеуде сөйлеу тілі стилі және
кітаби-жазба стиль деп бөлу таза мақсаттық (функционалдық)
бөліністен гөрі, тілдік қолданыс түріне (ауызша немесе жаз-
баша) қарай ажырату деп санаймыз. Сондай-ақ «салтанатты
стиль», «ресми стиль», «сыпайы не дөрекі стиль», «әзіл-оспақ
стилі» деген сияқты бөліністер де тілдің функционалдық
(мақсаттық) қолданысына қарай емес, әңгіменің «бояуына»
қарай атау деп білген жөн. Оны неміс зерттеушілері (Э. Ризель)
«стиль» деп емес, «стильдік бояу» деп атауды ұсынады.
«Діни әдебиет стилі» дегенді де шартты түрде, яғни тек
мазмұнына қарай бөлуге болар, әйтпесе қазақ тіліндегі дінге
қатысты жазба дүниелер функционалдық стиль ретінде пуб-
лицистикалық немесе жартылай ғылыми, немесе дидактика-
лық көркем поэзия үлгілері болып танылады. Айталық, Ыбы-
рай Алтынсарин жазған «Шари ат ул-ислам» атты шығарма
ислам негіздерін қазақша баяндаған жазба дүние болса, ол жар-
тылай публицистикалық, көпшілікқолды ғылыми стильдердің
белгілерін қамтиды. Өткен ғасырда миссионерлер тарапынан
христиан дінін уағыздап, қазақша жазылған кітапшалардың
228
тілі де көпшілікке арналған публицистика үлгісінде, ал өлең-
мен мұсылман дінінің канондарымен қазақ жұртын таныс-
тырған «Қырық хадис» сияқты шығармалар немесе Мұхамбет
пайғамбардың «Салсал», «Кербаланың шөлінде» сияқты саха-
балардың өмірін суреттейтін шығармалар – көркем әдебиет
(өлең) стилін пайдалануға ұмтылған дүниелер. Әрине, бұлар-
дың барлығының да өзіндік тілдік ерекшеліктері жоқ емес.
Мүмкін, қолданыс мақсаты (мұсылман не христиан дінін
уағыздау) мен діни тақырыпты сөз еткен мазмұны жағынан
және азды-көпті тілдік ерекшеліктерін (мысалы, араб сөздерінің,
діни терминдердің қолданылуы, кейбір грамматикалық эле-
менттерінің, орфограммасының ортаазиялық жазба дәстүрмен
келуі т.б.) ескерсек, шартты түрде «қазақ тілінің белгілі бір
кезеңдерінде функционалдық стильдер қатарында діни әдебиет
стилі болды» дегенді айтуға болар. Енді мұсылман дінінің
бүгінгі қазақ қоғамы өмірінде жандана бастауына байланысты
қазақ әдеби тілінде нағыз діни-публицистикалық немесе діни-
ғылыми стиль дер ауызша да, жазбаша түрде де қалыптасып
дамуы мүмкін. Дегенмен діни рәсімдердің (ритуалдардың)
дені әлі де қазақ тілінде емес, араб тілінде жүргізілетінін және
бұл тәртіптің көп өзгермейтінін ескерсек, функционалдық
діни стильдің өзге стильдерден тек тілдік емес, өзге жақтардан
айрықша өзгешеліктері болатынын сеземіз. Ол жөнінде нақты
әңгіме осы стильдің қалыптасып, әсіресе жазба түрде етек
алған кезінде болмақ. Дегенмен тілді пайдаланудың бұл са-
ласы да зерттеушілердің назарында тұруын, оны алғашқы
қадамынан бастап бақылауға алудың, материал жинаудың
қажеттігін ескертеміз.
Функционалдық стильдердің тарамдала түсуі (түрлерінің
көбейе түсуі), әбден қалыптасып, бір-бірімен айырым бел-
гілерінің айқындалуы – жазба әдеби тілге, әсіресе ұлттық
әдеби тілге тән құбылыстар. Бірақ белгілі бір әдеби тілдің,
айталық, қазақ тілінің ұлттық жазба дәуіріне дейін де функ-
ционалдық стильдік бөлінісі болған жоқ деуге болмайды.
Әрине, түрлері қазіргіден аз болуы, сипаттама белгілері әлсіз
болуы – заңды. Айталық, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі
XIX ғасырдың II жартысынан бастап қалыптасты десек, оған
дейінгі әдеби тілінде көркем әдебиет, оның өзінде де негізінен
229
көркем поэзия стилі және проза түрінде айтылған ауызша
шежіре стилі, ресми іс-қағаздар стилі, эпистолярлық стильдері
болды дей аламыз. Бұл стильдердің барлығы бірдей ұлттық
(төл) болмауы – тағы заңды, өйткені ресми-іс қағаздар, яғни
қазақ хандарының әкімшілік-кеңсе құжаттары мен өзгелермен
(айталық, орыс империясының әкімшілік орындарымен) жаз-
ысқан хат-хабарлары қазақтың таза өз тілінде жазылмай,
ортағасырлық түркі жазба дәстүріне («шағатай тіліне») негіз-
деліп жүргізілгендіктен, ол жазбалар тілінің ұлттық (қазақтық)
сипаты әлсіз болғанын түсіну қиын емес.
Тіпті қазақ қауымы өкілдерінің өзгелермен, кейде бір-бірі-
мен жазысқан хаттары эпистолярлық стильдің үлгілері бо-
лып табылғанымен, олардың таза ұлттық әдеби тілдік көрінісі
әлсіз болғанын байқаймыз. Мысалы, атақты Махамбет Өтеміс-
ұлының 1839 жылы 19 қаңтарда Жем, Сағыз, Қайнар бойын
жайлаған Әлім-Шөмен руларының беделді адамдарына жазған
хатының тексіне назар аударсақ, өлеңдерін қазақтың дәстүрлі
таза әдеби тілінде шығарған ақынның хат жазуға келгенде,
мүлде басқаша стильді жұмсағанын байқаймыз. Көрнекі болу
үшін хат тексін араб жазуынан қазіргі графикаға көшірілген
түрінен үзінді келтірелік. Үзінді Берқайыр Аманшиннің
«Махамбеттің хаты» деп жариялаған мақаласы бойынша алын-
ды («Қазақ әдебиеті», 1970, 31 июль):
«Дәлудің 19-ында 1839 йылда йолданды. Хурметлу
батырлар Баубек, Нәдірқұл, Сөли, Жармұханбет, Амантай,
баршаларымызға бірдайін сәлемдерімізден соңыра истихфар-
ларың уләңдірсе әл-хамдиллә сізнің дұхагуйләріңнің хәмидін-
дә. Уә бунден соң бұ йылғы Хиуа барған сафарымыздан сағ
саләмәт қайтып келугі һәр сөзләрімізні Жарастан сұрап
білерсіз. Уа һәм сізләрні өзім де көруге бек интізар болсам
да жұртның жайсызлығы бірлән өзімнің артқы жағымның
жайсыз ашуғышығы уәзәре бара алмадым. Уа һәм өзім де бұ
халықтың ішінде тұра алмаймын. Қайтып тез заман ғаскер
алдындан барып, ханға жолығамын. Нешік те болса бұ йыл
келмейінше қалмас. Әгәрде өзләріңізнің жайларыңыз келсе,
Сәли старшинаны бәңә жіберіп алыңыз. Бән һәм сізләрнің
хабарыңызны күтіп алсам кирек. Ушан халықларының ішінде
һәрнечік Хиуадан әскер балмай-дүр деп ойламаңыз. Әгәр орыс
230
қазақтан қысанлық болса, бері қарап көшіңіз. Бір малыңызға
да назар халқы ғайри уәлият тия қылмас. Һәрнечік орыс төрәгә
хор болмаңыз. һәм бүгінде Ғайбала ханның қолыңда біраз
әскер бар. Адай, табынның тентекләрін тиып, зәкәтлерін
алатурған һәм де өзләріңіз де біліп тұрғансыз. һәм бұ йыл
барған алашалар молла Жарылғас білән Ошырты бинің барған
елінден Аллақұли хан бажы һәм зәкәт бірісін де алмады. һәм
ошан күз алачадан алынамыш икі үйні қырғыз Қиуадан батыр-
лар ауып кетіп еді, шул малларны да Аллақұли кіші йумшап
алдыруға ниетленген ерді һәм Тілеу халықлары да малның ал-
дын алып келіп берді. Орыстан чығып барған халық хадірсіз
ермәс. һәм сіз халықның да біздің бірлен бір болғаныңызны
да айтулы Аллақұли хан бек хош уақ болды. Бөтән гайры не
язайын? Язгушы ініңіз Мұхамед Утоміш ұғлы дейур біләсіз.
Мұхамет.
Сәли бірлән Йармұқанбет достым, уақытыңыз болса, бізге
бек мұқтаж шәй, шекер алып беріп иіберсәңіз, бек ұлуғ марха-
баттан болар еді».
Сөздер, грамматикалық тұлғалар, оларды таңбалау тәртібі
сияқты тіл элементтерін пайдалану жағынан хат иесі –
Махамбеттің ақын Махамбеттен өзгеше түсіп тұрғанын текстің
курсивпен теріліп берілген тұстары көрсетеді.
Әсіресе өткен ғасырдың I жартысынан бастап қазақ қо-
ғамында эпистолярлық стиль үлгілерінің едәуір орын алғанын
жоғарыда талданған Махамбет Өтемісұлының (1839), Шоқан-
ның әкесімен, інісімен жазысқан хаттары (1857-1860), Шыңғыс
Уәлиханов пен М.В.Ладыженскийдің бір-біріне жазысқан хат-
тары (1840), Н.И.Ильминскийдің қазақша жазылған хатта-
ры (1859), С.Шорманов пен Г.Н.Потаниннің хаттары (1887),
Құнанбайдың, Абайдың Халиолдаға жазған хаттары (1866) т.б.
көрсетеді.
Әзірге біздің қолымызға түскен алғашқы қазақша эписто-
лярлық үлгілердің өзіне тән стильдік белгілері жоқ емес.
Олар: 1) орта ғасырлардан бермен қарай түркі жазба әдеби
дәстүрінде қалыптасқан хат жазу стилінің кейбір белгілерінің
орын алуы. Мысалы, хат жазушының адресатқа құрмет
көрсете білдірген қаратпа сөздерден басталатындығы, ол
сөздердің алдында хұрматлу, ғизатлу, меһрбанлу сияқты араб-
231
ша эпитеттердің болуы; 2) ортағасырлық түркі әдеби тілдеріне
тән кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер мен жеке сөздердің
орын алуы; шығыс септіктің -дың/-дің варианты, көсемшенің
-дейур тұлғасы, еді, емес деген көмекші етістіктердің ерді,
ермәс болып келуі т.б.; -у жұрнағының орнына -ғу тұлғасының
(барғучы) қолданылуы, түркілік емле тәртіптерінің орын алуы
(сөз басында ж-ның орнына й-дің келуі, қазақша ш дыбы-
сы мен келетін сөздердің ч-мен жазылуы, қосымшалардың
сингармонизм заңына бағындырылмай, бір вариантта жазы-
луы т.т.), уа, һәм, бірлән, білән, ләкин сияқты шылаулардың,
йоқса (әйтпесе), емді (еңді), һаммасы (барлығы) сияқты
сөздердің жиі қолданылуы, жеке сөздерден ошбу, нечук, оғул,
сөзләштім, есімдіктің алар/анлар, мәңе сияқты тұлғалары
т.б.; 3) орыс сөздерінің көп кездесетіндігі (әсіресе Шоқанның,
Шормановтың, Ладыжинскийдің, Потаниннің хаттарында);
4) жіктеу есімдіктері мен етістіктердің сыпайы тұлғаларының
қолданылуы (мыса лы, Шоқан інісі – Жақыпқа сіз деп жазады;
5) арабша қыстырма сөздердің (иншалла, алхамдалла, уа филъ-
ахид сияқты) жиі кездесетіндігі.
Бірақ бұл стильдің тілдік негізі қазақтық болды.
Сондай-ақ қазақтар қолданған шежіре стилінің де өзіне
тән белгілері болды және бұл стильдегі үлгілер тілі біркелкі
болған жоқ. Бұдан бұрынғы еңбектерімізде қазақша жазбаша
шежіре үлгілерін біз жартылай ғылыми стильге жатқызған
едік. Онда негізінен XVI ғасырдың соңғы кезінде жазылған
Қадырғали бидің (Жалайыридің) «Жами ат-тауарих» атты жыл-
намасын, сондай-ақ Құрбанғали Халиди, Ш.Құдайбердиев,
Н.Наушабаев, Ақыт Ұлымжыұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Жан-
төрин, Ниязов, М.Тынышбаев қалдырған шежіре үлгілерді,
соңғы жылдарда шежіре тақырыбына қалам тартқан кейбір
ғалымдар (С.Толыбеков т. б.) пайдаланған жазбаларды көз-
деген болатынбыз. Бұл – шынында да, ғылыми (тарих ғылы-
мына) әдебиетке өте жақын тұрған – жазба үлгілер
40
. Ал шежі-
ренің қазақ қауымында ауызша таралғандығын да, көпшілігі-
нің құрылымы мен лексика-грамматикалық сипаты жағынан
ерекшеленіп тұратындығын да ескеріп, жалпы әдеби тіліміздің
ауызша да, жазбаша да түрінде ата-бабаларымыздың рулық-
40
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1993. - 114-131-беттер.
232
тайпалық құрамдарымызды тарқататын үлгілерді өз алдына
стильдік жүйе қатарында қарастыруға болар ма еді деп пікір
ұсынып отырмыз. Бұл үлгілердің тілін стильдік белгілерін
анықтап, жеке зерттеу ісі алдымызда тұр. Сөйтіп, қазақ
әдеби тілін пайдаланған шежіре үлгілері жеке өз алдына
функционалдық стиль құрай ма әлде ғылыми-публицистика-
лық стильдің бір тармағы бола ма – қайткен күнде де өзіндік
тілдік-стильдік нышандары бар әдебиет екенін айтуға болады.
Ал XIX ғасырдың II жартысынан, әсіресе соңғы ширегінен
бермен қарай қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің едәуір
қалыптасып, дами түскені, оның функционалдық стильдері
айқындала түскені мәлім. Ең соңғы ескертетін жайт: функ-
ционалдық стильдерді зерттеуде, сірә, мәселеге екі тұрғыдан
келу керек болар: бірі – функционалдық стильдердің белгілі
біреуіне тән тілдік элементтерді анықтау, яғни тіл құрал-
дарының белгілі бір функционалдық стильге жататын үлгілерге
тән болып келуін зерттеу, екіншісі – тілдік элементтердің
белгілі бір функционалдық стиль тезіне түсіп жұмсалуын тал-
дау. Функционалдық стилистика бойынша зерттеулердің дені
тек қазақ тіл білімінде емес, өзгелерде де негізінен бірінші
аспектіден жүргізіліп келеді, яғни талдаулар мен тұжырымдар
«мынадай әдеби тілдің мынадай-мынадай функционалдық
стильдері бар, олардың бір-бірінен айырым белгілері (не месе
өзіне тән) мынадай-мынадай» деген сияқты әңгіме төңірегінде
болып отыр. Ал тілдік элементтердің (мейлі олар бейтарап
болсын немесе бір стильге тән болсын) белгілі мақсаттық
стиль үлгісінің тілінде сол стильдің тезіне түсіп жұмсалу уәжі
(мотиві), заңдылықтары (нормалары), активтігі т.б. жайында
жүйелі түрде, яғни теориялық негізде зерттелмей отырғанын
айту керек. Әрине, бұл жерде әнгіме жеке-жеке фактілер
жайындағы ізденістер жөнінде емес (олар бар), тәртібімен кел-
ген тілдік құбылыстар (қолданыстар) туралы болуға тиіс.
233
Достарыңызбен бөлісу: |