низмдізерттеу бо лып табылады.
Стилистика мен сөз мәдениеті мүдделері тоғысып жа-
тады, өйткені тіл элементтерінің көркем сөзде дұрыс не бұрыс
қолданылуын (яғни сөз мәдениетінің бұзылып не сақталып
51
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. - М., 1963. -
С. 125.
52
Панфилов Л.К.Лекции по стилистике русского языка. - Ч.I. - М., 1968. - С. 14.
243
тұрғандығын) анықтау үшін әуелі сол элементтің қай орын-
да, қандай мақсатта жұмсалып тұрғандығын, яғни стильдік
жүгінің бар-жоғын білу керек. Сөздің стильдік бояуы ол сөздің
негізгі мағынасына үстелген қабат болғандықтан, сол қабаттың
сыр-сынын тауып алу қажет болады. Зерттеушілер стилистика
мен сөз мәдениеті проблемаларын бір-бірімен байланыстыра
қарастыру – бүгінгі күннің көкейкесті шаруасына айналып
отырғандығын көрсетеді. Сөйтіп, стилистиканың мақсаты –
тіл элементтерінің жұмсалуын бағалау болғандықтан, олардың
орынсыз, қате қолданылуын тауып-талдау тіл мәдениеті
міндеттерімен ұштасады.
Функционалдық стильдің бір тармағы – көркем шығарма
тілін лингвостилистика тұрғысынан зерттеуде мыналарды ны-
санаға алады:
а) «автор образы» дегеннің көрінісі;
ә) баяндаудың түрлері;
б) кейіпкерлердің сөзін беру (кейіпкерлерді сөйлету) прин-
циптері;
в) кейіпкерлер тілі мен автордың өз тілінің көрінісі.
Бұл – негізінен, көркем проза стилистикасына қатысты
проблемалар. Ал драматургия мен поэзия салаларында линг-
вистикалық стилистика бұдан өзгеше мәселелерді қояды.
Орыс лингвистикасында драматургия тілі жан-жақты, жақсы
зерттелгендігін байқаймыз. Бұл салада мынадай мәселелерге
көңіл аударылған:
а) кейіпкерлер образын тіл арқылы көрсету;
ә) кейіпкерлер тілі арқылы ауызекі сөйлеу тілінің типтенуі
(типизация);
б) драмада сөз мағынасын стильдік мақсатта пайдалану.
Поэзияға келсек, мұндағы лингвостилистикалық ізденістер
мүлде ерекше болмақ. Ең алдымен, поэзияның өзі «тұнып
тұрған» образдылық (бейнелілік) болса, сол образдылықты
жасайтын құралдар мен тәсілдерді зерттеу міндеті тұрады
(образдылықты танып-таныту – әрине, көркем проза мен дра-
матургия стилистикасының да «шаруасы»). Лингвистикалық
стилистика көркем сөздің ерекшеліктерін зерттейтін болған-
дықтан, оған ырғақ, эв фония, поэтикалық синтаксис, сөз ар-
244
қылы берілетін бейне (словесный образ) сияқты тарамдарды
қамтитын лингвистикалық поэтика кіреді. Поэзия тілін лингво-
стилистика тұрғысынан зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ
жасампаздық (образотворчество) мәселесі көзделеді. Ал об-
раз жасампаздық тіл элементтерін (құралдарын) жазушының
өз қаламында жарата білуі арқылы пайда болады. Сөз-
образдардың түрлерін, оның ұлттық бояуын (колоритін) тану
да – поэзия стилистикасының міндеті. Қазақ тіл білімінде
бұлардың барлығы да – әлі жүйелі түрде зерттелмей келе жатқан
салалар. Ең алдымен, қазақ стилистикасында лингвистикалық
негізде «автор образы» дегенді монографиялық планда арнайы
танып-білу мүлде сөз болмаған зерттеу объектісі екенін айту
керек.
«Автор образы» – тіл жағынан алғанда, көркем шығарманың
мағыналық стильдік діңгегі
53
(«автор образы» деген мен «шы-
ғарма авторы» бір емес екендігін ескерту артық болар). «Ав-
тор образын» анықтау дегеніміз – сол шығарманы стилистика
тұрғысынан талдау деген сөз. «Автор образын» шығарманың
баяндау стилінен, диалогтар мен монологтерді беру үлгісінен,
экспрессивтік-стильдік элементтерінен көріп, тануға болады.
Қысқасы, «автор об разы» – лингвостилистикалық проблема.
Көркем шығарма құрылымы жағынан баяндау (ав тор сөзі)
және диалогтер(кейіпкерлер сөзі) болып бөлінеді. Сондықтан
көркем шығармада баяндаудың авторлық нормаларын айқын-
дап алу қажеттілігі туады. Көркем прозада баяндаудың төрт
түрлі болатыны айтылып келеді:
1. Баяндау автордың өз атынан жүргізіледі. Көркем
прозаның көптеген туындылары, әсіресе роман, повесть
сияқты ірі үлгілері баяндаудың осы түрімен жазылады. Мы-
салы, М.Әуезовтің «Абай» эпопеясы, Ғ.Мүсіреповтің «Оянған
өлкесі», Ғ.Мұстафиннің «Шығанағы», Т.Ахтановтың «Бора-
ны», Ә.Кекілбаевтың «Үркері» т.б.
2. Баяндау әңгімелеуші кейіпкерлердің атынан (бірақ
стильдік бояусыз) жүргізіледі. Қазақ көркем сөзінде бұл әдіс
те көп қолданылады. Әсіресе авторлық баяндаудың бұл түрі
қысқа әңгіме, повестерде кеңінен пайдаланылады. Мысалы,
53
Одинцов В.В. О языке художественной прозы. - М., 1973. - С. 17.
245
М.Ысқақбаевтың «Арпабектің сары атаны» де ген әңгімесі,
Ш.Мұртазаевтың «Табылған теңіз» повесі кейіпкер атынан
баяндалғанымен, бұлардың тексінде автор жергілікті сөз,
қарапайым сөз, ауызекі сөйлеу тілі элементтері дегендерді әдейі
қолданбайды. Стильдік элементтер мұндай шығармаларда диа-
логтерде ғана жұмсалады.
Әңгімелеуші кейіпкер аталмайды, бірақ баяндау стилі сол
кейіпкердің көзқарасымен (бағалауымен, тануымен т.т.) бе-
ріледі. Мысалы, Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесі ауыл-
да туып-өскен, оқымаған «шұбалаң жаулық қара кемпірдің»
көзімен (сөзімен) баяндалады. Сондықтан мұнда ауызекі сөй-
леу тіліне тән қарапайым элементтерде: бозымбай (боз өкпе),
ұшпақ (жұмақ), бұтқа толу (бәлдену), тортиып жүру (рен-
жу), жырқылдау т.б. сияқты қарапайым сөздер де, бойлы-сой-
лы (жақсы, текті), дызықтау (асығу), бөтеке (бүйрек), шатпа
(төрт қанат киіз үй) т.б. тәрізді жергілікті сөздер де, шүйке бас,
сидаңдаған қу сирақ, енесі пақыр, атасы жарықтық сияқты
т.т. стильдік бояуы бар өзге сөздер де автор тілінен орын алған.
Сол сияқты Ә.Нұрпейісовтің «Сең» романындағы авторлық
баяндаулардың жалпы бояуы (тоны) да көп нәрсені түзетпек
болған, тартылып қалған Аралдың тағдырына араласпақ ниеті
бар, өзі адал, сондықтан «жуан қаралар» мен беймаза Бәпиза
жұбайына, тойымсыз енесіне – қысқасы, айналасына сын
көзімен қарайтын бас кейіпкер – берекесіз тірлік кешкен «ит
мінезді» Жәдігер Әміржановтың танымы, бағалауы, көруі
арқылы берілген.
4) Әңгімелеуші аталады да шығарма сол кейіпкердің ау-
зымен баяндалады. Баяндаудың стильдік бояуы әңгімелеуші
кейіпкердің сөз саптауына бағындырылады. Мысалы, Б.Май-
линнің «Шұғаның белгісі» атты әңгімесі І жақтан сөйлеген
автор сөзімен басталғанымен, ондағы әрі қарай баяндалатын
барша оқиға жолаушылап келе жатқан адамдардың бірі – 30-
40 жастардағы қарапайым ауыл адамының аузымен, соның
сөйлеу үрдісімен беріледі. Сондықтан мұнда сөйлемдер қысқа-
қысқа. Әңгімеде немене еді, тәйірі соның өлеңі... ой, Алда-ай,
қызық заман екен-ау... әйдай («Есімбектің үлкен үйі лық толған
адам, қымыз ішіп, әйдай, қызды-қызды болып жатыр екен»),
246
дүниені сөткен адам... Зәйкүл – сөзшең қатын... Айнабай –
қызыл көзді пәле... деген сияқты ауызекі тілдің сөз мәнері еркін
қолданылған.
Міне, баяндаудың осындай төрт түріне байланыстыра сөз
тандау, сөйлем құрастыру заңдылықтарын (нормаларын) та-
нып-білу қажеттігі туады, бұл – қазақ тіл ғылымында әзірге
там-тұмдап қолға алына бастаған сала. Бұл ретте соңғы жыл-
дарда жарық көрген X. Кәрімовтің «Қанатты тіл» (1995) мо-
нографиясы, Б. Шалабаевтың «Көркем проза тілі» (1994),
М. Серғалиевтің «Көркем әдебиет тілі» (1995) атты моногра-
фияларын атаймыз.
Сондай-ақ «қазақ көркем сөзінде диалогтер арқылы об раз
жасау деген бар ма, бізде «қала тілі», «ауыл тілі» (орыс тілін-
дегідей «городская речь», «крестьянская речь» т.т.) дегендер
бар ма, бар болса – олардың көркем әдебиеттегі көрінісі қандай,
жоқ болса – диалогтерді беруде өзге ерекшеліктер байқала ма?»
деген мәселелер де күн тәртібінде тұр. Осы орайда бұрынғы
(бұдан 50-60 жылдар бұрынғы) және қазіргі (соңғы 20-30 жыл
ішіндегі) қазақ прозасында автор сөзі мен кейіпкер сөзінде
айырмашылық бар ма, жоқ па; автордың тіліндегі белсенділігі
(жазушының өзіндік көрінісі) деген байқала ма; кейіпкер тіліне
автордың килігіп кетуі, яғни өз тілін кейіпкердің аузына са-
луы немесе керісінше, авторлық баяндаудың кейіпкер тілімен
берілуі деген сияқты стилистиканың тың мәселелері алдымыз-
дан және шығады.
Сөйтіп, лингвостилистика көркем текске эстетикалық си-
паттама беруді көздейді, яғни көркем шығармадағы сөздің
ерекше қызметін: стильдік жүгін, құбылысын айқындайды.
Ал көркем шығарма тілі мен жалпы ұлттық әдеби тіл
нормаларының арақатынасын қарастыратын екінші аспектіге
келсек, бұл ретте, ең алдымен, ұлттық көркем сөз нормала-
ры дегеннің өзін анықтап алу қажет. Содан соң көркем әдебиет
тіліндегі осы нормаларға сай келетін немесе сай түспейтін
сәттерді, яғни нормадан уәжді (мотивті), уәжсіз (мотивсіз)
ауытқуларды тауып көрсету мақсаты қойылады. Көркем туын-
ды тілін жалпы әдеби тіл нормасы тұрғысынан зерттеу алдың-
ғы лингвостилистикалық ізденістермен ұштасып жатқанымен,
бұл – өз алдына бөлек ғылыми ізденіс болмақ.
247
Көркем әдебиет тілі – кең планды проблема. Оған стильдік
ізденістер тұрғысынан келіп, өнер ескерткіші ретіндегі көркем
шығарманың тілдік болмыстың талдау мен сол ескерткішті
тұрғызушының, яғни жазушының шеберлігін танып білу де
жатады.
Сонымен қатар «қалам иесі қазақ әдеби тілінің бүгінгі жал-
пы ұлттық нормаларына құлақ асып отыр ма, жоқ па, ол
нормалардан ауытқулар бар ма, бар болса, себептері қандай?»
деген мәселелер де көтеріліп, аталған проб лема нормативтік-
статикалық аспектіде де сөз болуға тиіс. Қай тұрғыдан қаралса
да, белгілі бір кезеңдегі көркем әдебиет тілінің параметрі сол
дәуірдегі әдеби тілдің даму бағытымен әрі принциптерімен
өлшенеді.
Көркем туынды тілінің негізі де, қоры да, көзі де – жалпы-
ұлттық тіл, жалпы әдеби тіл екенін ешкім жоққа шығара ал-
майды. Сондықтан бүгінгі танда көтерілетін сөз мәдениеті
(мейлі қай жанрдың сөз өрнегі әңгімеленсе де), сайып келгенде
тілдік нормаға барып тіреледі. «Қазақ көркем әдебиетінің тілі
сол нормалар үдесінен шығып отыр ма, жоқ па?» деген пробле-
ма – өз алдына ғылыми зерттеу объектісі болуға тиіс. Көркем
әдебиет стилі қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуы барысын-
да басты рөл атқарып келгені мәлім. Бұл күнде де қоғамдық-
публицистикалық; ғылыми стильдермен қатар, әдеби тілдің
жетіле түсу процесінде белгілі дәрежеде елеулі орын алып
отырған көркем әдебиеттің тілін тек лингвостилистикалық
аспектіде ғана емес, әдеби тіл нормаларын сұрыптау, тұрақ-
тандыру, сөз мәдениетін көтеру тұрғысынан да зерттеу қажет-
тігі туады. Соңғы мақсатта жүргізілетін ғылыми ізденістер
қазақ тілінің ұлттық көркем әдеби нормаларын айқындау,
оның ерекшеліктерін таныту, әдеби стандарт пен нормадан
ауытқу құбылыстарының сырын ашып, табиғатын, дұрыс-
бұрысын көрсету сияқты тың ғылыми-теориялық мазмұнды
жұмыстарды ұсынуға мәжбүр етеді.
Оның үстіне көркем әдебиеттің жанды процесінде оның
қазақ әдеби тілінің қазіргі кезеңдегі дамуына жақсы әсер етіп
отырған жағымды жақтарымен катар, тілдік-эстетикалық
талғам шарттарына сай келмейтін жағымсыз сәттерін көрсетіп,
248
оларды түзейтін ғылыми негізді ұсыныстар жасау қажеттігі
даусыз. Бұл – бүгінгі күнгі теориялық та, қолданбалы да тіл
біліміне қойылып отырған басты талап. Демек, көркем әдебиет
тілін синхронды-нормативтік тұрғыдан зерттеу – бүгінгі қазақ
тіл білімінің өзекті проблемаларының бірі болмақ. Әрине, ал-
дымен диахронды-нормативтік ізденістерге барудың жөні бар.
Ал бүгінгі таңдағы талап – тіл мәдениетін көтеру тұрғысынан
қарасақ, синхронды-нормативтік зерттеулерге баса көңіл ауда-
ру қажет болады. Атап айтқанда:
1. жалпыхалықтық ұлттық әдеби тіл нормалары мен көр-
кем тіл нормаларының айырым белгілері, ұштасатын-ажыра-
тылатын тұстары, даму принциптері мен бағыттары қандай?
2. Қазіргі қазақ көркем әдебиеті тілінде ұлттық әдеби тіл
нормасынан ауытқушылықтар бар ма, ол ауытқушылықтардың
жөнімен-жөнсіз (уәжді-уәжсіз) түрлері қандай және ауытқу-
шылық көркем әдебиеттің кай жанрында, тілдің қай қаттауында
көбірек сезіледі?
3. «Жазушы тіл құралдарын творчестволықпен жұмсай
білген бе, жоқ болса, оның қазіргі сөз мәдениетімізге тигізетін
әсері, зияны қандай, қай дәрежеде?» деген проблемалар қой-
ылады.
Көркем әдебиет тілін стильдік ерекшеліктер мен сөз
мәдениеті тұрғысынан зерттеуде де объектілерді проза, поэ зия,
драматургия түрлеріне бөліп, айырып талдау, тану керек. Оның
үстіне қатты ескеретін нәрсе – нормалылық дегенді тілдің
қай қаттауына (қабатына) қарай іздеу керектігі. Айталық, лек-
сика қабатына қатысты нормалылықты зерт теу объектілері
жағынан ғана емес, сөздің семантикалық мағынасымен
қатар, эстетикалық жүгін есепке алып отыру жағынан да
ерекшеленеді. Және бұл ерекшелік проза тілі мен поэзия не-
месе драматургия тілінде тағы бөлініп кетеді. Синтаксистегі
нормалылықты іздеу – ең алдымен, көркем текстің стильдік-
эстетикалық нысанасымен көзделеді. Синтаксистегі түзулік
(нормалылық) структуралық (жалпы тілдік) нормаға сайма-
сай түспейді. Көркем әдебиет тілінде структуралық нормадан
ауытқу көркемдік талабынан шығып тұрса, ол – көркем тілдегі
нормалылық болғаны. Бұндай «нормадан тыс нормалылық»
поэзия жанрында мүлде айрықша болып келеді.
249
Стилистикада лексиканы талдап-тану басты орын алады,
тегі, ол синтаксистен қалыспайды. Сондықтан көркем әде-
биеттің (басқаларының да) тіл мәдениетін зерттеуде де лексика-
фразеологиялық қабат алдымен қолға алынуға бейім. Қазақ
көркем әдебиетінің проза саласындағы лексикалық нормалар-
ды танып-білуде, біздіңше, бүгінгі таңда мынадай сәттерге
(объектілерге) назар аудару қажет:
1. диалектизмдердің (жергілікті элементтердің) жұмсалуы,
яғни орыс тіл білімінде диалектизация деп аталатын құбы-
лыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-
қалпы, өріс алу бағыты;
2. жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (образды) сөздерді
жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің сөгілуі;
3. қарапайым, көне, сирек сөздердің жұмсалуы;
4. синонимдерді тандау; идеографиялық және стильдік
синонимдердің қолданысы;
5. лексикалық жаңа қолданыстардың орын алуы (қажетсіз
тұста жаңадан сөз жасау немесе қажеті бар жерде ұсынылған
жаңа қолданыстың сәтті-сәтсіз болуы);
6. штамп сөздер мен тіркестерді қолдану; сөздердің тіркесу
аясын кеңіту арқылы сөз мағыналарын жаңғырту;
7. лексикалық варианттардың қолданысы, яғни морфоло-
гиялық, орфограммалық, семантикалық, генезистік т.б. жары-
спалы элементтердің дұрыс-бұрыс жұмсалуы;
8. белгілі бір сөз тудырушы элементтердің және синтаксистік
тәсілдердің көркем әдебиет тілінде активтенуі;
9. көркем әдебиет тілі арқылы лексиканың стильдік жіктерге
(поэтизм, қарапайым сөздер, канцеляризм т.т.) ажыратыла
түсуі.
Бұл объектілердің бірқатарының зерттелуі сөз орынды-
лығына (функционалдығына) қатысты болса, бірсыпырасы
әдеби тілдегі варианттылық проблемасына тікелей байланы-
сты, яғни әдеби нормаға қатысты ең үлкен мәселенің бірі – тіл
элементтерін (айталық, сөздерді) өз орнында, өз қызметінде
дұрыс жұмсау жайында бол са, екіншісі – варианттылық,
жарыспалылық туралы болмақ. Бұл екеуі – жалпы тіл мәдениеті
проблемасының өзегі, ең мәнді жақтары
54
.
54
Скворцов Л.И. Норма. Литературный язык. Культура речи //Актуальные проблемы
культуры речи. - М., 1970. - С. 31.
250
Осы объектілерді зерттеу үстінде қазақ көркем әдебиеті
лексикасының ұлттық нормалары айқындалады; қазақ әдеби
тілін проза тілі арқылы нормалану процесі танылады; бұл про-
цесте орын алатын сөз таңдау принциптері айқындалады; жал-
пы әдеби нормадан ауытқу құбылыстары танытылады.
Сонымен қатар көркем шығарманың лексикасын әдеби
норма аспектісінен зерттеуде әңгіме екі үлкен мәселе айна-
ласында болады: бірі – сөзді дұрыс қолдану, екіншісі – сөзді
әсем қолдану жайттары. Алғашқысында сөздін нейтралдық
мәні, коммуникативтік қызметі, соңғыда сөздің көркемдік
мағынасы, стильдік қызметі нысанаға алынады.
Біріншіден, бұл жерде әңгіме жалпы әдеби тіл нормаларын
бұзбай қолдануды ғана шарт деп санау – мүлде қисынсыз меже.
Көркем әдебиет – көркем дүние, өнер туындысы, ол – жалаң ин-
формация құралы емес, сол информацияны әсерлі, әсем түрде
жеткізу, суреттеу құралы. Демек, көркем текстегі сөздердің
дұрыс, орынды, норма сақтап жұмсалуы әсем жұмсалуға
бағындырыла қаралуға тиіс. Көркем шығарма тілінің публи-
цистика, ғылыми стиль сияқты өзге стильдер тілінен басты
ерекшелігінің бірі – осында. Егер көркем туынды жалпы грам-
матика мен лексиканың бірде-бір нормасынан (ережесінен) бір
адым ауытқымай, «түп-түзу», «дұп-дұрыс» жазылса, ондай
шығарма оқушы сезіміне әсер етпес еді, ол «көркем» деген
анықтаманы ақтай алмас еді. Міне, зерттеу әдісінде ескерілетін
шарттардың бірі – осы.
Өйткені сөз дұрыстығы (мәдениеті) немесе тілді дұрыс қол-
дану (правильность речи) дегеннің өзін біржақты түсінуге бол-
майды. Жалпы сөз дұрыстығы дегеніміз – тілдің құрылымдық,
яғни сол тілдің табиғатына тән заңдылықтарының сақта-
луы. Олар тілдің құрылымын баяндайтын грамматика оқу-
лықтарында, оқу құралдарында, сөздіктерде т.б. танытыла-
ды. Бұл заңдылықтар мектепте сол тілді алғашқы үйрету
барысында айтылады. Бұл – тілдің ережелерін, ішкі табиғи
зандылықтарын бұзбай, жал пы түзу қолдану мәселесі, ал тілді
әсем және орынды қолдану зандылықтары және бар. Демек,
жалпы тіл нормасы дегенмен қатар, лингвостилистикалық
нормалар да болады дегенді, яғни қолданбалы стилистиканың
251
объектісі – жалпысөз (тіл) мәдениеті, лингвистикалық сти-
листиканың объектісі – көркем сөз мәдениеті екенін айырып
зерттеу – қазақ тіл білімі үшін тың проблема.
Лингвостилистикада қарастырылатын фраза құру (по-
строение фразы) және текст түзімі (текстообразование) деген
зерттеу объектілері де бізде, қазақ тіл білімінде, өз алдына
арнайы зерттеуді күтіп тұр. Фраза құру мәселесі екі тұрғыдан
қарастырылуға тиіс: бірі – фраза құрайтын сөздерді тандау,
екіншісі – фразаның құрылысы (тұрақты конструкциялар-
ды бұзу, плеонастық құрылымдар түзу т.т.). Бұлардың ішінде
жеке мәселелер ғана, мысалы, тұрақты тіркестердің, мақал-
мәтелдердің трансформациясы немесе текст түзудің кейбір
мәселелері жалпы суреттеу (фактінің констатациясы) ретінде
кандидаттық диссерта ция дәрежесінде зерттеле бастады, бірақ
бұл тақырыптардың әңгімеленуі таза лингвостилистикалық
тұрғыдан көп қарастырылған емес.
Екіншіден, көркем проза тілінің лексикалық нормасын
айқындауда оны әдебиет жанрларының даму бағыттарымен
тығыз байланыстыра қарау әдісін қолдануға тура келеді. Айта-
лық, бүгінгі қазақ көркем прозасында әр ал уан тіл элемент-
терінің стильдік тезге түсу (стилизация) процесі етек алу
бағыты көзге түседі.
Стильдік тезге түсу дегеніміз – шығарманың тақырыбына,
жанрына, эстетикалық мақсатына және «автор образы» деген-
ге, яғни автордың айтпақ идеясына, көзқарасына, позициясына
тілінің үндес келуі. Мысалы, та рихи шығарма авторы жеке ата-
уларды таңдауда болсын, кейіпкерлерді сөйлетуде болсын т.т.
суреттеп отырған дәуір шындығына мейлінше жақын, сәйкес
келуді көздесе, ол – тарихи стилизация болмақ.
Стилизацияның түрі сан алуан. Қазіргі қазақ көркем әде-
биетінде интеллектуализация, интимизация, фольклори-
зация сипаттары бар шығармаларды іздестіріп, талдау керек.
Осылардың қай-қай түрі де сөз таңдау өрісін кеңітеді; шығарма
тексінің композициялық-синтаксистік құрылымын, моно-
логтер мен диалогтерді берудің жаңа тәсілдерін іздестіреді,
лексиканың тақырыптық топтарын байытады т.т.
Мұндай «...изацияланған» шығармаларда жанр талабын
өтейтін нормадан тыс лексикалық элементтер мен грамма-
252
тикалық тұлға-тәсілдердің орын алуы – заңды. Сондықтан
олардың баршасын нормасыздық, яғни нормадан ауытқу, сөз
мәдениетінің бұзылуы деп тануға болмайды.
Үшіншіден, көркем сөздің лексикалық нормасына та рихи
даму (өзгеру) тұрғысынан қарау – зерттеудің басты амал-
дарының бірі болмақ. Сөз жоқ, қазақ көркем прозасы норма-
сының және мәдениетінің бүгінгі күй-қалпы мен сипаты өткен
ғасырдағы және үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдық-
тарындағы түрімен бірдей емес. Айталық, соңғы 30-40 жылдың
ішінде проза жанрында тілдің сөздік байлығын мейлінше кең
қамту бағыты пайда болды. Ол үшін жұмсалу аясы шектеулі
диалектизмдерді де, мағынасы күңгірттенген көне сөздерді де,
бұл күнде жиі жұмсалмайтын мән-мағынасы бейтаныстау си-
рек сөздерді де, жаңадан еніп жатқан қолданыстарды да кәдеге
асыру әрекеті бар екенін айтуға болады.
Жергілікті ерекшеліктерді зерттеуші диалектолог ғалымдар
қазақтың көрнекті жазушыларының шығармаларында, автор
сөзінің өзінде бірсыпыра кәсіби сөздер мен диалектизмдердің
орын алғандығын айтады. Мысалы, Ә.Нұрпейісовтің, Ә.Сәр-
сенбаевтың прозалық шығармаларында Арал, Каспий балық-
шыларының тіліне тән бірқатар кәсіби атаулардың мағыналары
сілтемеде көрсетіліп, орынды қолданылғандығын Шора Са-
рыбаев атайды. Зерттеуші сонымен қатар Әбдіжәміл Нұр-
пейісовтің тілінде тек кейіпкерлер емес, авторлық баянда-
уларында да жергілікті сөздердің біршама кездесетіндігін
көрсетеді.
Сондай-ақ Дүкенбай Досжановтың шығармаларында өзге
өлке тұрғындарына түсініксіз, жалпы қазақ әдеби тіл норма-
сында жоқ сөздердің жиі қолданылатындығын көркем әдебиет
тілін қадағалап келген Ғабит Мүсірепов атап көрсеткенін
білеміз (1984 жылы өткен «Бүгінгі қазақ прозасының тілі»
атты конференцияда жасаған баяндамасында). Тіл маманы
– Байынқол Қалиев те Д.Досжановтың 1966 жылы шыққан
«Жусан мен гүлдер» атты кітабынан
55
бастап, 1980 жылға
«Табалдырығыңа табын» деген сияқты көлемді-көлемді 9 кіта-
бынан 400-ге тарта әдеби нормаға кірмейтін сөзді жинап
55
Сарыбаев Ш. Көркем әдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер // Жазушы және
сөз мәдениеті. - Алматы, 1983. - 99-102-беттер.
253
алып, оларды топ-топқа бөліп әңгіме етеді. Зерттеуші Д.Дос-
жанов тілінің байлығын, көркемдігін, оның тілге келгенде
іздемпаздығын ерекше атай отырып, диалектизмдерді шамадан
тыс көп және уәжсіз қолданғандығын кемшілігі деп табады.
Жазушы қолданған әдімулық («жақсылық»), әтел («оңтайлы,
әзір»), бәйшең («бейпіл»), енепат («алапат, жойқын»), көлпар
(«күпілдек), мәп («олжа») сияқты есім сөздер мен қылтқу,
леглу, салмақсоқтану, уажымдау сияқты етістіктер тіпті диа-
лектология сөздіктерінде тіркелмеген жергілікті не сөйлеу
тілі элементтері болып табылады дейді
56
. Зерттеуші олардың
диалектологиялық сөздіктерге кірмегендерін контексімен алып
көрсетіп, беретін мағыналарын (жақша ішінде тырнақшамен
көрсетілгендер) шамалайды. Мүмкін, бұл 400 сөздің ішінде
бірен-сараны диалектизм болмай, көне сөз немесе жасанды
тұлға болуы, бірақ қайткенде де жазушымен жерлес, өңірлес
емес оқырман Дүкенбай шығармаларының кей тұстарын
қиналып оқитындықтары, бейтаныс сөздерге бола сөйлем
мағынасын тап басып, тани алмайтындықтары айтылған.
Сөйтіп, жазушы Д.Досжанов тілінде уәжді-уәжсіз диалек-
тендіру (диалектизация) құбылысы бары байқалады екен,
қаламгердің 8-9 шығармасында әдеби нормадан тыс тұрған 400-
дей сөздің қолданылуы – біздің байқауымызша, жазушының
салақтықтан, әдеби тіл нормасын білместіктен емес, саналы
түрде өзі қалап барған әрекеті сияқты. Бұл әрекет ішінара өзге
жазушыларда да байқалатынын біз де атаған болатынбыз
57
.
Әрине, әдеби тілде баламасы жоқ немесе сын есім, үстеу-
лерге үстеме реңк беретін синоним қатарларын түзетін диалек-
тизмдерді уәжімен (орнымен, қажеттіліктен шығарып) қолдану
– көркем әдебиетке сыйымды, дұрыс амал. Ал аса қажеттілік
жоқ жерде де жазушы жергілікті элементтерді әдейі қолданса,
оның да мақсат-себептерін іздестіруге тура келеді. Бұны да –
жеке бірді-екілі жазушының «қиқарлығы» деп емес, көркем тіл
тәжірибесінде жол ала бастайтын ағымдардың өмірге келуі деп
қарау ке рек болар.
56
Қалиев Б.Д. Досжанов шығармаларындағы диалектизмдер мен сөйлеу тілі
элементтері жайында // Жазушы және сөз мәдениеті. - Алматы, 1983. - 107- 121-беттер.
57
Сыздықова Р. Сөз қолданыс және әдеби норма // Жазушы және сөз мәдениеті. -
Алматы, 1983. - 31-36-беттер.
254
Ғылым тілінде әр алуан «-изация»-лармен келетін бұндай
ағымдардың бірі – диалектизация (қазақша мұны «жергі-
ліктену» дейміз бе, «диалектілік стиль тезіне түсу» дейміз бе,
«диалектілену» дейміз бе – әйтеуір бұл құбылысты атайтын
термин табу керек). Диалектілік элементтерді әдейі шама-
дан тыс қолдану болса, бұл әрекеттің қазақ көркем сөзінде де
көріне бастағанын айту қажет.
Сөйтіп, бүгінгі қазақ көркем әдебиеті, оның ішінде проза
жанрының тілін тануда оның пайда болып, әрі қарайғы даму
барысында әр алуан бағыттардың, амалдардың болғанын және
бар екеніне назар аудару керек. Ол үшін ұлттық көркем әдеби
нормаларын айқындап алуды бірінші кезекке шығарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |