(І, 191).
Бұл жердегі парцеллятты бірыңғай мүшенің біреуі деу-
ге де болмас (бірыңғайлығы морфологиялық тұлғаларының
бірдейлігі ғана болар), шындығында, мақтанушы еді деген
парцеллят күшті стильдік құрал болып тұр: жазу шы бұл баян-
53
дауышты оқшаулау арқылы Ғайша қыз портретінің бір қырын
көрсетіп, оның бояуын қалыңдатып тұр. Сол арқылы Ғайшаның
бұл қылығына оқырман назарын аударады.
Жоғарыда айттық, парцелляция тәсілі негізінен көркем
әдебиет стилінде қолданылады, демек, оны грамматикалық
категориядан гөрі стильдік категория, тілдік экспрес сия
құралының бірі деп таныған дұрыс болар. Әрине, бұл құбылыс
туралы үзілді-кесілді тұжырымдар айту үшін, оны мол мате-
риал жиып, ғылыми тұрғыдан зерттеу керек, атап айтқанда,
парцелляцияланатын сегменттердің (сөйлем мүшелерінің
немесе сөйлем құрамдарының) түрлерін ажырату, орналасу
тәртібінің дистанттық позицияларын айқындау (парцелляттар
мүмкін тек сөйлемнен соң келе бермейтін болар), қазақ тіліне
тән ерекшеліктерін, мағыналық-интонациялық қырларын,
синтаксистік құрылымын т.т. белгілі шығармалар (авторлар)
бойынша да, жалпылық норма тұрғысынан да талдап-таны-
ту болашақтың, өзге зерттеушілердің міндеті болмақ. Біз бұл
жерде қазақ көркем прозасының әңгіме-повесть жанрлары
үлгілеріндегі, оның ішінде де М.Әуезовтің 20-30-жылдардағы
ғана шығармаларындағы парцелляция көрінісін баяндадық.
Ал бұл тәсілді жазушы әрі қарай актив амалға ұластырды ма,
өзге қалам ұстанғандарға үлгі болды ма немесе онымен тұстас
не сәл бұрын (мысалы, Б.Майлинде) дүниеге келген көркем
шығармаларда орын алды ма – міне, осыларды зерделеу үшін,
алдымен текстерді түгел сүзіп, материал жинап алу қажет.
Универсал, яғни барлық тілге тән парцелляция әдісі туралы
теориялық танымдарды игеру міндеті де тұрады. Содан соң
барып, өзін дербес ғылыми объект етіп, мо нография түрінде
зерттеулер ұсыну қажеттігін айтамыз.
Талданып отырған шығармалар тілінің синтаксистік түзі-
лісіне зер салғанда, тағы да мынадай жайттарды жазу шы
қаламының өзіндік ерекшелігі (мәнері) деп атауға болады.
Ол – күрделі ойдың берілуі. Сөз жоқ, М.Әуезов әңгімелері
тек жай сөйлемдермен келеді деуге мүлде болмайды, әрине,
құрмалас сөйлемдердің де түр-түрі орын алған. Және олардың
бөліктерінің (компоненттерінің) орналасу тәртібі, бағыныңқы
сөйлем мүшелерінің жасалу нормалары сияқты қырлары бүгінгі
жазба әдеби тілімізден ауытқымайтынын айтуға болады. Тек
54
бір ерекшелік жалғаулықтармен байланысатын құрылымдарды
бір сөйлемге жинамай, бөлек-бөлек ұсынатын сәттері жиірек
кездеседі, яғни бірақ, сондықтан, ал деген жалғаулықтар
көбінесе сөйлемнің басында келеді (бұл жерге енді ұзақ-ұзақ
сөйлем дермен мысал келтірмей-ақ қоялық, көргісі келген
оқырман, әңгіме текстеріне көз жүгіртсе, кез келген жерінен
тауып алуларына болады).
Келесі бір ерекшелік сияқты көрінетін нәрсе – жазушы
әңгімелерінде етістік баяндауыштардан сәл қашқалақтау.
Әрине, етістік баяндауышты сөйлемдері мүлде жоқ неме-
се тіпті аз деуге болмайды. Реті келген тұста, әсіресе табиғат
көріністерін немесе бір нәрсенің жай-күйін, күй-қалпын сурет-
теген сәттер есім баяндауышты сөйлемдермен беріледі:
Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда
бұлт жоқ, ашық... Жер қарлы... (І, 51).
Кішкене үйдің іші жүдеу, сарылған сары уайымның
таңбасы үй ішіне түскендей. Пештің қырында тұрған жалаң
бас лампы үй ішіндегі қараңғылықты зорға жеңіп, жалпылдап,
ала көлеңке болып жанып түр (І,73.)
Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тоқтарлық,
бұдыр жоқ... Көзге түсетін жан иесі жоқ. Жер жүзін тылсым
буғандай, ызғарлы қар, суық аяз тас қылып қатырғандай (І,74).
Әрине, етістіктер – динамиканы (қозғалыс, қимыл, әрекетті)
білдіретін сөз табы. Онсыз бір нәрсе жайында баяндау мүмкін
емес. Көбінесе шақтық, жақтық бір тұлғадағы етістік баян-
дауыштар сөйлем сайын қайталап келіп отыруы мүмкін, бұл
баяндалатын оқиғаға байланысты. Ал баяндаудың ішінде
бір нәрсені сипаттау, адамның көңіл күйін әңгімелеу сияқты
тұстары болса, етістік баяндауыштар аздау болады немесе
барларының өзі шақтық, жақтық тұлғаларда емес, әр алуан
өзге тұлғаларында (бұйрық рай, есімше т.б.) келеді. М.Әуезов
о бастан осы тәртіпті қол көрген. Тек әңгімелері емес, «Абай
жолы» эпопеясының тілі де осындай. Мысалы, Әйгерімнің ән
салғанын тыңдап отырып, «өмір-сурет дүниесіне шомып кет-
кен» Абайдың психологиялық күйін жазушы былай береді.
Арғы сөзі Абайдың құлағына кірген жоқ. Барды айтып
жаққан – сөз емес, әуен мен үн... Көп күміс қоңырау сән түзеп,
бір үн сала ма? Әлденендей ғайып текті, ақ қанатты асыл зат
көз жүзінде күнге шағылыса ма! Күміс сыбдыр нұр шашып,
сырлы аспанға, мәлімсіз сапарға, серікке шақыра ма?! Берші
55
сараң, сырдаң бойыңды! Түйіліп қалған жүрегің, Тартынып
қалған, ашылмай тығылған жан сырың бар. Ашшы соныңды!
Өрге, өнерге шақырайын бар үніммен. Иықтан басқан зілден,
мынау дел-сал күйден өтші! (V, 67)
Міне, мұнда іс-қимылды ашық райда тұрып (үн салды,
ашты, өнер төгіледі демек сияқты) білдірген бірде-бір тұлға
жоқ.
Біркелкі (бір тұлғадағы) етістіктер ұйқасқа алынған өлең
жағымды, әсерлі болмайтынын Мағжан ақын Жұмабаев әдемі
келекелегенін білеміз. Ақын:
Талапсыз, сорлы «ойлаған»,
Ойға терең «бойлаған»,
Есалаң уға «тоймаған»,
Қанып бір ойын «қоймаған».
Есер жүрек «ойнаған»,
Өлгенше үміт «жоймаған»,
Жындыдай жалғыз «тойлаған»,
Жалықтырды «ой» да «қан» –
Құрысын өлең! Қой бағам! – демей ме?
Біркелкі етістіктер қатар тұрған сөйлем сайын келіп
тұрса (әрине, мүлдем келмеуі керек деуге болмайды, баяндау
мазмұнына, сипатына қарай, қатарынан келген бірнеше сөй-
лем бір тұлғалас етістіктермен берілуі жиі кездеседі), оқыр-
манды өлеңдегідей жалықтырмағанмен, ол микротекст аса
әсерлі болмауы мүмкін. Мұны М.Әуезовтей қас шебер жақсы
түйген.
Көркем проза тілінде жиі болмағанмен, әр кез қолданыла-
тын өте бір әсерлі көріктеу амалының бірі – лексикалық, әсі-
ресе синтаксистік қайталамалар М.Әуезовтің алғашқы әңгіме-
лерінде кездеспейді. Бұл тәсілді жазушы «Абай жолы» эпо-
пеясында қолданған және қайталаманы шағын микротекстен
бастап, ұзақтау периодтарда, тіпті шығарманың бірнеше та-
рауында келтірген. Мысалы, Тобықты жайлауларының қоңыр
бір кешінде ел жастарына Біржандай өнер алыбы «әкеліп бер-
ген жүрек тілі, сезім нұры» қалай төгіліп тұрғанын суреттеген
тұсын оқиық:
Сол кеште, Әнетке қарай беттеген Базаралы ат үстінде ән
салып келе жатқан Балбаланың сымбатты, сұңғақ бойына,
қыпша беліне тамашалай қарайды.
56
Сол кеште, Керімбала мен Оралбай қосылып ән сәндейді.
Өзі енші болмаса да, әнді барынша сүйетін, Керімбаланың
ағасы Әкімқожа қатар келе жатып, қос әншіге жол бойы ән
салғызады.
Сол кеште, жарық айлы, сырқұмар кеште, көп жолдастың
қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей саз қосады.
Сол кеште, үлкен өнер, әсерлі әнмен қоштасар кеште, от-
ауда қалған Біржан мен Абай мәжілісінде тағы Әйгерім ән
шырқап отыр (V, 82).
Міне, мұндай әр абзац сол кеште деген сөздерден баста-
лып, қайталама әдісімен келген. Бұл жердегі анафоралық
сөз автордың осы жерде айтпақ идеясын күшейте көрсетуге
қызмет етіп тұр. Сол кеш – ұзақ күнгі өнер салтанатының
қорытындысын бейнелейді. Ол бейне қайталама тәсілімен
жасалған.
Қайталама, әсіресе оның композициялық түрлері аса жиі
кездеспейді. Әсіресе оқиғалар баяндалатын шығармаларда
қайталама әдісінің қолданылуы кемде-кем болады. Ол шығар-
маның лирикалық шегіністерінде, сондай-ақ автордың өзінің
немесе кейіпкерлерінің ой-толғаныстарын білдірген, жан сы-
рын шерткен тұстарда орын алуы мүмкін.
М.Әуезовтің алғашқы қалам тартқан көркем дүниелері
тіліндегі морфологиялық ерекшеліктерді іздей қалсақ,
бірді-екілі «ауытқушылықты» көрсетер едік. Олардың бірі –
жазушының сан есімдермен келген тіркесте соған қатысты сөзді
көптік жалғауда келтіруі. Қазақ тілінің жал пы құрылымдық
нормасы бойынша сан есіммен келген зат есімдер (немесе
«заттанған» сөздер) жекеше тұлғада тұруы керек: отыз қой
(отыз қойлар деп айтылмауға тиіс). Ал Мұхаңда оқта-текте
көптік жалғаумен келген тіркестер кездеседі. Бұл әсіресе
«Абай жолы» сияқты үлкен полотнода жиірек ұшырасады. Мы-
салы: Мынау екі қаралылар үшін (IV том, 33-бет), он шақты
кісілер (IV, 72).
Сірә, бұл – орыс тілінің салқыны болар: Мұхаңның көркем
сөзбен ең әуелі орыс тілінде «тұшынғаны» себеп болса керек
деп топшылаймыз.
Екінші ерекшелік – етістіктің көпше мағынасын ортақ етіс
тұлғасымен жиірек білдіруі:
57
Кейбіреулер ғана күліп жүрген қатындарды қағытқан бо-
лып, қалжыңмен өздерінің ішіндегі жайларын да сыртқа
шығарыңқырап қойысты (I, 63). Байдың келіндері... бірін бірі
жұлқылап ойнап, желігіп өтіседі (І, 93). (Қасқырлар) екі күн-
дей ат болысты (І, 324).
Әрі қарай іздестірсек, 20-30-жылдар әңгімелерінде бұған
тағы екі-үш факті табуға болар. Етістіктің көптік мағынасын
ортақ етіс тұлғасы мен білдіру Мұхаңның әрі қарайғы жазған-
дарында бұдан да жиірек кездеседі. Тек көркем прозасы емес,
көркем публицистикасында да орын алған. Бұл амалды диалек-
то лог мамандар Семей өңірінің ерекшелігі деп көрсетеді.
Сондықтан Мұхаңда өзі өскен ортаның сөйлеу машығы әсер
еткен болар деп шамалаймыз.
Міне, жалпы әдеби тіл нормасынан сәл ауытқып қолданыл-
ған бұл морфологиялық ерекшеліктердің азды-көпті жүйелі
түрде кездесетіндері, ал оқта-текте, бірен-саран жер де ұшы-
расатын «төртті-бесті жыл өткенде...» (I, 229), «бойға биік»
(I, 238) «қайтыста (қайтарда деудің орнына) таң алдында жа-
удан құтылып алған соң» (I, 278) деген қолданыстарды жазу-
шы қаламына тән морфологиялық ерекшелік деп тануға бол-
мас, тіпті бейнормалық деп атау да жөн емес: «төртті-бесті»
(төрт-бес деудің орнына) дегендегі қосымша тұлға (-ті)
бірді-екілі, барлы-жоқты дегендер сияқты, шамалау (шама-
мен айтқанда) реңкін беріп тұр деуге болады, бойға биік деген
тұлға да – тіл құрылымына жат емес, бұл күнде бойжеткен деп
қолданып кеткен сөзіміз күні кешелер бойға жеткен түрінде
қолданылғанын, сол сияқты Б.Майлиндегі атаққа шыққан
жігіт қой дегендермен параллель түсетінін көрсетуге болады.
Ал жол жүруге қатысты қайтар, қайтар сапар деген сөздерді
Мұхаң о бастан қайтыс, қайтыс сапар деп беруге дағдылан-
ған, оның «Индия очерктері» атты көркем публицистикасы-
ның бір тарауы тіпті осылай аталады, бұл барыс, келіс, жүріс,
тұрыс деген сияқты қимыл есімдерінің моделімен жасалған
тұлға болғандықтан, нормаға қайшылығы жоқ, тек қана бұл
тұлғаның «қайтыс болу» дегенде қолданылатын мағынасы сәл
кедергі болуы мүмкін.
Сонымен, Мұхтар Әуезовтің көркем проза жанрындағы
алғашқы әңгіме-повестері тілдік-стильдік таным тұрғысынан,
яғни көркемдік қырынан алғанда, нағыз жоғары дәрежедегі
58
(«еуропа көркем сөзі» дәрежесіндегі) туындылардың қазақ
топырағындағы бастауларының бірі деп табамыз. Мұнда жазу-
шы көркемдік-стильдік мақсатпен сөз таңдауда, сөз қиыстыру-
да, сондай-ақ прозаның құрылымдық-тілдік компоненттерін
беруде, синтаксистік тәсілдерді стильдік құрал ретінде
жұмсауда өз қаламының шеберлігін ғана көрсетіп қоймаған,
көп ретте алғашқы соқпағын салып, жол көрсеткен. Мыса-
лы, «текст түзімі» деп аталатын жерде жеке сөздерді немесе
мағыналас, тақырыптас, модальдық жағынан реңктес сөздерді
шоғырлап не қайталап келтірудің алғашқы үлгісін Әуезовтің
«Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу» т.б. әңгімелерінен
көреміз.
Қазақ халқының мәдени дүниесінде бұрыннан «ауыз ша
әңгіме» жанрының болғанын, оның стильдік-тілдік белгілері
бар екенін танытқан да М.Әуезов, Б.Майлиндердің алғашқы
әңгіме-повестері деп білеміз. Бұған М.Әуезовтің «Қорғансыз-
дың күніндегі» әженің монологі, «Сыбанның моласындағы»
Жортар қарттың әңгіме айту үлгісі мысал бола алады.
Жоғарғы талдауларымыз Әуезовтің «сөз тандау» атты шы-
ғармашылық тәсілден синонимдерді, экспрессивтік сөздер-
ді, жергілікті ерекшеліктер мен көне, сирек сөздерді, этногра-
физмдерді орнымен қолдана білу үлгілерін де анық көрсетеді.
Сөйтіп, қорыта айтарымыз мынадай: ұзақ қашықтыққа
жүгіретін спорт шеберінің алғашқы секундтерді дұрыс алып,
топ алдына шығатыны, мәреге жақындаған сайын қара үзіп,
бірінші боп жететіні сияқты, қазақтың көркем сөзінің жүйрігі
Мұхтар Әуезов те алғашқы секундтерін – 20-30- жылдардағы
әңгімелерінің тілдік-көркемдік қадамдарын бірден дұрыс
алған, бәйгіге енді қосылып, қатарға тұрған қазақ прозасын
барлық параметрі (өлшемі) жағынан «мәдениеті жоғары Еу-
ропа әдебиетінің» деңгейіне көтерген деп табамыз. Көркем
сөз бәйгесінен тек өзі озып келмеген, ұлы дүбірде шаң жұтып
қалмай, үзеңгі қағыстыра шабудың әдіс-амалдарын кейінгілерге
көрсете келген...
Мұхтар Әуезовтің 20-жылдарда басталған көркем про засы
бүгінгі әлемдік деңгейден көрініп отырған қазақ әдебиетінің
көркем тіліне С.Торыайғыров, Б.Майлин, Ж. Аймауытов сын-
ды жүйріктер салған даңғыл жолында сайрап жатқан тағы бір
тұлпардың ізі болып көрінеді.
59
ЖИНАҚЫ, ҮНЕМДІ, АСТАРЛЫ ТІЛ
ШЕРХАН МҰРТАЗА
«Қызыл жебе». «Жүрекке әжім түспейді»
Көркем әдебиет стилінің өзге функционалдық стильдерден
айырмашылығын іздегенде, солардың бірі – көркем текстің
оқырманға қатты әсер ететіндігі. Ол үшін жазушы сурет-
теп отырғанын (адамдарды, оқиғаны т.т.) алдымен өзі жан-
дүниесімен сезініп, оны білдіретін тілдік-стильдік құралдарды
дәл табуы керек, сол күнде ол оқырман жүрегіне жол табады,
дәлірек айтсақ, оқырман сезіміне тиіп, оны ойландырады,
толғантады, күйіндіреді, қуантады, сүйіндіреді.
Бұл – қай тілдегі көркем әдебиет болмасын, барлығына
бірдей тән теориялық ақиқат.
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романының 1-кітабын
алғаш рет оқып шыққанымда, қатардағы оқырман ретінде
алған әсерімді қазір айтып жеткізе алмаймын. Шіркін, сол
бойда бұдан 20 шақты жыл бұрын, неге айтпадым (жазбадым)
екен деп ойлаймын, өкінемін. Сірә, көркем әдебиет дүниесі
туралы сезген-түйгенін тек әдебиеттанушы мамандар ғана
сөз етулері керек деген сияқты «жазылмаған заң» санамыз-
ды жайлап алғандықтан, бір жолдан таймайтын, «тәртіпті»
қоғам мүшесі болғандықтан, әдебиетші емес менің ойы-
ма пікір білдіру кіріп-шықпаған болса керек, дұрысын айт-
сам, тіл білімі сияқты салқындау, қатқылдау, эмоциясы аздау
ғылым саласының маманы болғандықтан, сезімтал, көрікті
әлем – көркем әдебиетке «қол сұғуға» батылым бармаса ке-
рек. Мұндай тартыншақтыққа, сірә, басқа да факторлар себеп-
кер болған-ды. Филология ғылымдары деп аталатын саланың
пәлендей дәрежелі маманнан атағына сай келелі пікір, жай
мақтау не даттау емес, жан-жақты талдау талап етілетінін сез-
ген болармыз. Ал сондай талдаулардың бір қыры – көркем
шығарманың тіл өрнегін суреттеу шеберлігін айту үшін оған
қажет фактілерді теріп алу, бұларды талдап айтатын теориялық
қағидаларды игеру, ақырында, белгілі бір ғылыми тұжырым
60
жасау керектігін де жақсы сезіп, именген болармыз. Ал роман-
ды оқып шыққан бойда бұндай жауапты жұмысты жаза қою
мүмкін еместігін дәлелдеп жатпалық. Енді, міне, көркем сөз
шеберлерінің тіл өрнегін арнайы әңгімелеу кезегі келгенде, сол
алғашқы әсердің екпіні Ш.Мұртазаның аталған романы мен
«Жүрекке әжім түспейді» («Жалын», 1987) атты жинаққа енген
әңгімелеріне қайыра үңілтті. Әңгімелерден алған әсер де ерек-
ше болғанын айту – «қосақтай салған» пікірім емес, алдымен
жай оқырман болып сүйіне айтқан, кейін тілін таныған маман
ретінде талғап айтқан бағам.
Жазушының аталған туындылары неліктен, несімен бұл
пікірді айтқызып отыр? Тек тіл маманы ретінде сүйіндірді
десек, бұларда тұнып тұрған көрікті, бейнелі эпитет, астарлы
метафора, ұйқасты-ырғақты параллельдер, үздіксіз берілген
қайталамалар көп емес, жарым беттік бір беттік сөйлемдер де
жүйелі түрде көрінбеген текстердің оқырман мен маманды ба-
урап алған сиқыры басқада болу керек.
Әрине, басқада... Әрине, ғажап бір күші бар. Бұлардың көркем
туынды ретіндегі тақырыптық, идеялық, композициялық,
қысқасы, шығармашылық сапасы, қазақ әдебиеті әлеміндегі
орны жайында әдебиетші мамандар тарапынан жақсы талда-
нып, оның оқырманды енжар қалдырмайтын қасиеті кезінде
айтылған-ды. Мұны қайталау немесе жаңа пікір айту – біздің
шаруамыз емес. Біздің шаруамыз – өзіміздің «қарауыл төбеміз»
– тіл білімінен көрінетін автордың қолтаңбасы, терминдеп
айтсақ, «автор бейнесі» («образ автора») дегеннен шығарып,
өзімізді тартқан магниттің сырын ашу. Әрине, мүмкіндігінше,
әзірге шетпұшпақтап ашу, өйткені әр шығармадағы «ав-
тор бейнесі» дегеніміз – сол туындыдағы жазушының бүкіл
тілдік-шеберлік белгілері, автордың айтпақ идеясының тіл
арқылы көрінген поэтикалық қырлары, стильдік таңбала ры,
авторлық позициясы (көзқарасы), қысқасы, «автор бейнесін
тану – шығарманың құрылымдық-стильдік арқауын тарқату,
экспрессивтік-тілдік құралдарының жүйесін тұтас алып та-
ныту
14
(«автор бейнесі» деген терминді «кейіпкер бейнесі»
дегенмен шатастыруға болмайды, екеуі – екі басқа категория
14
Виноградов В.В. О языке художественной прозы. - М., 1959. - С. 154.
61
атаулары екенін қайта-қайта ескертіп жатқан себебіміз «автор
бейнесі» ұғымы қазақ филологиясында көп таныс емес, ол
енді-енді сөз бола бастады).
«Қызыл жебедегі» жазушының тақырып тандауын, оған
қатысты фактілерді (оқиғаларды) орналастыруын, оларды
суреттеудің сипаты мен тәсілдерін және шығармадағы оқиғалар
мен кейіпкерлерге автордың көзқарасын зерделесек, оның
тілдік-экспрессивтік жүйесін біршама танытатын боламыз.
Мұндай жүйеде алдымен көзге түсетіні – «Қызыл жебе»
тілінің жинақы, үнемді, астарлы стильде жазылғандығы. Бұл
үш белгінің үшеуі қатар айтылып, орыс тілі зерттеушілері
«сжатость» («сығымдылық») деп атайтын көркем тіл сипатын
танытады. «Сығымдылық» сипат беру үшін жазушы «үнемдеу»
тәсіліне көшеді. Айталық, эмоциялық-экспрессивті болып
келетін айшықты эпитеттерді, жайылма анықтауыштарды көп
қолданбайды. Эпитеттердің көбінесе кәнігі (дәстүрлі, тілдік)
түрлері беріледі: жоғары мәртебелі фон Таубе, құлақкесті
құл, еті тірі ер, жазира кеңістік, заңғар тау, зеңгір аспан,
қара дауыл т.т. Ал анықтауыштар нақты сипаттамалар болып
ұсынылады. Мыса лы, адамның сыртқы келбетін суреттегенде,
боржық сары старшын, іркілдек сарқарын тартқан кексе әйел,
бурыл сақал Ахмет, Наташаның алтын түстес әдемі шашы,
(тұтқынның біреуі) қызыл шырайлы, қыяқ мұртты, қапсағай
қырғыз...
Бұл сипаттамалардың барлығы да нақты, оқырман оларды
көз алдына елестетсе, бояумен салған не фотоға түсірілген
суреттерді көрер еді. Тіпті сұлу қызды сипаттағанда да, мұнда
экспрессивті, дәстүрлі алма мойын, аршын төс, жібектей
сүмбіл шаш, құмырсқа бел сияқты эпитеттер жоққа тән, ал
эпитетпен айтқысы келген сипаттамалар әрі кетсе, «шолпы-
сы сылдырлаған келіншектер, үкісі желкілдегеи бикештер»
болып беріледі. Романның екінші кітабының соң жағында
оқырман кездестіретін Сәлима қыз Тұрар жігітке үйіріліп
тұрғандықтан, жас та, сұлу да болса керек қой. Соның өзі ту-
ралы жазушы «тұлға бітімі нұр шашып, аппақ тістері тізіліп,
ақсия күліп тұр» (463), енді бір жер де: «Жұп-жұмыр ителгі
мойыны мәрмәрдай аппақ екен» (464) деп жазады. Екі жерде
62
де сұлу қыздың бет-пішінін тура эпитеттермен білдірмейді, тісі
мен мойнының әсем, аппақ екенін ғана баяндайды, мұндайды,
сірә, эпитетпен келген портрет дегеннен гөрі, адамның бет-
бейнесін, түр-тұлғасын нақтылап көрсеткен суреттеме портрет
деу керек бо лар.
Жалпы, Ш.Мұртаза, кейіпкерлері болсын, өзге де зат,
құбылыстар болсын, оларды әспеттеп, мадақтап, айшықты
әсем сөздермен сипаттауға жоқ. Мұның себебін біз осы
шығарманың өн бойына тән суреттеу стилінен (мәнерінен)
іздейміз: күні кеше өткен шым-шытырық оқиғалар мен
сан алуан психологиялық арпалыстарға толы бұл шығарма
романтикалық лиризмнен гөрі бас кейіпкерлер тағдырын
тілгілеп жатқан осынау қатқыл кезеңнің өзі сияқты нақты
тіліп түсетін тілмен суреттеуді қалайтынын сеземіз. Әрине,
мұнымыз – жалаңдау аргумент, өйткені көркем шығарманың
жалпы стильдік үнін (тонын) бір ғана фактордан шығарып
дәлелдеу қиын. Мүмкін, мұндай «оймышсыз» стиль өрнегі
жазушының жалпы шығармашылық қаламына тән даралық
мәнері болар, мүмкін, шығарма тақырыбы мен суреттелетін
заманына қарай таңдап алған әдісі болар, мүмкін... Қайткен
күнде романның бояуы қалың эпитет, теңеулерсіз, орайлы ме-
тафораларсыз кел ген, аллитерациясы, ассонансты тіркестері
некен-саяқ, ырғақты, ұйқасты құрылымдары тіпті аз сөз өрнегі
оқырманды өзінен әрі итермейді, керісінше, оның бар зейін-
ықыласын өзіне аударады, «бір демде», «бас көтермей» оқып
шығуға итермелейді. Көп шығарма тілі бояуының түсінде емес,
оқырман жүрегіне жететін шеберлік сиқырында болса керек.
Тілінің жинақы, үнемді сипаты тек бояулы сөздердің
кемдігінде емес, өзге де көркемдік тәсілдерінен байқала ды.
Айталық, бұл көлемді көркем туындыда табиғат суреті жиі
берілген. Неге? Оқиғалар көкорай шалғынды, жайқалған бау-
бақшалы, сылдыраған бұлақты, асқақтаған таулы өлкелерде
өтетіндіктен бе? Әрине, жоқ. Табиғат суреттері бұл шығармада
жазушыға тілдік-стильдік құрал ретінде керек болып тұр.
Табиғат пен адамдар, табиғат пен оқиғалар жарыса жүріп, бір-
біріне «арқасын төсейді», дәлірек айтсақ, сол жерде берілген
табиғат көрінісі баяндалмақ оқиғаның, іс-әрекеттің фоны,
63
кейіпкерлердің бейнесін айқындай түсетін ақ, қара, қызыл,
сары дегендей бояулар, яғни табиғаттың өзі – образ. Сондықтан
мұнда табиғат көріністері теңеу үшін де алынады. Мысалы:
Шілденің аптабында күзгі желтоқсанның қара суығы
қалтыратқан жүдеу ағаш басындағы селкеу жапырақтай
аз ауыл болыстың зәуде нөкерлетіп келуінен әрі-сәрі (31). ...
Күзгі жел айдаған қаңбақтай жиырма үй Шілмембет (31).
Бұл – үйреншікті әдіс-ақ болсын: қазақ жазушыларының
қай-қайсысы да айдай даланы, асқақ тауларды, мөлдір сулар-
ды, көкорай шалғынды т.т. теңеуге жиі-жиі жаратады (сірә,
бұл – қазақтың табиғатқа жақын жүріп келгенінен, әлі де
урбанизацияға – қалалық, өндірістік өмір тіршілігіне жаппай
көшіп болмағанынан болар)...
Шерхан Мұртазаның табиғат көріністерін кәдеге асырғаны
– теңеуден басқа тұстарда да байқалады. Мысалы, түрме ау-
ласында дәретханаға барар жолдың бойында сыртқы дуалды
қаулап өскен қара сора бар. Кезінде орып тастауға ешкім
құнттамаған қара сора сорлы жоңышқа емес не отын болып
жарытпас, содан шаң қауып, гүлі түсіп қурап, Құдай қарғап
қауқиып тұрғаны (58). Бір қарағанда, дәл осы сөйлемдердің
– қайдағы бір шаң басып, қауқиып тұрған қара сораны
суреттеудің не қажеті болды деп ойлауға болады. Бақсақ, бұл
қара сора – образ, бостан өмірдің сим волы, ол өмір бойы дала-
да тау-тастың, табиғаттың жөргегінде өскен Рысқұлға қырық
құрақ құрым үйін («гүлі түсіп, қурап қауқиып тұрған») немесе
Ақсу-Жабағылының қара орманын («Қаулап өскен қара сора»)
елестетеді, ал құрым үйінде болу не Ақсу-Жабағылының орма-
нын аралау – бостандықта жүрген күндердің символы. Міне,
қауқиған қара сораны суреттеудің керек жері осында екен!
Сол сияқты Саймасай болысты атып өлтірмек болып, биікте
тосын отырған Рысқұлға тау тұмсығындағы қара жартас
қаһарланған адам кейпінде көрінеді, ол адам – наладан жаны
күйзелген, әлденеге тас түйілген Рысқұлдың өзі!
Уақиға барысын әсерлі етіп беру үшін жазушы табиғат
көрінісін контраст ретінде береді. Адамы өлген Алсай ауы-
лы Дауылбай болыстың керегесін сындырып, айбат көрсетіп
кетеді, енді Алсай ауылы Дауылбай болыстың қарсы қимылын
64
(ауылды шабуын) күтіп отырады. Осы кездегі табиғат көрінісі
әуелі Маужыраған әдемі кеш келді. Мал өрістен қайтты. Дәу
бабаның самалы жібектей есіп, ну теректердің жапырақтары
жамырап, енесін іздеген жетім қозы жеке маңырап, әлсін-
әлсін әупілдеп иттер үріп қояды деп суреттеледі, «мұндай кеш-
те қыз ұзатса жарасады... ертедегі ерлік замандар туралы
қисса тыңдар ма еді! Бірақ «Алсай аулында оның бірі де жоқ.
Қабақ қатулы...». Енді қап-қараңғы айсыз түн түсті... жан-
жақтан таулар түксиді. Міне, табиғаттың осындай екі сәтін
контраст түрде беріп, жазу шы қаралы ауылдың үрейлі күйін
әсерлі етіп суреттеген. Шәкірт Тұрардың тергеуші Семашкомен
танысуы – өмірінің жаңа белесінің – көкірек көзінің жаңаша
ашылуының басы болатын. Кейіпкерінің өмір жолындағы бұл
сәтін жазушы тағы да табиғат арқылы аңғартады:
Жазға салым терезе алдындағы ақ теректердің ашық жа-
сыл жапырақтары күннен-күнге жайылып, сырғалары сал-
бырай бастады. Күзде жан тәсілім еткен сары жапырақтар
қыс бойы жерде жатып, топыраққа сіңіп, жер астындағы
тамыр арқылы ағаш басына қайтадан өрмелеп шығып, анасы-
нан қайта туып, өліп-өшу деген ұғымды тәрік етіп, мәңгілік
өмірдің жырын сыбырлай бастаған шақ (300).
Әңгіменің (баяндау тексінің) жаңадан басталатын жері
табиғаттың осы суретімен ашылады. Тегін емес. Бұл – Тұрар
жастың әрі қарайғы өмірінің увертюрасы, құлақкүйі: жұлым
күркеде туып, түрмеде біраз уақыт күн кешіп, бір өліп, бір
тіріліп дегендей, тіршіліктің талай күз бен қысын өткізіп келе
жатқан ақ терек – Тұрар бала болса, оның енді жазы басталғалы
тұр. Жазушы Семашконы Тұрар оқып жатқан мектепке күзде
не қыста келтірмей, жазға салым келтіруінде де, сол жазға
салымдағы табиғаттың бір көрінісін емес, жапырақтары жай-
ыла бастаған ақ теректі суреттегенінде де гәп бар екен, мүмкін,
жазушы дәл осыны ойлап әдейі жазбаса да, қаламы еріксіз осы-
лай жаздырған, ал қаламы – иесінің мәнері, шығармашылық
стилі.
Ш.Мұртазаның табиғат көріністері – кейіпкерлерінің ажы-
рамас серігі, қатарласа жүретін копиясы болғандықтан, жа-
зушы кейде оларға жан да бітіреді: кейіптеу тәсіліне барады.
Мысалы:
65
Ақшам жамырап, көз байланды. Нықан бойындағы нау те-
ректер кешкі дүниені азан-қазан жаңғырықтырды. Гүл біткен
көзін жұмып, ұйықтап қалған сықылды. Ұйқысырап тұрып,
бірін-бірі түрткілей жайғасып сыбырласады тек (260).
Бұл – туыстары Қырғызбайды паналаған бала Тұрардың Са-
халинге айдалып кеткен әкесі туралы қиялдап тұрған шағын-
дағы табиғат тәңірі, нау терек – Рысқұлдар, бірін-бірі түрткілей
жайғасып сыбырласқан – Тұрарлар сықылды. Сөйткенше бол-
майды, қасқа бұзаудың енесін еміп қойғанын көріп Салиха
апасы: «Жүгірмек, қу жетім», – деп ұрса жөнеледі, баланың
«Көке!» деген жан айқайын естіп, шошынып, баланың «таң-
дайын көтеріп, құшақтай алып, бауырына қысады». Тұрар
Салиханың бауырына басын тығып, көзін сүртіп, тау жаққа
қарайды. Асқар [тау] түксиіп тұр екен (361). Иә, Аспара –
Тұрар тағдыры – әлі түксиюлі, қатал...
Шығармада жан бітіп, бірде сөйлеген, бірде үндемеген
табиғат көріністерін едәуір жиі кездестіреміз:
Үкілі қамыс, көк құрақ, жасыл жыныс – жақсылықтың
ордасындай, армандардың, үміттердің аралындай тербеліп,
сыңсып, сызылып тұрады (252). Қабақтың етегіндегі сәмбі
тал мұңайып тұрады (252)... Ай бетіндегі мең үндемейді.
Үнсіз қоштасу шығар (232). Қар түскен сайын шөп сыбырлай-
ды (94). Бұл кейіптеулердің барлығының астарында адамдар ,
адам тағдыры, тіршілік тартысы жатыр, дәлірек айтсақ, табиғат
көріністері тірі әлемнің қам-қарекетін, кейіпкерлердің ішкі
дүниесін ашатын психологиялық сипаттамасы болып келеді,
олар оқырманның сезімін селт еткізеді, әсер етеді: табиғат пен
адам-кейіпкер, жазушы мен адам оқырман – бәрі қосылып бірін
бірі ұғысады, бірге қиналады, бірге үміттенеді, бірге...
Табиғаттың символикалық рөлі – «Қызыл жебе» ро маны
тілінің айрықша белгісі. Қызыл жебені ұрлауға бара жатқан-
дағы суреттелетін жеті шоқылы Талғардың алпауыт шыңы –
Жаңғырық – Рысқұлдың алдында тұрған аса қиын, аса қатерлі
шаруа – ұрлық шыңның басын алтынмен булаған адасқақ
алау – сәттілік үміті, Талғардың асқақтап, айбындай түскені –
барайын деп тұрған ісінің қатерін сезген кейіпкердің символ-
дық параллелі. Ал Қызыл жебені ұрлап алып келе жатқан тұсты
баяндау стиліне тағы табиғат «килігеді»:
66
Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден төніп, бәрін байқап
тұрған сияқты. Рысқұлға кінәлай қарайтын да тәрізді.
Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар сезіп,
секем алып: «Әттеген-ай, бекер болды-ау!» деп, үндері жоқ,
тек іштен тынып қалғандай (42).
Бұл – кейіпкердің ішкі психологиялық күйінің символы.
«Бекер болды-ау!» деп іштен тынып тұрған – әрине, ай мен
жұлдыз емес, Рысқұлдың ар-ұждан толғанысы.
«Қызыл жебені» оқып отырғанда, ғажап бір сезімге ие
боласың: қарағайлы, шыршалы қырқалардың иығынан асы-
лып, қылтиып тұрған тым биік шыңдарды (70) көз алдыңа
келтіріп тұрсаң, ол – шың емес, түрмеден қашқан әкесін күтіп,
алма ағаштың ашасына мініп отырған Тұрар баланың күй-
қалпы, алыс үміті екен; «талдардың басындағы бұлт бір кез-
де созбақталып барып қызыл бояуға малынғанын» көз алдыңа
елестетіп, табиғат көрінісін тамашалап отыр екенмін десең,
жазушының мұраты – бұл тамашаға кенелту емес, Тұрар
баланың жүрегін дүрс-дүрс соқтырған Қызыл жебе екен.
Кәрі болыс Саймасайға ұзатқалы жатқан жас қыз Нүкетай
«Көлсайдың бетіне түскен көгілдір аспанды, зүмірет шырша-
ларды, зүбәржат есіл дүниені түгел көріп тұр» (83) деп мәз
болсаң, жоқ, қыз бұларды емес, көгілдір аспандай, зүмірет
шыршалардай, зүбәржат дүниедей оң жақтағы қайран бостан
шағын, қор болғалы тұрған тағдырын көріп тұр екен.
Жазушы әңгімені «ол ағаштар әлдеқашан шіріп кеткен»
(99-100) деп бастаса, тіпті оны екі-үш рет қайталаса, айтайын
дегені – бұдан отыз жыл бұрын көшіп кеткен Тау-Шілмембет
адамдарының ата жұртында қалған кәрілерінің өліп біткенін
баяндау екен.
Алматының аспанында да жаңа көктемнің толғағы бар.
Көгілдір, түпсіз көк әлем. Бір қылау жоқ, бір қылпық жоқ
(225) деген суретті оқып, біздер, Алматы оқырмандары, өзіміз
жылда қарсы алатын көктемнің Алматыдағы картинасын көз
алдымызға келтіріп, мәз болып отырмыз десек, жазушының
көздегені – осы сурет арқылы бір жылдан астам түрменің ка-
мерасында отырып, күн көзіне бірінші рет шыққан Рысқұлдың
жарық дүниені рақаттана сезінуін айту екен. Қысқасы, мұндай,
адам – табиғат, табиғат – адам параллельдерін, табиғатпен бе-
67
рілген нышана символдарды романның өн бойынан едәуір
молынан табамыз. Әсіресе наурызкөк құс дегеніміз – Ізбай-
шаның Рысқұлға сәлемі – ойы (229) екенін; көл түбінде (бе-
тінде) көрінген ақ торғын бұлттар жел жерге кетіп бара
жатқан жас келінге салынатын ақ жаулықтың параллелі екенін
(84); қарашаның қара суық желі мен аспанды қаптаған қара
сұр бұлт (87) қыз алуға бөтен ауылға келіп жатқан Сайма-
сай болыстың аулында 1916 жылғы көтеріліс басталғанын
естігендегі көңіл күйіне, еріксіз ұзатылып бара жатқан Нүкетай
қыздың қам көңіліне үндестіре суреттелген микротекст екенін
зерделі оқырман енді өзі де пайымдайды.
Сөйтіп, роман беттерінде жиі ұсынылған табиғат көріністері
– жазушының әрі стильдік, әрі үнемдеу құралы, әрі лирикалық
үні. Көркем дүние – өнер өлемі лирикасыз болмайды, біз Шер-
хан шығармаларынан лиризм іздей қалсақ, көп тұстардан та-
бар едік, солардың бірі – оның табиғатты қатар сөйлетуі деп
санаймыз.
Көп сөзбен баяндалатын, суреттелетін жайттарды табиғат
көрінісі болып келген параллельдер кеп-келте айқындай са-
лады, жай қатарласа салмайды, оқырманның жанын тербейді,
демек, өнер дүниесінің бір шартын орындауға көмектеседі.
Табиғат пен адам жарасы – Шерхан Мұртаза қолтаңбасының
даралық стилінің, шығармашылық мәнерінің бір белгісі, сәтті,
қуатты қыры.
Енді жазушының стильдік тәсілдеріне тікелей қатысы жоқ
болғанымен, кез келген шығарма тілін әңгімелеу үстінде на-
зар аударылмай қалмайтын бір тақырыпқа ойыссақ, ол –
автордың сөзқолданысы, қолданған сөздерінің сыр-сипаты,
ерекшеліктері туралы болмақ.
Сөзқолданыс дегенде, алдымен, жазушының жеке сөздер
мен тіркестерді образ етіп жұмсауы, сөз құбылтуы (орыс тілі
білімінде «словопреобразование» деп соңғы кезеңдерде өз
алдына бөлек категория ретінде қарастыратын құбылысты
біз осылай атадық), көне, сирек, жергілікті сөздерді «әдеби
айналымға» түсіруі, синонимдер қатарын тандауы сияқты
амал-тәсілдеріне назар аударылады.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, жазушы бұл туындысында
табиғат суреттерін молынан келтіретіндіктен, мұнда өсімдік,
68
тал-терек, аң-құс атаулары да көбірек көзге түседі. Әсіресе
белгілі бір өңірде өсетін көк атауларының, жайлайтын аң-құс
аттарының қолданысынан ана тіліміздің сөздік қазынасының
байлығына тәнті боламыз. Мысалы, осы шығармадан таулы
өлкелер тұрғындары ғана білетін еңлік (эдельвейс) гүлінің
қаргүл деген де синонимі бар екенін, ұлар деген құстың (оны
да жазықтықтағы қазақтар біле бермейді) қақылықтайты-
нын, барыстың сипаттама бір атауы сұлтан-шері болатынын,
атқұлақ пен гүлқайыр, сиырқұйрық пен шайқурай деп өсімдік
аттарын бейнелеп беретінімізді біліп, тіліміз неткен бай еді, не-
ткен образды деп сүйсінеміз. Жасыл орман мен көк майсалы
далада туып өссек те, өзен-көл жағалап, суда малтып ер жет-
сек те, көбіміз басқа өңірді былай қойғанда, өз айналамыздағы
өсімдік, тал-терек, бұталардың, сан алуан балықтардың атта-
рын жете түгел біле бермейміз. Ал шығармасында қолдану
үшін, әсіресе образ етіп жұмсау үшін, жазушы бұларды
есінде сақтап, ұмытқандарын есіне түсіріп, білмейтіндерін
сұрастырып дегендей, көп еңбек сіңіруі керек және нағыз бо-
таник, зоологше қай өсімдіктің, қай ағаштың қайда өсетінін,
қай құстың, қай тағының қылық-қимылы қандай екенін жақсы
білуі керек. Бұл реттен келгенде, Шерхан Мұртаза – жаратылы-
станушы маман ба деп қаласың. Бұл да – шындықты діттейтін
көркем шығарма шарты.
Екіншіден, романның екі кітабының беттерінен жазушы-
лардан көп кездестірмеген (бірақ кейбірі әйтеуір бар) бір алуан
сөздерді ұшыраттық. Олардың мағынасы кон текст бойынша
аңғарылатын да сияқты. Мысалы, Рысқұлдың 3-4 жасар қызы
жортпаш Түйметай, Дмитриев ғалымның бір ғажайып әуен
тындағандай бозым халі (22), шаруасы шінжәу Ахат шал (31),
ұланас (36) («үлкен, ұлан-асыр ас берілді» деген мағынада),
шымалдай құжынаған халық, дуайпат өгей шеше, күпек
шашбау, Жылқыайдар можан- томпай, момындау кісі (131),
можан-томпай шаруа құрып алған (219) (бұл сөзді өзге жа-
зушылар да қолданып жүргенін осы еңбектің өзге тұстарында
да айттық), түңкелі үй (254, 296), он тиын шіріңкеден құр
қаласың (288) сияқты сөздердің қайсысы жергілікті, қайсысы
көне сөз, қайсысы әдеби тілге ену мүмкіндігі бар потенциал
сөз екенін айырсақ, жазушының сөз қазынасының молдығынан
69
ха бар аламыз. Бұлардың ішінде шымал, шінжәу, можан-том-
пай, түңке, шіріңке деген сөздер «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде» тіркеліп, мағыналары көрсетілген, тек кейбірінің
тұлғалануында өзгешелік бар: роман тексінде шінжәу деп
берілген сөздің сөздіктерде тіркелген фонетикалық-графикалық
варианты – шынжау, сол сияқты біздің авторымыз шіріңке деп
берген сөзі «Түсіндірме сөздікте» шірінкене түрінде тіркелген,
мағынасы – «сауда-саттықта екі жақты келістіруші делдалдың
алатын ақысы» деп көрсетілген, мүмкін, бұл – көбінесе сауда-
саттығы активтеу болған оңтүстік өңірлерде қолданылатын
кірме сөз болу керек, сондықтан бір жерде шірінкене түрінде
қолданылуы әбден ықтимал. Сол сияқты біз тілін әңгімелеп
отырған шығармада түңке түрінде жазылған сөз «Түсіндірме
сөздікте» түніке вариантында тіркелген, мағынасы «үй
төбесінің шатырын жабатын қаңылтыр» деп түсіндірілген.
Жазушы бұлым деген сөзді бірнеше рет қолданған, контек-
ске қарасаң, ол – жер бедеріне қатысты сөз тәрізді: Рысқұл су
жағалап, бір бұлымды айналып өтіп, тұйықтау тас қорымға
тартты (91). Қазақ тілінің лексикалық қазынасын түгендеген
он томдық «Түсіндірме сөздікте» бұлын сөзі жоқ, ал бұлың
сөзі зат есім емес, сын есім, яғни «бір-біріне жалғас, белең-
белең, қалтарыста» деген мағынаны білдіріп, негізінен бел
сөзімен келетінін көрсетеді: бұлың белдер. Әрине, «Түсіндірме
сөздік» ешбір тұлғаны қалдырмай тіркеген деуге болмайды,
сондықтан «қалтарысты жер (бел)» ұғымында бұлым сөзі
де болуы әбден мүмкін. Шымал – «құмырсқаның кішкене
түрі» болса, жазушының шымалдай құжынаған деген образ-
ды фразеологизмі әдеби тілде көбінесе құмырсқадай немесе
қарақұрттай құжынаған (қаптаған) деп айтылады. Демек,
варианттар тепе-тең, екеуі де қолданыста бар, тіпті шымал-
дай құжынаған деген аналогы әсерлілеу екені байқалады.
Можан-томпай сөзі «Түсіндірме сөздікте» осы орфограм-
мада (жазылуында) беріліп, «момын, қақ-соғы жоқ» деген
мағынаны береді деп көрсетіледі. Жазушы (тек Ш.Мұртаза
емес, осы сөзді қолданған өзге қалам иелері де) бұл сөздің
мағынасын кеңейтіңкіреп қолданатын тәрізді. Айталық, осы
шығармада «Қырғызбай... Меркенің базарында делдалдық
қылып, можан-томпай шаруа құрып алған» (219) деген сөй-
70
лем бар, мұндағы мо жан-томпай «момын» деген емес, «кіші-
гірім, аз-маз, болмашы» (әлде «әжептәуір, едәуір» ме?) деген
ұғымда келген сияқты. Можан-томпай (можан-топай,
мөжен-топай, можан төмпей деп әртүрлі жазылып жүр) – си-
рек қолданылатын, ерекше бір экспрессиялы сөз, оған соңғы
кезеңдерде жазушылардың жаппай қызығушылығы да осыдай
болар. Ал дуайпат, жортпаш деген сөздер лексикографиялық
санда (сөздіктерде) жоқ, олар – не жергілікті, не ұмыт болған
көне сөздер болуы мүмкін, бірақ бұлар да экспресеоидтер
тәрізді, екеуі де адамға қатысты сын-сипатты білдіреді: жорт-
паш құлдыраған, шауып жүрген кішкентай бала, дуайпат өгей
шеше дегенге қарағанда «қатал, мейірімсіз, қаһарлы (айбат-
ты?)» сияқты мағынаны берсе керек. Түп-төркіні қандай бол-
са да (диалектизм бе, сирек қолданылатын мағынасы күңгірт
сөз бе), осы іспеттес экпрессивті тұлғаларды реті келгенде,
көркем әдебиетте қолдануды біз нормадан ауытқу демес едік.
Әрине, мұндай да бір-екі жайтты қатты ескеру керек: алды-
мен, бейтаныс сөздерге тым әуес болмау (яғни бір шығармада
«тоғытып» жібермеу), екіншіден, түсінігін қамтамасыз ету,
мүмкіндігінше мағыналары контекст арқылы ашылатындай
етіп жұмсау.
Жоғарыда теріп көрсетілген сөздердің ішінде күпек сөзінің
әуелі тұлғасына, содан соң мағынасына келгенде, ойланып
қалдық, өйткені күпек сөзі – «Түсіндірме сөздіктің» мәліметіне
қарағанда, ыңғайсыздау мағынаны («еркек малдың жыныс
мүшесін қаптап тұратын тері») беретін сөз екен, ал біздің
тексімізде күпек шашбау тіркесінде келеді және ол күпек шаш-
бау сыңғыр-сыңғыр сылдырлайды (88).
Кейбір сөздер, мейлі олар жасанды болсын, мейлі си рек
ұшырасатын беймәлім элементтер болсын, өздерінің ұғым-
дылығымен, орындылығымен және кейбірі экспрессиялығы-
мен көңіл аудартады. Мысалы, бұл ретте үдере Достарыңызбен бөлісу: |