Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#2324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

низм  деп  аталатын  бөгде  тілдік  элементтердің  көрінуі  деген 
сияқты  жайттарға  тоқталу  қажет.  Жазушы  бұларды  әр  алуан 
көркемдік стильдік мақсатта жұмсайды. Айталық, кейіпкерлер 
тіліндегі диалектизмдер олардың белгілі бір өлке тұрғындары 
екендіктерін және күнделікті тұрмыста әдеби тілден гөрі сөй- 
леу тілі нормасын ұстанатындықтарын таныту үшін қолдана- 
ды.  Дөрекі,  қарапайым  элементтер,  бөгде  тілдік  сөздер,  әсі- 
ресе  макаронизмдер  кейіпкердің  мінез-құлқын,  алған  тәлім-
тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, 
оның  образын  жасауға  көмектеседі.  Көркем  шығарманың 
«көркемдік» шарттарының бірі де – осында. Бұл шарт – тәсіл, 
стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы – жазушының сөз 
құдіретін тану шеберлігіне алып барады.
Бұл талапты өтеуге «еуропа әдебиеті дәрежесіне көтерілген» 
жас жазушы М.Әуезов аса жауапты қараған. Мұхаңның кейіп- 
керлерінің сөз машығы әр алуан.
Әдетте,  көркем  әдебиетте  өзге  тілдік  элементтер  автор 
тілінде  кемде-кем  кездеседі,  ал  кейіпкер  тілінде  шет  тілдік 
сөздердің орын алуы өмір шындығын беру үшін де, стильдік 
мақсатты көздей де жұмсалады.
М.Әуезовтің  20-жылдардағы  әңгіме-повестерінің  көпші- 
лігінде  оқиға  желісі,  кейіпкерлер  тобы  таза  қазақ  аулынан 
алынған,  оларда  орыс,  татар,  араб,  парсы  сияқты  тілдердің 
сөздері  кейіпкерлер  тілінде  кездеспейді.  Ал  1930  жылдардан 
кейінгі шығармаларында сол кезеңдегі оқиғалар мен адамдар 
суреттелгенін  көреміз.  Кейіпкерлер  тілінде  орыс  сөздері  ара-
ласа  бастайды.  Мысалы:  «Үш  күн»  деген  1934  жылы  жазы-
лып,  жарық  көрген  әңгімесінің  кейіпкерлері  –  колхозшылар. 
Солардың  бірі  –  «бригада  атынан  алдымен  сөйлеп  кеткен» 
Талпақтың сөзінде мәшине, бригадыр сөздерді, Көлбай есімді 
кейіпкердің аузыпнан малателке, өкірік (округ) деген сөздерді 
кездестіреміз.  Бірақ  бұлар  –  стильдік  мақсатта  емес,  кезең 
шындығын  көрсететін  реалийлер,  яғни  белгілі  бір  кезеңдегі 

42
зат,  құбылыс,  іс-әрекеттерді  нақты  атау  үшін  келтірілген 
сөздер.  Мұндай  сөздер  бұл  шығармада  автордың  тілінде  де 
едәуір  (қосшы  союзы,  съезд,  бердеңке,  райком,  бригада,  ра-
порт т.б.) келтірілген фактілер образ жасаудан гөрі, шындықты 
шыңдау  міндетін  атқарып  тұр.  Ал  1935  жылы  жарық  көрген 
«Қасеннің  құбылыстары»  деген  шығармасындағы  әйел,  ер-
кек  кейіпкерлердің  (бұлар  30-жылдардағы  қала  тұрғындары, 
оқыған адамдар) өзара диалогтерінде:
– Бұл немене безобразие?...
– Қыс бойы төменгі базардан аңдып жүргенімді қайтейін?
– Ну что же?...
– ...Қазақ қызметкерлерінің тұмсығын батырмай... енді бір 
решительный бет бермесек... деген сияқты сөздерді оқимыз. 
Мұнда – осылар сияқты макаронизмдерді былай қойғанда, 
кейіпкерлердің  он  күн  срок,  мәдени  накопление,  совнарком 
хатшысы, біздің система, кадр секторы, строительствоның 
сметасы,  банкедегі  совещание,  месткомның  шовинисі,  каз-
торгте шөлки беріп жатыр екен... өшіретіне күн ұзын тұрып 
ем деген сияқты қолданыстары тұнып тұр. Бұлардың барлығы 
–  кейіпкердің  кім  қандай  адам  екенін  көрсетуге  жұмсалған 
көмекші  құралдар.  Үстіміздегі  ғасырдың  20-30-жылдарынан 
бастап  қазақтың  азды-көпті  оқығандары,  кеңсе,  сот  басқару 
орындарында жұмыс істей бастаған қызметкерлер күнделікті 
қарым-қатынаста орыс сөздерін араластырып сөйлеуге машық- 
тана  бастағанын  жоғарыдағы  мысалдар  анық  көрсетеді.  Бұл  
әдеттің  күні  бүгінге  дейін  ұласып  отырғанын  да  көркем 
әдебиеттен көре аламыз.
Ал  диалектизмдердің  көрінісіне  келгенде,  мынаны  айтуға 
болады. Мұхаңның 20-жылдардағы әңгімелерінің кейіпкерлері 
– Семей, Аягөз сияқты өңірдің қазақтары. Бұл өңірдің тілінде 
диалектілік ерекшеліктер, әрине, жоқ емес, бар, бірақ олардың 
оңтүстік  өлкелердегі  сияқты  айрықша  көрініп  тұратындары 
аса  көп  емес  екені  мәлім,  ол  ерекшеліктер  осы  аймақта 
туып-өскен  жазушыға  қатты  еленбеуі  мүмкін.  Сондықтан 
М.Әуезов  кейіпкерлерін  Се мей  өңірінде  сөйлетуді  ойламай-
ды.  Диалектологтардың  Семей  облысының  Абай,  Шұбартау, 
Көкпекті,  Ақсуат,  Мақаншы  аудандары  тұрғындарынан  жи-
нап,  жергілікті  сөздер  (диалектизмдер)  деп  көрсетіліп  келе 

43
жатқан сөздерден Мұхтар Әуезовтің 20-30-жылдардағы көркем 
шығармаларында,  автор  тілінде  де,  кейіпкерлер  тілінде  де 
кездесетіндері көп емес. Мысалы, «Қорғансыздың күніндегі» 
әженің сөзінде аужал алу деген тіркес бар. Мамандар аужал 
сөзін  Абай,  Шұбартау  аудандары  тілінде  «тірлік  емес»  деген 
диалектизм  деп  көрсетеді.  Шұбар  сөзін  де  мамандар  «қалың 
тоғай»  деген  жергілікті  сөз  деп  табады.  Мұхаңда  бұл  сөз 
тобылғылы шұбар, қалың шұбар түрінде қолданған. Аң аулауда 
қолданылатын қағушы сөзі де қазақ жерінде түгел жайылмаған. 
Диалектологтар  аң  қағу  тіркесін  Семей  өңірінің  «аң  аулау» 
мағынасындағы  сөзі  деп  тіркеген.  Біз  бұл  күнде  қағуы  сөзін 
диалектизм деп бірден ұға да бермейміз, сірә, ол ұлы Абайдың 
«бүркітші тау басында, қағушы ойда» деген атақты өлең жол-
дарын  түсініп,  жаттап  өскендігімізден  болар.  Оның  үстіне 
аңды,  құсты  қағып  алушы  деген  мәнде  екенін  сөз  түбірінің 
өзі білдіріп тұрғаны да қағушы сөзінің аң аулау әңгіме болған 
жерде  қолданылғанда,  мағынасын  аңғару  қиынға  соқпайды. 
Бұл сөз Мұхаңның «Көксерек» әңгімесінде қолданылған: Жан-
жақтағы қағушылардың бәрінің де алдына қарап өтеді (І, 333).
Мұхаңның  1922-1925-жылдардағы  көркем  шығармаларын 
мұқият  ақтара  келгенде,  бұл  күнде  жазушының  өзі  мен 
кейіпкерлерінің  ортасында  кездесетін  жергілікті  сөздер  деп 
танылып  жүргендерден  там  (үй,  қысқы  жай  мағынасында); 
«мықты», «күшті» және «өте, аса, тым» мағынасындағы қиын; 
шейін, дейін шылауының шекті варианты; «апа» сөзінің әпке 
варианты;  «жартас»  мағынасындағы  тектұр  сөздері  кезде- 
седі. Бұлардың көбі автордың өз сөзінде және ешбір стильдік 
мақсат  көзделмей  жұмсалған.  Сірә,  М.Әуезовтің  қаламды 
енді  қолға  алған  тұсында  жазылған  әңгімелерінде  кездесетін 
быжғылдап ұру (381), сайды жалбылап жүру (334), зор денелі 
аңсағай жігіт (44), тілегіне табылу (тілегіне құлақ асу) (471), 
сарамас  (жаман,  оңбаған),  кәпірстан  мінезі,  кәпірстан  болу 
(413),  бір-біріне  қатты  уығу  (жауығу)  (174),  созалаңдау  (со-
зылу – 189), егін басқа отырды (228), іріңдей семіз ат (231), 
етін  сыртына  тепті  (231)  ағайын  ауқымынан  шығып, 
шеңбер бұзу (236), (келесі бетте: шырық бұзған қылық – 237), 
оң киім (241), жарасы ыңсу (242), дайыны жоқ сөз (жүйесіз 
–  243),  қалың  қарағайды  құндыздап  жүру,  аңды  ақтармалау 

44
(263),  ақтармалатып  сою  (278),  ләнет  (лағынат  –  294), 
майдан  беру  (айқасу)  сияқты  қолданыстардың  бірқатары 
«Қазақ  тілінің  10  томдық  түсіндірме  сөздігіне»  мүлде  енбе-
ген.  Мысалы,  быжғылдап  ұру,  шеңбер  түзу,  тілегіне  табы-
лу,  майдан  беру,(жарасы)  ыңсу,  іріңдей  (семіз),  дайыны  жоқ 
(сөз)  дегендер  не  реестр  сөз  ретінде,  не  олардың  ұясындағы 
тіркес  ретінде  енбеген.  Ал  ақтармалау,  жалбылап  жүру, 
дәркүмән,  аңсағай  дегендер  жергілікті  (диалектизм)  деген 
белгі  қойылмай,  демек,барлық  өңірге  ортақ,  түсінікті  әдеби 
норма ретінде берілген, бірақ мысалдар тек М.Әуезовтен және 
Абайдан  (дәркүмән)  келтірілген,  ал  құндыздап  жүру,  сара-
мас  деген  сөздерге  «жергілікті»  деген  белгі  қойылып,  мыса-
лы тек М.Әуезовтен, сарамас сөзі Мұхтар Әуезов пен Қабдеш 
Жұмаділовтен  алынған.  Демек,  бұлардың  барлығы  –  диалек-
тизм  деп  табылсын-табылмасын,  негізінен  белгілі  бір  өңірде 
ғана қолданылатын, қалың көпшілікке мағыналары бейтаныс 
сөздер.  Біздіңше,  бұлардың  барлығы  да  –  лексикамыздың 
қорына ену мүмкіндігі бар әлеуетті (потенциалды) сөздер деп 
аталатын қабатты құрайтын элементтер.
Сөздік  түзушілер  мен  мұғалімдерге,  тіл  зерттеушілер  мен 
қалам  ұстаған  ақын,  жазушы,  журналистерге  ескертуге  бо-
латын  бір  жайт  –  қазақ  әдеби  тілінің  лексикалық  қабаты  әлі 
түгел  толығып  болмағанын  айту  керек.  Қазіргі  кезде  диалек-
тизм, яғни таралу аясы шектеулі жергілікті сөздер деп танып, 
әр  алуан  сөздіктерде  осы  айдармен  тіркеп  жүрген  сөздердің 
бірқатары,  мысалы,  жоғарыда  көрсетілгендей  сөздер,  әдеби 
нормаға  әбден  сыйымды.  Оған  негіз  болатын  бірнеше  фак-
тор  бар:  алдымен,  бұлардың  бірқатарының  тепе-тең  әдеби 
эквиваленті  жоқ.  Мысалы,  малды  ақтармалап  сою,  ұстаған 
түлкі,  қасқыр  сияқтыларды  ақтармалау  (Түсіндірме  сөздік 
бұл  сөзге:  «мал  сойылғанда,  ішін  жарып,  ішек-қарнын, 
өкпе-бауырын  бөліп  алу  деп  анықтама  береді,  І  том,  150-
бет)  белгілі  процесті  бір  сөзбен  жақсы  білдіреді,  сол  сияқты 
«жалбылап  жүру»,  «құндыздап  жүру»,  «быжғылдап  ұру» 
дегендердегі  көсемше  тұлғасымен  беріліп  тұрған  іс-қимыл 
сындары мен «кәпірстан мінез», «кәпірстан болу» дегендер – 
әрі ықшам, әрі экспрессиялы сөздер, олардың әдеби нормаға 
еніп,  «көпшілікқолды»  болу  әлеуеті  (потенциясы)  зор  екені 

45
күмәнсіз.  Ал  майдан  («айқасу,  арпалысу»),  тілегіне  табылу 
(«тілегіне құлақ асу»), шеңбер бұзу («шырық бұзу»), дайыны 
жоқ сөз (жүйесіз, бәтуасыз) тәрізді тіркестер тіпті жергілікті 
қолданыстар  болмауы  да  мүмкін  (оларды  біз  диалогтолог- 
тер  еңбектерінен  де,  диалектологиялық  сөздіктерден  де, 
түсіндірме  немесе  екі  тілдік  сөздіктерден  де  кездестірмедік), 
олар  –  не  сирек  қолданылатын  немесе  автордың  өзі  ұсынған 
өте  бейнелі  (образды)  тұлғалар  болар.  Қайткен  күнде  де 
біз  көрсеткен  бейтаныстау  сөздер  түгелімен  жергілікті  бол-
мас,  болған  күнде  де  олардың  тар  аумақтық,  диалектілік  си-
паты  әлсіреп,  М.Әуезов  пен  одан  кейінгі  жазушылардың 
шығармаларында  орын  алып,  контекст  арқылы  мағыналары 
түсінікті болып кеткені немесе түсіндірме екі тілді және Абай 
тілі сөздігінде тіркеліп, жалпыға ортақ әдеби тілдік дүниелерге 
ауысқаны байқалады.
1960 жылдардан бастап қазақ тілінің диалектолог маманда-
ры, Семей, Шығыс Қазақстан, Аягөз өңірлерінің көптеген ау-
дандарын аралап, едәуір жергілікті сөзқолданыстарын жинап, 
жариялады
11
. Бұлардағы тіркелген сөздердің бірен-сараны бол-
маса,  басым  көпшілігі  М.Әуезовтің  1922-1925  жылдардағы 
әңгімелерінде  орын  алмаған.  Оның  да  себептерін  көрсетуге 
болады.  Алдымен,  диалектизм  сөздердің  дені  киім-кешек, 
ас-су,  құрал-сайман  атаулары  болып  келетіндіктен,  олар 
көркем  шығарма  тілінде  жиі  қолданылмауы  мүмкін.  Ал 
адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін білдіретін сөздердің ішінде 
жергілікті  ерекшелік  болып  келетіндерін  жазушылар  әртүрлі 
себеппен  қолданулары  мүмкін.  Бірақ  М.Әуезовтің  1922-1925 
жылдардағы туындылары тілінде мұндайлар да өте аз.
М.Әуезов  ана  тіліміздің  жер-жерге  қарай  ерекшеліктері 
бар екенін жақсы аңғарған және оларды көркем сөзге қызмет 
еттіруге болатынын да дәл аңғарып, мұны сәл кейінірек 1930 
11
 Сарыбаев Ш. Семей облысы Мақаншы ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі 
кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы // Қазақ тіл білімі мәселелері. - Алматы, 1959; 
Болатов Ж. Семей облысының Абай, Шұбартау аудандарында тұратын қазақтар тілін- 
дегі  жергілікті  ерекшеліктер  ту ралы  //  Қазақ  тілі  тарихы  мен  диалектологиясы 
мәселелері. - 2-шығуы. - Алматы, 1960; Болатов Ж. Семей облысы Көкпекті, Ақсуат 
ауданда рында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер туралы 
//  Қазақ  тілі  тарихы  мен  диалектологиясының  мәселелері.  -  3-шығуы.  -  Алматы, 
1960;  Бектұрғанов  Е.  Үржар,  Мақаншы  диалектологиялық  экспедициясының  мате- 
риалдарынан // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. - 4-шығуы. - 
Алматы, 1962. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. - Алматы, 1969.

46
жылдардан  кейін  жүзеге  асырған.  Бұған  жазушының  1934 
жылы жарық көрген «Білекке білек» әңгімесі куә. Ол жөнінде 
осы  кітаптың  2-бөлімінің  197-198-беттерінде  кеңінен  айтыл-
ды. Шығарма кейіпкерлерінің ішінде белгілі өңір тұрғындарын 
сөйлетуде  оның  тіліндегі  ерекшеліктерді  көрсету  амалына 
М.Әуезов кейін «Абай жолында» да оралады. Әбіштің Алма-
тыда  ауырып  жатқан  кезін  суреттеуде  бұл  қаланың  тұрғыны 
Дәт деген кісі ат базарында Мағаштармен сөйлескенде:
Бөтен  жақтың  аты-жөніңді  білмес,  ажарыңды  танымас 
адамымен  кәйтіп  саудаласып,  қол  соғысып  жүресің,  Мағаш 
шырақ. Жасың кіші інім екенсің, Абайдың баласына базардан 
ат іздетіп жүрмей-ақ қоялық. Бұяқтағы ел де – Абайдың елі. 
Жатың емес, жақының. Аттың орайын Әбсәметтің үйіне барып 
табамыз.  Жүрелі!  –  деп  Мағаштар  жатқан  Әбсәметтің  үйіне 
әкелген.
Алматылық  Дәттің  әрі  қарайғы  сөздеріндегі  барғын, 
кеткін деген етістік тұлғалары да бұл шығарманың семейлік 
кейіпкерлерінің  сөйлеу  машығында  ұшырамайды.  Эпопея-
да жазушы Әбіш ауырып жатқанда қасында болған Мағашқа 
атақты Жамбылды да кездестіреді. Оның Мағаш бәйгіге қосқан 
Торжорғаға сүйсінген сөзін автор былайша береді:
– Табанынан жарылған жануар-ай! – деп екі қолын жұды- 
рығын түйе созып көрсетіп. – Айызыңды қандырды-ау! Алма- 
тының  төресі  мен  қарасы,  шоқы  мен  шорасы  сүйсінгеннен 
таңдай  қақты.  Шұлғып  қалды  ғой  мүлдем.  Атама,  әкем  тегі. 
Әмісе жолың боғайақ та. Жақсы ағаның баласы екесің. Атаң да 
жақсы, атың да жақсы босын десем, десемдей екесің, Мағаш 
мырза! (7-том, 199-бет).
Шығарманың  әрі  қарайғы  беттеріндегі  Жамбылдың  сөз- 
дерінен  де  «тағы  айтқын,  айтқылашы,  інішегім!  мүлдем 
тегі, айталы десек те, дуайдай дуай сәлем» деген тұлғаларды 
кездестіреміз.
Жазушы  Дәт,  Жамбыл  сияқты  кейіпкерлерінің  аузына  бұл 
сияқты  қолданыстарды  әдейі  салып  отыр:  бұларды  Мұхаң 
Қазақстанның Алматы, Жетісу, Оңтүстік өңірлерінің тіл ерек- 
шеліктері деп таныған, демек, бұл диалектизмдерді көркемдік 
шындық үшін стильдік мақсатпен жұмсаған.
Сөйтіп,  қазақ  көркем  прозасында  бұл  күнде  кездесетін 

47
диалектизмдердің лексикалық және стильдік статустарын бұл- 
айша танып, орынды қолданудың ең алғашқы үлгісін М.Әуезов 
көрсеткен деп батыл тұжырымдауға болады.
Келесі әңгіме – М.Әуезовтің 20-30-жылдардағы көркем про-
засы  тіліндегі  кейіпкер  сөзі  мен  автор  сөзінің  синтаксистік 
қатынастарына  келсек,  көркем  әдебиет  стилінің  жеке  мәсе- 
лелерін арнайы зерттеушілер дұрыс көрсеткендей, шығарманың 
тілдік  композициясын  құрайтын  кейіпкер  сөзі  мен  автор  сөзі 
дегендерді  стильдік  кате гория  ретінде  талдап-танудың  мәні 
айрықша.  Өйткені  жоғарыда  сөз  болған  жеке  мәселелердің 
біразы  шығарма  тексінің  осы  құрамдық  бөліктерінің  ішінен 
алып  қарастырылады.  Бұларды  классикалық  синтаксисте 
әңгіме етсек, төл сөз және автор сөзін стилистикада авторлық 
ремарка  деген  терминдермен  ажыратып  қараймыз.  Бұл  жер-
де  кейіпкер  сөзін  танытатын  тұстар  –  монолог,  диалогтердің 
анықтамасы, сипаты, берілу жолдары деген мәселелерді әңгіме 
етпейміз.  Олар  ғылыми  әдебиетте  (барлық  тіл  бойынша  да) 
кеңінен сөз болып келеді. Бұл тақырыпқа қазақ тіл білімінде 
зерттеуші  Хасан  Кәрімов  арнайы  барып,  оның  теориялық 
тұжырымдарын  дәлелдеуге  негізінен  Бейімбет  Майлиннің 
10-30-жылдардағы әңгімелерінің фактілерін келтіреді. Мұнда 
зерттеуші қазақтың жазба көркем проза сы тіліндегі төл сөзді 
құрылымның  қалыптасуы,  жетілуі,  кемелденуі  мәселелерін 
иллюстративтік  материалдармен  жақсы  көрсетеді.  Тек 
Б.Майлин  емес,  М.Әуезовтің  20-30-жылдар  прозасындағы 
кейіпкер  сөзінен  диалог,  монологте  көріну  жайттары  бойын-
ша  да  өз  байламдарын  айтады
12
.  «М.Әуезовтің  диалогті  пай-
далануында  көзге  түсетін  бір  ерекшелік  бар.  Ол  –  диалогтің 
жазушы  әңгімелерінде  кейіпкер  мінезін  ашуда,  образ  жаса-
уда  бірден-бір  тәсіл  болмай,  көбінесе  кейіпкердің  іс-әрекетін 
автор  атынан  суреттеу  мен  мінездеуге  қосымша,  көмекші 
тәсіл  ретінде  қолданылатындығы
13
.  Бұл  тұжырымға  біршама 
қосылуға  да  болар.  Бірақ  «Қорғансыздың  күніндегі»  қарт 
әженің мо нолог түрінде берілген әңгімесінің тілі арқылы жа-
зушы оның образын да сомдаған деуге болады. Дегенмен бұл 
еңбекте еуропа деңгейіне көтерілген қазақ көркем прозасының 
көшбастары, Ғ.Мүсіреповтің тілімен айтсақ, «прозадағы сүйікті 
12 
Кәрімов X. Қанатты тіл. - Алматы: Санат, 1995. 
13
 Сонда, 39-бет.

48
шығармаларды жасаушы» Бейімбет Май лин шығармаларының 
«түр үлгісінің дөңгелек келген тұтастығын» (бұл – М.Әуезовтің 
бағасы, оның түр, үлгі дегенін «тілі, стилі» деп түсіну қажет) 
өте жақсы танытады.
Бұл  ғылыми  еңбектің  кейіпкер  сөзі  мен  авторлық  ремар- 
каның синтаксистік байланысын сөз еткен тұсы – біздің зерт- 
теу  объектімізге  де  біраз  құнды  материал  (талдаулар  мен 
түйіндер) береді.
Төл сөзбен авторлық ремарканың орналасу тәртібінің, бай-
ланысу  амалдарының  қазақ  жазба  прозасында  Ыбырай  Ал-
тынсарин әңгімелерінен дұрыс басталып, әрі қарай Б.Майлин, 
М.Әуезов  әңгіме-повестерінде  жалғасып,  тұрақтала  түскенін 
нақты  мысалдармен  (фактілермен)  көрсетеді.  Осындағы 
сияқты,  төл  сөз  бен  ремарканы  грамматикалық  байланысқа 
түсіруші  дәнекер  де  көмекші  етістігінің  қатысу-қатыспауын, 
төл сөздің алдынан не соңынан, не екі жағынан келу тәртібін 
сөз  етсек,  М.Әуезовтің  20-30-жылдардағы  көркем  туындыла-
ры  нағыз  жоғары  жазба  әдебиеттің  үлгісін  көрсетеді.  Мұнда 
ауызша  әңгіме  мен  ертегілер  тексіне  тән  дәнекер  элементтің 
артық (төл сөздің алдынан бір, соңынан бір екі рет) келуі, диа-
логте әр төл сөзден кейін міндетті түрде келіп отыруы сияқты 
құрылымдар  жоқ.  Көп  тұста  жазушы  төл  сөздің  алдындағы 
авторлық  ремарканы  көсемше  етістікті  құрылыммен  сол  төл 
сөздің  кімнің  айтқаны,  неліктен,  қалайша,  қандай  жағдайда 
айтқанын  келтіреді  де  төл  сөздің  соңын  де  дәнекерімен 
жалғастырады.
Қасына қозышы бала шауып келіп:
– Шүйінші-шүйінші, апа! Жұмағүл ағам келіп қалды, – деді 
(І,62).
Қыз жымиып күліп:
– Айтқаныңыз жаңа, асыққаныңыз не? Әуелі менің тілегімді 
естіңіз! – деді.
Оспан:
Айта ғой олай болса тілегіңді, – дегенде:
– Тілегім – біздің жақындығымыз аз күндік жақындық бол-
масын. Лайық көрсеңіз, өмірлік жолдас болайық деймін. Осы-
ны қалай көресің? – деді (І, 98).
Төл сөз бен репликаның М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерін- 
де дәнекер деп түсіріп жалғастырылған түрлері жоққа тән.

49
Көп  дауысты  диалог  дегендер  М.Әуезовтің  20-жылдар-
да жазылған әңгімелерінде өте сирек, бірен-саран жер де ғана 
кездеседі.  Ал  30-жылдардағы  әңгімелерінде  мұндай  «ұжым- 
дық» әңгімелер беріле бастайды. Қысқасы, жазушы М.Әуезов 
төл  сөз  құрылымдарды  беруде  бірден  дұрыс  тәсілдерді  қол- 
данған,  ол  бұл  реттегі  қазіргі  нормамызға  ұласып,  әбден 
қалыптасқанын көреміз. Әрине, көркем текстің төл сөзді құры- 
лымдары қазақ  прозасының  алғашқы  үлгілеріндегі қалпынан 
ешбір  өзгеріссіз  қалған  жоқ:  оның  деп  дәнекерінсіз  берілуі, 
авторлық  репликаның  бір  төл  сөзді  бірнеше  бөлікке  бөліп 
жіберуі  сияқты  конструкциялар,  бір  жағынан,  орыс  тілі 
үлгісімен,  екінші  жағынан,  көркем  шығарма  тілінің  синтак- 
систік  құрылымын  түрлендіру,  артық  деп  санаған  элемент- 
терді  түсіру,  әсерлі  етіп  ұсыну  сияқты  таза  (қай  тілде  бол-
са да) стильдік ұтымды сәттерді іздеу барысында орын алып 
келе жатқаны ғылыми ізденістерде айтылып келеді. М.Әуезов 
шығармашылығының кейінгі қомақты туындылары тілін зер-
делей қалсақ, бұл құбылысты да таба аламыз.
Енді  жалпы  автор  тілінің  (тек  авторлық  ремарканың  ғана 
емес) синтаксистік көрінісін: құрылымын, ерекшелігін, стиль- 
дік  нысанасын  қысқаша  сөз  етсек,  мыналарға  оқырман  наза-
рын аудартамыз.
Синтаксис  –  көркем  текстің  «жанды»  көрсеткіші.  Ав тор, 
әсіресе  өз  баяндауында  сөйлемдерді  қалайша  құрды,  текст 
бөліктерін қайтіп бір-біріне ұластырды, сөйлем мүшелерін бір-
біріне  қалайша  қатыстырды,  қыстырма  (түсініктеме,  айқын- 
дама)  элементтерді  текске  қалайша  сынамалап  енгізді  деген 
сияқты «қалай, қандай, қайтіптерді» айқындасақ, жазушының 
алғашқы «сөз құрастыру» шеберлігін танимыз.
Бұл  саладағы  талдау,  әрине,  бастауышы  мынау,  баяндауы-
шы  мынау  деген  сияқты  таза  грамматикалық  ізденіс  түрінде 
болмайды. Жазушы синтаксистік құрылымдарды (түзілістерді, 
конструкцияларды)  әсемдік,  әсерлілік  үшін  қалай  қолданды 
дегенді көрсету көзделуі тиіс. Сондықтан «ерекшелікті іздеу» 
принципі бірінші кезекте тұрады.
М.Әуезовтің  алғашқы  әңгімелерінің  негізінен  тұтас  алып 
қарағанда  қысқа-қысқа  сөйлемдермен  берілгендігі  көзге 
түседі,  яғни  авторлық  баяндаудың  көбіне-көп  аз  сөзді  жай 
сөйлемдермен  келуі  синтаксистік  көріністегі  бір  ерекшелігі 

50
болып танылады. «Аз сөзді» дегенді тек жалаң сөйлемдер деп 
түсінбеу керек, Сөз жоқ, жай сөйлемдер едәуір жайылма болып 
келуі заңды (онсыз баяндау мүмкін емес қой):
Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөң- 
гелек беті жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу 
өткір  көзінде  және  түксиген  қабағында  өзгеше  қаталдық  
бар. Кішкене мұрны көз, қабағына үйлеспейді...
Бұл шағын ғана сыртқы портрет жай сөйлемдермен берілген. 
Сөйлемдер  жай  болғанымен,  жалаң  емес:  бірыңғай  мүшелісі 
де, жайылма анықтауыш мүшелісі де бар. Екінші сөйлем тіпті 
қысқартылып берілген: оның бастауышы (ол немесе бұл жігіт) 
мен баяндауышты (кісі еді, жігіт еді де ген сияқты) түсірілген, 
яғни жасырын тұр, бірақ контекст оларды жоқтатпайды.
Жазушы  сөйлем  құру  амалына  өте  мұқият  қарағаны 
байқалады.  Сөйлемдерді  қысқа  қайыру  көбінесе  стильдік 
мақсат көздейді. Қысқа, тіпті жалаң сөйлемге логикалық екпін 
аударылады.
Ұзақ жол қажытқан жолаушылар осы болымсыз кішкене 
сызыққа  қарап,  қоналқаға  келетін  үйінің  әртүрлі  көңілсіз  
жайларын еске түсірді. Бұрынғыдан да тұнжырады. Көңіл- 
сіздік молайды (І, 34).
Мұнда  соңы  екі  сөйлем  жеке-жеке  берілгенде,  алдыңғы 
сөйлемдегі  көңілсіздік,  жадаулық  дегенге  ой  екпінін  түсіріп, 
қадай  айтады.  Бұл  амалға  барғанда,  жазушы  сөйлемнің  бір 
мүшесін  өз  алдына  сөйлем  сияқты  жеке  беретін  (жазатын) 
тұстары да ерекше болып көрінеді. Мысалы: Алыстан қараған- 
да, Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз (І, 29). 
Бұл микротексте соңғы сөйлем – синтаксистік тұрғыдан қара- 
ғанда,  өз  алдына  тиянақты  сөйлем  емес,  алдыңғы  сөйлемнің 
бірыңғай  мүшесінің  біреуі:  Арқалық  тауының  бір  сипаты  – 
бұдыры жоқ жалаңаштығы болса, екінші сипаты – көруге аса 
көңілсіздігі.  Таудың  осындай  сұрықсыздығын  баса  суреттеу 
үшін,  бірыңғай  баяндауыштың  біреуін  өз  алдына  шығарып, 
сөйлем  сияқты  етіп  ұсынған.  Осы  жерде  жазба  дүниенің  бір 
ұтымды жерін көреміз. Егер жалаңаш деген сөзден кейін үтір 
қойылса,  тұтас  сөйлем  қабылданар  еді  де  Арқалықтың  сол 
бұдыры жоқ жалаңаштығы көруге көңілсіз екендігіне оқырман 
назары айрықша аударылмас еді.

51
Ғылым тілінде (тіл білімінде) бұл құбылыстарды (тәсілді) 
парцелляция деп, «отау болып» шығатын мүшені парцеллятдеп 
атайды. М.Әуезовтің көркем прозасының бастапқы кезеңіндегі 
үлгілеріне көз салсақ, оның синтаксисіне тән ерекшеліктің бірі 
деп  осы  парцелляция  тәсілін  атаймыз.  Бұл  амал  –  Мұхаңда 
жүйелі  түрде  қолданылады.  Парцеляттар  көбінесе  сөйлем 
соңындағы  баяндауышқа  тән  іс-әрекеттің  амалын,  мезгілін, 
мекенін білдіретін мүшелер болып келеді. Мысалы:
Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп келген жоқ. Қашқа- 
лақтағандай (І, 56).
Соңғы  жеке  шығарылған  бір  сөз  іс-қимылдың  амалын 
көрсетеді, ол сөйлемнен ажыратылмаса, «көп келген жоқ» де- 
геннің  алдында  тұрар  еді.  Келесі  мысалдар  (сирек  қолданы- 
латындықтан, қазақ тіл білімінде көп сөз болмай келе жатқан 
құбылыс екендігін ескеріп, көбірек мысалмен көрсетуді дұрыс 
деп отырмыз):
Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл тұманды жамы-
лып сазарғандай. Жым-жырт (I, 70).
Бұл  жердегі  парцеллят  сөйлемнің  баяндауышы  деуге  бо-
лады.  Егер  жазушы  иесіз  даланың  сазарып  түрғанын  баса 
айтқысы  келмесе,  жым-жырт  сөзін  сөйлемге  жалғастырып 
жазған болар еді. Ол күнде сөйлем табиғаттың бір күйін жай 
ғана  баяндап  көрсету  болып  шығар  еді.  Ал  Мұхаңның  жай 
баяндағысы жоқ, әсерлі етіп суреттеуді көздеген. Жым-жырт 
деген бір сөздің айтуда жеке интонациямен бөлінуі, ал жазуда 
нүктемен ажыратылуы дәл осы жым-жырттық жаздың жанға 
жайлы кешіндегі тыныштықтың көңіл аударарлық белгісі бо-
лып тұрғандай. Келесі мысал:
Әйелдер  сол  түні  таң  атқанша  шам  жағып,  ұйықтамай, 
Құдайдан тілек тіледі. Сыйынды, жылады (I, 50).
Соңғы  екі  парцеллят  осы  сөздер  беріп  түрған  іс-қимылға 
оқырман назарын аударып, ой екпінін түсіреді. Әжесі мен ана-
сы Ғазиза баланың аман болуын жай тілемейді, жылап, сыйы-
нып тілейді.
Бұл екі сөздің екеуін айырып көрсетіп («бөлек құндақтап»), 
солар арқылы әже мен ананың ішкі жан қиналысын, дәрменсіз 
күй-қалыптарын көрсетеді.
Бір-екі  сөзді  атаулы  немесе  толымсыз  сөйлемдер  де  пар-
целляция  құбылысына  жақын  келеді.  Олар  да  алдыңғы 

52
сөйлемнен нүкте арқылы бөлініп жазылады, мұнда да стильдік 
мақсат көзделеді. Мысалы: 
Жанып болған тезектің шоғы өшуге айналған. Ала көлеңке 
(I, 133).
Егер  толық  түрде  түзілсе,  айналған  дегеннен  кейін  үтір 
қойылып,  әрі  қарай  сондықтан  үйдің  іші  ала  көлеңке  деп 
берілер еді. Бұл салаластың соңғы жай сөйлемі өз алдына ата-
улы  сөйлем  етіп  ұсынылғаны  автордың  парцел ляция  сияқты, 
осы  ала  көлеңкелікті  баса  көрсеткісі  келгендігінен  пайда  бо-
лып  тұр.  Мұны  парцелляциядан  бөліп  қарау  қажет  немесе 
парцелляцияның бір көрінісі деп тану қажет. Өйткені парцелля-
ция бір сөйлемнің «кетілуі», соңғы мысалда да тұтас құрмалас 
сөйлем «сөгіліп», сөгілген бөлігі «күзеліп» тұр.
Мына микротексте бөлек «отау тіккен» құрылымдар бастау-
ышы түсірілген толымсыз сойлемдер:
Оның ақылы еш нәрсенің тұтқыны болған жоқ еді. Баяғыдай 
сау. Салқын қырағы күйінде (І, 154).
Бірақ  бұлар  –  парцелляттар  емес.  Мұндай  толымсыз 
сөйлемдерді  де  жазушының  өзгелерге  қарағанда  жиірек 
қолданатын  белгілі  бір  тұстары  бар,  яғни  көбінесе  адамның 
(кейіпкердің)  сыр-сипатын  суреттейтін  сөздерді  сөйлем 
мүшелерін парцеллят етіп алып, оны бастауышы түсірілген то-
лымсыз сөйлем түрінде береді.
Бақтығүл  қолына  түсіріп  алған  малын  да  қуғыншы  жау 
қолына оңай бере қоймайтын. Соғыста айлакер, ер. Шоқпар-
сойылға өте жырынды (I, 245). 
Соңғы екі «сөйлем-парцелляттың» ол немесе Бақтығұл де-
ген бастауышы жоқ.
Жазушы парцеллят етіп, көбінесе сөйлем соңында орнала-
сатын бірыңғай баяндауыштардың біреуін шығарады.
Ғайша  қазақтың  өз  қаны  екенін  білдірмек  болып,  қазақ 
тіліндегі  табиғатты  жаңа  көрген  танысының  бәріне  дағдылы 
бір  машығы  сияқтанып  айта  беруші  еді.  Мақтанушы  еді  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет