Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§2. ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫДА БОЙ КӨРСЕТУІ. РЕЦЕПТИВТІК ЭСТЕТИКА



бет50/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§2. ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫДА БОЙ КӨРСЕТУІ. РЕЦЕПТИВТІК ЭСТЕТИКА

Оқырман туындыда тікелей, кейінірек нақтыланып, әрі мәтін бойында локалдану [лат. Localis-шектеушілік] үшін ұшырасуы мүмкін. Авторлар кейде өз оқырмандары жайлы ойға шомып, сонымен қатар, олармен сұхбаттасып, олардың ойлары мен сөздерін сыртқа шығарады. Осыған байланысты оқырман образын көркем "заттықтың" қырларының бірі деп атаған да ләзім. Әңгімелеуші мен оқырман арасындағы жарқын қарым-қатынассыз Л. Стерннің хикаяттарын, Пушкиннің "Евгений Онегинін", Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.С. Тургеневтердің прозаларын көз алдымызға елестету мүмкін емес.


Бұдан бөлек, тіптен маңызды қабылдаушы субъектінің көркем сәулеленуінің әмбебап формасы дегеніміз – тұтас туынды бойында елестетілетін оқырманның ұшырасуы, дәлірек айтсақ, "адресат концепциясы"[339]. Оқырман-адресат әрі нақты жан (пушкиннің достық арнаулары), әрі автордың замандас қауымы (А.Н. Островскийдің демократ көрермен туралы көптеген толғаныстары), әрі О.Э. Мандельштам өзінің "Әңгімелесуші туралы" мақаласында сөз еткен әлдебір алыс "жазымышты" оқырман болуы мүмкін.
Оқырман-адресат рецептивтік эстетика мектебіне жататын (нем. Rezeption-қабылдау) батыс алман ғалымдары (Констанц қ.) 1970-ші жылдары (Х.Р. Яусс, В. Изер) тарапынан егжей-тегжей қарастырылды[340]. Осы бағытта олармен бір мезгілде М. Науман (ГДР) да еңбек етті. Аталған ғалымдар көркем тәжірибенің екі қыры бар: өнімді (креативті [ағыл. creative туындыгерлік < лат. creatio (creationis) өмірге әкелу], шығармашылық) және рецептивті (қабылдау аясы) дегенді негізге алды. Яусс пен Изер осыған сай деп есептеді. Эстетикалық теорияның екі түрі бар: дәстүрлі шығармашылық теориясы (ең алдымен өнерде көрініс берген) және орталыққа авторды емес, оның адресатын шығаратын өздері жаңадан туғызған қабылдау теориясы. Соңғысын олар имплицитті (ағыл. Implicit-жасырын//көрінбес) оқырман деп атады. Авторға (осы теория бойынша) ең алдымен оқырманға әсер ету әлеуеті тән болып келіп, ол шешуші мәнге ие болады[341]. Көркем белсенділіктің басқа қырын (мән мен мағыналардың өмірге келуі мен айшықталуын) рецептивтік эстетиканы жақтаушылар (жоққа шығармаса да) екінші қатарға ысырды. Сөздік-көркем туындының құрамында өзіндік әсер ету әлеуеті (нем. Wirkungspotenzial) [342] бар оқырманға әсер ету бағдарламасы ұшырасады да, мәтін құрылымы апелляция (оқырманға қаратылған, оған бағытталған арнау) ретінде қарастырылады. Туынды бойындағы әсер ету әлеуеті оның реалды оқырман тарапынан қабылдануын анықтайды деп тұжырымдайды рецептивтік эстетика өкілдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет