2. ӘДЕБИЕТТІ ҚАБЫЛДАУ. ОҚЫРМАН.
Герменевтика мәселесін қарастырып отырған сәтте әдебиеттің субъекті, яғни оқырман тарапынан қабылдану заңдылығы жарыққа шығады.
§1. ОҚЫРМАН МЕН АВТОР
Қабылдаушы іс-әрекеттің тең мөлшерлес екі қыры бар. Әдеби туындыны игерген кезде ең алдымен маңыздысы жанды да, қулықсыз, сараптамасыз қарпи айтылатын үн қосу. "Шынайы көркемдік <...> -деп жазады И.А. Ильин, - өзіңе қабылдау; оған тікелей басы бүтін берілу. Ол үшін оған ұлығ көркемдік сезіммен қарап, балаша өз жан-дүниесін ашып көрсетуіне жетісу керек"[330]. Осыған жуықтау ойды театрға қатысты И. В. Ильинский де айтты. Оның айтуынша, мәдениетті көрермен бала сияқты: "Көрерменнің шынайы мәдениеті театрда тікелей, еркіндікпен, ешкімнен қымсынбай көргені мен естігені кезінде танылады. Оған оның жаны мен жүрегі әмір етеді"[331].
Сонымен бір мезетте оқырман алған әсеріне есеп беріп, оқығанын ой елегінен өткізеді, сезінген әсерінің себебін айырып-білуге тырысады. Көркем туындыны қабылдаудың ең маңызды екінші қыры тап осындай. Г.А. Товстоногов: театр көрермені спектакльден кейін әлдебір уақыт аралығында театрда алған сезімін ойымен "алмастыруды" бастан кешеді деп жазды[332]. Бұл толықтай оқырманға да қатысты. Туындыны интерпретациялағанда жанды да, қулықсыз оқырман үн қосуы табиғилықпен пайда болады. Тіпті еш ойланбайтын оқырман мен оқығанынан тек ой жүгіртушілік сылтауын іздеуші өзінше шектеулі болып келеді. Және де "таза сарапшы", біздіңше, өзінің бейкүнәлігімен балаға ұқсаушы.
Оқырман тынысы мен парасатының тікелей туынды авторының шығармашылық еркіне қатыстылығы өте күрделі. Бұл жерде қабылдаушы субъектінің суреткер-туындыгерге бағыныштылығы және алғашқысының екіншісіне қарағандағы дербестігі де орын алады. Ғалымдар "оқырман-автор" проблемасын талқылап сөз еткенде, кейде бірін-бірі жоққа шығаратын түрлі бағыттағы пікірлерді ортаға салады. Кейде олар оқырман бастамасын абсолюттендірсе, кейде керісінше, оқырманның авторға тәуелділігі әдебиетті қабылдаудың әлдебір даусыз нормасы ретінде сөз етеді.
Бірінші өз кезегіндегі "жарықшақ" А.А. Потебняның пікірлерінде орын алды. Сөздік-көркем туындының мазмұны (ол аяқталған кездегі) ендігі жерде "суреткер тарапынан емес, оны түсінуші тарапынан дамиды" дегеннен шығарған ғалым, "суреткердің еңбегі шығармасын жазу кезіндегі ойға алған minimum'e мазмұнында емес, оның образының танымал икемділігінде", "түрлі мазмұнда көңілді алабұрттырып қоздыруға" қабілеттілігінде деп тұжырымдады[333]. Бұл арада туынды бойында барға "көңіл аударатын" еркіндігі жағынан шекараны білмейтін оқырманның абсолютті шығармашылық (туындыгерлік) бастамашылдығы келтіріледі. Шығарманың туындыгерінен оқырман тәуелсіздігі туралы, оның емеуіріні мен талпынысы жайлы ұғым қазіргі заманалық постструктуралистік жұмыстарда, әсіресе, Р. Барттың автор өлімі концепциясындағы шетін жағдайларға бастап алып келді.
Бірақ та әдебиет туралы ғылымда оқырман үшін авторды шөмшитуге қарсы тұратын бұдан да бөлек, ықпалды тенденция бар. Потебнямен пікірталасқа түскен А.П. Скафтымов оқырманның авторға тәуелділігін атап көрсетіп: "Біз қанша жерден көркем туындыны қабылдаудағы оқырман шығармашылығы турасында айтсақ та, оқырман шығармашылығы бәрібір қосымша екендігін, өз бағыты мен қырлары жағынан қабылдау нышанатына байлаулы екендігін анық білеміз. Бәрі бір оқырманды автор жетектейді, ол өзіне құлақ қойып бағынуды, шығармашылық жолының ізімен жүруді талап етеді. Жақсы оқырман сол – кім өзінің таным-түсінік өрісін тауып, өзін автордың еркіне бере білген жан"[334]. Н.К. Бонецкаяның ойынша, оқырман үшін маңыздысы ең алдымен шығармашылық ерік арқылы автордан шығатын барлық ілкі, бастапқы бір ғана түсініктегі айқын көркем мағына мен мәндерді есте сақтай білу болып табылады. Ол: "Туынды бойына автор енгізген мән дегеніміз – тұрақты да, түбегейлі шама,-деп тұжырымдап, осыны естен шығарып алудың еш қажеті жоқ деп түйіндейді [335].
Біз келтірген көзқарастың өзіндік байыпты тұстарымен қатар, не бірыңғай белгісіздік пен ашықтықтың, не керісінше, көркем ойдың белгілігі мен бір мәнділігінің жетегінде кетушілік деп аталатын біржақтылық та бар. Осы екі шетіндік оқырманның авторға қатысын сұхбат, әңгімелесу, кездесу деп санайтын герменевтикалық бағдардағы әдебиеттануда еңсеріледі. Оқырман үшін әдеби туынды дегеніміз – бұл мезетте авторға қатысты және ол айтқан белгілі бір сезім мен ойларды және де өзінің "түртекші" рухани бастамасы мен әлеуетін "тоғыстырушы". Я. Мукаржовскийше, туынды бірлігі суреткердің шығармашылық ықыласымен беріледі де, оның осы "тіні" маңына автор еркінен тыс оқырманда туындайтын "ұйысқан ұғымдар мен сезімдер" топтасады[336]. Бұған біріншіден, көпшілік жағдайда оқырман қабылдауында субъективілік, не болмаса, автордың шығармашылық емеурінін айналып өтушіліктен, оның өмірге көзқарасы мен көркем концепциясын айыра алмаудан туындаушы түсінбеушіліктің басымдығын; және де, екіншіден (бұл енді ең бастысы), автор тұлғасының, оның шығармашылық еркінің және өзінің (оқырмандық) рухани бастамасының тереңіне бойлаудың оқырманға тиімді синтезін қосуға әбден болады. Оқырманның тап осындай игі де, жалпыға ортақ бағдар ұстануы туралы Л.Н. Толстой: "<...> біз жаңа автордың көркем туындысын оқыған немесе пайымдаған кезде қашанда төмендегідей болып келетін: "Кәнекей көріп жіберейік, қандай адам екен? <...> деген бір негізгі сауал туындайды. Егер ол бізге белгілі кәртамыс жазушы болатын болса, онда сауал бұл жерде сен қандайсың емес, "Кәнекей, маған қандай жаңаны алға тартпақсың? Өмірді маған қандай қырынан жарқыратпақсың? болып келеді" деп жазды[337].
Кездесу-сұхбаттар оқырманды байықтырудың орын алуы үшін, оған керегі эстетикалық талғам, қаламгерге және оның туындысына деген ыстық ықылас, көркемдіктің құндылығын тікелей айыра білушілік қабілеті болып табылады. Сонымен бірге кітап оқу дегеніміз – бұл деп жазды В.Ф. Асмус, "еңбек пен шығармашылық": "Егер оқырман тәуекелге бел буып туынды авторы белгілеген жолға саналылықпен түспесе, ешбір шығарма түсінікті болмайды <...> Оқудың шығармашылық нәтижесі әрбір жеке сәттерге <... > оқырманның <...> барша рухани ғұмырнамасына байланысты <...> Ең сезімтал зерек оқырман қашанда тамаша туындыларды қайыра оқып шығуға қабілетті "[338].
Оқырмандық қабылдаудың нормасы (басқаша айтсақ, үздік те, тиімді "нұсқасы") осындай. Ол әрқашанда өзінше, қашанда толық емес қалпында жүзеге асады. Сонымен бірге автордың оқырман қауымның талғамы мен қызығушылығына бағдар ұстануы әр келкі болады. Әдебиеттану оқырманды түрлі сипатта алып зерттейді, оның ішіндегі ең бастысы мәдени-тарихи көп бейнелік.
Достарыңызбен бөлісу: |