Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§3.ШЫНАЙЫ ОҚЫРМАН. ӘДЕБИЕТТІ ТАРИХИ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРДЕЛУ



бет51/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§3.ШЫНАЙЫ ОҚЫРМАН. ӘДЕБИЕТТІ ТАРИХИ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРДЕЛУ
Туындылардағы тікелей араласатын, кейде тіпті жанама кезігетін адресатпен бірге әдебиеттану үшін қызықты және маңыздысы оқырман тәжірибесі болып табылады. Шындық өмірде бар оқырмандар және олардың тобына тән сан алуандық бір-біріне ұқсамайтын әдебиетті қабылдау ұстанымдар мен оған деген талаптарды туындатады. Осы ұстанымдар мен талаптар, бағдар ұстану мен стратегиялар не әдебиеттің табиғатына және аталған дәуірдің жағдаятына сай келеді, не болмаса, одан мүлдем ірге ажыратады. Рецептивтік эстетикада олар әлеуметтанушылар К. Мангейм мен К. Попперлерден [326] алынған күту көкжиегі терминімен белгіленеді. Бұл арада көркемдік эффекті (әсер) оқырманның күту көкжиегі базасында жүзеге асырылатын авторлық әсер ету бағдарламасының қабылдауы мен біріктірілуінің (көбіне конфликтілі) нәтижесі деп қарастырылады. Х.Р. Яусстың ойынша, қаламгер қызметінің мәні оқырманның күту көкжиегін есепке алудан және сонымен бірге, осы күтілімді бұзып, оқырман қауымға ешкім күтпеген жаңаны ұсынудан тұрады. Оқырмандар ортасы бұл арада әлдебір консервативтілік деп ойластырылып, қаламгерлер болса, қабылдау тәжірибесінің әдетін бұзушы және оны жаңартушы сипатында көрінеді, бір аңғарылатыны, бұл жағдай бар жерде орын ала бермейді. Авангардистік әсерге түскен оқырмандар ортасы авторлардан қалыптасқан ережелер мен нормаларды сақтауды емес, кеірісінше, барлық қалыпты нәрсенің тас-талқан етілуін күтеді. Оқырмандардың күту көкжиектері сан алуан. Әдеби туындылардан гедонистік (рахатқа) қанағаттанушылықты, зәре-құтты қашыратын эмоцияны, байыптылық пен тәлімділікті өздеріне жақсы таныс ақиқаттың айшықталуын, ой-өрісінің кеңеюін (шындықты тануды) және фантазия әлемінің қойнауына сүңгуді, шығармашылығы өзінің даралығымен және жаңашылдығымен ерекшеленген (бізге жақын дәуірлердің өнерлерінің мәні жауап берген) авторлардың рухани әлеміне бас қойып, табиғи үйлесімдіктегі эстетикалық ләззат алуды күтеді. Осы оқырман күтуінің соңғы тегін көркем қабылдаудың иерархиялық жоғары, тиімді мақсатты ұстанымы деп есептеуге болады.
Оқырман қауымның ой-өрісі, талғамы және күтуіне қатысты көп жағдайда сөздік-көркем туындының тағдыры, сонымен қатар, олардың авторларының беделі мен танымалдығының шама-шарқы анықталады. "Әдебиет тарихы дегеніміз – тек қана қаламгер тарихы емес <...> сонымен бірге оқырмандардың да тарихы ", -деп атап көрсетті XX ғғ.тоғысындағы танымал кітаптанушы және библиограф Н.А. Рубакин[344].
Өзінің мақсатты ұстанымы мен ықтияры, мүддесі мен ой-өрісі оқырман қауымын тек қана әдебиеттанушылар ғана емес, сонымен бірге әлеуметтанушылар да зерделеп, әлеуметтік әдебиет пәнін өмірге әкелді. Сонымен бірге, әдебиеттің қоғам өміріне әсерін оқырмандардың түсінуі мен пайымдауы (басқаша айтар болсақ, өзгермелі әлеуметтік-мәдени конмәтіндегі әдебиеттің қабылдануы) әдебиеттану пәндерінің бірі әдебиетті тарихи-функционалды зерттеудің (бұл терминді 1960-шы жылдары М.Б. Храпченко ұсынған болатын) өзегі болып табылады.
Әдебиетті тарихи-функционалды зерттеудің басты саласы үлкен тарихи уақыттағы туынды тіршілік кешуі, олардың ғасырлардағы өмірі. Сонымен бірге, ең маңыздысы қаламгер шығармашылығын оның замандастарының қалай игергендігін қарастыру. Жаңа туындыға үн қатуларды зерттеу оны пайымдаудың қажетті жағдайын құрайды. Өйткені, авторлар әдетте ең алдымен өз дәуірінің адамдарына бет бұрады және оның замандастарының әдебиетті қабылдауы: өте жиі оқырмандар тарапынан белгілі бір шектегі өткір жауап берушіліктің астарында не қабылдамаушылық, не құптаушылық жатады. Осылайша, Чехов көптеген замандастары үшін "құбылыстардың өлшеуіші" деп танылып, оның кітаптары "маңымызда орын алған жағдайлар турасындағы бірден-бір ақиқат" деп танылды[345].
Әдеби туынды тағдырын ол өмірге келгеннен кейін зерттеу түрлінше дерек көздері мен материалдарға негізделеді. Бұл басылымның саны мен сипаты, кітап таралымы, басқа тілдерге аударылуы, кітапхана құрамы. Одан ары өз оқығанына оқырман үн қосулары (хат жазысу, мемуарлар, кітап жиегіндегі жазбалар). Әдебиеттің тарихи қызмет атқаруын ұғынудың ең мәндісі ол туралы айтылғандар "халыққа жетілім": жаңа сөздік-көркем туынды бойындағы реминисценция [лат. Reminiscentia-бөгденің (өзге туындының) буылдыр айшықталуы] мен дәйек сөздер, графикалық иллюстрациялар мен режиссерлік қойылымдар, сондай-ақ, әдеби фактіге публицистердің, философтардың, өнертанушылардың, әдебиеттанушылар мен сыншылардың үн қосулары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет